Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


жеккен, ит жегір, ит жыны келді, ит терісін басына қаптау, ит тиген



Pdf көрінісі
бет112/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

жеккен, ит жегір, ит жыны келді, ит терісін басына қаптау, ит тиген 
т.б.).
Осы лексема семантикасының жағымсыз реңкі көркем шығармалардағы 
Итбай антропонимінде пайдаланылған.
Біздің ойымызша, 
«ит»
сөзінің семантикасында жағымсыз мәннің пайда 
болуын О. Сүлейменов болжамы түсіндіре алады: «В этот период происходит 
контаминация двух смыслов: «пасть-собака» и «бог-предок». В результате – 
обожествление собаки, как земного перевоплощения божественного предка, что 
в итоге привело к приручению этого животного» [155, 269] және бұл 
бөрі
тотемінің бейтарап эвфемизмі 
ит-құс
сөзінің де пайда болуына әсер етуі 
мүмкін. 
Жоғарыдағы мысалдардан 
«қасқыр», «ит»
сөздерінің өз семантикасында 
контраст коннотация бар екені айқын көрінеді. Сондай-ақ бұл екі сөздің өздері 
де парадигмалық қатарда антонимдік жұп құрайтынын қазақтың ауыз әдебиеті 
үлгілері байқатады. «Алпамыс батыр» жырында «
Ит
өзі ала болса да, 
Қасқыр
көргенде бірігер» делінсе, «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар» мақалында 
«бөрі» сөзінің ежелгі тотемдік мағынасы да көрінген. 
«Оғызнаме», «Күлтегін» ескерткіштерінен бастау алған көк бөрі сөзі 
көптеген ақындардың шығармаларында қазақ халқының болмыс бітімінен, 
ділінен хабар беретін мағыналық ұйытқы сөз ретінде қызмет атқарады. 
Мәселен, Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі ұлттық байрағым» десе, Е. Раушановтың 
«Ғайша бибі» поэмасында, Ұ. Есдәулеттің өлеңдер топтамасында көк бөрі 
түркі, олардың ұрпағы – қазақ сөзімен синонимдес келіп, тұтас ұлтқа тән 
қайсарлық, еркіндік, батылдық, тектілік сияқты дифференциалдық белгілерді 
вербалдайтын концептуалды сөз-образ ретінде көрінеді. Ал заманымыздың 
көрнекті ақыны С. Ақсұңқарұлының публицистикалық шығармаларының 
мазмұндық-концептуалды ақпары осы образдан туындап, өрбиді. 
Көне дәуірлерден келе жатқан «көк бөрі», «қасқыр» және «ит» сөз-
образдарындағы ішкі контраст пен осы екі бейнені қатар алып қарама-қарсы 
қою арқылы Серік Ақсұңқарұлы халықтың өткенінен хабар беріп, қазіргісі мен 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


144 
болашағына алаңдаушылық туғызатын көркемдік-идеялық деңгейі жоғары 
шығарма тудырған. 
«Қасқырдың монологі» деп аталатын өлеңді ақын 1988 жылы, ұлттық 
рухты көтеріп, ұлттық болмысты таныту аса қажет уақытта жазған: 
Жек көрем итті! 
Алысып жүрем, 
Шабысып жүрем! 
Қағынып... 
Сайын даланың тағысымын – мен, 
Не деген ғажап – тағылық! 
Шауып түсемін! 
Күш ағысымды 
Сыйғыза алмай ішіме. 
Адамның алмас пышағы сынды 
Ырзамын азу тісіме! 
Қасқыр – бабалар! 
Бар ұлыстардың 
Мазасын алып манадан –
Иттермен болған қанды ұрыстардың 
Иісін сезем даладан. 
Қаңқу сөз жүрек кегін үрлейді. 
Қорлық – қарғысқа барабар. 
Бізбенен иттің тегі бір дейді... 
Рас па, қасқыр - бабалар?! 
Өлексе үшін жұлысқан болсақ, 
Өмірі бітпей кегіміз. 
Иттермен бірге туысқан болсақ, 
Не болды - ата тегіміз?! 
Ала төбеттің астында қалар 
Күн туғаны ма ақыры... 
Неге үндемейсіңдер, қасқыр – бабалар, 
Қағынып кеткен жатыры?!
Неге үндемейсіңдер? 
Ұрлық түн еді: 
Жатқаным мынау – жау іші. 
Аспанның астын дүрліктіреді 
Үрген иттердің дауысы... 
Өлеңде бірнеше концептуалды орталық бар: қасқыр, қасқыр мен ит, иттік. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


145 
Өлеңнің алғашқы шумақтарындағы патетика бірте-бірте солғындап, 
өткенге күмән-шүба тудырып, соңғы шумақтарда халықтың бүгіні мен ертеңіне 
алаңдаушылық пайда болады. Бұл орайда ақын өлең лексикасын өте сәтті 
таңдап алған, динамизмі әр жол сайын үстемелене түсетін етістіктер тобы мен 
экспрессивті-эмоционалды бояуы қанық сөздер қасқырдың бейнесін шынайы 
түрде бере алған. Жазба стильдегі етістіктер тобымен берілген іс-әрекет 
ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын «қағынып» етістігімен айқындалуына 
«қасқыр» сөзінің семантикасындағы энантиосемия негіз болғаны сөзсіз. 
Семантикасындағы кумулятивті, коннотативті, генеративті қасиеттері арқылы 
«тағы» сөзі тудыратын ассоциация оқырман ойына ежелгі дәуір сұлбасын 
түсіреді. 
Үшінші шумақта ақын өлең атауындағы қасқыр дәстүрлі сөз-образына 
қарама-қарсы бейне ретінде «ит» сөзін енгізеді, яғни ит лексемасының 
семантикасындағы әлсіздік, бағыныштылық, көнбістік, тексіздік сияқты 
семаларды келесі шумақтардағы күмән, шүбә, қорлану сезімдеріне апаратын 
баспалдақ ретінде пайдаланады. 
Төртінші, бесінші шумақтардағы әр сөз эмоционалды, экспрессивті. 
«Қорлық – қарғысқа барабар» сентенциясындағы ауыр күйзеліс қасқыр – 
бабалар апеллятиві мен графикалық тәсіл арқылы күшейген. Тек қазақ 
ментальділігіне тән тек, ата тегі этнографизмдерінің семантикасында барлық 
рухани құндылықтар қамтылғандықтан, автор қынжылысының әсер-қуаты 
ұлғая түседі. 
Алтыншы шумақтағы пейоративті коннотациясы айқын ала төбет бейнесі 
халық танымында ит туралы орныққан барлық негативті ақпарды көрсетеді. 
Ақын «басына күн туу» фразеологизмін өзгертіп, халықтың қазіргісі мен 
келешегіне сенімсіздікті, одан туындайтын шарасыздықты «күн туғаны ма 
ақыры...» риторикалық сұрауымен вербалдайды. 
Өлең соңындағы жау іші IV-V шумақтардағы «ит» сөзіне контекстік 
синоним ретінде келіп, ақын оқырман ойында қауіп, қатер туғызады. 
«Дүрліктіреді» етістігінің семантикасындағы қауіп-қатер семалары ұлттық 
ділден ажырап, жат көзқарас пен идеологияға бейімделген халықтың бұлдыр 
болашағына уайымды көрсетеді.
Қаламгер апеллятивтерді қайталау арқылы өлең тақырыбына шығарылған 
қасқыр – мықтылық, тектілік, қайсарлық – концептуалды орталығының 
мазмұндық-астарлы ақпарына екпін түсіреді. Графикалық тәсілдерді – леп 
белгісі, көп нүкте, қосарлы белгілерді – қолданумен автор өз ойына, айтар 
идеясына ерекше назар аудартады. Соңғы екі шумақ шегінде бір сұрақты 
қайталау арқылы ақын сенімсіздікке, күнделікті күйкі болмысқа қарсылық 
танытады, яғни халықтың өз болмыс-бітімін, ділін, рухани тектілігін, 
жалпыадамзаттық құндылықтармен астасып жататын ерекшеліктерін сақтап 
қалуға үндейді. Жалпы, С. Ақсұңқарұлының шығармашылығында «көк бөрі» 
сөзі айрықша мәнді. 1988-2000 жылдардағы эссе-этюдтерінде қазақ қоғамын 
кеулеген мақтаншақтық, кеудемсоқтық, дүбәралық, білімсіздік, бір-бірін көре 
алмаушылық сияқты әр алуан келеңсіздіктерді көрсете отырып, ұлт 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


146 
зиялыларынан «көк бөрі» сөзінің семантикасында ғасырлар бойы халық санасы, 
сезімі, танымы жинақтаған киелі қасиеттерді іздейді. 
Ал осы ақынның келесі бір өлеңінде иттік тікелей аталмағанымен, ол 
эмоционалды-экспрессивтілігі 
айқын 
номинативтермен 
алмастырылған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет