135
2.2.4 Прецедентті автомәтіндер
Қазіргі заманғы көркем әдебиеттің вербалды құрылымында қаламгердің өз
шығармалары арасындағы байланыстарды көрсететін маркерлер де, яғни
прецедентті автомәтіндер де кездесіп жүр.
Көрнекті жазушы Қ. Жұмаділовтің көркем шығармаларында ұлттық,
әлемдік энциклопедиялық білім аясына жататын мәтіндермен байланыстарды
көрсететін элементтерден басқа да - оның жеке өзіндік аясына жататын
мәтіндерін еске түсіретін - үзінділер кездеседі.
«Қазақ әдебиеті» газетінде «Қабдештің қалжыңдары» тақырыбымен
бірнеше әзіл әңгіме жарияланғаны белгілі. Олар тапқырлығымен,
ұтқырлығымен, астарлы юморымен жазушының дос-жолдастары мен газет
оқырмандарын езу тартқызғаны сөзсіз. Бұл әзіл-шыны аралас әңгімелерде
қаламгердің жеке өмірі мен қоғамдық-әлеуметтік қызметіне қатысты деректер
бар. Солардың біразын жазушы өзінің шығармаларына кіргізгені байқалады.
Мысалы, бір әңгімесіне автор кезінде әйеліне жазған хатты кіргізген:
«Әйелі
Достарыңызбен бөлісу: