Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


«...өзіңіздің ақ-адал қосағыңыз Айгүл



Pdf көрінісі
бет27/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

«...өзіңіздің ақ-адал қосағыңыз Айгүл». 
Бұл фрагменттер оның орындалмаған, орындалмас арманының 
проспекциясы, сондықтан кейін повесть семантикасында алға ұсынылуы тиіс 
деп түсінілуі керек және бұл Бексейіт өмірінің сұрағы деуге болады. Ал повесть 
соңындағы хат осы сұрақтың жауабын береді, яғни бірінші хат соңындағы 
Секітай қолы соңғы хатта өзектендірілген. Графикалық тәсілдермен бөлінген 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


49 
хаттар арқылы жазушы сөйлеу субъектісін өзгерткен, яғни повестің тұтас 
құрылымы диалогке құрылған: Айгүл – Бексейіт, Бексейіт – оқырман, мәтін – 
оқырман, Бексейіт – Тілеужан, ал бұлардың барлығы автор – оқырман, мәтін – 
оқырман арасындағы макродиалогтің құраушылары. Мұның өзі М.М. 
Бахтиннің «өзі» және «бөгденің» диалогі тұжырымының дәлелі, ал ол 
интертекстуалды элементтер арқылы көрінетіні сөзсіз.
Бексейіттің жастық шағы біртұтас дүние болса, Айгүл хаты соның бір 
бөлшегі, яғни повесть семантикасы мен хат арасында метонимиялық байланыс 
бары даусыз. 
Соңғы хатта Бексейіттің жастық шағында айтылған бір ойы ұсыну 
қағидатына сәйкес өзектенген. Оқырман Тілеужан хатынан Айгүлдің «Горный 
гигант» колхозының желкесіндегі мұсылман зиратына жерленгенін біледі. 
Субъективті ретроспекция арқылы ол Т.Шевченконың екі жолын оқыған 
Бексейітті еске түсіріп, оның бір ауыз сөзін ұмытпаған Айгүл хатындағы ақ-
адал қосағыңыз тіркесін алға шығарады. Тілеужан хатының соңындағы Хош, 
хош!!! сөзінің эмоционалдылығы сонша, оқырман оны Тілеужанның емес, 
Бексейіттің өзінің келмеске кеткен, өзі бағаламаған асылымен қоштасуы деп 
қабылдайды. 
Байқалып отырғанындай, туындының мазмұндық-нақты ақпар беретін 
тілдік құрылымында авторлық баяндау мен ауызекі сөйлеу тілінің элементтері 
басым хат стильдік контраст тудырып отыр. Екі хаттан да оларды жазған 
адамдардың өскен ортасы, білім дәрежесі, жасы сияқты әлеуметтік 
ерекшеліктер мен өз адресатына субъективті көзқарасын аңғаруға болады, яғни 
хаттардағы ауызекі сөйлеу тіліне тән варваризмдер, діни лексика, ресми 
стильге тән жекелеген сөзқолданыстар, синтаксистік құрылымдардың 
эллипстенуі, интимділік көркем шығармада айрықша дараланып, көзге түседі.
Сөзқолданыстың мұндай түрі қазақ тіл білімінде стильдік контраст [84, 94; 85] 
деп аталса, мәтінаралық байланыстар теориясында кодтық немесе тілдік 
интертекстуалдылық деп түсініледі, яғни функционалдық стильдердің біріне 
тән лексиканың немесе грамматикалық формалардың өзіне мүлде жат ортаға 
түсуі [8, 35] деп ұғынылады. 
1.2.4 Құжат негізді интертекстер
Кодтық немесе тілдік интертекстуалдылықты ресми іс қағаздары мен 
көркем мәтін негізінде байқап көрейік. 
Тілдің функционалды стильдерінің әрқайсысына тән ерекшеліктері оның
ақпараттық, коммуникативтік, эстетикалық қызметіне сай сараланып, қоғамның 
әлеуметтік, саяси, мәдени, идеологиялық, құқықтық салаларындағы қарым-
қатынасты қамтамасыз етеді. 
Ресми іс қағаздарына тән лексика-фразеологиялық бірліктер, клишеге 
айналған сөз орамдары мен стандартты синтаксистік құрылымдар ресми 
коммуникацияны жеңілдетуге, жеделдетуге қызмет ететіні белгілі. Ресми 
айналымдағы құжаттарды шартты түрде ұжымдық және адамның жеке басына 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


50 
тән құжаттар деп екіге бөлуге болады. Олардың алғашқыларына түрлі заңдар, 
жарғылар, нұсқаулықтар, ұжымның ішкі құжаттары жатса, соңғыларына 
адамның өмірбаяны, жеке іс парағы, қолхат, сенімхат, өтініш, шағым т.б. кіреді. 
Бұл бөліністің шартты болатын себебі – құжаттар екі жақты, яғни адам мен 
қоғам арасындағы коммуникацияны қамтамасыз етеді. 
Жеке адамға қажетті іс қағаздары типтік және трафареттік деп 
бөлінетіндіктен, соңғыларының мәтіні көбіне арнайы бланктер арқылы беріліп, 
қысқа да дәл, ешқандай эмоционалдық сипаты жоқ сұрақ-жауаптардан 
негізделеді.. Сондықтан да ресми іс қағаздары стиліндегі құжаттардың тілі 
жансыз, құрғақ кеңсе тілі деп аталатыны заңды. Алайда осы ресми іс қағаздары 
стиліне жататын кейбір құжаттардың құрылымдық-семантикалық бірлігі 
претекст ретінде алынып, көркем әдебиетте жиі қолданылатыны байқалады. 
Әсіресе прозалық шығармаларда түрлі стильдік мақсатта әр қилы анықтамалар, 
қолхаттар, хаттамалар, баяндау хаттар келтіріледі. Бұл құжаттар кейде реалды, 
яғни шын мәнінде өмірде, тарихта болған болса (көбіне тарихи тақырыптарға 
жазылған көркем шығармаларда), кейде автордың қиялынан туындайды. 
Мысалы: «Айыпкер Жәнібек Нұрбаев: Алматыда туған. Жасы он сегізде, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет