12. Дұрыс жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының қайнар көзі болып табылады: A) Құран
B) Конституциялық әдет – ғұрып
C) Конституция
D) Прецедент
E) Мұсылмандық құқық.
13. Төменде көрсетілген құқық салаларының қайсысы ҚР ұлттық құқық жүйесінің ядросы болып табылады: A) Мемлекет және құқық теориясы
B) Конституциялық құқық
C) Еңбек құқығы D) Азаматтық құқық E) Халықаралық құқық.
14. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының конституциялық құқықтық қатынастарының объектілері: A) Матариалдық құндылықтар
B) Жеке мүліктік емес құқықтар
C) Мемлекеттік территория
D) Адамдардың мінез-құлқы
E) Көпшілік қоғамдық қозғалыстар.
15. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Конституциялық құқықтың қайнар көзі болып табылады: A) Конституциялық әдет-ғұрып
B) Конституция
C) Әдеттегі заңдар
D) «ҚазКССР мемлекеттік егемендігі туралы» декларация
E) Конституциялық заңдар.
2 айналым. Тест тапсырмалары. (Тест тапсырмаларына берілген әрбір дұрыс жауап бір балмен бағаланады)
10- сынып
1. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі болып төмендегі жеке тұлғалар табылады: A) Азаматтар
B) Шетелдіктер
C) Бірлестіктер
D) Сайлаушылар
E) Азаматтығы жоқ тұлғалар.
2. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі: A) Мемлекет басшысы
B) Мемлекет
C) Парламент
D) Үкімет
E) Мінез-құлық.
3. Қазақстан Республикасының Президенті келесі нормативтік-құқықтық актілерді бекітеді: A) Үкіметтің қаулысын
B) Конституциялық Кеңестің шешімін
C) Конституциялық заңдарды
D) Сенаттың қаулысын
E) Мәжілістің қаулысын.
4. Нормативтік-құқықтық актілердің негізгі түрлеріне жататындар: A) Регламент
B) Ереже
C) Нормативтік-бұйрықтар
D) Жағдай
E) Нұсқау.