Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет19/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

жеңіл мінезді ауырлатады» (Ғ.Мұстафин). Бұл сентенциядағы жай сӛйлемдер 
ал ұштастырушы жалғаулығы арқылы байланысқан. Мысалдың жалпылаушы – 
философиялық сипатын мазмұн мен форма бірлігі байқатады: лексикалық 
антонимдер 
(қуаныш-қайғы, 
ауыр-жеңіл, 
жеңілдетеді-ауырлатады) 
синтаксистік параллель түрінде әр жолда тұспа-тұс қолданылып, «мінезді» 
сӛзінің қайталануымен ерекше бір экспрессивті құрылым түзіп тұр. Ал «Адам 
жасағаннан қартаймай, жасығаннан қартайса керек» (Ә.Тәжібаев) 
сентенциясындағы есімшенің болымды, болымсыз етістікпен тіркесі контекстік 
қайшылыққа қызмет етсе, ішкі ұйқас (жасағаннан-жасығаннан), дыбыстық, 
лексикалық қайталаулар бұл тұжырымның кӛңілге қонымды қабылдануына да, 
есте ұзақ сақталуына да айтарлықтай қызмет етпек. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


36 
«Біреуге өне бойы бағыну оңай емес, өзінді-өзін ұдайы бағындырып алу 
одан да қиын» (Б.Момышұлы) сентенциясындағы қайшылық синонимдік 
қайталаулар арқылы (өне бойы-ұдайы, оңай емес-қиын), контекстік 
антонимдермен (біреу - өзін) беріліп, да демеулік шылауымен күшейтіліп тұр.
Сентенция кӛбінесе қайшылыққа құрылса да, сӛйлемнің екі бӛлімнен 
тұруы міндетті емес, яғни контраст жай сӛйлеммен де беріледі, мәселен, «Жебе 
тілден жібек тіл көп өтімді» (Қадыр Мырза Әли). 
«Бақаның бағынан сұңқардың соры артық» (Б.Момышұлы). Бұл да жай 
сӛйлем. Мұндағы әсерлілік бастапқы буын (ба – ба), дыбыстар (с – с), жуан 
дауыстылар, жалпы, дыбыс әуезділігі және бақ – сор антонимдері арқылы 
берілген. 
Кез-келген сентенцияда сӛйлемнің құрылымына қарамай, интонация үлкен 
роль атқарады, яғни интонация айтылар ойдың қуатын ұлғайтады, әсерін 
күшейтеді: «Жасында көргені жоқтың / өскенде айтары да жоқ» 
(Ғ.Мұстафин). Мысалға келтірілген сентенцияларда тұлғалық, мағыналық, 
дыбыстық үйлесім сияқты тілдік факторлардың жымдасып, кірігіп келуі 
олардың мағына тұтастығын, тиянақтылығын туғызады, оларды сол күйінде, 
еш ӛзгеріссіз, даяр қолдануға жағдай жасайды, яғни қолданыста орнығып, 
адамның тілдік жадында сақталып, қажеттілік туған кезде қайта қолдануға 
мүмкіндік береді. 
Сонымен, сентенция туралы ойымызды жинақтай айтсақ, оның мынадай 
ерекшеліктері бар: 
а) сентенция – белгілі бір автор шығармашылығында ұшырасатын, жеке 
фактіден шығарылған жалпыға ортақ қорытындысы бар, философиялық ойға 
құрылған, терең мазмұнды ықшам тұжырым;
ә) сентенцияны екі жақты – контекспен байланысты және контекстен тыс – 
қарастыруға болады; бұл тура және ауыспалы мағынада қолданылады; 
ауыспалы мағынасының басымдығы оны мақал ретінде де жұмсауға мүмкіндік 
береді және бұл ерекшелігі оның қолданылу аясын да кеңейте түседі; 
б) сентенция бойындағы коннотативті белгі екі жақты: біріншіден, 
автордың ӛз кӛзқарасын кӛрсетеді, екіншіден, оқырманның сентенцияны 
қабылдау – қабылдамауына байланысты оның да ой-ӛрісін, ұстанатын 
моральдық – этикалық принциптерін аңғаруға мүмкіндік береді;
в) сентенцияның мағына тұтастығы, бүтіндігі бұзылмайды, яғни қанатты 
сӛздердей немесе прецедентті атаулардай сӛйлем ішінде келіп, сӛйлем мүшесі 
ретінде қолданыла алмайды;
г) сентенция ықшам, кӛркем, әсерлі болғандықтан, оның эстетикалық әсер-
қуаты мол болады;
ғ) сентенция бойында айшықтаудың бірнеше түрі кездесуі мүмкін, яғни 
сентенциялардың конструкциясы, мазмұны, дыбыс үндестігі, ырғақ – ұйқасы 
әдемі жарасым тауып тұрады;
д) адам баласы болмысының әр алуан қырын қамтитындықтан, 
сентенциялардың мазмұны да сан қилы болады;
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


37 
е) сентенциялар оқырман ойында тез, кейде тіпті еріксіз сақталып, 
жатталып қалуға бейім келеді, яғни сентенциялардың жалпылаушы сипаты, 
контекстен тыс тұруға бейімділігі, белгілі ситуация-жағдайларда жұмсауға 
қолайлылығы, ондағы 
соны, тың 
образдың ұтымды 
синтаксистік 
конструкциямен жымдаса келуі осы мақсатқа бағытталады. 
ж) айтылар ойдың философиялық сипатына байланысты сентенциялардың 
лексикалық құрамы кӛбіне абстракт ұғым атаулары мен шақтық шексіздікті 
(вневременность немесе квантор всеобщности) білдіретін грамматикалық 
формалы сӛздерден тұрады, яғни сентенция әр уақытта - ӛткенде де, қазірде де, 
болашақта да - ӛз әсер-қуатын, адам санасына тигізер ықпалын сақтап, ӛз мәнін 
жоймайды. 
з) ең бастысы, сентенция, мәтін таңбасы болып саналатын цитаталар 
сияқты ӛзі алынған мәтін мен жаңадан түзіліп отырған мәтіннің арасындағы 
байланыстың маркері емес. Байқалып отырғандай, цитаталар мен цитация 
қағидатымен енгізілген келтірінді құрылымдарда сентенцияға тән ерекшеліктер 
сақталмайды, тек цитация қағидаты ғана маңызға ие. 
Прозалық шығармаларда да цитация кездеседі, яғни прозамен жазылған 
шығармаларда келтірілген өлең жолдары, түрлі хаттар, күнделіктер мен 
құжаттар да кеңінен алғанда цитацияға жатады. Алайда олардағы мәтін 
ішіндегі мәтіннің авторы туралы қаламгер кейде дерек берсе, кейде кім екенін 
көрсетпейді, сондықтан оны автордың баяншы немесе кейіпкері атынан 
келтірген 
өз 
туындысы 
деп 
қарастыру 
қажет. 
Мысалы, 
Дулат
Исабековтің «Гауһартас» повесінде арнайы баяншы Қайыркеннің өлеңін 
жеңгесі енесіне оқып береді. Салтанатқа арналған Қайыркеннің бұл өлеңінің 
авторы – жазушының өзі, ол өз кейіпкерінің жан-дүние тазалығын, рухани 
биіктігін осы өлеңмен білдіру үшін қолданған тәсілі. Оқу барысында оқырман 
Қайыркен туралы өз пікірін автор, Салтанат және оның енесі арқылы үш мәрте 
бағалаумен салыстырып, толықтыра алады. Ал Салтанат ыңылдап жүрген ән 
халық әні екені оқырманға белгілі, тек қана Салтанаттың осы әнді таңдауына 
қарап оның ой-өрісін шамалауға, бағалауға болатынын аңғартады. 
Көркем мәтіндегі цитатаның көлемі, функционалды типі әр түрлі болады. 
Поэзиялық шығармаларда цитата сөз, сөз тіркесі, сөйлем, құрылым деңгейінде 
кездессе, прозалық шығармаларда цитатаның көлемі үлкен, яғни жоғарыда атап 
көрсетілгендермен қатар, бір немесе бірнеше күрделі синтаксистік бірліктен 
тұратын құжат, хат, күнделік ретінде болып, жеке-жеке де, бірнешесі қатар да 
кездесуі мүмкін. Д. Исабековтің «Тіршілік» повесіндегі Молдарәсіл 
немересінің, «Пері мен періште» повесіндегі Сапар мен Сафура хаттарының 
көлемдері әр түрлі. Осы хаттар арқылы автор сөйлеу субъектісін өзгертеді, яғни 
өзі баяндаудың орнына басқа адамдарды сөйлетеді. Сөйлеу субъектісінің 
өзгеруі көркем шығармадағы негізгі оқиғаға автордың көзқарасын көрсетеді: 
сол субъект сияқты не оқиғаны жақтайды, қолдайды немесе, керісінше, 
наразылық, қарсылық танытады. 
Вертикал контекстің цитациясы ретінде аллюзия мен реминисценцияны 
атауға болады. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


38 
1.2.2 Аллюзия және реминисценция 
Аллюзия сөзіне А. Квятковский былай деп анықтама береді: «(лат. аllusion 
– ишара, әзіл) – стилистикалық тәсіл; жақсы таныс тарихи яки тұрмыстық 
дерекке ишара ретінде сөйлеуде немесе көркем шығармада қолданылатын 
белгілі (ходовое) сөз» [79,]. Осы анықтамадағы «ходовой» сөзіне баса назар 
аударылған болуы керек, Г. Тұрабаеваның «Окказиональное преобразование 
пословиц и поговорок в казахском языке» деген диссертациясында мақал, 
мәтел негізді аллюзияға мысалдар келтіріледі [80]. Жоғарыда келтірілген 
«Поэтикалық сөздік» бойынша: «Реминисценция (лат. reminiscentia – еске 
түсіру (воспоминание)) – басқа көркем шығарманың таныс фразалық немесе 
образды конструкциясын ақынның саналы яки еріктен тыс қолдануы» [79, 238]. 
Интертекстуалды байланыстарды зерттеген Н. Фатееваның пікірі бойынша: 
«Аллюзия – заимствование определенных элементов предтекста, по которым 
происходит их узнавание в тексте-реципиенте, где и осуществляется их 
предикация» [38, 28]. 
Аллюзияның лингвистикалық табиғаты мен стильдік қызметін ағылшын 
тіліндегі мәтіндер бойынша зерттеген А.Г. Мамаева: «Аллюзияны біз мәтінде 
мәдени деректерді жанама түрде куәландыратын белгілі бір сөздерді (сөз 
тіркестерін, сөйлемдерді) әдейілеп қолдану тәсілі деп түсінеміз» деп көрсетеді 
[81, 1]. 
Ғалым Н. Уәли аллюзияны прецеденттілік құбылысымен байланыстырады: 
«Аллюзия белгілі бір жайды меңзеп тұрады. Мәтіндегі сөзбе-сөз мағынаның 
қалтарысында оқырманның есіне түсетіндей немесе ассоциация тудыратындай, 
сезіміне әсер ететін прецедентті мәтін немесе прецедентті атаулар болады» [82, 
229]. 
Аталған стилистикалық тәсілдер көркем шығармада тілдік құралдар 
арқылы берілетініне қарамастан, «Қазақ тілі» энциклопедиясына [66] бұл 
филологиялық терминдер енгізілмепті, ал «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясында 
«аллюзия» сөзі болмағанмен, реминисценция төмендегідей түсіндіріледі: 
«Реминисценция (лат. – еске алу) – көркем тексте, көбінесе өлеңде 
кездесетін басқа бір шығарманы еске түсіретін нышан» [83, 565]. 
Сонымен, екі элемент те ишара, тұспалмен негізгі мәтінге қосымша 
мағына береді. Ишара, тұспалмен берілген қосымша мағына, информация, бір 
шығармада аз, бір шығармада көп, біреуінде бірден танылатындай, ал 
екіншісінде оқырман үшін танылуы едәуір білімді қажет ететін деңгейде 
көрінеді. Ең бастысы – бұл информация ешқандай маркерсіз (авторы, дереккөзі 
айтылмай) беріліп, көркем мәтін семантикасын қоюландыра, қанықтыра 
түсетін элемент ретінде оқырман ойында түрлі символикалық, коннотативті 
мінездеуші ассоциация тудырып, мәтін модальділігіне әсер етеді. Көркем 
шығарманы оқып отырған оқырман осы бір элемент арқылы туған 
ассоциацияны мәтін мазмұнымен байланыстырып, астастырып қосымша 
мағына үстейді. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


39 
Шынында, бұлардың ара жігін ажырату қиын, дегенмен реминисценция 
басқа бір әдеби шығарманы еске түсірсе, аллюзия, негізінен, көпшілікке таныс 
әлеуметтік-мәдени фактімен орай сол көркем шығарма семантикасына 
қосымша хабар, мағына қосатын элемент. Реминисценция басқа бір мәтінге 
цитация қағидатымен дәл, еш өзгеріссіз немесе трансформацияланып енгізілсе, 
аллюзия - мәтінде еркін түрде вербалданатын экстралингвистикалық фактор. 
Аталған екі интертекст прозалық та, поэзиялық та шығармаларда кездесе 
береді, қосымша мағына үстейді. Аллюзия мен реминисценцияның ұқсастығы 
мен ерекшелігін мына мысалдардан көруге болады: Т. Әбдіков «Өлі ара» 
романына бас кейіпкер Асқардың табиғатын ашу үшін қосүнді сөзбен Құланбай 
батыр туралы деректі кіргізеді. Ұлы Сардар перифразын аллюзия, ал Құланбай 
батыр антропонимін реминисценция ретінде қарастыруға болады, себебі 
орфографиялық ережеге сай емес, графикалық тұрғыда ерекшелеп берілген 
Ұлы Сардар – Амангелді Иманов - тарихи тұлға, Қазақстандағы 1916 жылғы 
ұлт-азаттық көтерілісінің символы ретінде, яғни қоғамдық-әлеуметтік, мәдени 
өмірдің бір фактісі ретінде қалың оқырманға белгілі, ал Құланбай батыр есімі 
әдебиет сүйер, көзі қарақты оқырманға ғана сыр айтар, семантикалық салмақ-
жүгі ерекше антропоним, себебі бұл – жазушы Ақан Нұрмановтың «Құланның 
ажалы» романының бас кейіпкері: «кейінгі тірліктің икеміне иіле алмай, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет