Адам мәселесі туралы ойшылдардың пікірі



бет2/6
Дата08.02.2023
өлшемі37,94 Kb.
#66264
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
(Абай философиясындағы адам мәселесі)

1. Ғылыми жұмыстың мақсаты:Абай философиясындағы адам мәселесін ашып жазу.Оның айтқан дана сөздеріне талдау жасап,Абай философиясын түсіну.
2. Қолданылған әдіс-тәсілдер: Абайдың дана сөздерін,ойшыл адамдардың ой-пікірін талдап,салыстырып,айырмашылықтарын тауып,Абай философиясындағы адам мәселесін ашып,жазылды.
3. Ғылыми жұмыстың негізгі қорытындылары:
- Адам өзіне тән құндылықтарды қоғамда өмір сүру барысында жинақтайды;
- Абай адамды қалыптастыратын тәрбие деп бағалап, оған үлкен мән берген;
- Жеке адам санасының құқықты қабылдауы оның құндылықтық мазмұнына, тиімділігіне қатысты екендігі айқындалады;
- Қоршаған ортаны тану, ақиқатты білу, ғылымды меңгеруі адамға тән қасиет.
- Абай жолы, Абай мұрасы – ізденіс пен ойланудың, кемелділік пен ізгілікті танудың үлгісі;

4. Ғылыми қорытынды негізінде қолданылған құжаттар: түпнұсқа әдебиеттер қолданылды.
Түйін сөздер;Хакім, Макруһи, білім, тәрбие,өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек Һәм т.б.

Автордың қолы:

КІРІСПЕ

Абай (Ибраһим) Кұнанбаев (10.08.1845 – 06.07.1904) – қазақтың ұлы ақыны, философ, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, либералдық ислам өкілі. Абай шығармашылығында философиялық ой толғаныстарға толы көптеген өлеңдерімен қатар ерекше орын алатын 45 ойы аяқталған фрагменттен, нақыл сөзден тұратын «Қара сөз» атты шығармасын атап өтуіміз қажет. Оның дүниетанымдық және философиялық ой-толғаныстарында өте көптеген мәселелерге көңіл бөлінген. Бүгінгі күнге дейін Абай мұрасының толық зерттеліп болмағанына қарамастан, кезінде М. Әуезов белгілеп берген Абай зерттеулерінің тәрбиелік, ұстаздық, ұждан, мораль философиясы, әсіресе адам мен адамгершілік мәселелері – оның рухани мұрасының кең ауқымдылығын, тереңділігін көрсетеді. Абайдың осы ой-толғаулары мен философиялық ізденістерінде адам мәселесі орталық орын алады. Абай адам мәселесін жан-жақты философиялық, биологиялық, психологиялық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қарастырады. Абайдың бүкіл философиясының квинтэссенциясы, негізгі принципі ретінде “Адам бол!” деген ой тұжырымын алуға болады. Абай өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірбиесін, поэзия мен прозасын, бүкіл ой-толғанысы мен философиясын адам бойында кісілік пен адамгершілікті, білімділік пен парасаттылықты, әділеттілік пен қайратты, елдің қамын, бүкіл адамзат қамын ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адамды тәрбиелеуге жұмсады. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады, сондықтан: “Адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз… Бес нәрседен қашық бол. (Бес дұшпан — Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ) Бес нәрсеге асық бол (Бес асыл іс – Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым)”. Адам үшін оның өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе — өз бойындағы адамилықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Осы дүниеге адам болып келгендіктен, осы дүниеден де адам болып кету керек. Адамның адамдық қасиетін өмір сүру барысында жоғалтып алмау бұл да адамның ең алдымен өз алдында, басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі, ол адам тарапынан белгілі бір ерік-жігерді, қайратты қажет етеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет