142
«Қасқырдың монологі» өлеңіндегі иттік пен тағылықтың қарама-қарсы
қойылуын түсіну үшін концептінің жоғарыда көрсетіліп кеткен белгілеріне
қоса, әлеуметтік-тарихи вертикал контекске жүгіну керек болады, яғни түркі
халықтарының шығу тегі туралы аңыздарды еске түсіру қажет. Ақын
контексінде иттік концептінің авторлық-дара коннотациясы, интерпретациясы
байқалады. Бұл ит сөзінің семантикасындағы энантиосемияға байланысты
туындайтынын және ит лексемасының парадигматикалық қатынастары
аңыздардағы қасқыр, бөрі сөздерін контекске енгізетінін дәлелдеп көрелік.
Жалпы, ит лексемасы өз семантикасында қарама-қарсы коннотация
ұштастыратыны белгілі. Оның жағымды, жағымсыз реңкін контекске қарай
даралап, көркем шығармада стильдік қажеттілікке орай пайдалану қаламгерлер
шығармашылығында жиі кездеседі. Бұл заңды да, себебі тек «мәтінде ғана
ұлттың мәдени-филологиялық құбылысы: оның ділі, оның сезімдерінің,
дағдыларының, тұрмыстағы әдеттерінің, бағаларының, қабылдауларының
ерекшеліктері көрсетіледі. Ұлттық рухани мәдениеттің континуумы аса айқын
және ашық түрде көркем әдебиет мәтіндерінде байқалады» [151, 55].
Қасқыр, бөрі барлық халықтар үшін универсалды мифологема, түркі тілдес
халықтар үшін оның орны тіпті ерекше, себебі түркі халықтарының пайда
болуы туралы аңыздар арқылы бөрі, қасқыр қаншығы түркілердің арғы бабасы,
арғы анасы деген ұғым береді.
Л.Н. Гумилев: «... алайда қасқыр атауының түркілер үшін VI ғасырда зор
маңызы болды. Қытай авторлары «түркі ханы» мен «қасқыр» ұғымдарын
синоним деп санайды, сірә, олар түркі хандарының өз көзқарастарына
сүйенетін сияқты» [152, 23] дей келіп, Бичурин (Иакинф) деректеріне сүйене
отырып, бағзыдан келе жатқан екі аңыз түркілердің шығу тегін ұрғашы
қасқырмен байланыстыратынын, түркі туларында алтын басты бөрі
бейнеленгенін көрсетеді. Ал көне қытай деректері бойынша «бөрі» сөзі «түркі
хандарының гвардиясы» [153, 161] деген ұғымда да қолданылған екен, яғни бұл
деректерден бөрі мықтылық, үстемдік, батырлық пен батылдық, тектілікпен
мәндес екенін көруге болады.
Осы ұғымдар табу мәнді бөрі образын тудырды деуге негіз бар. Алайда
бөрі сөзінің семантикасында да, оның синонимі «қасқыр» лексемасында да әрі
жағымды, әрі жағымсыз реңк байқалады. Бұл лексемалардың жағымды реңкін
қазақ халқы антропонимдерде
(Байбөрі, Бөрібай), «көкжал қасқыр», «қасқыр
Достарыңызбен бөлісу: