Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет23/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

Киімі алтын кісіні емес, сені іздеп, 
Сені іздеп жүрмін, сері мінезді алтын ұл! (Ж. Жақыпбаев). 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


43 
Прозалық туындыларда кездесетін аллюзияларды қарастыралық: 
1) ...Құдайға шүкір, өзің де дүркіретіп талай жыл ел басқардың. Кім 
біледі, әлгі әйелін қасынан тастамайтын қасқабас келіп бәрін бүлдірмегенде, 
әлі талай жыл біз секілді жәпірейген жаман шалдардың сөзін елең қылмай 
жүре берер ме ең, қайтер ең... (Н. Ораз). 
2) ...Ит екеш иттің де аты бар, бүгінде иттің аты бұлды боп тұрған 
заманда, пілдей классигіміздің есімін овчаркаға беріп қойғанда Веттехник 
деген сөз боп па, тәйірі!.. (Н. Ораз). 
Келтірілген мысалдардағы қарамен бөлініп көрсетілген қолданыстар 
қаламгердің өзі өмір сүрген, куә болған кезеңдегі қоғамдық-әлеуметтік, саяси-
идеологиялық, мәдени жайлардан хабар беріп тұр. Бірінші мысалда ХХ 
ғасырдың 80-жылдарындағы КСРО аталатын алып мемлекет басшысының 
идеясымен қайта құру саясаты басталып, елде бұрын-соңды болмаған үлкен 
өзгерістер болғанын бір ғана перифразбен білдіріп тұр және оны айтушы адам 
сол өзгерісті де, сол өзгеріс инициаторын да жақтырмағаны ашық байқалады. 
Сәбден шал үшін осы өзгерістердің негізгі белгісі - кеңестік дәстүрге жат 
болып көрініп, сол Кеңес Одағындағы барлық тұрғындардың жек көру, 
жақтырмау, күндеу, қызғану, ұялу, намыстану сияқты түрлі сезімдеріне 
тамызық болған жағдай, яғни М.С. Горбачевтің қандай кездесулерде болмасын 
әйелін қасынан тастамайтыны. Екінші мысалда автор-баяншының өзі суреттеп 
отырған оқиғаға, намыссыз кейіпкерге мысқылы, қыжылы, қынжылуы аллюзия 
арқылы көрсетілген. Бұл сезімдер - өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап 
қазіргі кезге дейін Ресей теледидарында көрсетілетін фильмді көрген сайын әр 
қазақтың бастан кешетін күйі. 
Жекелеген өлеңдердегі интертекстуалды байланыстарды ашу үшін 
оқырманға өзінің фондық біліміне жүгінуге тура келеді. Пікірімізді бір ғана 
ақынның өлеңдерімен дәлелдеп көрелік. 
Қазақтың дарынды да дара ақындарының бірі Г. Салықбайдың «Ақсайда, 
бетон үйімде» деп басталатын өлеңінде аллюзия өлеңнің соңғы шумағында 
орналасқан: 
Ақсайда бетон мекенім, 
Жеті қат көкте тұрағым. 
Биіктеп кейде кетемін, 
Төменнің созып құралын. 
Қиярдан гөрі қиялға – 
Жұлдызға жақын үйімде – 
Биікке салған ұямда 
Отырам ұқсап тиінге. 
Бірімін ең бай кедейдің, 
Сыйласар сөздің гүлімен, 
Өзімді де үнемдемеймін, 
Жанады жарық түнімен. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


44 
Ақсайда арман жастанам, 
Кеңірек сайға асықпай
Бір самғап алып аспаннан 
Түсе алмай қалған ғашықтай. 
Ақынның бұл өлеңінде мәтін лингвистикасы тұрғысынан назар аударарлық 
біраз ерекшеліктер бар: Алматының бір тұрғын ауданындағы көп қабатты үйде 
тұратын ақын үшін жеті қат көк тіркесінің маңызы ерекше, себебі осы тіркестің 
кумулятивтік мәніне орай ақынның тұратын қабаты да, оның өр, басқалардан 
ерекше мінезі де тұспалданады. 
ІІІ шумақтың бірінші, екінші жолдары да түсінікті қажет етеді: үйімде 
сөзін анықтап тұрған жұлдызға жақын жайылма эпитеті мен эпитеттің өзіне 
теңеу боп тұрған қиял сөзінің семантикасы бір-біріне қабаттасуынан күрделі 
ассоциация пайда болады. Өлең жолдарын түсіндіру, әрине, аса жақсы іс емес, 
дегенмен осы екі жолдың семантикасы орыс халқының «Лучше синица в руках, 
чем журавль в небе» мақалын еске түсіреді және оны жоққа шығарады, себебі 
ешқандай уәжсіз «қияр» сөзінің қолдануы қисынға сыймайды, ал қиял мен 
сыртқы тұлғасы, яғни дыбысталуы ұқсас қиярдың түрі – жасыл, оның қазақ 
ұғымында көк деп те атала беретіні аян. Сондықтан сөздің сыртқы формасы 
мен мағынасы арқылы туатын ассоциация аталған сөз қолданысы үшін уәжді. 
Ақынның лирикалық «мені» тиінге теңелуі де тегін емес: осы сөздің бойындағы 
номинативті, кумулятивті мағына арқылы таза, үркек, сезімтал адамның 
бейнесі беріледі, оксюморондық ең бай кедей, синкреттік өзімді де 
үнемдемеймін тіркестері де өлеңнің соңғы шумағына апарар баспалдақ: таза, 
асқақ, сезімтал, арманшыл ақынның өмір мәнін, құнын түсінетінінің, 
бағалайтынының дәлелі. 
Осы соңғы шумақтағы Кеңірек сайға асықпай жолының астарлы мәні 
ерекше, себебі иісі қазаққа белгілі қасиетті де қасіретті Кеңсай топонимін ақын 
тіке атамай, морфологиялық тұрғыда өзгерткенмен, талай марқасқа қазаққа 
бақилық мекен болған жер бірден еске түседі. 
Ақынның мына бір өлеңіндегі аллюзия әжуалау қызметін атқарып тұр: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет