Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет91/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

жапырақтың ағасы, 
Біз – бір Күннің көрінбейтін сәулесі. 
Болар ма еді бұ тірліктің бағасы, 
бітсе көңіл әуресі. 
*** *** *** 
Байлыққа теңеп 
бағасыз өңшең, 
Қоя алмаушы едім нүктемді. 
Жапырақтың ағасы деуші ем, 
жапалақ болып шықты енді. (Г. Салықбай) 
Автоцитата ақын үшін тарихи уақыт пен өзінің идеал тұлғасының тілдік 
маркері, оны кейінгі мәтіндегі ежелгі өткен шақ категориясы (қоя алмаушы 
едім, деуші ем), үстеу (енді) сияқты қосымша лексика-грамматикалық 
индикаторлар көрсетеді. Бұлар тіркесе келіп, претекстегі континуумның 
статикасын динамикаға айналдырғанмен, екінші бір статикалық күйге 
келтіреді. Екінші мәтінде автор өзінің өткен шағына қазіргісінен баға береді. 
Екі өлең арасындағы байланыс сөз тіркесі деңгейінде. Бір ғана сөз тіркесі 
контраст бейне жасауға қолданылған. Ақын контексінде жапырақ жас, таза, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


138 
пәк сезімді, мейірімді жанның жинақ бейнесі екенін ескерсек, автордың
вербалды сілтемесінен кейін оқырман оның басқа мәтіндерін мұқият оқып, бұл 
тіркес арқылы оның семантикасын нақтылап, екі өлең семантикасын 
ұштастыру 
негізінде 
соңғысының 
мазмұндық-астарлы, 
мазмұндық-
концептуалды ақпарын толық, жан-жақты түсінуге мүмкіндік алады. 
Осы ақын шығармашылығынан алынған мына мысалдарда ондай вербалды 
сілтеме жоқ, алайда сөз тіркесі деңгейіндегі цитация анық, сол арқылы екі өлең 
семантикасы бір-бірін толықтырады: 
Мен ажалды алдап кеттім, 
Ол да алдайды бір күні –
Жамалмасын білгенімде 
Дүниенің жыртығы. 
*** *** *** 
Жүдетсе де дүниенің жыртығы, 
Көңілді аулап Күннің қызыл кірпігі, 
Айдың аппақ сәулесіне оранып, 
Мен бақытты бола салам бір күні. (Г. Салықбай) 
Есенғали Раушановтың «Ғайша бибі» поэмасы мен «Нұрдан жаралған» 
романындағы жыландар жырын автоинтертекстуалдылық деуге болады, себебі 
екі мәтінде де қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастардың 
күрделілігі осы аңыз арқылы беріледі. Ал бұл екеуіне де претекст болған 
ақынның одан бұрынғы өлеңі: 
Ұмытпайды. 
Біледі ел, 
Білмесін бе? 
Әулие атам 
Халықтың бұл да есінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет