референциялық немесе сілтеме мақсатымен – басқа бір мәтінді еске салу арқылы қаламгер
ақпарды сығымдап беруді мақсат етеді, өз кезегінде адресат санасындағы
таныс образды еске алғызып, аз ғана тілдік құралдар көмегімен көлемді
ақпарды қабылдап, түсінуге ықпал жасайды; 2)
бағалауыштық мақсатпен –
«бөгде» мәтінді автор оған өзінің эмпатикалық немесе сыни көзқарасын білдіру
үшін пайдаланады; 3)
этикеттік мақсатта – оқырман қауымға сый-құрмет
көрсету, беделге жүгіну, белгілі бір қоғамда қалыптасқан талаптарға сай келу
үшін оның мүшелеріне жақсы таныс тәсілдерді, формаларды, штамп-
клишелерді пайдалану; 4)
декоративтік мақсатпен – сәтті табылған
сөзқолданыс хабарды өзінен де анық бере алады, адресатқа эмоционалды
тұрғыдан әсер етеді, мәтінді жандандырады, оған даралық сипат береді [156].
Прецедентті құбылыстар концептілерін зерттеген Г.Г. Слышкин көркем
мәтіндегі интертекстердің қызметін басқаша атағанмен, олар, негізінен,
жоғарыда аталған мақсаттарға сай келеді:
номинативті – интертекст басқа
мәтіннің таңбасы қызметін атқарады;
персуазивті - өзінен бұрынғы мәтін мен
оның авторын сынау немесе қадірлеуін көрсетеді;
людикалық немесе гедоникалық – тілдік ойын құралы ретінде қолданылады;
парольдік - өз
оқырмандары мен жақтастарын бөгделерден ажырату үшін қажет, яғни
олардың тілдік құзіретін танытатын құрал бола алады [86].
Байқалып
отырғанындай,
бұл
зерттеушілер
интертекстуалдылық
құбылысын автор интенциясы тұрғысынан түсіндіреді, демек интертекстер
қаламгердің тілдік-мәдени құзіретінің нәтижесі ретінде қарастырылады.
Алайда көркем мәтінді оқу үдерісінде оның вербалды қабатындағы кез келген
интертексті өзектендіретін - оқырман, сондықтан интертекстуалдылықты екі
жақты - автор және оқырман тарапынан – қарастырған Н.А. Фатееваның [100]
пайымдауын да еске алмаса болмайды. Ғалым интертекст, интертекстуалдылық
мәселелерін синергетика заңдылықтары