Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет85/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   136
Қодарша
кегі. 
Тәңірің сенің көбейсін, сақтасын сені, 
Тәңірге ұқсас қыла гөр содан соң мені. (Ж. Жақыпбаев) 
Таңымның аппақ үміті, ойы едің, 
Күлімді көкке ұшырдың. 
Күн астындағы Күнікей
едім, 
Несіне төмен түсірдің? (Г. Салықбай) 
Тауықсыз-ақ таңымыз атар деппін, 
Махаббатты мәңгілік мақам деппін. 
Менің құсым, бауырым, -
Сенің құсың 
Қызғыш құсы
емес ол 
Махамбеттің! 
(Ғ. Жайлыбай) 
Көңілдерден қуатын түнді мүлде, 
Өңірлерден қуатын түнді мүлде 
Күн шығады 
Кеңсайдан

Кеңсай 
ғой ол! 
Кеңсай жаққа қарай жүр тірлігіңде. (Е. Раушанов) 
Бірінші мысалдағы Қодар қазақ ауыз әдебиетінен белгілі кейіпкердің аты, 
ал Ж. Жақыпбаев оны кең контекске түсіріп, халқымыздың болмыс-бітімін, ар-
намысын, еркіндігін жоққа шығарып, өзіндік бет-бейнесінен айырар күштерді, 
тіпті идеологиялық қысымды көрсетеді деуге болады., яғни бұл антропоним 
семантикасындағы жағымсыз мән күшейіп, кеңейіп, әлеуметтік жағдайдың 
бағалауына айналған. 
Г. Салықбай өлеңіндегі Күн астындағы Күнікей онимі халық ертегісінен 
жақсы таныс болғандықтан, оқырман ойында сол ертегімен ассоциация 
тудырып, лирикалық кейіпкердің қайшылықты бейнесін көрсетеді, айта кететін 
бір жайт – прецедентті атау өлеңнің ұйқас, ырғағына қарай қысқартылып 
берілген. 
Ғ. Жайлыбай мен Е. Раушанов өлеңдеріндегі антропоним, артоним және 
топоним қазақ тілінде білім алған барлық оқырманға таныс, тек Ғ. Жайлыбай 
контексі мен Махамбет өлеңінің семантикасы айқын қайшылықта, ол 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


116 
прецедентті мәтін атауының еш маркерсіз берілуі, «емес» етістігіндегі үзілді-
кесілді болымсыздықтың үстемеленуі арқылы танылады. 
Ал Е. Раушановтың соңғы шумағында қайталанып келген Кеңсай сөзі, 
оның инверсиямен берілуі, интонациясы бұл топонимнің өлең семантикасын 
қалыптастырар мағыналық ұйытқы сөз екенін көрсетеді.
Келтірілген мысалдардағы онимдер ұлттық мәдениетке, ұлттық әдебиетке 
қатысты болғандықтан, оқырманға автор тарапынан түсініктемені қажет 
етпейді. Ал әлемдік білім аясымен байланысты көрсететін интертекстер мәтінді 
түсінуді қиындатады. Мына мысалдарға назар аударайық. А. Сүлейменовтің 
«Бесатар» повесіндегі ұлыорыстық шовинизмді ашық насихаттап, содан 
айрылғысы келмейтін кейіпкер сөзі арқылы көрінетін интертекстуалды 
элементті түсінуде мектепті өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғынан бері 
бітірген оқырмандарға қиындық тууы мүмкін: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет