қабыл болатын уақыттардың бірі- сәресі уақыты.
керек.
дұғаларды оқып ниет етсе болады.
16-22 маусым 2014 жыл
Көп сөзге жоқ, қарапайым жанұядан шыққан және де отбасындағы екінші бала
саналатын Үміт Секенқызын сөзге тартудың да қиындықтары болды. Жан-тәні
қарапайымдылықты, тек таза еңбекті ғана қалайтын Үміт сіңіліме мән-жайды
түсіндіруіме тура келді.
Кейіпкеріміздің әкесі Ермұқашев Секенді Қарауыл халқы бес саусақтай жақсы
таниды. Зейнет жасына жетсе де «ШығысМедешСервис» өндірістік кооперативінде
электрик қызметін абыроймен атқарып, еңбектің өрінен көрініп жүрген ардагер азамат.
Ал анасы марқұм Жұмәділқызы Мәриямхан апай да өмірге келген бес баласын
қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, тәлімді тәрбие беріп, барлығына
жоғары білім әперіп, жанталасқан нағыз еңбеккер жанұя десем артық айтқандығым
емес.
Үміттің азан шақырып қойған аты Үмітхан екен. Ауылдастары Үміт атап кеткен.
Үміт Секенқызы мектеп қабырғасын жақсы тәмамдаған озат оқушылардың қатарында
болды. 1975 жылы Қарауыл ауылында дүниеге келген ол 1995 жылы Семейдің шағын
және орта бизнес колледжін тәмамдайды, ал 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей
мемлекеттік университетінің дипломын алады. Негізгі мамандығы экономист-
бухгалтер. Алғашқы еңбек жолын Үржар ауданында іс жүргізуден бастаған ол 2000-
шы жылы қызмет бабымен Абай ауданына ауысып келеді. Қарауылдағы аудандық салық
комитетінде жетекші салық инспекторы қызметін атқарады. Ал аудан әкімі аппаратының
ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы болып 2002 жылы тағайындалады. Содан
2013 жылдың мамыр айына дейін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің
к ад р жұ мысы б өлімінің б а с ма ма н ы қ ы зметін мемлек еттік қ ыз метш іге тән
ұстамдылықпен, асқан білімділікпен атқарғанын ауылдастары жоққа шығармайды.
Үміт Секенқызы қазіргі күні Абай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару
қызметі бөлімінің бас маманы болып абыройлы еңбек етіп жүр. Оның міндеті жергілікті
бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет өткеруді
қамтамасыз ету. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарда кадр құрамын қалыптастыру,
конкурстық іріктеуді, кадрлардың кәсіби дамуын қайта даярлау, біліктіліктерін арттыру
болып табылады. Үміттің құзырына кіретін тағы бір міндет мемлекеттік қызметшілерді
аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері және өзге де комиссиялардың қызметін
ұйымдастыру екен.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды
мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Еңбекте белсенді, ұжымында сыйлы Үміт өз қызметіне адал. Қашанда тәртіп пен
мем. қызмет туралы заң талаптарының бұлжымауы жолында қайраткерлік танытуда.
Бұл орайда Үміттің ұйымдастыру бөлімінде «күміс алқа», «алтын алқа» алған
аналардың наградаларын облысқа ұсынып, оның бекіп келуі жолындағы атқарған
жұмысын атауға болады. Сол аналардың ақ батасының дарығаны болар, Үміттің бүгінде
еңбектің төрінен көрініп отырғандығы. Оны ерекше мерейлендіріп тұрған марапат –
мемлекеттік қызметкерлердің ШҚО мемлекеттік Құрмет кітабында есімінің жазылуы
Абай елінен шыққан қаршадай қыздың жеткен ең жоғары жетістігі деп білеміз.
Бұл жанұяда тәлім-тәрбие алған Секен аға мен Мәриямхан апайдан тараған
ұрпақтың барлығында да жоғары білім бар. Абай ауданының өнерлі жастарының өнер
көгінде қанат қағуына бір кісідей еңбек жасап жүрген апайы Ермұқашева Рыскүл
аудандық саз мектебінің ұлағатты ұстаздарының бірі. Апайы Назгүл ҚазИГЗУ-де
мұғалім. Бауыры Серікбол ұлттық өнер академиясын тәмамдаған, Астана қаласындағы
ішкі істер министрлігінде үрмелі аспаптар оркестрінде музыкант. Полигонның қасіреті
бұл үйді де айналып өтпепті. Кенже бауыры Берікқабыл дүниеден өткенде ауыл халқы
бұл жанұямен бірге қайғырып, анасы осы қайғыны да көтере алмады деуге тура келеді.
Шағын мақаламызда ауылдасымыздың өмір парақтарын тек еңбекпен ғана көркейтіп
отырған Үміт сынды сіңілімнің өзгелерге үлгі екендігін жеткізу еді. Еңбекпен
мерейленген Үміттің бүгіні осындай.
Сәуле ЗӘРЕРҚЫЗЫ
Кәсіби мерекеге орай
23 маусым – еліміз бойынша мемлекеттік қызметшілер күні ретінде атап
өтіледі. Күнтізбеге кейіннен енгізілген бұл атаулы күн мемлекеттік
қызметшілердің беделінің артып келе жатқанын да көрсетсе керек. Таяуда
өткен облыстық ішкі саясат басқармасының алқалы жиынында кәсіби
мерекесі тойланатын мекемелерден беделді мамандарды халық арасында
насихаттау, олардың атқарып отырған жұмыстарын ауыл-аймағы
қаншалықты деңгейде бағалайтындығын сараптап, оқырманға ұсыну
туралы ұсыныс айтылған еді.
Осынау кәсіби мерекеге орай
ауылдасым, сыйластығымыз
жарасты, «ақырын жүріп анық
басатын» мемлекеттік қызметті
кіршіксіз атқарып отырған, өз ісінің
майталманы, аудан әкімі
аппаратының персоналды басқару
қызметінің бас маманы Үміт
Секенқызы Ермұқашева бірден
ойыма оралды.
Абай аудандық ішкі істер бөлімінің аға
жедел уәкілі, полиция майоры Жұмабеков
Нұрбол Жұмабекұлы 1979 жылы 11 мамырда
Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1986
жылы Абай атындағы орта мектепті үздік
бағаға тәмамдап, ішкі істер министрлігінің
Қостанайдағы заң институтын таңдайды.
Осы институттан заңгерлік мамандық,
жедел іздестіру қызметі мамандығын алып,
алғ ашқы еңбек жолын Тарбаға тай
ауданынан бастайды. Осылайша, тәртіп
сақшысының қиындығымен қызығы мол,
қарбаласқа толы қызметі басталып кеткен
еді. Қарапайым жанұяда тәрбиеленіп, әкесі
Төкенов Жұмабек пен анасы Төкенова
Мәрзияның тәрбиесін бойына сіңіріп өсті.
Нұ р б ол Жұ ма б ек ұлы мен сұ хб а т а лу
мақсатында кездесуді жоспарлаған едім. Алайда,
ішкі істер саласында аяқастынан туындайтын
қызметтік сапармен асығыс Семей қаласына
аттанып кеткен Нұрболмен тек кешкішін ғана
кездесіп, тілдесудің орайы келді. Оның өзіндік
себебі де бар. Еліміз бойынша маусымның 23-і
күні Қазақстан полициясының құрылған күні
б олы п са н а ла д ы . Құ қ ы қ қ ор ға у са ла сы
ма ман дар ыны ң қ иын ды ққа толы қыз метін
көптеген адамдар жете түсіне де бермейді. Тек
ха лы қ ты қ жи ы н д а р да , сон д а й -а қ га з ет
беттерінде ғана ресми тілде айтылып жататын
а қ п а р а тта р д ы б әр ад а м б ір д ей қ а б ы лд а й
бермейді.
Нұрболды ауылдағы қарапайым халық мал
ұрлығын ашудың майталманы деп біледі. Осынау
кәсіби мерекеге орай тұрғындар ризашылығына
и е б олы п жү р ген тәр тіп са қ шы сы н сөз ге
тарттық.
-
А у д а н ым ы з д ы ң
к ө пт е г е н
а уы л д а р ын д а 1 9 9 9 ж ыл д а н б а с та п
учаскелік инспектор қызметін атқарып
к е л е д і
е ке н с і з .
Б із
т е к
м а л
шаруашылығымен ғана күн көріп отырған
а уд а н б о л ғ а н д ық та н м а л ұ рл ы ғ ы жи і
т ір к е л е ті н
қ ы л м ыс т а р
қа т а р ы нд а
с а н а л а д ы. Би ы л ғ ы ж ыл д ың ө з і нд е 1 9
қылм ыс тіркел іп ашыл ыпты. Оның 8 - і
ә з і р г е
а шы л м а й
т ұ р
е к е н .
О л
б ыл т ыр ғ ыд а н қ а л ғ а н, о н ы ң 6 - ы м а л
ұрлығы. Әуелгі әңгімемізді осы тараптан
өрбітсе к. ..
- Иә, мал ұрлығы болған ауылдағы шағым
и есі уч а ск елік п оли ц и я и н сп ек тор ы н а
хабарласымен біз арнайы құрылған ішкі істер
органындағы жедел іздестіру тобы оқиға орын
алған жерге жетеміз. Сонымен қатар бұл жедел
тер геу тоб ы н ы ң қ ұ ра мы н д а жед ел уәк іл,
тергеуші, кинолог, криминалист мамандар да
болады. Бірден заттық айғақтарды, машинаның
ізін, күдіктілерді сұрастырып, оқиға орынын
қор шауға ала мыз. Жақы н ма ңдағы қыстақ
адамдары, күдікті машина, атты адамдар да
сұ р а сты р ы ла д ы . Көбін есе ма лд ы қ ы ста қ
маңынан, жайылымнан, сойып әкету фактілері
кездесіп тұрады. Күдіктілерді сұрастырып, сол
ауылда жатып жұмыс істеуге тура келеді. Әрине,
ізін суытпай ашқан қылмыс екі жаққа да тиімді
ғой.
-
Құ қық
қо рға у
с а л а с ының
мамандарымен әрбір халықтық кездесуде
мал бағымы жөнінде аз айтылмайды. Осы
орайда ауыл әкімдерінің ұйымдастырып
жүрге н жұ мыстарына қанда й ба ға б ере
аласыз? Әсіресе, Көкбай, Саржал сияқты
ірі а уыл д а рд ың ма л б а ғ ым ын ұ йым -
дастырудағы жұмыстар көңілге қонымды
ма?
- Б і з д ің ең б ір қ и н а л а т ы н , ү л к ен
жауапкершілікті талап ететін саламыз да осы
тұрғындар малының жайылымда бағылуы. Бұл
орайда Көкбай, Архат сияқты ауылдар да бір-
екі табынды ғана өріске шығарумен шектеліп
отыр ға нд ы ғы жа сыр ы н емес. Б ұ л б а рлы қ
ауылдарда жүйелі қалыптасты дей алмаймын.
Ма лдар ы жоғалған тұрғында р д ер к езін де
хабарламағандықтан да қылмыстың ашылуына
көп кедергі келтіретіндігін айта кетсем артық
болмас.
Дегенмен де бұрынғы жылдарға қарағанда
а уы л
тұ р ғы н д а р ы
ма лд а р ы н а
ү лк ен
жауапкершілікпен қарап, арнаулы қоршауларға
қамап, сақтық танытып жатады.
Тағы бір жайт, қылмыстың ашылуы бойынша
профилактикалық шаралардың пәрменділігінің
арқасында облыс бойынша бесінші орынды
иеленіп отырмыз. Оған қарап тоқмейілсуге
болмайды. Ол біздің осы қызметтегі басты
міндетіміз.
- Кейінгі жылдары көптеген аудандарда
қа ңғ ыб а с а д а м д а рд ы ә ке л іп, ша руа
қо жа л ықта рының же те кшіл е рі е шб ір
құжаты жоқ, аты-жөні беймәлім адамдарды
тегін жұмыс күші ретінде пайдалануда. Осы
орайда ауданымыздың жедел уәкілі ретінде
не айтар едіңіз?
- Бұл орайда ша руашылық жетекшілеріне
ескертулер таратылып, барлық ауылдардағы
полиция инспекторлары қыстақтарда болып,
төлқұжатсыз жүргендердің саусақ таңбаларын
алып, Абай аудандық сотының шеш імімен
қабылдау-тарату орталығына табыс етілді.
Ола р д ы ң әр б ір еуі ф отосур етк е тү сір ілд і.
Бүгінгі күнде Абай ауданы бойынша мал бағып
жүріп қайтыс болып кеткен, ешкім аты-жөнін
білмейтін бес адамның мәйіті тіркелген. Бұл
жөнінде әлі де іздестіру жұмыстары пәрменді
түрде жүргізілуде.
-
Нұ рб о л Ж ұ м а бе кұ л ы, о с ынд а й
қиындыққа толы еңбек жолыңызда жемісті
қызметіңіз үшін қандай марапаттарға ие
болдыңыз?
- Осыншама жылдар бойы уақытпен санаспай,
демалыссыз еңбек етуге тура келеді. Өзім қызмет
ететін мекеме тарапынан автокөлік, жанар-
жағармай мәселесі шешіліп отыр. Облыстық ішкі
істер басқармасы тарапынан алған марапаттар
бір төбе. «Ішкі істер органдарындағы мінсіз
қ ыз мет атқ ар ған ы на 1 0 жыл» «Ішк і істер
органдарындағы мінсіз қызмет атқарғанына 15
жыл» медальдарым бар.
Жек е өмір д е жа нұ я лы мы н . З а й ы б ы м
Аб д и ль ма н ов а Құ р ала й Есен б ек қ ы з ы мен
жарасымды жанұя құрып, 3 қыз екі ұлдың әкесі
атанып отырған жайым бар.
Бү г інд е Аб а й а уда нд ық ішкі іс те р
бөлімінде 50-ге тарта тәртіп сақшылары
б а р. Ол а рд ың қызм е тте рін с ыртына н
қараған халық толық түсіне де бермейді.
Тек бастарына іс түсіп, құқықтары бұзілған
ша қта о с ы с а л а ны жа ғ а л а йтыны ө м ір
шындығы. Ал осындайда Нұрбол сынды
мамандардың көмекке келетіні қуантады.
Аудан тұрғындары арасында Нұрболдың
мал ұрлығын ашуда кәсіби шеберлігі жиі
сөз болады. Осының өзі ауылдықтардың
а уыл б а л а с ына д ег е н с е нім ін нықта й
түскендей ме дерсің...
Сұхбаттасқан
Сәуле ЗӘРЕРҚЫЗЫ
16-22 маусым 2014 жыл
Қай кезде де қазақ
руханиятының бір қайнары
саналған Абай елінің мәдени
тұғыры ешқашан
аласармаған. Қазіргі күндері
бұл өңірдің қасиеті дарыған
әр перзенті Шыңғыстаудың
шыңы іспетті қияларға
өрлеп, өнер бәйгесінде
талантымен топ жарып
танылуда. Солардың
қатарында кейінгі толқын
жас буынның өкілі Қалқаман
Сарин де бар. Ол бірнеше
халықаралық,
республикалық жыр
мүшәйраларының жүлдегері,
халықаралық «Шабыт»
фестивалінің лауреаты,
«Алтын қалам» әдеби
сыйлығының жеңімпазы,
бүгінде Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық
университетінде Қазақстан
тарихы кафедрасының аға
оқытушысы. Оның шынайы
жүрек пен қарымды
қаламынан, жібек сезімі мен
айшықты ойынан туған
жалынды өлеңдері тек қазақ
поэзиясында ғана емес, қазақ
эстрадасында да құлашын
кеңге жайып, оқырманы мен
тыңдарманын қатар
сүйсінтіп келе жатыр.
Қар ша да й ын ан қ ар а өлеңд і
жанына серік еткен Қалқаман
маусым айының 17 жұлдызында
туған жеріне арнайы келіп, туған
елі алдындағы перзенттік парызын
орындап, жерлестеріне шығар-
машылық кеш ұсынды.
Осынау күні облыс әкімінің
оры нб а са ры Жа қ сы лы қ Ома р
бастаған бір топ өнер жұлдыздары,
қазақ эстрадасында есімдері әйгілі
«Музарт» тобы, айтыскер ақындар
Ай нұ р Тұ рсын ба ев а, Сер ік за т
Дүйсенғазин, Сара Тоқтамысова,
Мәди Манатбек, Алмас Темірбаев,
Жұлды з ай
Ы сқа қ,
Ай гү л
Болатханқызы, жас әнші Жаңабай
Өтегенов, Берік Ержановтар ақын
Қалқаманның «шашбауын» көтере
келіпті.
Сон ы мен қ ата р, бұ л к үн і
ауданымызда тағы бір игі іс орын
алып, көпшілік қуанышы тойланып
жатты. Ол жолаушылар аялдап
тын ы ға ты н , Орд а тауы ны ң
бөк терінде орналасқан тар ихи
мек ен
Әй гер ім
б ұлағы ны ң
басындағы этноауылдың ашылу
салтанаты еді.
- Ауданымызбен Семей қаласын
жалғайтын Абай жолының бойында
орналасқан бұл қастерлі мекенге
тарихи атаудың орайластырылуы
тегін емес. Киелі өңірге сапарлап
к елген жола уш ы ла р қ аз ақ ы
дастарханнан дәм тата отырып,
тарихи мекеннің тынысымен де
таныса өтеді, - дейді бұл істің
бастамашылары Жастар орталығы-
н ың
д и рек торы
Мей ір жа н
Сма ғұ лов п ен жек е кәсіп кер
Гүлнұр Смағұлова. Жас басшының
а йтуы н ша , б ұл ор ын тегін
таңдалмапты. Кезінде Абай мен
Әйгерімді жолықтырған, махаббат
сезімд ерінің куәсі б олған осы
маңайдың Әйгерім бұлағы болып
а та луы б ү гінд е Э тноауы лға
сап ар лап к елген қона қ та рға
насихатталып отыра тынды ғын
айтады. Сондай -ақ, осы бастама
арқылы ауданымыздағы туризм
мәселесін де дамыта түссек деген
ізгі ниетін жеткізді.
Ал, жеке к әсіп кер Гүлнұ р
Сма ғұ лов а
бұ л
б аста ма ны
көпшіліктің игілігіне айналдырған.
Ол осы идеяны тіпті, облыста өткен
жастардың бас қосуында көтеріп,
бірнеше айдың көлемінде жүзеге
асырып та үлгерген екен. Әрине,
бұл талапшыл басшының табанды
әрекеті мен аудан жастарының бір
кісідей жұмыла жұмыс жасауының
арқасы десек артық болмас. Себебі,
қаз-қатар тізілген 5 киіз үй іші де
қазақы ою-өрнекпен әсемделіпті.
Тіп ті,
к ір ебер іс
жолд ағы
тақтайшада жазылған Этноауыл
Қарауыл ауылының орталық алаңы
алаулаған сезімдерге толы осынау күні
нағыз мерекеге айналды. Көз жауын алар
түрлі-түсті шарлар мен жалаушалар
салтанатты сәтті еселей түскендей еді.
Жүздері қуаныш пен қимастық
сезімдерден бал-бұл жанған ұл-қыздар әр
ауылдан жиналыпты. Әуелеген әсем ән
әуені осынау шараның маңыздылығын
еселей, асқақ шырқалып жатты. Жан-
жақтан жиылған жұрт, көңілдері алып
ұшқан түлектер, олардың ата-аналары
мен жиналған аудан халқы алаңды мәре-
сәре көңіл күйге бөледі.
«Жас толқын – 2014» фестивалінің
салтанатты шеруін Ұлттық Бірыңғай
Тестілеуде ауданымыз бойынша бірінші
орынға ие болған М.Әуезов атындағы
орта мектептің пдагогикалық ұжымы мен
оқушылары бастап шықты. Бұл сәттері
асқақ үнді жүргізушілер ауданымыздағы
10 мектептің биылғы оқу жылындағы
жетістіктерін жіпке тізіп, мақтанышпен
жеткізіп жатты.
Жалпы, биылғы жыл ұстаздар қауымы
үшін жемісті жыл болды деуге толық негіз
бар. Ағымдағы оқу жылында мектеп
қабырғасын 251 оқушы аяқтап отыр.
Оның екеуі алтын белгі иегері атанды. Ал
орташа бал 70,4-ті құрап, 24 оқушы
жүзден жоғары балл жинапты. Тағы бір
айта кетерлігі, ауданымыздағы ең жоғары
балл 123 екен. Ауданымыздың үш
мектебінің үш түлегі дәл осы көрсеткішке
қол жеткізген. Бұл әлбетте бүкіл
абайлықтар үшін мақтануға тұрарлық
жайт.
Салтанатты шеруді екінші кезекте
Ш.Тоқжігітов мектебінің ұстаздары мен
оқушылары жүріп өтсе, олардың соңынан
Медеу мектебі, Қарауыл гимназиясы мен
Шәкәрім орта мектебінің мұғалімдері
және түлектері өтті. Білім ордасы көшін
бұдан кейінгі кезекте Көкбай мектебі мен
Абай мектеп-лицейінің ұжымы жалғады.
Мектептер тізімі осылайша жалғасып кете
берді. Ал осынау сәтте жүргізушілер
әрбір мектептің білім мен тәрбие ісіндегі
жетістіктеріне жекелей тоқталып,
мақтауға ие оқушыларының есімдерін атап
жатты. Расында биылғы оқу жылында
абайлық оқушылар тек аудандық,
облыстық қана емес, республикалық
дәрежедегі пән олимпиадаларымен түрлі
білім сайыстарында, спорттық жарыстар
мен байқауларда топ жарыпты. Мұндай
қабілет пен дарынға ие оқушылар тізімі
біразға барады.
Осылайша салтанатты шеру
тәмамдалып, мектеп ұжымдары мен
оқушылары сап құра орындарына
жайғасқан соң «Жас толқын» - 2014»
фестивалінің ашылу рәсімі жарияланды.
Көпшілік алдында сахна төріне облыс
әкімінің орынбасары Жақсылық Омар
мен Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы
Мүсәпірбеков шақырылды.
Өз сөзінде Жақсылық Мұқашұлы
мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеп,
алдағы
уақытта
қалаған
мамандықтарының иесі болып Тәуелсіз
Қазақстанның
көркеюіне
ат
салысатындықтарына сенім білдірді.
Бүгінгі шаттық тек түлектер мен
олардың ата-аналары үшін ғана маңызды
емес, қала берді бүкіл ел үшін қуанышты
шақ. Ұстаздар қауымы осы күнге мол үлес
қосқан. Жылдар бойы төккен еңбектің
нәтижесі, алған білімнің көрсеткіші осы
болмақ. Ұлт Көшбасшысы, Елбасымыз
Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында
жастар тәрбиесі мен олардың тиянақты
терең білім алуын басты назарға алып
келеді. Ел ертеңі болған жас ұрпаққа бар
мүмкіндіктерді жаратып беруде. Біздің
қаламызда да дарынды, білімді жастар
көп. Солардың бірқатары осы оқу
жылында мектеп бітіріп отыр.
Ал аудан басшысы Тұрсынғазы
Жантұяқұлы бұл түлектердің барлығы да
келешекте мемлекетімізді әлемнің
дамыған 30 елінің қатарына кіргізетін,
Қазақстанның бетке ұстар азаматтары
болатындарына сенетіндігін жеткізді.
Аудан әкімі осылайша ізгі тілегін
жеткізе келе, «Жас толқын – 2014»
фестивалін салтанатты түрде ашық деп
жариялады. Осыдан соң мектепті үздік
бітірген түлектерге «Алтын белгі»
төсбелгісі мен аттестат тапсыру және
«Үздік аттестат» иегерлерін марапаттау
сәті өтті. Абай елінің озат оқушылары
осылайша аудан әкімі Тұрсынғазы
Мүсәпірбеков пен аудандық мәслихат
хатшысы Төлеубек Аманғазының
қолынан марапат иесі атанды.
Тәмам жұртшылық алдында
ұстаздары мен ата-аналарының
үміттерін ақтап, 11 жыл бойы үлгерімді
сабақ, үлгілі тәрбие иегері атанған қос
түлектің мерейі еселенді. Атап айтсақ,
Абай атындағы мектеп-лицейдің түлегі
Достарыңызбен бөлісу: