Адам физиологиясы


-тарау. АДАМНЫЦ МАҚСАТТЫ ІС-ӘРЕКЕТІ



Pdf көрінісі
бет316/373
Дата14.11.2022
өлшемі28,52 Mb.
#49953
түріОқулық
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   373
21-тарау. АДАМНЫЦ МАҚСАТТЫ ІС-ӘРЕКЕТІ
Tipi организм 
сыргқы 
ортаның құбылмалы өзгерістеріне 
үнемі 
бейімделуі арқылы дамиды жэне жогары сатыга көтеріледі. Ал бұл мінездің 
басты себепкерлігі (детерминанты) организмнің өз белсенділігінен туады. 
Мінез белсенділігін мұқтаждық ұйымдастырады. Мұқтаждық дегеніміз эрбір 
кездс пайда болатын жэне мақсатты мінез аркылы жойылатын организмнің 
маңызды қажеттілігі.
Адамдарда байқалатын мұқтаждыкты тіршіліктік, әлеуметтік жэне
мүратты максатарға сәйкес үш топқка бөледі. Тіршіліктік мақсаттар 
тағамдық, 
жыныстық, 
корғаныс 
іс-әрскеттермен 
қанағаттандырылады. 
Әпеуметтік мацсаттарга адамның еңбектену, білім алу, спорт, мэдениеттік 
қогамда өз орнын табу іс-әрекеттері жатады. Мүратты мақсаттар таным 
жэне шығармашылық мұқтаждықтарынан тұрады. Оның негізін бағдарлау - 
зерттеу құрайды.
Адамның мәдени жэне тарихи дамуы, аталған мақсаттарға жету үшін, 
бірнеше өндірістік қажеттілікті тудырады. Олар еңбек арқылы жүзеге 
асырылады.
Еңбек физиологиясы
Еңбек адам организмін қалыптастыруда жетекші қызмет аткарады. 
Ф. Энгельстің айтуынша, еңбектің арқасында қол жэне сөйлеу мүшелерінің 
әрекеті мүлдем жетілді. Онымен қатар ми, талдағыштар жүйесі дамыды жэне 
психика калыптасты. Сондықтан адамның түйсігі жэне үғынуы кеңейді, еңбек 
қимылдары еріксіз атқарылатын болды.
Еңбек - адамның өз мұктаждығын қанагаттандыру үшін жасайтын 
мақсатты іс-эрекеті. Ол қоғаммен тыгыз байланысты элеуметік санат. Өйткені 
еңбек адам тіршілігінің жэне тұрмыс калпының қажетті шарты болып 
саналады.
Еңбектену іс-эрекеттің организмге ететін эсерін еңбек физчологиясы 
зерттейді. Ол адам организмінің еңбектену кезіндегі эрекеттік өзгерістерін 
тексереді. Сөйтіп, адамның денсаулығын жэне жоғары жұмыскерлігін сақтау 
үшін, еңбекті үйымдастырудың режимі мен жүктемелердің организмге 
қолайлы түрлері мен әдістерін ғылыми түргыдан қарастырады
Адамнын қимыл-эрекеті өте күрделі. Ол іс жүзінде организмнің қозғалыс 
жүйесі 

бұлшықеттердің 
кызметі 
арқылы 
аткарылады. 
Сондықтан 
бұлшықеттердің іс-эрекетін жэне оның реттелу тетіктерін зерттеу еңбек 
физиологиясының маңызды саласы болып саналады.
Бұлшыкеттердің жұмысы едэуір энергия шығынын талап етеді жэне 
вегегативтік жүйелер (қанайналымы, тынысалу, зат алмасуы, сыртка шығару 
т. с. с.) эрекетінде озгерістер тудырады. Сонымен қатар адамның еңбегі 
мақсатты іс-эрекеттен тұрады, ол тәлім-тәрбие, үйрену жэне дағдылану істері 
аркылы қалыптасады.


Қазіргі 
өндіріс 
жағдайларында 
адамның 
еңбек 
іс-эрекеті 
мен 
физиологиялық корсеткіштерін жүйелі түрде зерттеу өте мацызды орын алыи 
отыр. Мүны жүзеге асыратын гылым саласын эргономика деп атайды. 
Эргономика еңбектену үрдісінің жұмыс құралдары мен жағдайларының 
тиімді жолдарын іздейді. Ал еңбек физиологиясы оның маңызды бір бөлімі 
болып есептеледі.
Еңбектенудің колайлы жағдайларын таңдап алу жэне жақсарту, 
өндірістің қосымша түрткілерінің (шу, вибрация, қысым, ылғалдық, 
химиялық заттар) зиянды эсерлерінен сақтандыру мен кәсіби ауруларды 
болдырмау істерін еңбек гигиенасы жузеге асырады. Бүл максаттарды 
орындау үшін ол еңбек физиологиясының зерттеу эдістері мсн нэтижелерін 
пайдаланады. Адамдардыц еңбектену кезіндегі қарым-катынасын еңбек 
психологиясы ғылыми тексереді.
Еңбекті жағдайға байланысты дене жэне ой еңбегі деп екі топқа бөледі. 
Қазіргі 
кезде еңбектің бірнеше түрі 
кездеседі: 
көбінесе бұлшықет
белсенділігін тілейтін еңбек механизацияланған, автоматизацияланған жэне 
кашыктан менгеретін еңбектер, парасатты еңбек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет