Құрметті Ермек апай, Мұхамедияр жезде!
Сіздерді 70 жасқа толған мерейлі мерекелеріңізбен
құттықтаймыз!
Денсаулықтарыңыз мықты болып,бала-шаға,туған-
туыстардың ортасында бақытты да ұзақ ғұмыр кешулеріңізге
тілектеспіз!
70 жас құтты болсын апа-жезде,
Еңбегіңмен танылған барша елге.
Ұлды ұяға, қыз қияға қондырдыңыздар,
Адамға бақыт болмас бұдан өзге.
Ермек апай ұстаз болған ұлағатты,
Жездеміз еңбегімен бақыт тапты.
Ортамызда аман-есен жүріңіздер,
Ордалы әулет болып жұрағатты.
Тілек білдіруші Нұрахметовтар әулеті
Құндызды ауылы
Мен бүгін ауданға тарайтын газетіміз арқылы Абай аудандық орталық
емхананың балалар дәрігері Жанпейсова Нұрпану мен Кеңгірбай би ауылының
медбикелері Букетова Гүлназ бен Касейнова Бақытқа ақ алғысымды
жеткізбекпін. Оған өткенде ғана көзқуанышымыз кішкентай ғана немеремнің
аяқ астынан ыстығы көтеріліп, қатты сырқаттануы себеп болды. Сол кезде
лезде жеткен дәрігерлердің арқасында немерем аман қалып, шипалы емдерінің
көмегі зор болды. Мен өз кезегімде осы жандарға шексіз ризашылығымды
білдіре отырып, жұмыстарына табыс тілеймін.
Алғыс иелері: Байғарашұлы Секен, Тоқажан Батинафис
Астанада өткен «Мәңгілік
ел – ұрпақ мұраты» атты
ақындардың республикалық
жабық жыр мүшәйрасында
А ба й
а у д а н ы ,
М е д е у
ауылының тумасы Арман
Ш е ри з а тов б а с жү л д е н і
жеңіп алды.
Астан а
к ү ні
қ а рса ңы нд а
ұйымдастырылған байқауда бірнеше
ақындардың арасынан топ жарған
А.Шеризатов «Нива» автокөлігінің
кілтіне ие болды. Оған бас жүлде
Астана күні қарсаңында, 1-шілдеде
тапсырылады. Байқаудың жеңімпазы –
Төлеген Жанғалиев жетекшілік ететін
Қарауыл ауылындағы М.Ибраев
атындағы «Ақсұңқар» ақындар
мектебінің түлегі. Жас ақын Арман
Шеризатов осыған дейін де аудандық,
облыстық жыр мүшәйраларында
жеңімпаз атанған.
Шығыс ақпарат
Облыс жаңалығы
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
2014 жылдың сәуір айынан бастап " ҚР ӘМ Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті" мемлекеттік
мекемесінің ресми интернет қоры жұмыс жасап келеді. Интернет қорынан Әділет департаментінің құрылымы,
нормативтік құқықтық-база, халықпен жұмыс, фото және бейне галереямен қамтылған. Сонымен қатар аудандық
(қалалық) әділет басқармалары және әділет департаментінің бөлімдері туралы ақпараттар, әділет органдары
нотариалдық палата, адвокаттар алқасы, бағалаушылар палатасы, жылжымайтын мүлік орталығы туралы ақпараттар
ала аласыздар.
Әділет департаментінің ресми сайтының сұрақ-жауап айдары арқылы жолданған азаматтардың өтініштерін
қабылдау және қарау тәртібі негізінде керекті сұрақтарыңызды жолдап, жауап алуға мүмкіндіктер жасалған.
Азаматтардың электрондық нұсқада келіп түскен өтініштері аталған салада білікті мамандарға екі күннен кешіктірмей
жолданады. Өтінішті қарау мерзімі - 3 жұмыс күні, өтінішті қарауға ұзақ уақыт қажет болған жағдайда қарау
мерзімі 1 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Әділет департаментінің ресми интернет қорында әділет департаментінің сенім телефоны, мекен-жайы, байланыс
телефоны туралы толық ақпарат алуға болады. Интернет сайты www.adilet.vko.gov.kz
М.ҚАЙРАТОВ
Абай ауданының әділет басқармасының
жетекші маманы
Хабарландыру
Абай ауданының және Қарауыл ауылының тұрғындарын «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы
арқылы диплом алушы түлектерді және диплом алғанына 1 жыл уақыт болмаған түлектерді Жастар іс-тәжірибесіне
жұмысқа жібереміз. Жұмыспен қамту орталығына хабарласуларыңызға болады.
Мекен жайымыз: Құнанбай көшесі 12, 3-этаж, байланыс телефондары: 9-19-42, 9-17-56, 9-18-76
Жалпы менің түсінігімде
Динагүл мұғалім тек қана
мұғалім емес, тәлім-тәрбие
беруші,
майталман
психолог, оқушының
досы, қыздардың
сырласы, мектептегі
екінші анамыз бола
білген жан. Ол кісі
сабақ
берген
сәттері мұғалім
тек сабақ беретін
адам деп ойлаушы
едім. Бірақ ол әр
уақыт керек кезде
көмегін
аямай,
ақылын айтып, жол
көрсетіп отыратын
ерекше адам екендігін
кейін түсіндім.
Кейіннен жоғары оқу орнына
түсіп, Астана шаһарында еңбек етіп,
талай белестерді бағындырып,
жетістіктерге жетуге итермелеген де
осы ұстазымның алғаш рет бойыма
дарытқан ізгі қасиеттері, өнегесі деп
білемін. Міне, сол үшін де алғашқы
ұстазымды ерекше жақсы көремін,
қастерлеп, қадір тұтамын. Бұл әрбір
адамға парыз болса керек.
Ұстазым Қасқабұлақ
ауылының
тумасы.
Алғашқы еңбек жолын
сол ауылда бастаған
мұғалімімнің білімін
алған
Орынбекұлы
Нұрлыбек бүгінде сол
мектептің директоры
болып
еңбек
етіп
отырғанының
өзі
ұстазымның
келбетін
асқақтата түскендей.
199 3 жы лы тұ лымшағы
желбіреген 28 бүлдіршінді
бірінші сыныпқа қабылдап алған
орта бойлы әдеміше келген ұстазымызға
ерекше ілтипатпен қызығы қарап, оның
әрбір жүрісінен, әрбір сөзінен
бойымызға ғибратты тәлім сіңірген
едік.
Өзінің бар білімін, оның ішінде
әдебиетке деген ерекше қабілетін әрбір
оқушысының бойына сіңіре білген
ұлағатты ұстаздың Абай мектеп-
лицейінде еңбек еткеніне де 21 жылдан
асып барады екен. Әлі күнге дейін
санамда жатталып қалған оның нық
айтылған тапсырмалары, кейбір
сәттері қатал сұрайтын талапшылдығы
зердемде жатталып қалыпты. Білім
нәрімен сусындатқан ұстаздарымызды
тек ұстаздар мерекесінде ғана есімізге
алып, құттықтап жатамыз.
Бүгінде
Динагүл
Жақыпбекқызынан білім алған
айтыскер ақын Байболов Бақытжан
Семей қаласында еңбек етеді.
Әдебиетті жанындай жақсы көретін,
талай ғылыми жобаларды қорғаған
Ғалымов Еркін, Астана қаласына
Президент жанындағы күзетте
құрметті қарауыл қызметінде еңбек
етіп жүрген Пішебаев Руслан, қазіргі
уақытта Семей қаласында ішкі істер
органында қызмет істеп жүрген
Мәкенов Айбат, Ақтөбеде әуе-
қорғаныс күштері институтын
тәмамдаған Саханов Айзат сияқты
азаматтар осы ұстаздың білімінен
сусындап, еңбек жолдарына үлгі ете
білді. «Ұстазы жақсының ұстамы
жақсы» деген осы болса керек-ті.
Динагүл Жақыпбекқызының ұзақ
жылғы еңбегі жоғары бағаланып,
көптеген грамоталармен, түрлі
«Алғыс хаттармен» марапатталған. Ол
бүгінде өз балаларының сүйікті анасы,
отбасың тірегі болып отыр.
Жақсы ұстаз – ұрпаққа өнеге. Бұл
орайда Б.Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы
құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз
тәрбиелейді», – деген екен. Бұл сөздің
ақиқат екенін ұстазыма қарап
түсінгендеймін.
Ұстазымның еңбегіне жетістік, ұзақ
ғұмыр, отбасына амандық тілеймін.
Шәкірті Лаура ҚОСЫЛБАЙ.
Мен құрметтейтін тұлға!
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған шақта, партаға отырғызып,
қолыма қалам ұстатқан, ақ қағаздың бетіне әріптерді тізіп үйреткен
ұстазым Жахмет Динагүл Жақыпбекқызы менің сәби санамда
мәңгілікке сақталып қалды. Ол кез алғаш рет мектеп табалдырығын
аттап, партаға отырған кезім болатын. Сыныпта балалармен қатар
ата-аналарда көп еді. Маған сол күні сынып іші адамға толы секілді
көрінді. Сол күні менің адам болып, қалыптасуыма, әліппедегі «А
мен Я» арасын біліп, хат тануыма, қалыптасуыма
ықпал еткен, тек мен емес кейінгі жылдары
мыңдаған балаға хат танытқан Динагүл
апайды көрдім.