ӘЛЕУМЕТ
Бүгінгі таңда ұлт тағдырына алаңдайтындар арасында «Бір кездері
кеудесінде керемет кеңдік ұялаған қазақы қалып сапалы да саналы
ұрпақ тәрбиесінде неге қателесе бастады? Ұлтты бүгежек, ұрпақты
жарамсақ кейіпке енгізіп жатқан қандай күш?» деген сауалдарға жауап
іздесуде. Расымен де, кешегі Кенесары мен Махамбет, Қабанбай мен
Бөгенбай, айбарлы Абылай кейпіндегі қазақы адуын, қазақы мыс қайда
кетті? Неге осы батыр бабалардың кесек келбеті ұсақталған, өзгерген,
мүсәпір кейіпте алдымыздан шыға береді? Осы жерде Абайдың екінші
қара сөзі ойға түседі. Сол кездегі қазақтың психологиясы бүгінгідей
заманда да еш өзгеріссіз қалғандай. Қанша жерден ілгерілеп, дамушы
елдердің көшін бастап тұрмыз десек те, Абайдың кейіпкерлеріндей
өзгеге мұрын шүйіріп жүріп, өз несібесінен қағылып жатқан қазақ көп.
Абай атамыздың даналығы бүгінде өзінің өзектілігімен күн тәртібінен
түспей келеді. Баяғы қазақы мінез қазір де табылады.
Бейресми ақпарат көздері қазақ халқы санының 75 пайызға жеткенін
айтып жүр. Алайда, демограф ғалымдар 2016 жылдан кейінгі уақытта
қазақ халқындағы туу көрсеткіші бұған дейінгідей бола алмайтынын
айтады. Сондықтан да, ғалымдар ұлттық демографиялық саясатты қайта
жүйелеуді, демографиялық қауіпсіздік туралы ұлттық бағдарламаларды
жаңаша сипатта қайта қарастыруды, елдегі бала туу көрсеткішінің
шынайы мониторингін жасауды, отбасы мәртебесін көтеруді ұсынады.
Мұндай орынды ұсынысқа бүгінгі қоғамдағы ұлт зиялыларының қазақ
халқының санымен қоса, сапалық келбетін күшейту, сапалық болмысы
мен рухани өсуін жақсарту идеясы да көтеріліп жатыр. Аға буынның
«сапалы ұрпақ –саналы қоғам мен салауатты мемлекет кепілі, ұлттың
беделі мен абыройы» деген ұраны да қоғамдық қолдауды күтетін
мәселе.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де ұлт болашағына үлкен
алаң білдіреді. Өйткені, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел қорғаны. «Отан
деген үлкен ұғым. Отанды қорғау дегенде, әрине, адам баласы алды
мен өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді, шешеңді, бауырларыңды,
балаларыңды, немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен, сол тілекпен
Отаныңды қорғайсың. Сондықтан тарихыңды білген жөн болады.
Тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр болуы мүмкін. Мысалы,
керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра
алмайды», – десе, тағы бір тұста Елбасы: «Біз тәуелсіздік жариялағанда
Қазақстандағы қазақтың саны 40 пайыз болатын. 40 пайыз! Басқалар
«Сендер азсыңдар, мына мемлекетте қайдағы тәуелсіздік сендерге?»
деп айтпайтын ба еді? Дегенмен, елге соның бәрін түсіндіріп, күресе
жүріп, біз тәуелсіздік жарияладық. Қазір, міне, қазақтың саны әлдеқайда
көбейді, 65 пайызға жетті. Қазақстан халқының саны сол кездегіден
азайып, біразы көшіп кетті ғой. Ресейге көшті, еврейлер көшті, немістер
көшті, анау көшті, мынау көшті… Осы тұста халық 1314 миллионға жуық
болған еді. Қазір 4 миллиондай халық қосылып, 17 миллионнан астық»,
– дейді. Статистикалық мәліметтер Қазақстан халқының күн сайын өсіп
жатқанын айтады. Оған күн сайын республиканың әр түпкірінде өмірге
келіп жатқан бүлдіршіндер саны дәлел.
Ел президенті ұлттық құндылықтарды ұғындыру, ұрпақтың көкірек
көзін ашуға әрекет жасау аға буын мен мемлекеттік саясатты жүргізіп
отырған лауазымды азаматтардың құзырында екенін жиі еске салады.
Ел қайраткерлерінің бірі Асанәлі Әшімов ағамыздың пікірінше, «Ұлттың
сапасы әлеуметтік жағдайға байланысты». Мәдениет қайраткері
бүгінгідей әлеуметтік ахуалдың төмендеген кезеңінде ұлттың да сапасы
түсетініне алаңдаулы. Оның ойынша, мектептердегі қолға алынып, бірақ
аяқсыз қала беретін бағдарламалар ұрпақ тәрбиесіне көп кедергі. Қазіргі
білімнің, медицинаның ақылы стандарттарға көшуі де ұлттың толыққанды
ұлт ретінде қалыптасуына тосқауыл. Талантты актердің пікірінше, бүгінгі
таңда бізге қай салада болса да сапалы бағдарламалар қажет. «Ұлтты
сақтауды ойлайтын Үкімет халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге ат
салысуы керек. Халықты мұндай тығырықтан сауатты бағдарламалар
ғана алып шығады», – дейді.
Ал, әлеуметтанушы Бақыт Сейіткерімовтің пікірінше, «Қазіргі қазақ
үшін жаһандануға жұтылып кетпеу уайым. Жастарымыз жаһандануға
батыстық көзқараспен кіріп кетсе оларды кейін қайтара алмаймыз.
Ал, сандық тұрғыда әлі де аз халық есебіндегі қазақ үшін бұл қауіпті
құбылыс. Қазір көп мәселеде жастарды кінәлаймыз. Ал, ол жастарымыз
аспаннан түскен жоқ, бізге олар басқа қоғамнан келген жоқ. Егер де біз
оларға ештеңе бере алмасақ, оларды ештеңеге үйрете алмасақ, оларды
ұлтжанды, мемлекетшіл қылып өсіре алмасақ, оған ең алдымен біз, осы
алдыңғы буын өзіміз кінәліміз».
Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің ойынша, қазақтардың саны оралман
ағайындардың есебінен артқан. Ол да халық өсімінің әлеуметтік
жағдайға тікелей байланысты екенін айтады. Қазіргі жас отбасылардың
баланы өмірге әкелу көрсеткіші 12 баламен шектеле бастаған. Жас
отбасылардың бұл көрсеткішке айтар уәждері: баспананың жоқтығы,
айлық жалақының жетпеуі, бала алдындағы жауапкершілік, оның ертеңгі
болашағына алаңдау.
Кейбір саясаттанушылар қазақтың санын көбейтудің үш түрлі жолы
бар екенін айтады. Олардың біріншісі – ынталандыру болса, екіншісі –
елге оралмандарды тарту, үшіншісі – қазақ болып жазылғысы келетін
өзге ұлт өкілдерін қолдау.
Халық санын көбейткенмен, әлеуметтік ахуалдың нашарлауына
тағы бір себеп түрткі болып отырғанын дәрігерлер қауымы мәлімдейді.
Олардың айтуынша, жастардың ішімдікке салынуы ұлт сапасының
нашарлауына әкеліп соғатын бірденбір фактор. «Ішімдікке салынып,
отбасы алдын дағы жауапкершілікті сезінбеу, оларды қиын жағдайға
душар ету, бала тәрбиесіне көңіл бөлмеу салдарынан қазақта
шаңырағы шайқалып жатқан үйлер көп. Өзіміз талай куә болып
жүрміз. Өмірге әкелген сол екіүш баласын баға алмай, ішерге ас,
киерге киім жоқ болып отырған жас келіншектер бар. Өзінде жұмыс
жоқ, күйеуі ішімдікке салынып кеткен. Соның салдарынан онымен
ажырасуға мәжбүр. Сондықтан демография мәселесінде алдымен,
жас отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік
жәрдемақылардың тиімділігін, қолжетімділігін жолға қою керек.
Жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын жандандыру керек.
Балабақшалар санын арттырып, оның төлемақыларын арзандату да
маңызды», – дейді балалар дәрігері Шолпан Хамитова.
«Қалаға жұмыс іздеп келіп, пәтерден пәтерге көшіп күнелтіп жүрген
біз секілді жас отбасыларға тіркеу керек. Біздің ең басты проблемамыз
осы. Тұрақты тіркеуіміз болмағандықтан жұмыспен қамту орталығы
тізіміне де іліне алмай жүрміз. Бізге осындай заңдық мәселелерде
мемлекет тарапынан сәл қолдау болса ешкімге алақан жаймайақ өз
күнімізді өзіміз көрер едік. Қазір күндік жұмыстармен отбасын асырауға
мәжбүрміз. Бұл біздің арқамызға аяздай батып тұрған проблема», –
дейді Талғат есімді жұмысшы.
Демография мен ұлт сапасы туралы сөз қозғала қалған жерде
әлеуметтік ахуал міндетті түрде көтеріледі. Бірбірімен сабақтас бұл
мәселеде түйткілді тұстар көп. Сол себепті де, мемлекеттік бағдар
ламалар әлеуметтік ахуал мен оған мәжбүр әлеуметтік ортаның талап
тілегімен үндескені тиімді.
Жадыра ҚҰДАЙБЕРГЕН
Қ а з а қ х а л қ ы н ы ң с а н ы к ү н
сайын өсуде. Балабақшалар мен
мектептерге сыймай, қосымша
ғимараттар тұрғызуға мәжбүр болып
жатқан Үкімет қазіргі таңда қазақ
үшін саннан гөрі, сапаға көбірек
көңіл бөлу керектігін жиі айтып жүр.
Кей мектептердегі бірінші сынып
балаларының саны он жеті топқа
жеткендігі көңіл қуантады. Он жеті
миллиондық мемлекет үшін өзге
құндылықтармен қатар өсім де
маңызды. «Біздің халқымыз ешқашан
бүгінгідей бақуатты тұрмыс кешіп
көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан
бері 1300ден астам денсаулық
с а қ т а у н ы с а н ы м е н 1 7 0 0 д е н
астам білім беру ошағын салдық.
Олардың барлығын ең соңғы үлгідегі
құралдармен жабдықтадық. Аса
күрделі операцияларды өз елімізде,
өз дәрігерлеріміз жасайтын жағ
дайға жеттік. Жалпы, халық тұрмы
сының, денсаулығының түзелуі,
санының өсуінің нәти жесінде қазақ
стандықтардың орташа өмір ұзақтығы
72 жасқа жуықтады», – дейді Елбасы
мыз Нұрсұлтан Назарбаев.
Алайда, қазақта бүгін алаң көп.
Солардың ең өзектілерінің бірі –
жастар тәрбиесі. Қоғамда белең
алған жұмыссыздық, өршіп бара
жатқан жастар қылмысы, ел ішіндегі
дағдарыс, қолжетімсіз білім – бүгінгі
қоғамның рухани азғындауына
себепкер бола бастағандай. Аға
буын қалып тасқан әдетінен танбай ел
билігіне алыстан сауын айтып, қазақы
қоғамға қорған болуға, мемлекеттің
бастауы –халық екенін ескеруге,
халқы сапалы, халқы сауатты, халқы
салауатты ел ғана әлем өркениетіне
ілесе алатынын естен шығармауға
үндеумен келеді. Ендеше, осы әдемі
үндеудің әлеуетін әлсіреткен не,
адам мен маманның арасындағы
әдемі байланыс неге шиеленісіп
барады, қадір мен қасиетті қашырған
қандай құдірет?
Білім жүйесі мен мәдениет сала
сы, медицина саласы мен құқық
тық жүйе салауатты елге тән сапа
лы қызмет көрсете алмай отыр.
Жастары салауатты, білімді, ғылымы
озық, бәсекеге қабілетті мемлекеттің
мәртебесі биік болатыны тарихтан
дәлелденген қағида. Біздегі ғылым
мен қайта құрылымдалып жатқан
білім саласы мұндай тұжырымдарды
терістей беретін секілді. Жыл сайын
ғы жаңа эксперименттер біз дегі
білім мен ғылым, медицина саласы
ның кәсіби тұрғыда жетістікке жетіп,
қалыптасқан жүйе ретінде өздерін
дәлелдеуіне мүмкіндік берер емес.
Оған жыл сайынғы бесжылдықтар
мен онжылдықтарға құрылып, енгі
зіліп болмай жатып аяқсыз қала
беретін бағдарламалар дәлел. Кез
келген ұстаздар қауымы, медицина
мамандарымен тілдесе қалсаңыз,
олардың қайқайсысы да өз бедел
дерінің төмендеп кеткенінің, қағаз
бастылықтан әлі күнге арыла алмай
келе жатқанын, оқушылардың сый
құрметінің азайғанын айтып налиды.
Америкада жүргізілген әлеу меттік
зерттеулер бойынша жастардың 60
пайызы медицина қызметкерлерін
ең беделді қызметкерлерге жатқыз
са, 35 пайызы ғылым мен оқыту
шылық қызметті ең беделді маман
дықтардың қатарына қосқан. Дәл
осын дай қазақстандық зерттеу меди
цина мамандығын 28 пайыздық көр
сеткішпен ең беделді мамандық
тардың қатарына жатқызса, 5 пайызы
ғана ұстаздардың қызметін беделді
мамандыққа лайық деп тапқан. Яғни,
бұдан ұстаздар мен дәрігерлер
қадірінің төмендеп кеткенін көреміз.
Оған әрине, ең алдымен біздегі
қаржы гер, кеденші, мұнай саласының
маманы секілді мамандықтардың жас
тардың «культіне» айналуы себепкер.
Одан кейінгі себепті әрине, ұстаз
мәртебесінің билік тарапынан еш
дәріптелмеуінен көреміз. Әр сайлау
сайын әр үйдің есігін қағып, тізім
толтыратын, әкімдердің әр кездесуі
сайын көше тазалап, зал толтыратын
дәрігер мен мұғалімде қандай қадір
болсын?!
Ұлттың болашағы жайлы келелі
әңгіме айтып жүрген жазушының
бірі – Зейнеп Ахметова. Ол кісі
алдың ғы буын мен бүгінгі жас ұрпақ
арасындағы сабақтастықтың үзіліп
бара жатқанына налиды. «Біз бұл
ағыспен кете берсек, ұлттың бола
ш а ғ ы н а н а й ы р ы л ы п қ а л у ы м ы з
мүмкін. Осы қауіптің алдын алу үшін
бізге бір қалқан керек. Ол қалқан
тек қана ұлттық қадірқасиет, ұлттық
өнеге, ұлттық үлгі арқылы іске асады.
Бәріміз осы негізде жұмылып, жас
тарға мұғалімнің немесе өзге де
еңбек адамының жарқын бейне
сінің қалай қалыптасатынын түсін
діруіміз керек. Жастар қазір жол
сілтеуші, ұлтын ұлықтауға баулитын
шын ұстазға зәру. Жастарды да
бұл істе кінәлай бермегеніміз жөн.
Интернеттен ұлттық тәрбие, ата
дәстүр, салтсанамыз жайлы мақа
ла ларды іздеп жүріп оқитын жастар
жоқ емес, бар. Біз енді тек солар
дың замандастарының қатарын
көбейтуіміз керек. Бізде құдайға
шүкір, көргені көп, оқығантоқығаны
мол ұстаздар жетеді. Тек екі ортаға
дәнекер құрылым керек. Ол біздің
тиісті министрліктер. Егер Білім және
ғылым министрлігі ағартушылық
қызметпен көбірек айналысса, мұн
дай түйткілді мәселелер азаяр еді»,
– дейді қоғам қайраткері.
Соңғы кездері интернетте, әлеу
меттік желілерде ұстазына қол жұм
сайтын оқушы, оқушысын тіл деп, сабап
жатқан ұстаздар жайлы виде олар
қаптап кетті. Мұның бәрі екі ортаның
арасын дағы кереғарлықтан хабар
береді. Бүгін ұстазын сыйлай алмай
тын оқушы ертең өзге де сала ның
маманымен тіл табыса алмайды. Бүгін
оқушының алдында қадірі жоқ ұстаз,
ертең өзіне деген сенімнен айырылады.
Медицина саласы қызмет кер
лерінің де қадірін қарапайым халық
өзі қашырып жүр. Өз елінің білікті
мамандарына сеніммен қарай ал
маса, ертең дәрігерде де жан
ашырлық азаяды. Аталмыш сала
министрлігі халық пен маман ара
сын жақындатушы дәнекерге айна
ла алмаса бұл саланың да кәсіби
біліктілігінен қадір кетеді. Яғни,
атқарушы билік өзіне қызмет іс
теп отырған кадрлардың беделін
көтерумен айналысқан дұрыс.
Телеарналар мен газетжурналдарды
халықтың көзі дейміз. Ендеше, неге
осы құрылымдарды елдегі санаулы
мамандық иелерінің беделін көтеріп,
оларға деген сыйқұрметті арттыруға
жұмылдырмаймыз? Ұстаздар туралы,
ұлттық педагогика жайлы неге ар
найы бағдарламалар аша алмай
отыруымызға не себеп? Медицина
қызметкерлерінің ауыр қызметін
дәріптейтін арнайы хабарлар неге
жоқ? Бұлардың бәрі жастарға үлгі,
болашақта адаспай аяулы бір маман
дықты таңдап шығуына жәрдем ші
емес пе?!
«Батыстың ашықтығы жастарды
жалаңаштаса, шығыстың ырым
тыйымы жастарды тұмшалады. Аға
буын жастарымыздың адаса бас
тауына еш алаңсыз қарап отыр.
Елдегі телеарналарда бағдар лама
лар көп, бірақ, неге осындай мәсе
лелерге арналған хабарлар жоқ?
Барлық бағдарламалар әлеу меттік
мәселелерден сенсация жасауға
әуес. Ал, проблемалық бағ дар ла
маларға жататын ұлттық педа гогика,
ұлттық тәрбие, маман беде лінің
қалыптасуы, шынайы кәсіби маманға
құрмет көрсететін дүниелер тапшы.
Телеарналардан ұлттық педагогикаға
арналған сабақтар өткізілсе, сол
әлдеқайда пайдалырақ болар еді.
Сол хабарлар арқылы адасып жүрген
екіүш қазақ қызы түзу жолға түссе,
сол тәрбие сабақтары арқылы ұр
лыққарлықпен айналысып жүрген
балалар теріс кәсібінен тыйылса,
ұлттық тәрбие деген сол емес пе?» –
дейді Зейнеп Ахметова.
Санмен қатар сапаны да көп
айта беретін аға буынға бүгін осын
дай батыл әрекеттерге бару керек
сияқты. Мұғалімін қаңғытпай, дәрі
герін компьютерлік есептерге қама
май, керісінше, олардың беде лін
жоғарыда айтқандай тиімді жол
дармен қалыптастыру атқарушы
биліктің құзырындағы шаруа. Айтулы
маман иелерін науқандық жұмыс
тарға жұмсағаннан гөрі арнайы бағ
дар ламалармен тәжірибе алмасу
ларға жіберсе, біліктілігін арт тырып,
қоғаммен тікелей ашық есік жағ
дайында жұмыс жасауға мүмкіндік
туғызса, ұстаз бен дәрігер қадірі
артатыны анық еді.
2009 жылы жүргізілген жалпы
ұлттық халық санағында Солтүстік
Қазақстандағы халық санының өсімі
төменгі деңгейді көрсеткен. Сол тұста
Солтүстік Қазақстанның облыстық
әкімдігі «Ұрпақ қоры» деген арнайы
бағдарламаны қабылдауды қолға
алған. Бұл қор кәмелеттік жасқа
толмаған төрт және одан көп баласы
бар отбасыларға қолдау көрсетуді
мақсат тұтқан. Ондай отбасындағы
әр балаға депозит ашылып, сол кезде
ол депозитке алғашқы жарна ретінде
1500 доллар ақша құйылған. Бұл
бастаманы қуана құптаған Елбасы
да сол кезде 2020 жылы Қазақстан
халқын 20 миллионнан асыру, 2020
жылға дейін ана мен бала өлімін
екі есеге қысқарту, өмір сүрудің
орташа жасын 75ке жеткізу секілді
мақсаттар барын айтқанды. «Ұрпақ
қоры» атты қолдауға тұрарлық бағ
дар лама бірақ, өкінішке қарай,
өзге облыстарда өз жалғасын таба
алмады. Игі бастамалар республика
аумағында толық жүргізілсе де артық
емес еді. Бұндай мысалдар сапалы
ұрпақ пен саналы қоғам кепілі.
Маман қадірінің артуы да саналы
қоғамның санына байланысты. Ел
президенті Нұрсұлтан Назарбаев та:
«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші
кезекте оның білімдік деңгейімен
айқындалады» деген. Егемендік
алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік
өркениетке жетудегі бірденбір дара
жолы– білім жүйесі. Орта мектеп
– білім жүйесінің ең басты буыны.
Орта мектепте қаланған білім негізі
оқушының болашағына жол ашады.
Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің
бірі жаңа технологиялардың дамуы
кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі
мен білім алуында ұстаздардың
атқаратын рөлі ерекше. Егемен
еліміздің болашағы, оның әлемдік
өрке ниеттегі өз орны, ең алдымен
білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз
қолында. «Болашақта еңбек етіп,
өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп
оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде
болады. Сондықтан, ұстазға жүк
те летін міндет ауыр», –дегенді.
Ендеше, елдегі қай мамандық бол
са да, осы мемлекеттің бәсекеге
қабілетті елге айналуына атсалысып,
сол жолда өз үлесін қосып жүр.
Бүгін үлкен бедел мен қадірге ие
маман дық ертеңгі сапалы жұмыстың
кепілі. Бұл тұрғыда, жас ұрпақтың
киелі маман иелеріне деген құрметін
арттыру парыз.
Руслан МӘЛІКҰЛЫ,
Қазақ Аграрлық университетінің
аға оқытушысы
Бүгінгінің бас тақырыбы
Көзқарас
САПАЛЫ ҰРПАҚ
– САНАЛЫ ҚОҒАМ
МЕН САЛАУАТТЫ
МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛІ
(Соңы. Басы 1-бетте)
ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ
ЖАҢАША ТӘСІЛ ҚАЖЕТ
8
№116/1 (2894/1)
20 қазан 2016
zangazet@mail.ru
Талқы
Бетті дайындаған
Шолпан РАҚЫМҚЫЗЫ
БАҚ-тың жүктемесін
жеңілдету
Отандық медиа-саланы дамытуға
қатысты қоғамдық тұжырым жаңа
технологияларды енгізудің қажет-
тігімен бірге, бұл мәселені БАҚ-қа
деген құқықтық және онымен бай-
ланысты экономикалық жүктемені
жеңілдету мәселелерімен тікелей
сабақтастырады. Бірінші кезекте бұл
ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан
жеңіл бұзушылықтарға әкімшілік жа-
заның көлемі мен формасын өзгертуге
қатысты. Бұларға шығыс деректері
және міндетті данасы бойынша ти-
ражды тәркілеу түрімен шара қол-
данылатын және БАҚ қызметін үш
айға тоқтататын заңнама талаптарын
бұзушылықтарды жатқызуға бола-
ды. Осыған байланысты азын-аулақ
бұзушылықтар бойынша жауапкер-
шілік шараларын қайта қарастыру
ұсынылады.
Сондай-ақ, қолданыстағы заңна-
маның талаптарына сәйкес, мерзімді
баспа басылымдарының иелері заңна-
мамен белгіленген мерзімде өкілетті
органның мекенжайына өнімнің тегін
электронды және қағаз нұсқасында
жеткізуі тиіс. Бұл ретте өкілетті орган
одан әрі мониторинг жүргізу мақса-
тында электронды нұсқасын сақтай-
ды. Мерзімді баспа басылымдарының
жүктемесін жеңілдету мақсатында
әрекеттегі талаптардан уәкілетті ор-
ганға газет және журналдардың тек
қана электронды нұсқасын жеткізу
бойынша міндеттерін алып тастау
ұсынылады.
Отандық телевизия
және жарнама
нарығының дамуы
Телерадио хабарларын тарату
мәселелері бойынша қолданыстағы
заңнамада ұлттық телерадио хабар-
ларын таратудың мүддесін қорғау
бойынша норма қарастырылған, 2016
жылғы 1 қаңтардан бастап отандық
теле-радиоарналардың апталық те-
лерадио хабарларын таратуында
отандық теле-радиобағдарламалар
және қазақстандық авторлардың му-
зыкалық шығармалары немесе орын-
даушылар 40 пайыздан кем болмауы
керек, ал, 2018 жылғы 1 қаңтардан
– 50 пайыздан кем емес.
Алайда, құқық қолдану тәжірибесі
отандық теле-радиобағдарламалар-
дағы тарату көлеміндегі музыкалық
шығармаларды есепке алу бірыңғай
емес екенін көрсетеді, сондай-ақ,
кейбір шығармаларға қатысты автор-
лық бойынша мәселелер туындайды.
Бұл заңнаманың талаптарын сақтау
бойынша өкілетті органның бақылау
жүргізуіне, сонымен қатар, отандық
телеарналарда телевизиялық кестені
құру кезінде кедергілер туғызады.
Аталған норманы нақтылау мақсатын-
да қайта қарастырып, кемшіліктерді
жойып және жаңа нақты өлшем па-
раметрлерін енгізу ұсынылады. Бұл
ретте аталған норманың көлемі және
принциптері қарастырылмайды.
Интернет-ресурстар меншік ие-
лерінің және қолданушыларының
қызметін реттеу үшін, қолданушылар
тарапынан өздерінің атынан немесе
лақап атынан ақпаратты орналастыру
мүмкіндігін бір мағынада түсіндіретін
ережені нақтылау ұсынылады. Ин-
тернет арқылы бұқаралық ақпарат-
ты таратудың жаңа технологиялары
мен формаларының пайда болуы
мен белсенді дамуының аясында
түрлі интернет-ресурстардағы ақпа-
рат таратушылардың (блогерлердің)
қызметін заңнамалық реттеу мәсе-
лесінің өзектілігі артуда. Заңнама
қолданысындағы «интернет-ресурс»
түсінігін «блогерлерге» сәйкес, қай-
та қарастыруды ұсынған. Сонымен
қатар, аталған мәселелер блогында
уәкілетті органда интернет-ресурс-
тарды желілік басылым ретінде тір-
кеуге қоюға қатысты құқықтық қай-
шылықтарды алып тастау қажет. Ерікті
түрде есепке қойылғаннан кейін ин-
тернет-ресурстың БАҚ ретінде толық
құқықтық субъектілік алу принципін
толықтай заңнамалық тұрғыда бекіту
ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |