астамы қабылданды.
жүзеге асырылады.
сымен 120 сағатқа дейін азайтылды.
дың келуіне мүмкіндік береді.
тарына ене аламыз.
нақты көрсетілген.
нақты айқындалған.
санаймыз.
деп түсінемін.
10
№116/1 (2894/1)
20 қазан 2016
zangazet@mail.ru
КәсіпКер Келбеті
«Көргені жақсы Көш бастар»
лашақ жоқ» десек, кәсіпкердің өткені
– терең тарих. сол тарихқа көз сал-
сақ, анамыздың аталары да, әкесі
де құрығы ұзын қызыл империяның
қуғын-сүргінінен құтылмаған. атасы
ерасыл өз заманының алдыңғы қа-
тарлы азаматы болған. Діни сауаты
мықты жан мұсылманның бес пары-
зының бірі – қажылықты үш рет өтеп,
туған жері алматы облысының ақсу
ауданына өз қаржысымен мешіт
салдырған. ал, атасының ағасы 1914
жылдары Петербург университетін
бітірген, көкірек көзі ашық азамат.
алайда, ол кісі де жалындап тұрған
шағында қазақ зиялыларына қыр-
ғидай тиген қызыл әскер оғының
құрбаны болған.
сол жылдары бір отбасының ғана
емес, күллі қазақ халқының басына
түскен нәубет тарихта өшпес ізін
қалдырды. жазықсыз жандардың
мезгілсіз ажал құшып, азапқа тү-
суі қалың жұртты шошындырмай
қоймады. бір тықырдың таянғанын
сезген ерасыл ақсақал да «қара
қазан, сары бала қамы үшін қылыш
сермедік» деп қазақтың хас батыры
Махамбет жырлағандай, артта қалар
ұрпақ қамы үшін 22 отбасымен бірге
бас сауғалап қытайды бетке алады.
бірақ, аспанасты еліне қарай жөңкіл-
ген көшті қуып жеткен қызыл әскер
жас-кәрі, бала-шағаға қарамай, бәрін
қырып салады. сол қырғыннан аман
қалған бірен-саран тұяқтың бірі –
саида апамыздың әкесі бекмұхамед.
Әкесінің қалай аман қалғаны жайлы
саида бекмұхамедқызы: «Әжем әке-
ме «балам, қаш, бұлар сені де өл-
тіреді» деп, оның қашуына мүмкіндік
жасайды. Әкем ол кезде 14-те. ебін
тауып қашып кетеді. бас сауғалап
ташкентке барады. содан саратов
ауыл шаруашылығы институтына
оқуға түседі», – дейді. Осылайша бір
әулеттен қалған жалғыз тұяқ өмірдің
сан сынынан сүрінбей, білім алып,
елге қайтады.
бекмұхамед ерасилов – халқы-
мыздың алғашқы агрономдары-
ның бірі, қазақстанда агрономия
мектебін құрып, қалыптастырған
тұңғыш қазақ. өзі құрған мектепке
жан-жақтан бала жинап, соларды
білім нәрімен сусындатып жүрген
мұғалімді танып қалған ауылдасы:
«бұл байдың ұлы, ол жау ғой, неғып
жүр?» дейді. Осыдан соң-ақ жас ұс-
таздың қуғынды күндері басталады.
Оны бірден нКВД қызметкерлері
тұтқындап, қазіргі наурызбай мен
қарасай көшелерінің қиылысын-
дағы ғимарат жертөлесіне қамайды.
саида бекмұхамедова 1997 жылы
әкесіне қатысты қылмыстық іспен
танысады. Онда әкесі бай-кулактың
баласы, феодал, буржуазды-ұлт-
шыл жау ретінде көрсетіліп, оған
ату жазасы кесіліпті. ендігісін саида
бекмұхамедқызының өз аузынан
естір болсақ: «Әкем өзіне тағылған
қыз туылады. Әпкесі Иси-
дора да медицина саласы-
ның білгірі, елімізге еңбегі
сіңген белгілі дәрігер. Көп
жыл бойы республикалық
сПИД-пен күрес орта-
лығының бас директоры
қызметін атқарды. саида
бекмұхмедқызының анасы
Кубан офицерінің қызы. Ол
кісі де нәубетті жылдары
халық жауының қызы ретінде
сотталған. анасын еске алған
кейіпкеріміз: «анам қайтыс бо-
ларда қатарластары қасына тү-
нейді. 90-дағы Күлан апа: «надя,
бізге айтатыныңды айт, не аманатың
бар, сүйегіңді қайда қоямыз?» деп
жайлап сұрады. анамның «Мен қа-
зақтың келінімін, қазақтың анасы-
мын, шалымның қасына қойыңдар»
дегенін естігенде бәрі иықтарынан
жүк түскендей болды», – деп көзіне
жас алды. саида апамыз анасына қа-
тысты тағы бір әңгіменің тиегін күле
ағытты. «жамбылда қазақы ауылда
тұрдық. бір ақ немесе сары, түрі, тілі
бөтен адам жоқ. Кейде анам орысша
сөйлеп қалса әкеме: «Папа, мынаған
айтсайшы, олай сөйлемесін», – дей-
тінмін.
Әке еңбегі
әлі күнге дейін
жайқалуда
жамбыл облысының қордай ау-
данында жолдың шетінде қалың
ағаштар тізбесі (леса полоса) бар.
Оларды көпшілігіміздің жаратылыс-
тың құдіретімен өстіге санарымыз
хақ. бірақ, ол ағаштар қорғау бел-
деуі ретінде әрі топырақтың құнарын
сақтау үшін егілген бекмұхамед
ерасиловтің еңбегі екенін саида
ападан естіп-білдік. Ол кісінің ай-
туынша, бұрын ол жерлер бір талы
жоқ жазық дала болыпты. қара пайым
қазақ агрономының білім-білігін
Кеңес үкіметінің бағалағаны сол, са-
ида бекмұхамедқызы бала кезінде
әкесімен қазақстан Компартиясының
орталық ғимаратына талай барғанын
және ондағылардың әкесіне «сізді
күтіп отыр» деп рұқсат қағазын беріп
ішке кіргізетінін айтады. қазақстан-
ның агрономия саласын дамытуда
үкіметтің агроном еңбегіне сүйенгені
мәлім.
К
олбинге хат
жазған
қазақ қызы
Осындай рухы мықты, тегі – «тұл-
пар» ата-анадан тумаса, яғни, жүре-
гінің түгі, бойында халқына деген
сүйіспеншілік, жанашырлық болмаса,
саида бекмұхамедқызы 1986 жылы
желтоқсан көтерілісінен бір апта
өтер-өтпес уақытта «қазақтардың
құқығы тапталып жатыр» деп жар
салып, қазақ Кср Компартиясы Ор-
талық комитетінің бірінші хатшысы
г.Колбинге хат жазар ма еді? Мұндай
ерлік сол тұста екі азаматтың бірінің
қолынан келсе, саида ерасилова сол
екеудің біреуі болды. Әділетсіздікке
төзбеудің нәтижесінде хат авторы
сұрауға алынып, бір апта отырып
шығады.
саида ерасилова экономист,
теміржол саласында 48 жылдық
еңбек өтілі бар. еңбек жолында
логистикалық компанияда қаржы
директоры, «тенгизтрансгаЗ»-да
вице- президент болды. саида бек-
мұхамедқызы қазақстандағы транс-
портты экспедиторлық компания-
сақтау қоймасының рөлін атқарды.
балабақшаға барған балалардың
ауыра беруі өз алдына, олар барғы-
сы келмейтін. өйткені, ондағы бар
дамыту – екі-үш тақпақ жаттатып,
мерекелерде концерт қоюмен біте-
тін. баланы қалай тамақтандырып,
қалай киіндіру хақында мүлде кеңес
болған жоқ. балабақшада 5 реттік та-
мақтану, сондай-ақ, тазалық қызметі
кіршіксіз жұмыс істеуі керек. біздің
«өркен» балабақшасында бөлме
ауасын тазалаудың да тәртібі бар.
Ландшафт, ашық бассейн жасал ды.
біз осы уақытқа дейін жіберіп ал-
ған кемшіліктердің орнын толтыруға
тиіспіз. Мысалы, жастарға әлемге
әйгілі «Sony» компаниясының негізін
қалаушылардың бірі Масару Ибу-
каның «Үш жастан кейін бәрі кеш»
атты кітабын оқуға кеңес беремін.
Масару Ибука инженер болса да,
жапон елін экономикалық
тығырықтан алып шыққан
ғұлама. американың тоғыз
танымал экономисінің бірі
«біз технология жағынан
жапониямен теңбіз, бірақ,
олар бізді басқару сапасы
жағынан батпаққа батыр-
ды» деді. бұл сөздің аста-
рында терең мән жатыр.
Мен экономист ретінде
жапон экономикасының даму
жолын, олардың жаңашыл-
дығын қолдаймын. Масару Ибу-
ка «Дарындарды оқыту» ұйымын,
сондай-ақ, «ерте жастан дамыту»
қауымдастығын ашып, сол жерде
баланың үш жасқа дейінгі барлық
қыр-сырын толыққанды зерттеді.
жоғарыда аталған кітаптан не білу-
ге болады десек, онда баланы ерте
жастан дұрыс дамыту негізі, бүгінгі
заманға бейім етіп өсіру үшін не қа-
жеттілігі және бала тәрбиесінде ана
мен әкенің рөлі бүге-шігесіне дейін
баяндалады. сәбиге қанша уақыт
бөлу керектігін түсініп, бірге уақыт
өткізуден қандай табыстарға қол
жеткізуге болатынын білесіз. жапо-
нияның экономикасын алға сүйреп
жүргендер Масару Ибуканың ұста-
нымдарымен тәрбиеленгендер. біз
де сондай озық істерді ойлауымыз
және соған қадам басуымыз керек».
«Балконда өскен бала
нағыз бау-бақшаны
білмейді»
саида бекмұхамедқызының ана
мен бала орталығы «алмафесті»
жасауға кірісуі де қызық. құлсарыға
барған сапарында кішкентай балаға
«алматыға келмейсің бе? бізде алма
көп» дейді. сонда әлгі бала: «алма
кәдімгідей ағашта өсе ме, төгіліп тұр
ма?» деп таңғалып сұрайды. Осын-
дай балалардың анасымен келіп
демалып, алманы өз қолдарымен
үзіп жейтіндей бақтардың жоқтығы
қатты қапаландырған саида ераси-
лова саябақ жасауды қолға алады.
«алмафест» саябағына баламен ке-
лесің, демаласың, алма, жеміс-жидек
жейсің. бұл тек балалар лагері емес,
отбасы демалысының орталығы, ден-
саулықты жақсарту мекемесі болады.
ағылшын, қазақ тілдері оқытылады.
бізде іссапар т.б. жұмыспен кететін
аналарға баланы қалдырып кету
қызметі жоқ. біз сондай қызмет ұй-
ымдастыруды қолға алдық. баланың
өсіп тұрған алманы өз көзімен көріп,
оның сорты қандай т.б. мәліметтерді
білуі танымын арттырады. («райский
сад») – жұмақ бағын біз қай жерден
көреміз? Президент саябағы жалғыз.
бізде сондай саябақтар неғұрлым
көп болса, соғұрлым халыққа жақсы.
балконда өскен бала нағыз бау-
бақшаны білмейді» деген апамыз
қонаққа келген ирандарға алматыдан
өсіп тұрған алма көрсете алмай өзінің
қатты қысылғанын да жасырмады.
алматының жоғары жағынан салынып
жатқан «алмафест» саябағына жету
үшін 4 шақырым жол салу, су, электр
желісін тарту т.б. жұмыстардың оңай
болмағаны айтпаса да түсінікті.
«Ана тілінсіз мәдениетті
көтеру мүмкін бе?»
Көпті көрген, көкірегіне түйген
апамыздың қазақ аналары, отбасы
институттарының әлсіреп бара жатқа-
нына жаны ауырады. саида бекмұ-
хамедқызының сөзімен айтсақ: «ел
тұрғындарының 40 пайызға жуығы
орыс мектептерінің білімін жоғарыға
санайды. солар абай құнанбаев, қа-
қоғамымызда елбасының бас-
тамасын қолдап, шағын және орта
кәсіпкерліктің дамуына атсалысып
жүр ген замандастарымыз жетерлік.
Осы тұр ғыдан келсек, халқымызда
«тектен нәр алған тозбайды», «Көр-
гені жақсы көш бастар» деген тама-
ша ұғымдар бар. айтса айтқандай,
бабаларымыз қашанда адамды тегі-
не қарап танып, бағалаған. өйткені,
адамның қандай болмағы тегінен
екені ғылымда да дәлелін тапқан.
тек жайын неге тәптіштеп отырмыз
десек, керемет іскер жан саида ера-
силова пайғамбар (с.ғ.с) жасынан
асқанына қарамастан, бірнеше аза-
матқа, тіпті, бір елге жүк боларлық
игі тірліктер атқаруда. «өткенсіз бо-
бірде-бір айыпты мойындамаған.
себебі, кінәсіз болған. қанша азап-
таса да жасымаған. тағылған кінәні
мойындап қол қоймағандықтан, оған
берілген ату жазасы 10 жылға өз-
гертілген. нКВД қызметкерлері айт-
қандарына көнбегені үшін әкемнің
әр саусағын біртіндеп шауып отыр-
ған. қандай қорлық, азаптау көрсе
де, әкем жабылған жала, тағылған
айыпты мойындамайды. Ол солайша
шолақ агроном атанды».
Әкесі саидаға бала кезінде «қо-
рықпа, қызым, қара тобырдың жолы
басқа, сенің жолың басқа» дейтін
көрінеді. Әке сөзін тура мағынасын-
да қабылдап, қара киінген адамдар
келіп бас салса қашу керек деп түсін-
генін айтқан апамыз сол шақты күле
еске алды. бекмұхамед ерасилов
гУЛаг-тан орыс қызы надеждамен
бірге қайтады. Отбасыларында екі
(Соңы. Басы 1-бетте)
лардың жұмысын реттейтін заңды
жазуға да атсалысты. Ол кісінің
білім-білігі, орыс тілін таза сөйлеуі
кезінде мәскеулік орыстардың өзін
таңғалдырған көрінеді. бұл тұрғыда
апамыз: «жұмыс бабымен Мәскеуге
барамыз. сонда ондағылар «Инте-
ресно, как вы идеально говорите на
русском языке. Даже я по-русски
так не разговариваю как вы. там
в глубинке сохранился наш язык»
дейтін. соның өзінде мен анамның
орыс екенін айтпайтынмын. бізде
қазақтардың бәрі 100 пайыз орыс
тілін жақсы сөйлейтінін айтсам, бас-
тарын шайқап, таңға латын» дейді.
Тың істердің
бастамашысы
саида ерасилова да әкесі сияқты
тың істердің бастамашысы. Әкесі
қазақстанда агрономия мектебін
құрып, бидай өндірудің әдіс-тәсілін
шаруашылыққа алғаш болып енгізсе,
тегі, көргені, өнгені жақсы апамыз
мектепке дейінгі қазақ педагогика-
сын дамыту мақсатында балабақша
ашып, сондай-ақ, «алмафест» ана
мен бала саябағын салуды қолға
алып, кәсіпкерлер арасында көш
бастады. саида бекмұхамедқызы
тың бастамалары жөніндегі ойымен
ашық бөлісті: «Кеңес заманында
баламызды қазақ балабақшаға,
сондай-ақ, мектепке беріп, қазақы
тәрбие, ұлттық танымға баулуды ар-
мандадық. Ол заманда таза ұлттық
танымда тәрбиелейтін орын болма-
ды. «жоқ» деп аузымызды қу шөппен
сүртіп отыра берсек, оны бізге кім
жасап береді? біреуіміз бастауымыз
керек қой. соның бір кірпішін болса
да, өз қолыңмен қалағанға не жет-
сін? қазақтардың басым көпшілігі
мейрамхана, казино, қонақүймен
бизнес жасауға жүгіреді. ал, ин-
теллигенцияның миссиясы олардан
басқа. Интеллигенция үшін дұрыс
кәсіп – халықтың танымын арттырып,
рухын көтеру. қай қазақты алсаң да,
өзінің тегімен мақтанады. балалары-
мызды сол тектен нәр алдыра, соған
сай тәрбиелей алмасақ, ол тектілікті
қайдан көреміз? Ұлт көшбасшысы
н.назарбаев қазақстан халқына ар-
наған дәстүрлі жолдауында: «біздің
мақсатымыз – елі бақытты, жері
гүл денген қасиетті Отанымыз қазақ-
станды «Мәңгілік ел» ету! Әлемдегі
ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына
қосылып, бай да қуатты елдермен
иық түйістіру», – деп, сол деңгейге
жетудің бағыт-бағдарын айқындап
берді. Мәңгілік елге саналы ұрпақпен
ғана жете аламыз.
Кезінде орыс балабақшалары жүк
ныш сәтбаев сынды ғұламаларымыз-
дың сауаттарын орысша ашпай-ақ,
әлемге танылғанын біле ме екен? ара-
мызда «мен қазақ мәдениетін көтеріп
жүрмін, тілді білу шарт емес» дейтін-
дер де бар. Мұндай сөзді ағылшын
немесе немістің әйелі өліп бара жатса
да айтпайды. Ұлттың мәдениеті – тілін-
де. ана тіліңді білмесең, қандай мә-
дениетті көтермексің? балам ауырып
ауруханада жатқанымда, сол палатада
7-8 тастанды бала емделді. соларға
да түнімен қарап шықтым. Кішкентай,
қорғансыз балапандардың тағдырын
ойлап жүрегім ауырды. бала тастау та-
рихымызда болған жоқ. қазір қарттар
үйлері бар. ажырасу көрсеткіші жоға-
ры. Мұның бәрі аналар институты, қа-
зақы тәрбиенің жоғалғанын көрсетеді.
біз аз халықпыз, сондықтан, ұлттық
болмысымызды сақтауға әрқайсымыз
мүдделіміз».
«Білгір маман ғана ел
ертеңі бола алады»
Оқу, еңбек ету ешқашан да кештік
етпейтінін саида бекмұхамедқызы-
ның тәжірибесінен-ақ көруге болады.
Мәселен, апамыз 58 жасында таза
қазақы тәрбиемен сусындататын
балабақшаны іске қосса, қазіргі күні
«жұмақ бағын» бітіру жұмысымен жү-
гіруде. саида бекмұхамедқызы қазақ
кілемдерінің коллекционері. Осынша
істі дөңгелентіп жүрген апамыздың
жастарға айтары да көп:
– еліміздің жағдайы өте жақсы, тек
еңбек ету керек. қазір темір үзетін
уақыт. жұмыс істеймін, білемін, үй-
ренемін, білім аламын деген адамға
мүмкіндік мол. Мемлекет басшысы
жұмыс істегісі, жеке кәсіппен айна-
лысқысы келетіндерге ерекше кө ңіл
бөліп жағдай жасауда. Менің анам
айтпақшы, заман керемет. Ол кісі-
лер нағыз тозақты көрді. соғыссыз,
қуғын-сүргінсіз бейбіт заманда 24
сағат күні-түні жұмыс істеуге болады.
бақшаңды ек, малыңды бақ, адал
кәсібіңді жүргіз, тынымсыз еңбек ет,
ешкім кедергі жасамайды. Дағдарыс
заманда емес, біздің басымызда
болып тұр. білімді адам қай жерде
болсын кез келген істі алып кетеді.
Мысалы, кәрістер 1960 жылдары
Вьетнамға барып ауыр, табысы аз
жұмыстар істеді. сосын олар өз елін-
де 12 сағат демалыссыз еңбек етуді
қолға алды. соған бір кісідей жұ-
мылды. Отбасылық кәсіптерін ашты.
қазір олар барлық жағынан шарықтап
кетті. біздің озық елдер қатарынан
көрінуіміз тек өзімізге байланысты.
ең бастысы, білім ал, өз ісіңнің білгірі
бол. сонда бәрін басып озасың.
Достарыңызбен бөлісу: