Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


алтыбақан алауыз жұрт, арлан итше абаласу, итке сүйек лақтырып



Pdf көрінісі
бет113/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

алтыбақан алауыз жұрт, арлан итше абаласу, итке сүйек лақтырып 
жақындасқан құрсын бүйткен адами болмысымыз.
Бұл өлеңдерде нақты өмір суреттерінен гөрі дерексіз иттік туралы 
философиялық ой-тұжырым басым. 
Байқалып отырғандай, иттік концепті негіз болған прецедентті жағдай 
суреттелетін шығармалар интертекстік кеңістікте қарастырылғанда, олар бір-
бірінің семантикасын толықтырып, байытады екен. 
Сонымен прецедентті жағдайды суреттейтін әр ақын оған өз көзқарасын 
көрсету арқылы басқалармен диалогке түседі де, түрлі деңгейдегі текстаралық 
байланыстар түзілуіне ықпал етеді. 
Жалпы, прецеденттілік феномендерінің қолданылуы да, танылуы да автор 
мен оқырманның тілдік-мәдени құзіретіне тікелей байланысты.
 
ТҮЙІН.
Көркем мәтінді зерттеушілер түрлі бағытты ұстанғанмен, олардың 
қай-қайсысы да автор – мәтін – оқырман үштағанын ескеріп отырады, өйткені 
шығарманы автор жазғанмен, оның рухани-эстетикалық әсер-қуатын, әлеуетін 
түсініп, қабылдайтын - оқырман. Ал тілдік тұлға ретіндегі оқырманның мәтінді 
қабылдауы оның аялық біліміне, тілдік-мәдени құзіретіне байланысты болады. 
Автор шығармасын көбінесе білім шамасы, эрудициясы, танымдық деңгейі 
өзімен шамалас оқырманға арнап жазатындықтан, көркем мәтіннің вербалды 
қабатындағы келтірінді элементтердің әсер-қуатын, әлеуетін тану және сол 
арқылы мәтінаралық байланыс орната алу адамның тілдік құзіретіне тікелей 
тәуелді. 
Тілдік тұлғаның жады өз ана тілінің жүйелік заңдылықтарын, лексика-
фразеологиялық қабатының қолданылу ерекшеліктерін ана сүтімен бойға 
дарыта отырып, коммуникацияның бар түріне қатысу арқылы даму үстінде 
болады, яғни түрлі саладағы мәтіндер арқылы оның танымдық базасы, білімі, 
сөзқолданысы үнемі толығып отырады. Мұндай сақталып, жинақталып, 
қатталған ақпар тілдік тұлға оқыған шығарманың сюжеттік желісі, мазмұны, 
кейіпкерлер сипаты, формалды құрылымы ғана емес, автордың немесе 
персонаждың сөзқолданысы да болуы мүмкін. Бұл сөзқолданыс тілдің түрлі 
деңгейіндегі бірліктер болып, өз әсерлілігімен, бейнелілігімен тілдік тұлға 
қажет еткен уақытта өз жадынан алып, қайта қолдануға бейім тұрады. Олар 
адам жадында белгілі бір тәртіппен орналаспайды, яғни кез келген уақытта 
оқыс ассоциация негізінде еске түсіріліп, жаңа мәтінге енгізілуі мүмкін. Ал 
оқырман мұндай сөзқолданыс арқылы өзі оқып отырған мәтіндегі оқиғаның 
жекелеген белгісін өзектендіретіндіктен, ол сөзқолданыс мәтінаралық байланыс 
маркері болып саналады. Тілдік тұлғаның жадында сан алуан стильдегі түрлі 
жанрдағы туындылар өзінің жекелеген үзіктерін қалдыра алады. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


147 
Тілдік тұлғаның жеке когнитивтік кеңістігі отбасылық, ұжымдық, кәсіби, 
діни танымдық кеңістігінен тұрады және сол тұлға өмір сүріп отырған 
қоғамның ұлттық-тілдік-мәдени танымдық базасына негізделеді. Мәтінаралық 
байланыстарға негіз болатын прецеденттілік феномендері осы когнтитивтік 
кеңістіктен алынады, өйткені олар белгілі бір дәрежеде сол қоғам мүшелерінің 
бәріне дерлік таныс болады. Көркем шығармада прецедентті құбылыстардың 
негізгі атрибуттары немесе перифериялық бір белгісі өзектендірілуі мүмкін. 
Тілдік тұлғаның когнитивтік деңгейінің интертекстуалды құрылымы үш 
қабаттан тұрады: интертекстуалды өзегі, динамикалық интертекстуалды қабаты 
және перифериялық интертекстуалды қабаты. Бұлардың әрқайсысының өзіндік 
ерекшелігі 
болғандықтан, 
интертекске 
негіз 
болған 
прецеденттілік 
феномендерін автор қолдануында және оларды оқырман тануында, 
интерпретациялауында айырмашылықтар болып жатады.
Прецедентті құбылыстар өзінің репрезентациясына қарай вербалды және 
вербалданатын феномендер деп екіге бөлінеді. Вербалды прецедентті 
құбылыстарға прецедентті атаулар мен прецедентті айтылымдар жатса, 
вербалданатын феномендерге прецедентті мәтіндер мен прецедентті 
жағдайларды кіргізеді. Бұлардың арасында тек прецедентті атаулар ғана еш 
өзгеріссіз басқа мәтінде келтіріле алады, ал басқалары түрлі трансформацияға 
ұшырауы мүмкін. Прецедентті мәтіндер мен жағдайларды вербалдайтын 
лексика мәтіндегі мағыналық ұйытқы сөздермен парадигматикалық, 
синтагматикалық, эпидигматикалық байланыстар негізінде түзіліп отырған 
интертекске қосымша мән-мағына үстейді. 
Прецедентті құбылыстар өздерінің таралу шегіне, қамтитын білім аясына 
сәйкес социумды-прецедентті, ұлттық-прецедентті және универсалды-
прецедентті деп ажыратылады. 
Прецедентті атаулар ономастиканың әр саласына қатысты онимдерді 
қамтиды да, әр қаламгер шығармашылығында ол атауда қатталған ақпардың ең 
негізгісі яки жанамасы алға шығарылуы ықтимал.
Прецедентті айтылымдар кейде өзгеріске түссе, енді бірде еш өзгертілмей 
қолданылады. Олар көбінесе синтаксистік трансформацияға ұшырайды. 
Прецедентті мәтіндер көбінесе жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлем цитациясы 
арқылы вербалданып, автор тарапынан кейде маркерленсе, кейде 
ресімделмейді, яғни оқырман оны өз тілдік құзіреті шегінде өзектендіре алады. 
Претекстерді күшті әдеби мәтіндер, әлсіз әдеби мәтіндер, күшті әдеби емес 
мәтіндер және автопретекстер деп бөлуге болады. Кейде автордың жеке аясына 
қатысты ақпар аллюзиямен немесе реминисценциямен беріледі. Аллюзия 
оқырман үшін толық түсінікті болмауы мүмкін, ал реминисценцияны автордың 
өз сілтемесімен нақтылауға болады.
Прецедентті жағдайлардың таңбасы ретінде прецедентті атаулар немесе 
сол жағдайды вербалдайтын концептілерді атауға болады, бұл концептілерде 
автордың ұлттық болмысы, ділі қайтсе көрінеді. Прецедентті жағдайларды 
сипаттайтын шығармалар интертекстуалды мәтіндер парадигмасын құрайды. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


148 
3 ИНТЕРТЕКСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ 
Интертекстер көркем мәтінде түрлі қызмет атқара алады. Интертексті өзі 
түзіп отырған текске кіргізгенде қаламгерлер қандай мақсатты көздейтіні 
туралы зерттеушілер пікірінде бірізділік жоқ. Ғылыми дискурстағы 
интертекстуалдылық мәселелерін қарастырған Е. Михайлованың ойынша автор 
өз шығармасына интертекстерді 4 түрлі мақсатпен енгізеді: 1) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет