беріліп, қалғанына жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.
де пар тамент қызметінде басым бағыттардың бірі саналады.
бақылау» жобасы басталды.
тасталғанын байқауға болады.
лал толық мөлшерде өтеледі.
дыратындығын еске саламыз.
Қызылорда ОІІД
баспасөз қызметі
3
zangazet@maiI.ru
№116/1 (2893/1)
20 қазан 2016
ӘРІГЕРЛЕР ЕЛІМІЗДЕ ЕКПЕНІ ЕМ РЕТІНДЕ ҚАБЫЛДАҒЫСЫ КЕЛМЕЙТІНДЕРДІҢ
ЖЫЛ САНАП КӨБЕЙІП БАРА ЖАТҚАНЫН АЙТЫП ДАБЫЛ ҚАҒЫП ОТЫР. МӘСЕЛЕН,
ӘСІРЕДІНШІЛДЕРДІҢ КЕСІРІНЕН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА 2,5 МЫҢНАН АСТАМ СӘБИГЕ ЕКПЕ
ЕГІЛМЕЙ ҚАЛҒАН. ӘСІРЕСЕ, ТЕМІР МЕН МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ДІНДАР АТА-АНАЛАРЫ
ЕКПЕДЕН ЖАППАЙ БАС ТАРТҚАН КӨРІНЕДІ. САЛАФИЗМ АҒЫМЫ ДЕНДЕП КЕТКЕН
ӨҢІРДЕ «ДІНДАР» ТҰРҒЫНДАРДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ҒЫЛЫМҒА ҚАРСЫ. ДӘРІГЕРДЕН
ЕМ ҚАБЫЛДАУ ОЛАР ҮШІН АЛЛАҒА СЕРІК ҚОСҚАНМЕН ТЕҢ КӨРІНЕДІ. СОНДЫҚТАН,
АТАЛМЫШ ӨҢІРДІҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНЕ ХАТ ЖАЗЫП,
ВАКЦИНАЦИЯНЫ БАРЛЫҚ АТА-АНАҒА ЗАҢМЕН МІНДЕТТЕУДІ СҰРАП ОТЫР.
ЕКПЕДЕН БАС ТАРТҚАНДАР
ЕЛГЕ ҚАУІП ТУҒЫЗАДЫ
ҚОҒАМ
Д
Жалпы, соңғы жылдары елімізде
екпеден бас тартатын ата-аналар
саны еселеп арта түскен. Әсіресе,
алдыңғы жылы Шымкент қаласында
мектеп оқушысы қызылшаға қарсы
екпеден кейін есін жимай қайтыс
болған соң, екпеге үлкен күмәнмен
қараушылардың саны айтарлықтай
өсе түсті. Айтпақшы, Оңтүстік өңір-
де екпеден соң денсаулығы сыр
берген бес адам тіркелген еді. Ал
осы үнділік вакцинадан соң есінен
танған Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік
пен Солтүстіктегі жүздеген оқушы
ұзақ уақыт ем алудың нәтижесінде
ғана денсаулығын қалыпқа келтіре
алған болатын. Өкінішке қарай, бұл
жағдайдан кейін тиісті орындар екпеге
қатысты қанша мәлімдеме жасаса да,
күдікті сейілте алмады.
Мамандардың мәліметінше, екпе-
ден бас тартқандардың басым бөлігі
Ақтөбе қаласында – 1171 адам,
сонымен қатар, Темір және Мұғалжар
аудандарында – 287 және 258 бала
тіркелген. Мұндай балалардың
арасында туылғалы бірде-бір екпе
салынбағандары бар. Атап айта
кетерлік жайт, 2014-2015 оқу жылын-
да Ақтөбенің Мұғалжар ауданы
Қанды ағаш қаласында туберкулезбен
оқушылар жаппай ауырған. Сол кезде
дәрігерлер қауіпті дерттің дендеуінің
себебін ауданда туберкулезден
екпе алмаған балалардың көптігімен
байланыстырған еді. Қазірдің өзінде
бұл аудан екпе алмайтындар бойын-
ша алдыңғы қатарда екен. «Ауруын
жасырған өледі» дегендей, екпеден
қашып, ауруын барынша жасырған
ата-аналар балаларының басын
өлімге тігіп отырғанын білмейді.
Мамандардың айтуынша, Ақтөбе
қаласында діни ұстанымына қарай
екпеден бас тартушылар саны күн
өткен сайын көбеюде. Әр жылы өңірде
екпе алмағандар саны жүз сәбимен
толығып отырады екен. Бүгіннің өзінде
облыс бойынша дүние есігін ашқаннан
бері ешқандай жұқпалы аурудан екпе
алмаған мыңнан астам сәби тіркелген.
Дәрігерлер дабыл қағып отыр. Түрлі
себептермен екпе алмайтын балалар
«ертеңгі күні бір сырқаттың жаппай
тарауына себеп болуы мүмкін» дейді
олар. Енді он жылдан кейін вакци-
насы бар қарапайым дерттің өзінің
елімізде жаппай таралу қаупі басым
екенін мамандар ашық айтады.
Өйткені, жаңа туылған сәби бір жасқа
толғанша түрлі вирустық жұқпалы
аурудан қорғайтын он екі екпе алуы
тиіс екен. Бірақ, бұдан түбегейлі бас
тартқан ата-аналар өте көп. Дүние
есігін ашқалн сәбилер егер қажетті
медициналық шарадан бас тартпаған
жағдайда туберкулез, сары ауру,
сіреспе, сал ауруы, көкжөтел сияқты
қауіпті дертерден аман болады.
Кейінгі жылдары ақтөбелік ата-
аналар қатарына Атырау қаласының
тұрғындары да қосылған жайы бар.
Мұндағы дәрігерлер балаларға
вакцина егуден бас тартып жатқан
ата-аналардың саны жылдан-жылға
көбеюде деп алаңдап отыр. Былтырғы
жылмен салыстырғанда екпеден бас
Түйткіл
тартқандар қатары биыл күрт өскен.
Мәселен, былтырғы жылдың есебі
бойынша 143 ана екпеден бас тартса,
биыл жыл басынан бері 245 адам
балаларын ектірмеген.
Екпе жасау қаншалықты пайдалы
деген сұрақ, қазіргі таңда ең көп
талқыланып жатқан мәселе десек
те болады. Екпе жасау дұрыс емес
д е й т і н д е р д і ң б і р а з б ө л і г і , б ұ л
қарсылығының шариғатпен тікелей
қатысы барын айтады. Сондай-ақ,
қарсы тараптың көп қолданатын
ұрандарының бірі: «Ислам екпе
жасатуға тыйым салады», «Екпе
жасату – тағдырға қарсы шығу», «Вак-
цина ция – шайтанның зәрі» және т.б.
Ал, медицина саласының мамандары
ғылыми тәжірибелерге сүйеніп, екпе
жасату дұрыс әрі қажетті шаруа дей-
ді.
Деректерге сүйенсек, Қазақстанда
жыл сайын 4 миллионға жуық адам
21 түрлі инфекциялық ауруға қарсы
егіледі екен. Ал, иммундау шара-
ларына бөлінетін қаржы соңғы 7
жыл да 12 есеге артып, 15 миллиард
тең геге жеткен.
Екпе ектірудің оң нәтижесін де көріп
отырмыз. Мәселен, соңғы жылдары
оба, күйдiргi, тырысқақ, конго-қырым
қанды безгегі, полиомиелит сынды
аса қауiптi жұқпалы дерттер елімізде
тіркелмеген. Жасыратыны жоқ, соңғы
бала дүниеге келген соң бірінші,
төртінші күн ішінде салынады. Бұл
туберкулез бен «В» вирусты гепатитіне
қарсы егіледі. Ал, бала екі, үш, төрт
айға толғанда «В» вирусты гепатитіне,
полиомиелит, көкжөтел, дифтерия,
сіреспе, гемофильді инфекцияға қарсы
салынады. Халық қажетті медициналық
шараға қарсылық білдірмес үшін ел
арасында екпенің тиімділігін кеңінен
насихаттай түсу керек. Мәселен, соңғы
20 жыл ішінде қызамықпен ауыру 291
есеге, көкжөтел – 21 есеге, дифтерия
– 96 есеге, эпидемиялық паротит –
122 есеге төмендеген. Сондай-ақ,
екпе егу басталғанға дейінгі уақытпен
салыстырғанда балалар арасындағы
«В» вирустық гепатитімен ауыру 137
есе азайды. Осы секілді ақпараттар
халыққа кең насихатталуы қажет.
Рас, Дүниежүзілік денсаулық
сақ тау ұйымы экология комитетінің
мамандары әртүрлі мемлекеттердегі
инфекциялық аурулардың туындауын
сараптай келе, оларды екпесіз-ақ,
уақытылы түрде дәрігерлерге қаралып
тұру, таза ауызсу мен сапалы, дұрыс
тамақтану арқылы жеңуге болады
деген қорытындыға келген. Алайда,
бүгінде таза ауызсуға жер халқының
89 пайызының ғана қол жеткізіп,
783 млн адамның ластанған су
көздерін місе тұтуға мәжбүр болып
отырғанын, күн сайын төмендеп
жазғысы келсе, соны жазатын жер
емес пе? Көптеген мемлекеттердің
тәжірибесінен көріп отырмыз. Халыққа
екпе жасауға бірнеше жыл кедергі
жасалса, жұқпалы аурулар үлкен бір
аумақтарға таралып кетеді. Жап-
пай иммунизация жасау, кедей,
тұр ғылықты жері онша жақсы емес
аумақтар үшін де жақсы нәтиже
көрсетіп жатыр.
Екпенің пайдасы бір сөзбен
айтқанда ұшан-теңіз. Екпе – ғалымдар
мен медицина қызметкерлерінің
бірнеше ғасыр бойы іздеп, тапқан
дәрісі. Мен күллі мұсылмандарды
арандатуға ермеуді, вакцинация
жасауға қарсы болмауға шақырамын.
Екпе жасатқан адамдардың тек 5
пайызы ғана дифтериямен ауырады
екен. Иммунизация жасаудың арқа-
сында жыл сайын қызылшадан, көк-
жөтелден, дифтериядан, сіреспе
ауруы салдарынан өлетін адамдардың
2-3 миллионға азайды. Обаға қар сы
егілудің арқасында, адамзат «қара
өлімнен» мәңгілікке құтылды. Медицина
ғылымдарының кандидаты, В.С.Ганин
«Наука и жизнь» (№7, 2006 год) атты
басылымда мынадай қызықты деректер
келтіреді. Мәселен, Моңғол Халық
Республикасында обаның тарауын
тоқтату үшін 115 мың 33 адам егіліпті.
Сол егілгендердің ішінде тек екеуі ғана
жаман аурумен ауырған.
Р
АСЫНДА ДА, ЖЕР ШАРЫН ТҮГЕЛ ЖАЙЛАҒАН ОСПА
ДЕРТІНІҢ ДЕ КӨЗІ АЛҒАШ РЕТ 1978 ЖЫЛЫ ВАКЦИНАЦИЯ
КӨМЕГІМЕН ЖОЙЫЛҒАН. АЛ, 2002 ЖЫЛЫ ӘЛЕМНІҢ
КӨПТЕГЕН ЕЛДЕРІНДЕ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА
ПОЛИОМИЕЛИТТI ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ КЕҢІНЕН ҚОЛҒА
АЛЫНЫП, ЕЛІМІЗДЕ БҰЛ ДЕРТ СОҢҒЫ РЕТ 1995 ЖЫЛЫ
ТІРКЕЛІПТІ. СОНДАЙ-АҚ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
ҰЙЫМЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІНЕ СҮЙЕНСЕК, ӘРТҮРЛІ ВАКЦИ-
НАЛАРДЫҢ АРҚАСЫНДА ЖЫЛЫНА ӘЛЕМ БОЙЫНША 3
МИЛЛИОНДАЙ СӘБИ АЖАЛ ТЫРНАҒЫНАН АМАН ҚАЛЫП,
ТАҒЫ 750 МЫҢДАЙЫ МҮГЕДЕК БОЛУ ҚАУПІНЕН АРЫЛАДЫ
ЕКЕН. ӨКІНІШКЕ ҚАРАЙ, ҚАЗІРГІ ТАҢДА 3 МИЛЛИОНДАЙ СӘБИ
ВАКЦИНАСЫ ТАБЫЛМАҒАН ТҮРЛІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДАН КӨЗ
ЖҰМАДЫ.
АЙТА КЕТЕР ЖАЙТ, ҚАЗІР БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТЕР БАЛАЛАР-
ҒА ҚАУІП ТӨНБЕС ҮШІН, ТЕГІН ШАРАДАН БАС ТАРТҚАН АТА-
АНАЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ БАЛАБАҚШАҒА, МЕКТЕПКЕ ҚАБЫЛ-
ДАНБАЙДЫ. ЕЛІМІЗДЕ ҚАЗІР ДҮНИЕ ЕСІГІН АШҚАЛЫ БІРДЕ-БІР
ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТКЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛМАҒАН СӘБИЛЕР
БАЛАБАҚШАҒА, МЕКТЕПКЕ БАРЫП ЖҮР. АЛ, ДӘРІГЕРЛЕР
МҰНДАЙ БАЛАЛАР БОЛАШАҚТА ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ ДЕГЕНДІ
АЙТАДЫ. СОНДЫҚТАН, ДӘРІГЕРЛЕР «ЕНДІ МЕМЛЕКЕТ
ТАРАПЫНАН МҰНДАЙ АТА-АНАЛАРҒА НОРМАТИВТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ШЕКТЕУЛЕР ҚОЮ КЕРЕК» ДЕЙДІ. БІРҚАТАР ЕЛДЕРДЕ АТА-
АНАЛАР ҚАРСЫЛЫҒЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР АРҚЫЛЫ
ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛҒАНЫН ЕСКЕРСЕК, БІЗГЕ ДЕ ЗАҢДЫҚ
ТҰРҒЫДАН БІР ТЫЙЫМНЫҢ ҚАЖЕТ ЕКЕНІ СЕЗІЛЕДІ.
Еркенұр ЕРЗИЯ
Т
Ү
Й
І
Н
бара жатқан экологиялық жағдайлар
мен адамдардың дұрыс тамақтану
режимін жиі бұзатынын есепке алсақ,
вакцинасыз күніміз қараң екеніне
көзіміз жетеді.
Ершат ОҢҒАРОВ, исламтанушы:
– Қазір интернет кеңістігінде,
екпенің зиянын есептеген статистика
өріп жүр. Ақпараттардың жалған еке-
нін бірден білуге болады. Сол ғылыми
зерттеусымақтар, медициналық жур-
налдарда емес, біреулердің блогын-
да ілулі тұрады. Блог деген, кім не
Мария ОМАРОВА, Х.Жұматов
атындағы Гигиена және эпиде
миология ғылыми орталы ғының
директоры, медицина ғылымының
докторы, профессор:
– Менің ойымша, әлі де болса
екпеге қатысты анық ақпараттар
халыққа қолжетімсіз. Содан кейін халық
қарақшылық жолмен шекара асып
келген түрлі дискілерді көріп, екпе
жөнінде теріс ақпараттың жетегіне
еріп жүр. Елімізде инфекциялық
ауруларға қарсы алғашқы вакцинация
жылдары екпе төңірегінде алыпқашпа
әңгімелер көбейіп кетті. Әсіресе, 2014
жылдың 1 қазанынан бастап елімізде
арнайы мемлекеттік бағдарламаға
сәйкес, жатыр мойны қатерлі ісігінің
алдын алу үшін адам папилломасы
вирусына қарсы вакцина салынып,
артынша Павлодар облысы Баянауыл
ауданында осы ауруға қарсы егіл-
ген екі оқушы қыз аурухананың жан-
сақтау бөлімінен бір-ақ шықққан
болатын. Бұдан соң халықтың екпеге
қарсылығы тіпті үдей түсті. Алайда,
мамандар «Кез келген вакцинациядан
кейін баланың ағзасы оған өтпелі
реакциямен жауап қайтарады. Себебі,
бұл мерзім ішінде ағзаны инфекциядан
қорғайтын күш жинақталуы керек.
Бөгде зат енген денеде міндетті түрде
әртүрлі реакциялар орын алатыны
анық. Бірақ, мұндай реакциялардың
зардаптары инфекциялардың зияны-
мен салыстырғанда түк емес», – дей
келіп, қайбір жылы Павлодардағы
орын алған оқиғаны да осындай өтпелі
реакцияның нәтижесі деп көрсетеді.
Әрине, соңғы жылдары елімізде
жатыр мойны ісігіне шалдығатын
нәзік жандылар қатарының артқанын
ескерсек, препаратты қабылдаған
кездегі өтпелі реакцияға бола егуден
бас тарту болашақта үлкен ауруға
әкеліп соғатындығын да ұмытпау
керек секілді.
Оң қадам
Келешегін ойлаған кез келген
мемлекет жастардың біліміне, білігіне,
денсаулығына, қызығушылығына
ерекше ден қояды. Өйткені, ел
ертеңін ойлайтын жастар шоғырын
қалыптастыру бір күнде орындала
салатын мәселе емес. Бүгінгі жастар
– ертеңгі ізбасар. Мықты мемлекеттік
қызметкерлер де, ел қамын ойлайтын
көшбасшылар да осы жастардың
арасынан шығады. Елбасының мақсат
еткен «Мәңгілік ел» идеясын өміршең
ету де осы жастардың ынта-ниетіне
тікелей байланысты. Соған орай, әр
өңірде жастар саясатына айрықша
маңыз беріледі. Аға буын ардагерлер
м е н ж а л ы н д ы ж а с т а р а р а с ы н
жалғайтын жиындар жиі өткізіліп,
ортақ мақсатқа жұмылдыратын
тақырыптар үнемі сарапқа салынады.
Мұндай игілікті істерден Сыр өңірі
де шет қалып көрген емес. Біздің
аймақта да жастар арасындағы
жылт еткен жаңалықты әрі қарай
жетілдіруге талап жасалып, жастар
бастамашылық танытқан істерге үнемі
қолдау көрсетіліп келеді. Жақында
өткен облыстық жастар форумы да
ӘКІМ ЖАСТАР ҰЙЫМЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
сондай ізгі ниеттен туындап, қолға
алынған маңызды шаралардың бірі
десек қателеспейміз.
Облыстық жастар форумы аясын-
да Қызылорда облысының әкімі
Қырымбек Көшербаев жастар ұйым-
дарының көшбасшыларымен және
балансы жасалған болатын. Оған
сәйкес, еңбек нарығына қажетті
маман дар даярланады. Бұдан бөлек,
бітірушілерге арнайы бағдар лама
дайындалған. Бүгінде 391 қызыл-
ордалық РФ Үкіметінің гранты есебі-
нен Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары
оқу орындарында білім алуда. 4000-ға
жуық студент «Серпін» бағдарламасы
бойынша білім алып жатыр. Тағы 512
жас облыс әкімінің грантын жеңіп
алды.
«Жас Отан» жастар қанатының
төрағасы Шахмардан Байманов
Қ ы з ы л о р д а о б л ы с ы н ы ң е ң б е к
ресурс тарының балансын әзірлеу
және маргинал жастармен жұмыс
жасау тәжірибесін Қазақстан бо-
йынша таратудың маңыздылығын
атап өтті.
Кездесуге қатысушылар жастар-
дың қоғамдық-мәдени өмірін қалып-
тастыруға байланысты бірқатар
ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Қызылорда облысы әкімінің
баспасөз қызметі
жастар қозғалыстарының мүше лері-
мен кездесті.
– Біздің мақсатымыз – белсен-
ділерді көрсете отырып, кестеге сай
шара өткізу емес, жастардың нақты
мәселелерін талқылап, оларды шешу
жолдарын айқындау. Форум жұмысы
төрт секциялық бағытта өтеді. Мыса-
лы, NEET (білімі және жұмысы жоқ)
санатындағы жастармен жұмыс істеу
мәселелері қаралды, –деп атап өтті
аймақ басшысы.
Жастардың өз бетінше дамуы
үшін аймақта еңбек ресурстарының
4
№116/1 (2893/1)
20 қазан 2016
zangazet@maiI.ru
АЛҚА
– «Медиация туралы» заңның
қылмыстық істерде қолданылу,
сондай-ақ, медиацияның Бостан-
дық аудандық №2 сотында жүзеге
асу жағдайы қалай өрбуде?
Жанат БЕКЖАНОВ:
– Судьялардың V съезінде ел
П р е з и д е н т і қ ы л м ы с т ы қ з а ң д ы
ізгілендіру, сот ісін жүргізуді жетілдіру
және оңтайландыру, судьялардың
адамгершілік қасиеттеріне ерекше
назар аудару туралы мәселелерді
көтерді. Қылмыстық заңды ізгілендіру
мақсатында Қылмыстық кодекстің
кейбір баптарына өзгерістер енгізілді.
Қылмыстық сот ісін ізгілендіру –
білместікпен қылмыстық әрекетке
ұрынған, абайсызда от басқан,
бұрын қылмыс жасамаған адамға
бас бостандығынан айырудан басқа
айып салу, қоғамдық жұмыстар
жасату, еркіндігін шектеу тәрізді
баламалы жазалар түрін қолдануымен
құнды. Сондай-ақ, кейбір ауыр
емес қылмыстарға қатысты істерді
бітімгерлік жолмен, атап айтқанда,
тараптарды татуластыру, келісімге
келтіру, жәбірленушінің кешірім
жасауы арқылы сотқа жеткізбей шешу
де ізгілік принциптеріне негіздел-
ген. Осы тұрғыдан келсек, елімізде
«Медиа ция туралы» заңның жұмыс
істегеніне алты жылға жуықтады.
Содан бері медиация туралы қаншама
дөңгелек үстелдер, жиындар өткізіліп,
бұқаралық ақпарат құралдарында ел
заңдары туралы мәліметтер үздіксіз
жариялануда. Өкінішке қарай, соның
өзінде азаматтар мұндай заңның
барын сотта бір-ақ естиді. Мысалы,
қылмыстық істі бастағанда біз тарап-
тардың құқығын түсіндіріп, медиа-
торға жүгіну мүмкіншілігін айтамыз.
Сол кезде ғана азаматтар елең етеді.
Заңды білмеу оның өмірге дендеп еніп
кетуіне кедергі келтіреді. Біздің сотта
өткен жылы медиация тәртібімен бар
болғаны 11 іс бітсе, биылғы 9 айда
осы тәсілмен 23 іс аяқталды. Әрине,
көрсеткіш екі есеге жоғарылады,
дегенмен, мұның өзі аз.
Достарыңызбен бөлісу: