Адам мәселесі туралы ойшылдардың пікірі



бет6/6
Дата08.02.2023
өлшемі37,94 Kb.
#66264
1   2   3   4   5   6
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, Абайдың әр қара сөздерінің ой толғауларын қарасақ, адам өзіне тән құндылықтарды қоғамда өмір сүру барысында жинақтайды екен. Уақыт, дәуір, қоғамдық орта адамды қалыптастыратын маңызды факторлар екенін Абайдың философиялық көзғарастарынан толық анғарамыз. «Тәрбие тал бесіктен басталады» демей ме дана халқымыз. Әрқашан да білім мен тәрбие ажырамас бірге жүретін үрдіс. Абай адамды қалыптастыратын тәрбие деп бағалап, оған үлкен мән берген. «Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды танидыдағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» дейді. Абайдың ойынша, адамның ақылдылығы, тәрбиелігі, саналығы дүниені зерттеумен оның ішкі сырын білумен тығыз байланысты. Қоршаған ортаны тану, ақиқатты білу, ғылымды меңгеру оның пікірінше адамға тән қасиет. Ұлы заңғар жазушы М.О.Әуезов былай дейді: «Абайға келгенде …адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына тікелей қатысы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді,әрі сапалы,терең ойлы пікірлері бар екені даусыз. Біздің білуімізше, Абайдағы философиялық көзқарастың көзі адамгершілік мәселесіне тіреледі». Бұл пікірді мақұлдауымыз қажет. Өйткені, қай қырынан алсақта философия адам мәні, оның болмыстық мақсаты сынды мәселелерді айналып өте алмайтыны ежелден мәлім. паш етті.Абайдың да дүниетанымындағы негізгі тұжырым, басты құндылық – адам болмысы. Абайдың қара сөздерінен, таусылмас рухани қазынасынан, оның адамның өмір сүру философиясын бес бағытта қарастыранын аңғаратынымыз. Біріншісі, жеке адамдардың тұрмыс тіршілігі. Екіншісі, әлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орны, мінез-құлқы, менталитеті, психологиясы; Үшіншісі, ұлттың ата-бабалардан мұраланған өзіндік өмір салтын, дәстүрлі мәдениетіне бейімделген мұрат-мақсаттарын болмыстың жаңа сұраныстарына байланысты жаңартып, жаңғырту жолдары. Төртіншісі, адамзат тарихында қалыптасқан моральдық құндылыққа сай келетін үрдістердің өркениетпен сабақтасу жолдары. Бесіншісі, имандылық жолымен Алла болмысын тану. Адамның өз іс- әрекетін, сөзін, Иллаһи қағидаларына, пайғамбар хадистеріне, өнегелеріне сай келтіруге ұмтылу. Жаратушы махаббатына сүйіспеншілікпен жауап қайтару жолы. Бұл бес тармақты бағыт, адамның жаны мен тәнінің дамуы мен өркендеуі, өсу негізінде қалыптасатын, бүгінгі өмірде маңызды орын алатын талпыныстар. Абайдың ойлау жүйесі, адам өмір сүруінің философиясы мен табиғатына, адамзат болашағына зор сенім негізінде қалыптасқан. Сонымен біз өскелең ұрпақ адамды Абайша түсінудің тұжырымдарын, құндылықтарын түсінуге бет бұруымыз қажет. Бұл әр адамнан парасат пен ерікті, ақыл мен сезімді жұмылдыруды талап етеді. Абай жолы, Абай мұрасы – ізденіс пен ойланудың, кемелділік пен ізгілікті танудың үлгісі. Өйткені, хакім ғұламаның басты мақсаты – адам болу үшін ненің жаман, не жақсы екенін көрсетіп қана қоймай, жаманнан жирендіріп, жақсылыққа бастау. Сондықтан Абайдың «Адам бол!» деген үндеуін бір сәт ұмытпағанымыз абзал.

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Абай. Қара сөз. Поэмалар. А., 1993.
2.Есім Ғ.. Абай ағартушы болған ба?// Есім Ғ. Сана болмысы. А., 1996.
3.Құнанбаев А. Таңдамалы шығармалар. ІІт. А., 1981
4.Абайдың дүниетанымы мен философиясы А., 1995.
Сайттар
www.google.kz
www.yandex.kz

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет