Мәтіндердің тақырыбын, түрін, құрылымын салыстыра талдайды
1
Тақырыбын ажыратады;
1
1
Түрін анықтайды;
1
1
Құрылымын салыстырады;
1
1
Ұқсастығын табады.
1
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазады
2
Мақала құрастырып жазады
1
Тілдік құралдарды талапқа сай қолданады
1
Талдау жасайды
3 сөйлемге фонетикалық талдау жасайды
1
Барлығы
10
«Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орташа
Жоғары
Мәтіндердің тақырыбын, түрін, құрылымын салыстыра талдайды.
Мәтіндердің стилін, тақырыбын, түрін, құрылымын салыстыруда қиналады
Мәтіндердің стилін, тақырыбын, түрін, құрылымын дұрыс салыстырады, талдайды
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып,мақала құрастырып жазады.
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазуға қиналады
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазуда қателеседі.
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақаланы талапқа сай құрастырып жазады
«Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика» бөлімі 1-мәтін Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Аристотельдің пайымдауында «Этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді», – дейді.
Философ Т.Қ.Ғабитов «құндылықтар – қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Яғни құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие болатындар, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндер құндылық болып табылады.
Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. (172 сөз)https://bilimainasy.kz/%D0%B6%D0%B0%D0%BB%D0%BF%D1%8B- 2-мәтін Халқымызда «Ердің артында мол байлық қалғанша, жақсы аты қалғаны игі» деген аталы сөз бар. Бірақ, бүгінгі жастар рухани байлықтан гөрі матариалдық байлықты үстем орынға қоятын жалаң көзқарастың жетегінде жүр. Себебі, олар адам жанының алтын арқауы – рухани құндылық екенін ұмыта бастаған сыңайлы.
Болашағынан үлкен үміт күттіріп, халқына жарамды адам болуды көздеген әрбір азамат мұндай тұманды ойдан аулақ болуы керек. Қазіргі жастардың дені – жоғары атақ-мансап пен ақшаны өмірінің алтын діңгегі санап, «ақша болса, бәрі де болады» дейтін пасық идеядан әлі күнге арыла алмай келе жатқаны ащы болса да шындық. Әрине, сананы тұрмыс билеген заманда салауатты өмір салтына ілесіп тірлік жасау үшін ақша қажет екені белгілі. Дегенмен, «Бар байлықты жинауға тырысқан адам – бақытсыз» боларын, бақ пен дәулеттің көшпелілігін, байлықтың бейне қолға ұстаған мұз сияқты еріп кететін мезеттік нәрсе екенін неге ойламаймыз? Асылы, адамзаттың шынайы байлығы – қанағат пен еңбекте жатыр.
Адамның дүниеқоңыздықпен жинаған мал-мүлкін бөгде біреулердің ұрлап әкетуі де, тіпті, қара ниет қаскүнемдердің әдейі өртеп жіберуі де мүмкін ғой. Ал санасында, ішкі әлемінде жатқан рухани қазынасын ешкімнің де тартып ала алмасы анық. Ел ішінде «Жақсылардың кеудесі алтын сандық» деген бағалы сөз осыдан қалса керек.
Ең бастысы, өмірімізге сара жол нұсқайтын, ізгі ниеттің нұрын құяр ғұламалардың сөзін көңілімізге ұялатсақ, өміршең ойға берілеріміз шүбәсіз.
Ұлт келешегінің кепілі, жастарға, рухани кедейшіліктен, ертеңімізге немқұрайлы қараудан аулақ болайық дегім келеді. Соңымызда көл-көсір байлық қалғанша, жас жеткіншек ұрпақтарға үлгі боларлық өнегелі іс қалсын, ағайын! (224 сөз).https://qazaquni.kz/2010/08/20/3364.html
1-тапсырма.Төмендегі кестені толтырыңыз.
Тапсырма
Мәтіннің тақырыбы
Түрі
Құрылымы
Ұқсастығы
№1 мәтін
№2 мәтін
2-тапсырма. «Досыңды көрсет, сенің кім екеніңді айтамын» деген тақырыпта тілдік құралдарды (мақал-мәтелді,тұрақты тіркесті) қолдана отырып, мақала жазыңыз.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________