Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет96/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

«күшті әдеби», 
«әлсіз әдеби» 
және 
« күшті әдеби емес
» мәтіндер деп үшке бөледі.
Интертекстуалдылық мәселелерін бұл ғалым аударма үдерісіне қатысты 
қарастырады. Ол күшті әдеби мәтіндерге орыстың ұлттық әдебиетінің 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


127 
мақтанышы болған ақын-жазушылардың шығармаларын жатқызса, әлсіз әдеби 
мәтіндерге өз кезеңінде ғана танымал, ал оқырмандардың кейінгі буындарына 
таныс емес шығармаларды атайды. Зерттеуші болжамы бойынша, бұл құбылыс 
көркем туындының эмоционалды-эстетикалық сапасына байланысты емес, ол 
шығарманың оқырман жадында сақталуына, оған әсер етуіне, оның түрлі 
оқиғалармен ассоциация тудыруына байланысты. Ал әдеби емес күшті 
прецедентті мәтіндер қатарына халық арасына кең тараған ән, фильм, тіпті 
жарнама үзінділерін, қоғам қайраткерлерінің сөздерін жатқызады да, мысалға 
В.А. Черномырдиннің (Хотели сделать лучше, а получилось как всегда),
президент М.С. Горбачевтің (Процесс пошел) сөздерін келтіреді. Мұндай 
қолданыс қазақ тілінде де кездеседі. Мәселен: 
«Мен өстіп басымды шайқап 
күліп келе жатқанда – түрлеріне қарағанда, мектеп оқушысы - жас қыздар 
темекі сұрады. Мен барынша нұрлана жымиып, темекі тартпайтынымды 
айтып, кешірім өтіндім. Сосын тағы тыныш тұрмай, әзілім тасып: 
«Денсаулық министрлігі темекі шегудің денсаулыққа зиян екенін ескертеді» 
дедім. (Әзілімнің сұры!)
. Осы мысалдағы тырнақшаға алынған сөйлем әрбір 
темекі қорабының сыртында басылған, көшелердегі түрлі бильбордтар арқылы 
қоғамның кез келген мүшесіне таныс жарнама. Автор оны өз шығармасының 
қажеттілігіне қарай цитата ретінде келтіреді және лексикалық индикаторлар, 
жақшада қосымша түсініктеме (комментарий) беру арқылы өзі суреттеп 
отырған жағдайға өзінің субъективті көзқарасын білдіру үшін қолданғанын 
нақтылайды. Ал цитата өзіне жат контекске түскендіктен, әңгіменің сатиралық 
семантикасын түзуге қызмет етеді. 
Мына мысалдағы әдеби емес күшті мәтін қазір өзектілігін жоғалтқанмен, 
оқырмандардың біразына таныс. Жайылма эпитет болып тұрған претекст өзі 
түскен контекспен айқын контраста. Ақын Р. Ниязбеков шумағында претекстің 
графикалық ресімделуі – ақпарлы: теріс коннотация мәтін модальділігін түзуге 
мүмкіндік берген: 
Уа, партиям – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет