Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет83/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

Сафурасына, қатыгез Сафурасына деген реніші мен күйініші де жоқ, бәріне 
де көнген, бәріне де разы. Лапылдаған қайғысы мен күйініші, бұрқанған 
намысы мен ызасы, ешқашан орны толмай өтетін азабы мен өксігі, бәрі-бәрі 
де мейірім мен ізгілік үшін жаратылған кеудесінде қамалып, тұншығып жатыр. 
Ол Смағұлды да, Сафураны да, ешкімді де кінәламайды, қаралап, қарғамайды. 
«Бұларың адамдық емес, хайуандық!» деп даурықпайды да. Бәрін үнсіз 
көтереді, әл-қуатының жеткенінше шыдап бағады. Ет жүрегі суға түскен 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


130 
кесектей езіліп, жаншылып, ішкі дүниесіне қара қан боп тамшылап 
таусылғанша төзіп бағады». 
Үзінді семантикасы бірден Абайдың қалың көпшілікке жақсы таныс өлеңін 
еске түсіреді: 
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, 
Аспанда ай менен күн шағылса да. 
Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да. 
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да, 
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да, 
Шыдайды риза болып жар ісіне , 
Қорлық пен мазағына да табынса да! 
Келтірілген екі мәтіннің арасында ешқандай ашық байланыс жоқ, алайда 
прецедентті мәтін вербалданатын феномен болғандықтан, екі мәтінді 
лексикалық деңгейде салыстыру қажет. Прозалық шығармада претекст
мағыналық ұйытқы сөздердің парадигматикалық және синтагматикалық 
қатарлары арқылы вербалданған және авторға екі бірдей кейіпкерін мінездеуге, 
өзінің субъективті пікірін білдіруге жәрдемдеседі. 
Абайдың тағы бір шығармасын келесі үзіндінің претексі деп есептеуге 
болады: «Қиырдан келіп, күнде мойнына оратылып, аймалап-құшып, 
қойнына түнеп кететін опасыз бұлттардың не сыбырлағанын есіне түсіре 
алмай, шым-шытырық түсініксіз түс көргендей басы зеңіп шыңдар түнереді. 
... Шың түбінде тостағандай дөңгеленген тұнық көлдің аспан түсті айна жанары 
мөлдіреп, көкке бағып, мұңаяды – жаңалық күтеді!». 
Т. Шапайдың «Жаңалық тыңдаңыз» әңгімесінің үзіндісі мен Абай өлеңі 
арасындағы байланыс лексикалық деңгейде танылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет