26
анаграмматикалық; в) стильдік. Ол көркем прозаның күшті позицияларындағы
цитаталарды жеке бөлімде қарастырады.
Александр Блоктың поэтикасындағы реминисценциялардың қызметін
қарастырған З. Минцтің пікірінше, символистердің көркемдік сезінуінде ақиқат
өмірдің кез келген оқиғасы, тілдегі кез келген хабар немесе кез келген мәдени
дерек цитата деп ұғынылды, себебі символистік-мистикалық көзқараста дүние
өзіндік құрылымы бар мәтін деп танылды [58]. Ғалым өз зерттеулерінде
цитатаны кең және тар мағынада түсіндіреді де, кең мағынадағы цитаталарға
реминисценция мен аллюзияларды жатқызады. «Цитатаның» сөздіктегі
мағынасындағыдай қолданыстарда болмаса, кең мағынадағы цитата үшін тек
цитация қағидаты сақталуы жеткілікті екенін, дәлдік, сөзбе-сөзділік аса мәнді
емесін және ол өзі контексінен алынып отырған мәтіннің «орынбасары» ғана
болатынын атап айта отырып, ол «цитация», «цитирование»
сөздерін қатар
қолдана береді.
Біз
цитата, цитата сөз деген терминдерді қолдануды жөн көреміз және
алғашқы терминнің лексикографиялық мағынасын ұстансақ, екінші терминмен
жалпы цитация қағидатымен мәтінге енгізілген бөгде сөзді атаймыз. Көркем
әдебиетте
цитация
қағидатымен
енгізілген
фрагменттер
көбіне
трансформацияға түсіп жататындықтан, бұл екі терминнің ара жігін ажырату
қажеттілігі туындайды.
Қазақ филологиясында
дәйексөз (тілші ғалымдар Р. Сыздық, Б. Шалабай,
А. Салқынбай, Қ. Күдеринова),
дәйектеме (әдебиетшілер З. Ахметов, Т.
Бекниязов),
цитата (әдебиетші Т. Есембеков, тілші Ш. Жалмаханов) деп
қолданылып жүрген ұғымды А. Байтұрсынов кезінде
келтірінді сөйлемдер деп
атағаны белгілі [1, 309].
«Цитата» сөзі қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттерде осы уақытқа дейін
бөгде сөздің бір түрі ретінде белгілі. 2002 жылы шыққан «Лингвистикалық
түсіндірме сөздікте»: «Дәйексөз (цитата) – төл сөздің бір түрі. Д. Басқа біреудің
айтқан пікірінен үзінді алынып, өзгертілмей беріледі. Д. Алыну тәртібі
фунционалдық стильдердің түрлеріне байланысты әр түрлі болады.
Ғылыми
стильде автордың есімі, еңбегі, аты, шыққан қаласы мен баспасы айқын
көрсетіледі. Публицистикалық стильде мұндай деректердің түзілуі шарт емес,
со пікірді айтқан адамның аты-жөні дұрыс аталса жеткілікті» [59, 65] деген
анықтама берілгенмен, мысалмен дәйектелмеген. Ал «Қазақ грамматикасында»
цитата бөгде сөздердің қатарында қарастырылады, яғни «Адам сөйлегенде, я
жазғанда сол өзі баяндап отырған мәселеге байланысты немесе соған қатысы
бар басқа біреулердің сөзін, пікірін келтіретіні болады. Ондай келтірінді сөздер
автор үшін басқа біреудің сөзі, яғни бөгде сөз болып табылады» [60, 732] деп
анықталады. Бұл дефинициялардан байқалатыны –
көркем мәтіндегі
цитаталар, жалпы цитаталы жазу жөнінде ештеңе айтылмаған. Солай бола
тұрса да осы анықтамалар мәтін теоретиктерінің бірі И.Р. Гальпериннің
көзқарасымен үндес [61, 52]. Аталған барлық еңбектерде цитатаға берілген
дефинициялар оның негізгі үш белгісін көрсетеді: 1) қандай да бір мәтіннен
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
27
алынған үзінді немесе басқа біреудің сөзі; 2) оның сөзбе-сөз дәлдігі; 3)
түпнұсқаға сілтеме.
Жалпы алғанда, цитатаны диалогтің философиялық теориясының негізгі
көрінісі деп қарастыруға болады. Цитата арқылы қаламгер өз шығармасындағы
сөйлеу
субъектісін өзгертіп, өз ойы мен кейіпкердің, қосалқы персонаждың
көзқарасындағы айырмашылық, қайшылық, ортақтықтарды даралап, оның
жаңа контекске бөтен екенін танытады. Цитатаның өзі мәтін болғандықтан,
оның лексикалық құрамындағы сөздердің өздері лексикографиялық
дефинициясынан басқаша күрделі
мағынаға ие болып, өзі түскен контексімен
қосылып, ұштасып, мүлде басқа контекст, ассоциация тудырады. Цитатаның
мәтін ретінде өз бойында сақталған ақпарлардың бәрі жаңғырып, жанданып,
өзектеніп, жаңа мәтінді түзуге, өзгертуге ықпал етеді, бірақ осы жаңа
контекссіз цитатаның келтірінді құрылым екені білінбейді. Бұл, керісінше,
цитата мен ол түскен жаңа контекстің бір-бірінен ажырағысыз байланыспен
кірігіп кететінінің дәлелі.
Цитаталарды, әдетте, адам өз сөзін айшықтау үшін, ойын дәлелдеу үшін,
ойын жалғастыру үшін, пікірін қорыту үшін, ойдың түрлі бөліктерін бір-
бірімен біріктіру үшін немесе белгілі бір пікірге өзінің қолдауын, қарсылығын,
жоққа шығаруын, бағалауын білдіру үшін қолданады. Мысалы, «Қазақ
халқының ауыз әдебиеті» сияқты іргелі зерттеудің бірінші кітабында мынадай
цитата беріліп, оның кімдікі екені қыстырма сөзбен маркерленеді де, келесі
абзац толығымен зерттеушінің осы пікірге өз көзқарасына арналады, яғни екі
мәтін семантикасы арасында қайшылық бар:
«Радловтың байқауынша, Семей
төңірегінде
«... халық батырлығы туралы жырлар біртіндеп жоғалып, оның
Достарыңызбен бөлісу: