ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ІС ӘРЕКЕТІН РЕТТЕУШІ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАТИВТІК ЖӘНЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР I-бөлім. Лауазымдық міндеттері.
Қосымша білім беру ұстазының мен үйірме жетекшілерінің лауазымдық міндеттері.
Жалпы ережелер.
Қосымша білім беру ұстазы – жоғары немесе арнайы орта білімі бар немесе бірлестік жетекшілікке сәйкес курс бітірген маман.
Қосымша білім беру ұстазының қызметін әдіскер жүзеге асырады (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары)
Қосымша білім беру ұстазы белгіленген тәртіп бойынша өз жұмысының нәтижесі туралы ОС директоры, әдіскері және педагогикалық кеңес алдында есеп береді.
II. Қосымша білім беру ұстазының негізгі жұмысының мазмұны (бағыты) 2.1. Қосымша білім беру аясында тәрбиеленушінің әр түрлі дамыту қызметін жүзеге асырады.
2.2. Үйірме, секция, студия, клуб бірлестіктерді және т.б. бос уақыттарында айналысатын іс-шараларды ұйымдастырады.
2.3. Бірлестіктің материалдық базасына және әлеуметтік- экономикалық мақсаттылыққа байланысты негізделген оқытудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін қамтамасыздандырады.
2.4. Тәрбиеленушінің құқығы мен еркіндігін сақтауын қамтамасыздандырады.
2.5. Білім беру бағдарламасын дайындап, жүзеге асыруға қатысады, оның сапалы орындалуына және тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына жауапты.
2.6. Сабақтың бағдарламасы мен жоспарын құрып, оның орындалуын қамтамасыздандырады.
2.7.Тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын дамытуға ықпал етеді.
2.8. Дарынды және талантты тәрбиеленушілерді қолдап отырады.
2.9. Тәрбиеленушілердің бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырып отырады.
2.10. Ата-аналарға, педагогикалық қызметкерлерге кеңестік көмек көрсетіледі.
2.11. Сабақ өткізу барысында еңбекті қорғау ережелері мен санитариялық- гигиеналық нормалар сақталады.
2.12. Әдістемелік бірлестік қызметіне қатысады.
2.13. Кәсіби біліктілік деңгейін жүйелі арттырып отырады.
2.14. Қосымша білім беру бірлестігі оқытудың бірінші жылы бала саны 15 болса; 12 бала- егерде оқыту -2-3 жыл бойы болса;
2.15. Сабақ ОС директоры бекіткен, жаңа оқу жылына арналған кестеге сәйкес жүргізіледі.