Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


баяғы кеудемен босқа арандаған адам Құланбай батыр болды. Өзіне қамшы



Pdf көрінісі
бет20/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

баяғы кеудемен босқа арандаған адам Құланбай батыр болды. Өзіне қамшы 
үйірген милицияны өлімші қылып сабап, жауапқа тартылып, одан кейін 
түрмеден қашты бандыларға қосылып, ақыры өлігі далада қалды. 
Жарықтық аса жау жүрек адам еді. Атыс-шабыстың ішінде жүріп, 
құмалақ ашатын, намаз оқитын. Баладай аңқау, аңғал жан өзін әдейі 
арандатқан жаулардың қармағына ілікті. ...» 
Т.Әбдіков өзіне таныс романның бүкіл оқиғасын 4-5 сөйлемге сыйғызып
өз романындағы бас кейіпкер Асқардың болмысын Құланбаймен салыстыра 
көрсетіп, олардың мінездемесін қатар береді, яғни Құланбайдың мінез-құлқын 
ашып көрсеткен коннотациясы айқын эмоционалды-экспрессивті лексика 
арқылы берілген қосүнді сөзде автордың да, кейіпкердің де позициясы көрінеді 
және ол оқырман үшін де – семантикалық тұрғыда елеулі элемент, себебі 
оқырман Ақан Нұрманов романын, ондағы басты кейіпкерді еске түсіріп, оның 
жағымды, жағымсыз жақтарын, іс-әрекетін саралау арқылы Асқардың да 
табиғатын таниды. 
Міне, осындай көтеретін мағыналық салмақ-жүгі мол, мәтінде қосымша 
ассоциация тудыратын элементтер поэзиялық шығармаларда да жиі кездеседі. 
Мысалы, Абайдың екі жолын эпиграф етіп алған Ғ. Жайлыбай оны 
трансформациялап, өз өлеңіне қорытынды ретінде келтіреді. Ақын бұл 
жолдарды еш маркерлемесе де, оқырман оның претексін еш қиналмай тауып
онымен ассоциация жасайтыны күмәнсіз:
 Нәубетке неге ұшырайды әнім, 
Тағдырдың түсіп құрығы. 
Адасып кеткен күшік ойларым –
Жұртына келіп ұлыды.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


40 
Ал қазақтың белгілі ақыны М. Әлімбаевтың мына өлең жолдарында бір 
емес, екі бірдей реминисценция бар: 
Ал қазір ақыл-көсем Ахаң қайда? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет