Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


-те жерге кіру, пенделіктің қуысы



Pdf көрінісі
бет75/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

63-те жерге кіру, пенделіктің қуысы.  
Жалпы 
алғанда, 
қазақ 
поэзиясында 
жалқы 
есімдерді 
өз 
шығармашылығында қолданбайтын ақын кемде-кем. Алайда, антропоним, 
топоним, артонимдерді ең көп қолданатын ақын деп С. Ақсұңқарұлын айтуға 
болады. Бұл қаламгер өз өлеңдерінде публицистика мен лириканы 
ұштастырып, қоғам, халық үшін ерекше маңызды мәселелерді асқан 
бейнелілікпен, әсерлілікпен қөз алдыңызға әкеледі. Бұл орайда ақынға 
прецедентті атаулар көп көмектеседі. Мәселен, ақынның «Белгісіз солдаттар» 
атты өлеңінде 23 оним кездеседі. Ұлттық және әлемдік білім аясынан алынған 
бұл прецедентті атаудың қай-қайсысында болмасын, адамзат өркениеті 
басынан кешірген ұзақ уақытты қамтитын тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-саяси, 
мәдени ақпар жинақталған, ол автордың субъективті көзқарасымен, өлеңдегі 
мағыналық ұйытқы сөздер тобымен бірлікте эмоционалдық мән-мағынасы 
жоғары мәтін түзуге мүмкіндік береді. Олардың әрқайсысының өзіндік 
атқарып тұрған жүгі бар. 
Прецедентті атаулар ішінде түрлі теонимдер мен топонимдердің де жиі 
кездесетінін айта кету артық емес. Мәселен, Мұса – Ой, босқан, босқан, босқан 
құсалы елім, Тақырға тары шаштым - мысалы оның, Тар заман, Тақыс заман, 
Тарғыл заман, Табылмас перғауыны Мұса ма едің?  (Е. Раушанов); Сүлеймен -
Саусағымен бірнеше жаз гүл іліп, Күйлер шертіп нәзік қана дірілмен, Көк 
шалғынмен самал өтті жүгіріп, Сүлеймендей су бетімен жүгірген (Ж. 
Жақыпбаев); АлтайАсқар Алтай – алтын ана есте жоқ, асқан жандар – 
батыр, хандар ұмтылды (М. Жұмабаев); Түркістан – Сөз бейнелі даналықты 
оқып әр, Жетім көңіл маңырар да, отығар. Түркістанға түн ала алмас түр 
берген Құдай құлы – шайқы атанған сопылар... (Г. Салықбай); Беломор канал - 
Өкпе де ме екен, наз ба екен, Біздей де ғаріп аз ба екен. «Беломор каналды» сен 
шектің, Беломор каналды қазды әкем (Е. Раушанов). 
Қарастырылған мысалдардың бәрі социумдық-прецедентті және ұлттық-
прецедентті құбылыстар туралы хабардар етсе, кейбір прецедентті атаулар – 
жалқы есім әлемдік білім аясынан алынады. 
Антропонимикаға жақын өрістің бірі – мифонимдер. Бұлар көне грек, рим 
мифологиясы арқылы жақсы таныс болғандықтан, реминисцентті сипатқа ие, 
яғни көптеген мифологиялық сюжеттің бір бөлшегі ретінде, сол сюжет, оқиға, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


118 
құбылыс туралы ассоциация тудырып, өзі жаңадан кіргізіліп отырған 
шығарманың 
семантикасын 
байытып, 
кеңейтіп, 
бір 
тұтас 
түсінік 
қалыптастыруға көмектеседі. Бұл мифонимдердің жалпы сипаты, белгілері, 
әдетте, мәтін авторына да, оқырманға да белгілі, ортақ болып келеді. 
Сондықтан да көптеген мифонимдер ұлттық әдебиеттерде мәтінаралық 
байланыстардың көрсеткіші ретінде танылады. Қазақ әдебиетінде де бұл үрдіс 
жиі кездеседі. 
Бұл орайда уақыт, кеңістік жағдайы бір-бірінен мейлінше алыс, ділі, тілі 
мүлде ұқсамайтын, қабыспайтын халықтар мифонимдерінің ұлт тілінде 
жазатын қаламгерлер шығармашылығында кездесуі және олардың вербалдану 
парадигмасы интертекстуалдылық тұрғысынан ерекше назар аудартады. 
Мифонимдердің ұлттық әдебиетте қолданылатын себебі сол, «Прецедентті 
атаудың детонаты қиялдағы, елес тұлға» [139, 121], яғни ерекше тұлға. 
Зерттеушінің көрсетуінше, психологияда ерекше тұлға деп жеке, шын болмыста 
өмір сүрмейтін, бірақ адамдар санасында ақиқат тұлға сияқты елестетілетін 
тұлғаны атайды. Бұл ерекше тұлғаға адам еліктейді, соған ұқсауды мұрат 
тұтады, өзінің барлық іс-әрекетін соның ісімен, мінез-құлқымен салыстырып, 
баға береді, сол туралы көркем өнер туындыларын жасап, әдеби шығармалар 
жазады. Адамдардың бүтін бір ұрпақтары осы тұлғалар үлгісінде тәрбиеленеді. 
Әдетте ерекше тұлға ретінде мифтік бейнелер, көркем шығармалар 
кейіпкерлері аталады. Мәселен, Антей – көне мифологияда алып күштің иесі, 
ол өзінің осы қасиеті арқылы қалың көпшілікке белгілі. Ұлттық ауыз 
әдебиетіндегі Шық бермес Шығайбай, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Жиренше, 
жазба әдебиеттегі Тоғжан, Ербол мен Меңтай есімдері ана тілінде оқыған кез 
келген азаматтың аялық білімінде орныққан. Ал кейінгі қазақ әдебиетінде
оның ішінде поэзиялық шығармаларда кездесетін Дариға (М. Мақатаев), Ләйлә 
(Ж. Жақыпбаев), Ғалия (С. Ақсұңқарұлы) есімдері бір кезде өлең арналған 
нақты нысаннан ажырап, дерексіз, жиынтық бейне атауына айналып кеткені де 
шындық. Қазір бұлар өмір, махаббат, қол жетпес арманды вербалдайтын 
концепт ретінде қаламгерлердің ментальділігін әр қырынан көрсететін 
прецедентті атау. Ақындардың кейінгі буындары үшін бұл атау-есімдер 
жоғарыда аталған сөз зергерлерінің тұтас шығармашылығының орнына жүретін 
таңба ретінде қызмет етеді. Мысалы: 
Өкініп 
Өкси бастап фәни басын, 
Өлгенше іздеді ақын «... Дариғасын» 
Өмірден өтті-кетті Мұқағали, 
Қайырып қара өлеңмен кәлимасын. (С. Адай) 
Жоғарыдан жымиясыз –
жайлы өңді... 
Ләйлә өмірді, жирен атты сүйесіз. 
Сіз бен біздей жақсы аға-іні қайда енді, 
Ақындардың патшалығы - иесіз... (Г. Салықбай) 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


119 
С. Адайдың өлеңінде прецедентті атау тырнақшаға алынып, цитата екені 
ажыратылса, Г. Салықбай ешқандай қосымша маркермен ерекшелемеген.
Әлем әдебиетінде кең тараған прецеденттік атау – мифонимнің бірі – 
Прометей. Бұл мифоним антикалық дәуірден бері адам, оның қайтпас 
қайсарлығы, азапқа шыдамдылығының символы ретінде белгілі. Олимп 
тауларынан отты ұрлап алып, жер бетіндегі адамдарға бергені үшін жан төзгісіз 
мәңгі азапқа бұйырылған Прометей көптеген қаламгерлер үшін өз кейіпкерін 
даралаудың формасы мен әдісіне айналған, ал оқырман осы прецеденттік 
атаумен ассоциация негізінде көркем шығарманың мазмұндық-астарлы, 
мазмұндық-концептуалды ақпарын қабылдауы, түсінуі қажет. 
Кез келген прецеденттік атау – жалқы есім зерттеушілер пікірінше [131; 
139], өзіндік құрылымға ие. Прецеденттік атау құрылымының орталығы, 
ядросы – қабылданатын прецеденттік атау инвариантының дифференциалды 
белгілері, яғни бейненің сыртқы ұқсастығы мен мінез-құлықтағы ұқсастық, 
сәйкестік, сондай-ақ прецеденттік жағдай, ал оның перифериясында атрибуттар 
орналасады. Сол себептен де прецеденттік атауда жинақталған, сақталған, 
қатталған ақпар қаламгерлерге оларды өз ой елегінен өткізіп, өз тарапынан 
жаңа қосымша мән үстеп, түрлі контекстерде әр қилы жаңа, бұрынғыдан 
өзгеше образ жасауға мүмкіндік береді. 
Қазақ әдебиетінде Прометей прецеденттік атауының әлеуетін көптеген 
ақындар өз шығармашылығында пайдаланады. Мысалы, Қ. Аманжолов атақты 
«Ақын өлімі туралы аңыз» өз кейіпкері Абдолла Жұмағалиевті Прометейге 
теңейді. Бұл мифонимнің оқырман ойында актуалдануы оның бірнеше 
дифференциалды белгісі мен атрибутына, яғни прецедентті атаудың ядросы 
мен перифериясының вербалдануына байланысты – Прометейдің адамдарға өз 
еркімен көмегі, өзінен күші басым құдайларға қарсылығы, жанкешті төзімділігі 
және оның қолындағы от, оның шынжырда, демек, қыспақта болуы. Қаламгер 
суреттеуінде қолында гранатасы бар ақынның сыртқы іс-қимылы, от 
қоршауында қалуы, оның адамзаттың жоғары идеяларына шын мәніндегі 
сенімі, яғни адамдарға көмегі, сол жолдағы азабы Прометей бейнесі арқылы 
танылып, Абдолланың ерекше рухты, ерекше қажырлы образы жасалған. 
Поэманың мазмұндық-нақты, мазмұндық-астарлы, мазмұндық-концептуалды
ақпарлары оптимистік трагедия модальділігін түзеді:
Шұғыла шалған кешкі бұлттай, 
Толқын шашта оттар ойнап, 
Өрт топанын кешіп Нұһтай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет