143
Мағынасында
осындай қарама-қарсылық, яғни жағымды, жағымсыз
мәннің тоғысуы ит зоонимінде де байқалады.
Ежелден қазақтар итті жеті
қазынаның бірі деп есептеп, өз тұрмысында жоғары бағалағаны белгілі. Бұл
орайда тіл фактілерін соны көзқараспен талдап, тосын пікір білдіретін О.
Сүлейменовтің гипотезасын айтпай кетуге болмайды: «Ал
ежелгі көшпелілер,
түркілер, осы таяудағы уақытқа дейін итті пір тұтқан, аңыздарда өздерінің
шыққан
тегін итпен байланыстырады; ұлы әмірлер халыққа билік жүргізе
алатын дәрежеге жеткен соң, ата-анасы қойған лауазыммен алмастырып, Ит
деп аталатын болған» [153, 253]. Әрине, көне түркілердің ұрпағы – қазақтардың
когнитивтік базасында бұл сөздің жағымды реңкі болуы заңды да.
Алайда бұл сөздің семантикасында жағымсыз коннотация да барын тілдік
материалдардан аңғаруға болады. Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігінде
[154] ит сөзімен 74 вокабула берілген және олардың бәрі дерлік жағымсыз
мәнде қолданылады
(ит мінез, ит өмір, ит өлім, ит тартыс, ит тілеу, ит
жеккен, ит жегір, ит жыны келді, ит терісін басына қаптау, ит тиген
Достарыңызбен бөлісу: