Аңдардың психикалық іс-әрекеті Орындаған: Рахим Диана



бет3/4
Дата07.01.2022
өлшемі451,45 Kb.
#17038
1   2   3   4
 Жануарлардың дағдылары.

Жануарлардың мінез-құлықтарының көптеген формалары тұқым қуалаған емес өз өмірінен, өзінің тәжірибесінен алғаны. Бір әрекеттің қайталана беруінің нәтижесінде бірте-бірте жасалған іс-әрекеттер - дағдылар деп аталады.

Дағды инстинктерге қарағанда өзгермелі, мінез-құлықтың икемді түрі. Сондықтан да, хайуан ортаға тез бейімделіп, көндігіп кете алады. Орыстың атақты аң үйретушісі В.Д. Дуров өз аңдарына кітап оқытты, үй сыпыртты, есеп шығартты, тіпті орамалмен мұрнын сүртуге дейін үйретті. 1919 жылы ұйымдастырылған аңдар бұрышын В.Д. Дуров "шартты рефлекстердің фабрикасы" деп атады. В.Д. Дуров осындай табысқа И.П. Павлов ілімінің нәтижесінде жетті. Өйткені, В.Д. Дуров жануларды жаттықтырып, үйрету үшін әр түрлі сигналдарды шартты рефлекстерді жасады. Мәселен, цирк алаңына келтірілген поезға тышқандар жапа-тармағай міне бастайды. Кішкене көк вагондарға сұр тышқандар, қызыл вагондарға ақ тышқандар кіріп орын алады. Тышқандарды осылайша жаттықтырып, үйрету ісі оларды тамақтандыру арқылы жүргізіледі (сұр тышқандар көк вагонда, ақ тышқандар қызыл вагонда тамақтандырылды). Тамақтандыруды сан рет қайталағаннан кейін вагондардын, бөлгілі бір түрі мен түсіне қарап қоректендіру тышқандарда шартты рефлекстерді қалыптастырады.

Дағдының физиологиялық негізі - шартты рефлекстер. Дағдының жасалуының арқасында жануарлардың туғандағы инстинктері кейде өзгереді. Мәселен, балықты дағдыға үйрету үшін, мынадай тәжірибе жасалған. Аквариумды шынымен екіге бөліп бір бөлігіне екі алабұға, екінші бөліміне тірі шабақ жіберілді. Шабақ – алабәғаның жемі. Сондықтан шабақты көре салысымен алабәғалар оған ұмтылады. Бірақ басы шыныға соғылып жей алмайды. Эксперимент екі ай бойы жүргізілді. Көп уақыт өткен соң алабүғалардың жеміне қарай үмтылу бәсендеп, мүлдем жойылды. Осыдан кейін аквариумды бөліп тұрған шыныны алып тастасақ, шабақ алабұғалардың бөлмесіне жүзіп, араласып кете барады. Бірақ алабұғылар шабаққа тимейді. Себебі шыны түрған кезде тауы шағылған алабұғалардың олармен бірге тұруға бойы үйрене бастайды да, ұмтылу инстинктісін жоғалтып алады. Сондықтан екінші бөлмеге ауыспайды. Алабұғаның мінезіңдегі мұндай шабуыл жасамау сипаты бірнеше күн қайталаудың яғни шартты рефлекс жасаудың арқасында пайда болады. Бұдан инстинктінің өзгеретіндігін байқаймыз. Инстинктінің өзгеруінде дағдының үлкен себебі бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет