Есте ұстар жайт
Жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодекстің өмір қажеттілігінен
туғаны анық. Сондықтан, оның мы
надай тұстарына айрықша тоқталған
артық болмайды. Әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iс бойынша қау
лыға апелляциялық тәртіппен шағым,
наразылық қаулының көшiрмесi
разылық әкімшілік жауаптылыққа
тартылған адамның не өзіне қатысты
әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған
адамның жағдайын нашарлата
тын жағына қарай қаулы жария
ланған күннен бастап алты ай
ішінде берілуі мүмкін.
Сот қаулыларына кассация
лық шағымды, наразылықты
олар түс кен күн нен бастап 10
тәу лік ішінде облыстық және оған
теңестірілген сот кемінде үш
судьядан тұратын құраммен
қарайды. 2001 жылғы кодекс
те әкімшілік істердің касса
циялық тәртіппен қаралуы
мүлдем қарастырылмаған
болатын.
Қазір әкімшілік істер
бойынша шығарылған қау
л ы л а р ғ а ш а
ғым дар мен
н а р а з ы
лықтар келтірілген жағдайда қаулы
заңды күшіне енбеген болса апел
ляциялық, заңды күшіне енген соң
кассациялық тәртіппен облыстық
деңгейдегі соттарда қаралады.
Жаңа заң жол
қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді
Жол жүрісі қауіпсіздігі саласын
дағы жағдай ауқымды дағдарыс
сипатына ие болып отыр. Сараптап
қарасақ, бұл автомобиль паркінің
өсуінен, жүргізушілердің жол жүрісі
қағидаларына немқұрайды қара
уынан және жол жүрісіне қатысушы
лардың жалпы құқықтық мәдениетінің
жоқтығынан туындайды. Жолкөлік
оқиғаларының (ЖКО) динамикасы
20012007 жылдар аралығында бар
лық жағынан апаттылықтың өскенін
көрсетті. 2008 жылғы заңды қабыл
дау елдегі апаттылықты төмендетуге
едәуір әсер етті. Соған байланысты
заңға өзге рістер мен толықтырулар
енгізуге тура келді. Осы заңның
шеңберінде Қазақстан Республика
сының Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексіне түзетулер мен
жол қауіпсіздігі саласындағы құқық
бұзушылықтардың барлық құрамда
ры бойынша әкімшілік жауапкершілік
күшейтілді, қайталап жасалған және
ұдайы құқық бұзушылықтар үшін
жауапкершілік көзделді, сондайақ,
әкімшілік жазаларды баламалық
салу мүмкіндігі алынып тасталды.
Осы лайша, ресми деректерге сүйен
сек, 20072011 жылдар аралығында
ЖКО саны 15 942ден 12 019ға де
йін, қа за тапқандар саны 4365тен
2707ге және жарақат алғандар саны
18 951 ден 14 мыңға дейін төмендеді.
Соң ғы екіүш жыл аралығында жол
жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды
жасаудың күрт өсуі және осының сал
дары ретінде ЖКО, онда қаза тапқан
және жарақат алған адамдар саны
ның едәуір өсуі байқалды. Мысалы,
алдыңғы жылды өткен жылмен са
лыстырғанда арнайы бақылауөлшеу
техникалық құралдары мен аспапта
ры тіркеген ЖЖҚ бұзушылықтардың
саны 89,5 пайызға өсіпті. Бұл бұрын
қабылданған шараларға адамдардың
бейімделіп алғанын, ал, көлік басқару
мәдениеті бұрынғы деңгейде қалға
нын көрсетеді. Сондықтан, тәртіпті
күшейту үшін заңға тағы да өзгеріс
тер енгізу керек болды.
Соңғы кездегі сараптама нәти
желеріне қарағанда, жүргізушінің
кінәсінен 21 294 ЖКО болған, бұл
жол бойындағы барлық оқиғалар
дың шамамен 90 пайызын құрайды.
Оның ішінде мас күйдегі жүргізушінің
кінәсінен 600 ЖКО жасалып, 106
адам қаза тауып, 867 адам жарақат
алған.
Жүргізушілердің кінәсінен әрбір
төртінші ЖКО жылдамдық режим
дерін сақтамаудан болады. ЖКОда
зардап шеккендердің жалпы санынан
осы себеп бойынша әрбір үшінші
адам қаза табады және әрбір бесін
шісі жарақат алады. Қарсы жүру
жолағына шығу салдарынан биыл
1659 ЖКО жасалды, бұл өткен жылға
қарағанда 30 пайызға артық. Жол
қауіпсіздігіне әсер ететін ЖЖҚны
елеулі бұзушылықтардың бірі – жол
қиылыстары мен жаяу жүргінші өт
келдерінен өту қағидаларын бұзу.
Ресми деректерге сүйенсек, осы
себептер бойынша биылғы жылы
4513 ЖКО жасалып, онда 142 адам
қаза тауып, 5508 адам жарақат алған.
Келтірілген деректер жол ережесін
бұзған адамды тәрбиелеу және жаңа
құқық бұзушылық жасаудың алдын
алу бөлігіндегі әкімшілік жаза қолдану
жазасы арқылы мүмкін емес екенін
көрсетеді. Сондықтан, мұндайларды
қатаң жазалайтын заң керек болды.
«Жол жүрісі туралы» заңының жаңа
талаптарымен өзара байланысты үш
жаңа бап қолданысқа енгізілді. Олар
– «Жол жүрісі туралы» заңдағы оқу
ұйымдарында көлік құралдарын жүр
гізушілерді даярлаудағы талаптардың
күшейтілуі. Осы заң арқылы кодекс
ке көлік құралдары жүргізушілерін
даярлау қағидаларын бұзғаны үшін
оқу ұйымдарының жауапкершілігін
көздейтін жаңа 4642, 4643 баптары
енгізілді.
Жаңа «Қазақстан Республика
сының iшкi iстер органдары тура
лы» заңның 19бабына сәйкес, ішкі
істер органдарының қызметкерлері
Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында атқаратын лауазымына,
уақытқа қарамастан, оларға қыл
мыстық немесе әкімшілік құқық
бұ зушылық туралы арыз немесе
ха бар берілген жағдайда ондай
әрекет тердің жолын кесу, жәрдемге
мұқтаждарға көмек көрсету, оқиға
болған орынды күзету, сондайақ,
жақын жердегі ішкі істер органдарын
хабардар ету жөнінде шаралар қол
дануға міндетті. Бұл ретте Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексіне сәйкес,
жол қауіпсіздігі саласындағы құқық
бұзушыларға өз құзыреттері шегінде
тек жолпатрульдік полициясының
қызметкерлері ғана хаттама толтыра
алады.
Зияткерлік меншік
жөнінде
Қазіргі таңда зияткерлік меншік
мәселелеріне айрықша назар ау
дарылады. Ол дербес сала ретінде
еліміздің инновациялық дамуының
барлық стратегиялық құжаттарын
да және халықаралық келісімдерде
қамтылды. Айталық, Қазақстан –
Париж конвенциясының, Мадрид
келісімінің, Патенттік ынтымақтастық
туралы халықаралық келісімнің қа
тысушысы. Сондайақ, патенттер,
тауар таңбалары туралы заңдарды
қоса алғанда, зияткерлік меншік ны
сандарының құқыларын қорғаудың
біртұтас жүйесі жасалды.
Жаңа редакциядағы кодекстің
158бабына сәйкес, бөтен тауар бел
гісін, қызмет көрсету таңбасын неме
се тауар шығарылған жердің атауын,
біртектес тауарларға, көрсетілетін
қызметтерге арналған, оларға ұқ
сас белгілеулерді, сондайақ, бөтен
фирмалық атауды заңсыз пайдалану,
егер бұл ісәрекеттерде қылмыстық
жаза қолданылатын белгілер болма
са тауар тәркіленеді. Ал, оны айна
лысқа енгізіп, пайда көздеген жеке
тұлғаларға – 30, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне – 40, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – 50, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне 100 айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл са
лынады.
Жаңартылған заңда зияткерлік
меншік құқыларын қорғау саласында
«Бөтен тауар таңбасын, қызмет көр
сету таңбасын, тауар шығарылған
жердің атауын немесе фирмалық
атауды заңсыз пайдаланғаны үшін»
деген 158ші жалғыз ғана бап қалды.
Алайда, жаңа редакцияда әкімшілік
жауапкершілік ісәрекеттерде қыл
мыстық жаза қолданылатын әрекет
белгілері болмаса ғана қолданыла
ды. Яғни, заң шығарушы орган жау
апкершілік шеңберін кеңейтіп отыр.
Осыған ұқсас заңбұзушылықтың
бірнеше мәрте жасалуы немесе ірі
залал келтіру сияқты жіктемелік бел
гілері кез келген заңды немесе жеке
тұлғаны 222бап бойынша қылмыс
тық жауапкершілікке тартуға негіз
болып табылады. Қылмыстық ісәре
кет үшін 300 АЕКке дейінгі мөлшер
де айыппұл салынады немесе 240
сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық
жұмыстарға жегу, 75 тәулікке дейінгі
мерзімге қамауға алу жазасы қолда
нылады.
Сондайақ, 1700ден аса әкімшілік
құқық бұзушылық құрамы қарас
тырылған. Онда қолданыстағы ко
декстен 50ден артық бап ҚР Қыл
мыстық кодексіне қылмыстық теріс
қылықтар санатына ауыстырылған.
Ермек МАХМЕТОВ,
Ақтөбе қаласының
мамандандырылған
әкімшілік сотының судьясы
ӘКіМшіліК ЗАңнАМАны
ОңтАйлАндыРу ЗАМАн тАлАБы
ны енгізу аса елеулі жаңашылдықтар
дың бірі болып табылады.
Бұл кодекс әкімшілік құқық бұзу
шылық туралы заңнаманы елеулі
түрде реформалауды, сыбайлас
жемқорлық тәртіп бұзушылықтарына
ықпал ететін ережелерді алып тастау
ды, әкімшілікқұқықтық әрекеттерді
бұрынғыша тапсырылған күннен
бас тап 10 тәулік iшiнде беріледі (45
та рау).
46тарауда әкiмшiлiк құқық бұзу
шылық туралы iстер бойынша заң
ды күшiне енген қаулыларды және
оларға шағымдарды, наразылықтар
ды қарау нәтижелерi бойынша қаулы
ларды қайта қараудың кассациялық
тәртiбi белгіленген (ӘҚБтКнің 847
бабы).
Кассациялық шағым немесе на
№110/1 (2888/1)
6 қазан 2016
13
zangazet@mail.ru
имандылық
Сұхбат
Көзқарас
«Тәрбиелі адам –
Тағалы аТпен Тең»
Қазақ халқында «Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дә мет-
пе» деген ұлағатты сөз бар. асылында, біздің қазақ ежелден-ақ өзін
өзгеге сыйлатып келе жат қан, ұлттық тәрбие жүйесін қалып тастырған
халық. Қазақ ұлттық тәрбиесіне назар аударар болсақ, оның ислам
шариғатымен байла нысып жатқанын байқаймыз. де мек, әр қазақ баласы
ұлттық тәр биемен сусындап өсер болса, ол елін сүйіп, жеріне қызмет
етеді және өз халқының жанашыр аза маты болады. Тіпті, кез келген сырт-
қы күшке, әсіресе, дәстүрге қарсы рухани күштерге тосқауыл болып,
жағаға жармасқан қазіргі жат ағымдардан бойын аулақ ұстайды.
Қазіргі таңда етек алып бара жатқан ата-баба дәстүріне қарсы лықтың
ең басты себебі – ұлттық құндылықтарымыздың қадірін жете түсінбеуден
туындауда. Ұлттық тәрбие көріп, ұлттық мүддемен су сындамаған ұрпақ,
амал жоқ, жат мәдениетке бой алдыруда. Сайып келгенде, қоғамда орын
алып жат қан сау ақылға сыймайтын келең сіз әрекеттер ұлттық рухания-
ты мыздан алыстауға апарып соғуда.
Ұлттық рухы асқақ, намысы бе кем һәм қуатты ел боламыз десек,
бұл ретте өскелең ұрпақ тәр биесіне ерекше мән беруіміз керек. «ел
бола мын десең, бесі гіңді түзе» демекші, бесік – бала тәр биесін қолға
алу – басты міндетіміз. «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші
– ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан». Өйткені,
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «алдыңғы арба дөңгелегі қалай
қозғалса, арбаның соңғы дөңгелегі солай қозғалады», «ағайынға қарап
бала өсер, Қарағайға қарап тал өсер». Олай болса, бала тәрбиесінде
алдыңғы толқынның кейінгі толқынның алдында жауапкершілігі зор.
«біз қазақ – мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз»
дегендей, қазақ халқы басынан сөз асырмаған, ешкімге намысын
таптатпай, елдігін сақтаған халық. Осы қасиет сонау ықылым заманнан
бесік тәрбиесінің негізіне айналып, жас ұрпақ санасына сіңіріліп отырған.
Қазақ тарихында топқа кіріп сөз бастаған билер мен шешендердің, атқа
мініп қол бастаған батырлардың барлығы дерлік – қазақ дәстүріндегі
ұлттық тәрбиенің жемісі. бұрындары қазақ халқы балаға үлгі-өнеге
көрсету, тәрбие беру ісін қалай жүзеге асырған? Кешкілік уақыттарда
ауыл ақсақалдарының кеңестеріне балалар қатыстырылған. Қазақ
балалары түнді-түнге ұрып айтылатын жыр-дастандарды тыңдаған.
Сөйтіп, ұлттық тәрбиеміздің қайнары – халық ауыз әдебиеті, әдет-ғұрып,
салт-дәстүр, шешендік сөздер, мақал-мәтелдердің мәнін бала үйден
біліп, сол биік санамен кеп ел ісіне араласқан.
Жас ұрпақ – ел қорғаны, ұлттың тірегі. Қазақ жастарының жалынды,
намысты, отаншыл болуы үшін олардың тарихи-діни санасын ояту осы
тұрғыдағы істердің жемісті болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, рухы
биік қазақ халқы өз хандығын құрғаннан ресей империясының құрамына
кіргенге дейінгі 400 жылға жуық уақыт ішінде салтанат құрған елдігіне осы
отбасы институты арқылы қол жеткізген.
Халықтың тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүр жоралғылары,
айталық сәлемдесу, үлкенді сыйлау, қонақ күту, тамақтану, сөйлеу әдебі,
киім-киіс, жүріс-тұрыс, отбасынан бастап, білім ордаларында жалғасын
табар болса, жоғалып бара жатқан ұлттық құндылықтарымыз қайта
қалпына келер еді. Сол уақытта қазіргі таңда елдің ішкі тыныштығына
қауіп төндіріп жүрген жат ағыммен күрес мәселесі өзінен-өзі күн
тәртібінен түсер еді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін еліміздің барлық
өңірлерінде «Ұлттық тәрбие» клубтары ашылып, ұрпақ тәрбиесін жүзеге
асыруға белсене араласқаны абзал. Ұлттық рухтың қадір-қасиетін білетін
ұрпақ өз ата-бабасының дәстүріне қарсы шықпайтыны ақиқат.
Халықта «Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең» деген сөз бар. Ұлттық
тәрбиесі бар ұрпақ қана ұлттық мүдденің өркендеуіне өз үлесін қосатын
ұлтжанды тұлғаға айналады. «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын
жер» деген сөз осыны меңзейді.
«әкесі қой баға білмегеннің, баласы қозы баға да білмейді», «әдепсіз
өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы», «Үлкенді сен сыйласаң, кіші
сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды» деп келетін даналық
сөздердің астарында ұлттық тәрбиенің иісі аңқып тұр. Өйткені, ұлттық
тәрбиемізге теңесер дүние әлемде жоқтың қасы. «Ұлттық тәрбие» нені
меңзейді дегенге келсек, ол – Отанға, тілімізге, дінімізге деген құрметке
шақырады.
Ұлттық тәрбие – ананың ақ сүті, бесік әлдиімен келетін дүние. Қазақтың
ұлттық тәрбиесінің негізін салған мағжан Жұмабаев «педагогика» атты
еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын
қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы
өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір
тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті».
Қазіргі жаһандану жағдайында елдігімізді жоғалтып, ұлттық бітім-
болмыстың сара жолына нұқсан келтірмей, елдігіміздің мәңгілігін сақтау
– көп болып қолға алар жұмыс. ақпарат ғасырындағы ақпарат тасқынына
оң мен солды ажырата алатын білім, біліктілігімізбен ғана тойтарыс бере
аламыз. әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылу жолы да қысқара
түспек. ал, бұл ретте ұлттық тәрбие көмекке келері анық. мәселен, жүрек
түкпірінде ұлтқа, елге деген ізгі ниет жатар болса, дүниедегі барлық
ғылым-білімді дамытып, ғылыми-техникалық жетістіктерін меңгермекпіз.
рас, әрбір қазақ баласы заман талабынан қалмай білімді болуы қажет.
әйтсе де тәрбиесіз берілген құрғақ білім көп жағдайда зияндылыққа
ұшыратары тағы бар. Соның салдарынан елін, жерін, Отанын сүю, өсіп-
өнген жеріне қалтқысыз қызмет ету секілді жауапкершіліктер жадыдан
шығады. мұндай олқылық әрекеттерді болдырмау үшін әрбір жас
жеткіншекке біліммен қатар, ұлттық тәрбие беруіміз қажет. Көрнекті
қоғам қайраткері мұстафа Шоқай: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта
тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын
пайдалы азамат шықпайды»,– деп айтқан екен. демек, ұлттық тәрбие
– бiздiң ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзетiн асыл қазынамыз. Осындай ұлттық
құндылықтардың ұмыт бола бастауынан адами қасиеттеріміз де аяққа
тапталып барады. Жасыратыны жоқ, өз ана тілін, ата тарихын, асыл дінін,
ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін жетік білмеудің себебінен
қазақ қоғамында бұрын-соңды болмаған таңдай қақтырар жат әрекеттер
белең алуда. Тастанды балалар, қарттар үйі, нашақорлық, жезөкшелік,
жат діннің жетегінде кеткен жастар т.б. тізбектей берсек, осының барлығы
қоғамды іштей ірітіп барады. Осы жағдай қоғаммен қатар, жекелеген
жандарға да опық жегізуде.
Халқымыз «Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады» дейді.
Шынында солай. Қазақ халқының сонау ықылым замандардан бері
отбасы, ошақ қасында-ақ қаланған ұлттық тәрбиесінің имандылықпен
байланысын аңғарамыз. Кез келген тәрбиелік сөздердің мәнісіне үңілсек,
осыны айқын аңғарамыз. ал, имандылық пен адамгершілік қағидаларын
халқымыздың өлең-жырларынан, шешендік сөздерінен, бабалар өсиет-
терінен де үйренуге толық негіз бар. демек, ұлттық тәрбие қашанда
имандылықтың өзегі екенін еліміздің есінен шығармағаны дұрыс.
Дастан Несіпбайұлы
– Соңғы кездері дінтану пәнін
мектептен бастап жоғары оқу
орындарының бағдарламасына
дейін енгізу керектігі айтылуда.
Бұл бастама қандай қажеттілік-
тен туындап отыр?
– Кез келген бастама қоғамның
қажеттілігін өтеу, сұранысын орындау
мақсатында қолға алынады. Осы-
дан біраз жыл бұрын әсіредіншіл-
дердің оғаш әрекеттері қоғамның
алаңдаушылығын тудырды. елі міздің
батыс өңірінде бұл мәселе тіпті ас-
қынып кетті. асыл дініміздің атын
жамылғандардың ықпалына түскен-
дер бір сәтте тұмшаланып, өз ұс-
та ным дарымен өмір сүре бастады.
Кә дімгі отау ішінен отау тіккендей
тірлік кешті. Олар «бүйректен сирақ
шыға рып», жаңа қағидалар ойлап
тауып жатты. Соның кесірінен ата-
анасынан, ортасынан безінгендер
көбейді. Теріс ықпалдың әсерінен өз
туғанына қарсы шығатындар пайда
болды. міне, мұның барлығы діннің
дұрыс дәріптелмегенінің кесірі.
дін әліппесін меңгермегендердің
қиыс жолға түсуі заңдылық. ал ды-
на бөтен мақсат қойғандар жас тар-
дың діни сауатсыздығын өз мүд-
делеріне оңтайлы пайдалана білді.
Осындай кемшіліктерді жойып, діни
сауатсыздықты болдырмау мақ са-
тында дінтану дәрістерін білім беру
бағдарламаларына енгізу қажеттілігі
туындаған болатын.
– Дінтану пәнінің енгізілуімен
мәселе шешіледі деп ойлайсыз
ба?
– Тәуелсіздік алған алғашқы жыл-
дары жастардың мешітке баруына
қуанғанымыз есте. Кеңестік идео-
логияның қамытынан босаған жас
мемлекет үшін жастардың дінге бет
қоюы үлкен жетістіктей сезілген еді
сол тұста. алайда, «Тәрбиесіз бе ріл-
ген білімнің зиянды» болатынын ке-
йіннен жақсы түсіндік. Шындығында,
біз осы жылдары дінге қатысты бақы-
лауды назардан тыс қалдырдық.
Шетелдерге жіберген студенттеріміз
діни сауатын көтерудің орнына сана-
сын улап келіп жатты. бұдан өзі ға-
на зардап шеккен жоқ. біліктілігін
көтеріп келеді деген мамандар өзі-
не табына қараған жастардың да
санасын улады. мұндай мәселе бұ-
рынғы одақтас елдердің барлығына
ортақ десем қателеспеймін. Оларда
да өзге елдердің мәдениетін меңге-
ріп, озығын алып, тозығын зерттеп
ке леді деп жіберілген студенттер те-
ріс ағымдардың уытын елге тарата
бастады. мәселенің өзектілігін түсін-
ген елдер дер кезінде студенттерін
қайта шақырып, діни оқу орындарына
жіберуден бас тартты. бізде де бұл
бағытта біраз шаруалар қолға алынды.
бір белгілісі, діни сауатсыздықпен
күресті тек мешіт қызметкерлеріне,
имамдарға жүктеп қоюға болмайды.
бұл – жалпы халық болып бірігіп ше-
шетін мәселе. дінтану пәні де сол
ортақ мақсатты мүлтіксіз орындау
үшін енгізіліп отыр. Және бұл пәнді
оқыту дінге қатысты түйткілдерді то-
лық ше шуге пәрменді деу қате.
– Дінтану сабақтарында не
оқытылады?
– Жалпы, бүгінде дін тақырыбы
қоғам үшін де, адам үшін де аса
маңызды да ауқымды тақырыптардың
бірі болып отырғандығы баршамыз-
ға мәлім. бұл тақырыпты саралап,
ой елегінен өткізу үшін ауқым ды дә-
лелдер қажет сияқты. дін бізге жа-
раты лысымыздың мақсатын, алла
тағала алдындағы пенделік мін дет-
терімізді үйретеді. Жақсы мен жа-
манды, дұрыс пен бұрысты, арам
мен адалды ажыратуды және жақ-
сылыққа қарай жоғарылаудың жол-
дарын көрсетіп береді. дін адамды
рухани тұрғыдан байытады. Көркем
мінезді кемеліне келтіреді. Жеке
адамдардың бір-біріне құрметпен
қарап, өзара ақыларын өтеп жүруге
баулиды. Қысқасы, діннің мақсаты –
адам баласын дүние тіршілігінде де,
ақиретте де бақыт-шаттыққа кенелту.
ал, мектептер мен жоғары оқу орын-
дарындағы оқу бағдарламаларына
курс ретінде қосылып отырған дінтану
пәнінің жағдайы қандай дәрежеде?
бұл пәннің мақсаты қандай, жалпы,
ЖОО-ларда оқытылуы дұрыс па, әлде
бұрыс па? бұл өзекті ойларға тоқталып,
ой түбіне үңіліп көрсек, жалпы, дінтану
пәнін – бұл діни ілімдер тарихын және
діни өмірдің институциялық фор масын
діни-мәдени мұра, діни өнер, діни
жазба ескерткіштерін, діни білім және
ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән
құқықты, діндер тарихының архео-
логиялық ескерткіштерін, түрлі діни
ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы
өзара қатынас тарихы мен қазіргі
ахуа лын зерттейтін ғылым ретінде
танимыз. Жоғары кәсіби білім беру
жүйе сінде дінтану зайырлы тұрғыдан
оқытылады.
дінтану пәні – тарихтың сан ға-
сыр лық мұрасында жинақталған діни
тәжірибе, діни мәдениет ескерт кіш-
тері, интеллектуалды және рухани
мұралар болып табылады. біз біле-
тініміздей, барлық оқытушылар діни
білімге, діни әдет-ғұрыптар мен дәс-
түрлерге құрметпен қарайды. За-
йырлы ғылымның тақырыбы мен
маз мұны атеистік немесе дінге қарсы
емес. Университетте оқытылатын діни
ғылымдардың тақырыбы мен маз мұны
қайырымдылық, ізгілік, адамсүйгіштік,
патриотизм, толеранттылық, басқа
дін өкілдеріне құрметпен қарау қағи-
даттарына сүйенеді. менің ойым ша,
қазіргі таңда дінтану пәнінің универ-
ситет бағдарламаларына қосы лып
отырғандығы өте дұрыс. Себебі,
бү гінгі жас – ертеңгі елдің бола ша-
ғы, бір мақсат, бір мүддеге бірік ті-
ріле жұмыс атқаратын келешектің
кемелдері. ал, осы тұрғыдан келгенде
жастарды дұрыс бағытта тәрбиелей
білу бүгінгі білім ошақтарында іс ке
асырылатындығы айтпаса да тү сі-
нікті. дін тұрғысындағы тақы рып-
тарды зерделеу барысында түрлі
кездерде пайда болған ежелгі рим,
Грекия, иран, Конфуций ілімі, хрис-
тиан діні, даосизм, синтоизм ілім-
дерінің барлығында адамдарды
ба уырмалдыққа, мейірімділікке, қайы-
рым дылыққа, адалдыққа шақыратын
ор тақ құндылықтар бар екендігіне
студенттердің көзі жетеді. аталған
қасиеттердің барлығы әр адамның
бойында бар екендігін түсіндірумен
қатар, сол қасиеттерді әркімнің өз
бойында жетілдіре білуіне басты назар
аударылады. алла тағала өзінің бір
аятында «мен сендерді бір-біріңді
тану үшін бір еркек, бір әйел қылып
жараттым және ұлтқа бөлдім» деген
екен. егер осы сөзді ақылға са ла тын
болсақ, бір еркек, бір әйел – заң ды-
лық, ал, ұлтқа бөлдім деген сөз ден
әр ұлттың салт-санасына қарай та-
ным- түсінік қалыптасатынын көруге
болады.
– Бізде жаңа енгізілген пән-
дер өзге елдердің тәжірибесі
тұрғысынан оқытылады. Дінтану
бойынша жүргізілетін курстарда
бұл кемшіліктер қаншалықты
ескерілген?
– біздің ата-бабаларымыз дінді
тереңінен зерттеп, мол тағылымын
өзі нің салт-санасына, дәстүріне сіңіре
білген. Қазақ халқының салт-санасы,
дәстүрі, Құран ілімін терең меңгерген
ғұлама, данышпандарымыздың нақыл
сөздерінің, халық даналығының бар-
лығы адамды бауырмалдыққа, ме-
йі рімділікке, инабаттылыққа, кіші-
пе йіл ділікке, тағы басқа да жақсы
қа сиеттерге үйретеді. Осындай тари-
хи мұралар, дінді насихаттаудағы дара
жо лымыз тұрғанда бізге өзге елдердің
тәжірибесін меңгеріп, басқа елдерге
жалтақтаудың қажеті жоқ.
асылында, әрбір дүниеге келген
адамның бойында дінге, рухани таза-
лыққа, тылсым күшке сену сезімі бо-
лады. бойдағы бұл сезім адамды ерте
ме, кеш пе, әйтеуір, бір тылсым күшке
сенуге жетелейді. адамның ет пен
сүйектен жаратылғаны айдан анық
болса, тән мен жан да сол адамдық
ұғымның қос қанатын құрайды. Тән
азығы ішіп-жеу мен басқа да нәпсілік
жағдаяттармен байланысты болса,
жан азығы – ең алдымен, Ұлы Жара-
тушыға құлшылық ету. Тарихи дерек-
терден қорытынды шығарсақ, дінсіз,
яғни, иманға бой ұсынбаған адам
болғанымен, дінсіз қоғам болмаған.
Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж.
Соның ішінде тоқтала кететінім, қазіргі
таңда осы діни зорлық-зомбылық пен
алдап-арбаудың құрсағында қалып
отырғандардың көпшілігі жастар. Түр-
лі секталардың алдауына арбалып, өз
өмірін қиып кетіп жатқандары қанша-
ма?! бұған не себеп? әрине, мәселе
діни білімнің өз деңгейінде жетілді ріл-
мегендігінде. Жастар ғаламтор бет-
терінен болсын, кез келген әдебиет
беттерінен болсын алған жалған ақпа-
раттарға өздерін сендіріп, жаңбырдан
кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған жат
ағымдардың шырмауында кетіп жа-
тыр. Тағы да атап өткім келеді, ел бо-
лашағы – жастар. Сондықтан, оларды
дұрыс жолмен жүргізіп, ғылымилық
тұрғыдан діни санасын қалыптасты-
руда дінтану пәнінің орны ерекше.
Жоғары оқу орындарында тереңірек
оқытылып, пән аясы кеңейтілсе нұр
үстіне нұр болар еді.
– Дінтанушы ретінде сізді не
алаңдатады?
– Қазіргі жастардың сенгіштігіне,
аңқаулығына алаңдаймын. мұның
барлығы сауатсыздықтың кесірі. Өт-
кенде қызылордалық жасөспірім-
дердің мектептен қашып мешітке
баратынын айтып мамандар дабыл
қақты. мектептегі бала үшін ең бас-
ты міндет – білім алу болуы керек.
діни сауатын мектептен тыс уақытта
толықтырса болады. ал, біреулердің
сөзіне ерген балалар мектепті қойып
мешітке барады. бұл мәселені ата-ана
мен мешіт имамдары назарда ұстауы
керек. Өйтпесек, ертең кеш болады.
– Ой бөліскеніңізге рақмет.
Достарыңызбен бөлісу: |