41
Бұл реминисценциялар бұрынғы мәтін пен жаңа мәтін семантикалары
арасындағы ыңғайластық, қайшылық, түсіндірмелік сияқты түрлі қатынастарды
және кейінгі автордың өзінен бұрынғы қаламгерлерді құрметтеу, сыйлау
сезімдерін білдіреді. Қаламгер өзі эталон деп есептеген семантиканы арнайы
қолданғаны байқалады.
Реминисценция тек төл әдебиетіміз бен байланыстары ғасырлар бойы
қалыптасқан шығыс әдебиетін ғана еске түсірмейді. Белгілі бір кезеңде кеңінен
танымал болып, ақын-жазушылардың тілдік жады, құзіреті мен танымдық
базасында сақталып қалған кез келген шығарманың бір элементі
реминисценция ретінде қолданылуы мүмкін. Мәселен, өткен ғасырдың 90-
жылдары латынамерикалық Г.Г. Маркестің «Жүз жылғы жалғыздық» романы
посткеңестік аумақта оқырмандар іздеп жүріп оқитын шығарма болды.
Төмендегі шумақ осының айқын дәлелі:
Үшеуіміз де бір ғасырдың гүлі едік,
Бірге естідік өткен күннің сызды үнін.
Көппен бірге сан думанға бөледік,
Достарыңызбен бөлісу: