119
С. Адайдың өлеңінде прецедентті атау тырнақшаға алынып, цитата екені
ажыратылса, Г. Салықбай ешқандай қосымша маркермен ерекшелемеген.
Әлем әдебиетінде кең тараған прецеденттік атау – мифонимнің бірі –
Прометей. Бұл мифоним антикалық дәуірден бері адам, оның қайтпас
қайсарлығы, азапқа шыдамдылығының символы ретінде белгілі. Олимп
тауларынан отты ұрлап алып, жер бетіндегі адамдарға бергені үшін жан төзгісіз
мәңгі азапқа бұйырылған Прометей көптеген қаламгерлер үшін өз кейіпкерін
даралаудың формасы мен әдісіне айналған, ал оқырман осы прецеденттік
атаумен ассоциация негізінде көркем шығарманың мазмұндық-астарлы,
мазмұндық-концептуалды ақпарын қабылдауы, түсінуі қажет.
Кез келген прецеденттік атау – жалқы есім зерттеушілер пікірінше [131;
139], өзіндік құрылымға ие. Прецеденттік атау құрылымының орталығы,
ядросы – қабылданатын прецеденттік атау инвариантының дифференциалды
белгілері, яғни бейненің сыртқы ұқсастығы мен мінез-құлықтағы ұқсастық,
сәйкестік, сондай-ақ прецеденттік жағдай, ал оның перифериясында атрибуттар
орналасады. Сол себептен де прецеденттік атауда жинақталған, сақталған,
қатталған ақпар қаламгерлерге оларды өз ой елегінен өткізіп, өз тарапынан
жаңа қосымша мән үстеп, түрлі контекстерде әр қилы жаңа, бұрынғыдан
өзгеше образ жасауға мүмкіндік береді.
Қазақ әдебиетінде
Достарыңызбен бөлісу: