АҢдатпа 6-бет 5-бет



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата15.03.2017
өлшемі6,77 Mb.
#9422
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Е.АМАНҒАЛИЕВ,

Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының төрағасы

ҚАЗЫЛАРДЫҢ АШЫҚ ОЙ АЙТАР АЛАҢЫ



Құрасбек РЫСҚҰЛБЕКОВ

Оңтүстік Қазақстан облысы

мамандандырылған ауданаралық 

экономикалық сотының судьясы

күшейтіп,  сот  төрелігінің  сапасын 

жақсартуға,  яғни,  жергілікті  соттар 

жұмысының  тиімділігін  арттыруға 

септігін  тигізуде.  Бұл  өзгеріс  сот 

төрелігіне қолжетімділікті жеңілдетіп, 

істерді  сотта  қарау  мерзімдерін 

азайтуға мүмкіндік бергені қуанарлық 

жағдай. 

Ұлт  жоспарындағы  19­қадам 

бойынша  қазіргі  таңда  судьялардың 

есеп  беру  тәртібі  күшейтіліп,  судья­

лардың жаңа Әдеп (этикалық) кодек­

сінің  жобасы  әзірленді.  Жоғары да 

аталған  іс­шаралардың  барлығы 

кәсіби  судьялар  корпусын  қалып­

тастыру  жұмысын  жүйелі  жүр гізуге 

және  бұл  өз  кезегінде,  барлық 

судьялардың  сот  төрелігін  сапалы 

жүзеге  асыруға  ықпал  етеді.  Мем­

лекетіміздің  құқықтық  жүйесін 

жетілдіру жұмыстары алдағы уақытта 

да  жалғасатын  болады.  Әрбір  судья 

сот билігінің биік абыройы үшін адал 

қызмет  етіп,  сот  жүйесін  одан  әрі 

жетілдіруге  атсалысуда.  Санаулы 

күндерден  кейін  өткелі  отырған  VІІ 

съезд  Судьялар  қауымдастығының 

алдағы  мақсаты  мен  міндеттерін 

айқындап, соттардың жұмысына жаңа 

серпіліс беретініне сенімдіміз.

1996 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ БІРІНШІ РЕТ СУДЬЯЛАРДЫҢ 

СЪЕЗІ ӨТКІЗІЛГЕН БОЛАТЫН. СОДАН БЕРІ ҚАРАЙ 

СУДЬЯЛАР ОДАҒЫНЫҢ АЛТЫ СЪЕЗІ СОТ ТАРИХЫНДА 

ӨЗ ОРНЫМЕН ЕСТЕ ҚАЛЫП ОТЫР. ОСЫҒАН 

ДЕЙІН ӨТКІЗІЛГЕН ӘРБІР СЪЕЗДІҢ ӨЗІНДІК ЖАҢА 

МАҚСАТТАРЫ, ЯҒНИ, МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ­

САЯСИ, ӘЛЕУМЕТТІК­ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘРТЕБЕСІНЕ САЙ КЕЛЕТІН СОТ 

ЖҮЙЕСІН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ 

НӘТИЖЕЛІ ОРЫНДАЛДЫ.


5

zangazet@maiI.ru



№110/1  (2888/1) 

6 қазан 2016

ТҰҒЫР

Құрылтайда Ұлт көшбасшысы халқымыздың бүгіні мен болашағы туралы 

баяндама  жасап,  Қазақ  елінің  шынайы  тәуелсіздікке  қол  жеткізуінің  айқын 

көрінісін  паш  етті.  Нәтижесінде,  Дүниежүзі  қазақтарының  қауымдастығы 

құрылып, қауым дастық  төрағалығына Тұңғыш Прези дент, Ұлт көшбасшысы 

Нұр сұлтан Назарбаев сай ланды. Ал, төрағаның бірінші орынбасары қызметіне 

Қазақстан  Жазушылар  одағының  сол  кездегі  төрағасы,  жазушы  Қалдарбек 

Найманбаев  кірісіп,  осы  жауапты  жұмысты  жазушы  өмірінің  соңына  дейін 

табысты жүргізді. 

1993  жылы  17  желтоқсанда  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығының 

тұсаукесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Моңғолиядан, 

Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. 

Алғашқы  Құрылтай  ағайындарға  ақжолтай  болды.  Моңғолия,  Өзбекстан, 

Ресей мен Түрікменстан, Түркия, Ауғанстан, Иран, Қытайдан шыққан ұлы көш 

атажұртқа атбасын тіреді.  Содан бергі 24 жылда тұңғыш жиынға 33 елден 

келіп  қатысқан  470  делегат  тәуелсіздік  жылдарында  1,5  миллионға  жуық 

қандасымыздың елге оралуына жол салып берді. 24 жылда 965 мыңнан астам 

адам  азаматтық  алды.  Елбасы  бастаған  игі  істерден  Дүниежүзі  қазақтары 

қауымдастығы шет қалған емес. 

Атажұртқа айқара есік ашылды

Екінші Құрылтай араға он жыл салып, 2002 жылы еліміздің рухани астанасы 

Түркістанда  өтті.  Және  ол  жиында  Қазақстан ның  тәуелсіздік  алған  он  жыл 

ішіндегі қол жеткізген табыстарын саралап-сараптауға айрықша көңіл бөлінді. 

Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттен 400-ден астам өкіл қатысты. 

Алқалы жиында қандастарымыздың елге оралу, көші-қон квотасының мөлшерін 

ұлғайту  мәселелері  қаралды.  Және  онда  айтылғандар  құр  сөз  болып  қана 

қойған  жоқ,  осы  Құрылтай  ағайындардың  атажұртқа  оралуына  айқара  есік 

ашты. Мысалы, 2003 жылы – 5 мың, 2004 жылы – 10 мың, 2005 жылы – 15 мың 

отбасы елге көшіп келді. 



Келелі мәселелер қолға алынды

2005  жылы  27-28  қыркүйекте  Қазақтардың  ІІІ  Дүниежүзілік  құрылтайы 

Астанада өткізілді. Құрылтайға Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, 

Норвегиядан,  Италиядан,  Сингапурдан,  Мысырдан,  т.б.  елдерден  300-ден 

аса  қазақ  келді.  Әр  Құрылтай  шеттегі  ағайындардың  жағдайына  тереңдей 

түсіп,  үшінші  басқосуда    шетелдерде  тұратын  қазақтарды  Қазақстанның 

жоғарғы оқу орындарында оқыту, сондай-ақ, тарихи Отанға инвестиция салу, 

Республиканың экономикасы туралы толық ақпараттар алу мүмкіндігін жасау 

секілді келелі мәселелер ортаға салынды. 

Басқосуда бес міндет белгіленді

2011  жылы  25  мамырда  Астанадағы  Тәуелсіздік  сарайында  Мемлекет 

басшысы,  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы  төралқасының  төрағасы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы 

өтті. Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының соңғы бес жылда 

атқарған  жұмыстары  қорытындыланып,  алдағы  міндеттері  айқындалды. 

Құрылтайға әлемнің 35 мемлекетінен 380 делегат қатысты. IV Құрылтай ел 

тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Тағы бір ерекшелік, делегаттардың 60 

пайызын 30-ға дейінгі жастар құрады. Елбасы осы құ рылтайда шетел дердегі 

қазақ  диаспорасы  мен  орал мандарға  қолдау  көрсетудің  барлық  тетіктерін 

айқындап, 5 міндет белгілеп берді. Негізгілерін атасақ, бірін шісі – көші-қонға,  

екіншісі – оқу-білімге, үшіншісі – бұқаралық ақпарат құралдарына байланысты 

болды. Президент: «Біз әлемдегі барша қазақ жастарының сапалы білім алуына 

тиісті жағдай жасауымыз керек» деп, Білім және ғылым министрлігіне қандас-

тарымызға бөлінетін гранттық квотаны нақтылап, жастармен жүйелі жұмыс 

жүргізуді тапсырды. 

Елбасы барлық Құрылтайда шет елдегі ағайындардың бүгіні мен болашағына 

қатысты өзекті мәсе лелерді айтып, соған сай, Қазақстан тарапынан жасалуға 

тиіс  қол даудың  бәрін  бір  жүйеге  түсіріп,  нақ тылап  берді.  Тәуелсіздік  таңы 

атқалы  Дүниежүзі  қазақтарының  4  Құрылтайы  өтті.  Бесінші  басқосу  келер 

жылға жоспарлануда. 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 

алтын көпірге айналды

Дүниежүзі қазақтары қауым дастығын алыс-жақын шетелдегі 5 млн қазақ 

диаспорасы мен Қазақстанның арасын жал ғастыратын алтын көпірге теңесек 

асыра айтқандық болмас. Себебі, қауымдастық Қа зақстанда қолға алынған 

ма ңыз ды істерді шетелдегі ағайындарға дер кезінде жет кі зер жаршы. 15 млн 

қазақ әртүрлі елді мекендейтін, түрлі мәдениет пен салт-дәстүрге бейімделген 

және әртүрлі жазуды қолданатын ха лыққа айналып отыр. Соған қарамастан, 

олардың өздерінің ұлттық ерекшелігін сақ  тауға, ана тілін білуге деген ынта-

ықыластары  зор.  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы  Елбасының  жыл 

сайынғы Жол даулары ның қазақша мәтінін латын жазуымен жарыққа шығарып, 

шетелдегі ағайындарға тұрақты түрде жеткізуде.  Қауымдастық жанынан «Туған 

тіл» альманағы мен «Алтын бесік» журналы жарық көреді. 

Алыс және жақын шетелдерде тұратын қазақтар әлемнің қырықтан астам 

елін  мекен  етуде.    Соңғы  деректерге  сүйенсек,  Өзбекстанда  1,5  миллион, 

Қытайда  1,5  миллион,  Ресейде  1  млн.-ға  жуық,  Түрікменстанда  80  мың, 

Моңғолияда 140 мың, Қыр ғыз станда 45 мың қазақ бар. Қазақтар Ауған стан, 

Иран, Түркия сияқты елдерден бастап, Еуропаның Германия, Франция, Швеция, 

Дания сияқты алыс мемле кеттерінде де өмір сүруде. Дүниежүзі қазақтары 

қауымдас ты ғының сырт жерлердегі қазақ диаспорасымен тұрақты байланыс 

жасайтынын ескерсек, аталған ұйым алыстағы аға йындардың ұлттық-рухани 

және  көші-қон  жөніндегі  мұң-мұқтаждары  мен  өтініш-тілектерін  Қазақстан 

үкіметіне, басқа да тиісті орындарға жеткізіп, олардың шешілуіне ықпал жасап 

оты руға  да  айрықша  көңіл  бөледі.  Соған  орай  шетелдегі  қандастарымыз 

Дү ниежүзі  қазақтары  қауымдастығын  өз дерінің  қасиетті  қара  шаңырағы 

санайды.  Дүниежүзі  қазақтары  қа уымдастығы  жұмысын  төралқа  төр ағасы,  

Президентіміз  белгі леп  берген  бағыт-бағдары  мен  міндет-тапсырмаларына 

сүйеніп  жүзеге  асырады.  Бұл  жұмыстардың  арасында  әлем  қазақтарының 

құрылтайларын ұйым дас тырудың алар орыны ерекше.



–  Қазақстан  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына 

орай  өткізілетін  өнер  фестивалінің  мақсатына 

тоқталсаңыз.

–  Фестивальдің  негізгі  мақсаты  –  шеттегі  және 

елге  оралған  қазақ  жастарының  өнерін  бағалап, 

олардың есімін елге таныту. Нақты айтсам, талантты 

жастарға қолдау көрсету Қазақстан Республикасының 

Мәдениет  және  спорт  министрлігі  мен  Дүниежүзі 

қазақтары  қауымдастығы  жұмысының  бір  бағыты. 

Аталған  министрліктің  Тіл  комитеті  қолдауымен 

дәстүрге  айналған  фестивальден  үлкен  өнерге 

жолдама  алып,  бүгінде  есімдері  кеңінен  танылған 

ақын-жазушы,  суретші,  әнші-термеші  көп.  Әлемдік 

экономикалық  дағдарыс  салдарынан  елімізде  орын 

алған  қаржы  тапшылығына  қарамастан,  фестиваль 

биыл  да  өзінің  жалғасын  тауып  отыр.  Фестивальге 

қазақ диаспорасы неғұрлым шоғырланып орналасқан 

Қытай,  Моңғолия,  Ресей,  Өзбекстан  елдерінен 

келген, шетелде туып-өсіп, атажұртқа оралған, ұлты 

қазақ, жасы 35-тен аспаған шығармашылық жастар 

қатысады.  Фестивальге  қандастарымыз  әлемнің  21 

елінен  келмек.  Өнер  фестивалін  биыл  Қазақстан 

Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  арнап  отырмыз.  Ел 

Тәуелсіздігін ардақтау мен жастар бойында патриоттық 

рухты қалыптастыру қашанда алдыңғы орында тұрмақ. 

Әртүрлі радикалдық діни ағымдардан, жат пиғылды 

топтардың ықпалынан жастарды қорғау бүгінгі күннің 

басты  талабы  десек,  осындай  игі  іс-шаралардың 

маңызы зор.

–  Шетте  жүрген  қандастарымыз  Қазақ  елінің 

Тәуелсіздік тойын қалай қабылдайды?

–  Алдағы  жылы  елімізді  ірі  уақиғалар  күтуде. 

Халықаралық  «ЭКСПО»  көрмесі  мен  Әлем  қазақ-

тарының  V  Құрылтайына  дайындықпен  келу  жас-

тарымызға, оның ішінде жас диаспора өкілдеріне де 

жаңа міндеттер жүктейді. Бүгінде біз Тәуелсіздігімізге 

ширек  ғасыр  толған  торқалы  кезеңге  аяқ  басып 

отырмыз. Бұл іштегі, сырттағы барша ағайынға ортақ 

ұлы той. Қазақ елінің егемендігі барлығымыздың ата-

бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы. Тәуелсіздік 

тойын  шекара  сыртынан  келген  қандастарымыздың 

әрбірі өзінің төл мерекесі санайды. Тарихи Отанының 

туы  жоғары  болуын  қаламайтын  қазақ  шекара 

сыртында кемде-кем, тіпті, жоқ деуге болады. Мұны 

мен  ел  ісіне,  диаспора  шаруасына  араласқан  ұзақ 

жылғы тәжірибемнен анық білемін.



– Шетелдердегі қазақ мәдени орталықтарымен 

байланыстарыңыз қандай?

– Қазіргі кезде Еуропа ел дерінің көбінде, Германия, 

Түркия, Франция, Австрияда Қазақ мәдени орталық-

тары  құрылған.  Олардың  жұмыстарын  жоғары 

бағалауға болады. Қауымдастық осы орталық тар мен 

бірлесіп,  Еуропа  қазақтарының  спорт  және  мәдени 

мерекелерін  ұйымдастыруда.  Өзбекстандағы  қазақ 

мәдени  орталығы  да  жемісті  жұмыс  істеуде.  Ол 

елдің  көптеген  облыстары  мен  Қарақалпақстанда 

республикалық  Қазақ  ұлттық  мәдени  орталығының 

бөлімшелері  кұрылған.  Ресейдің  Мәс кеу,  Санкт-

Петербург  сияқты  үлкен  қалаларынан  бастап, 

Астрахань,  Орынбор,  Омбы,  Самара,  Саратов, 

Челябі,  Түмен  облыстары  мен  сонау  алыстағы  Саха 

Республикасында да қазақ мәдени орталығы бар. Қазір 

қазақтар  көп  тұратын  елдердің  басым  көпшілігінде 

заңды түрде құрылып, әділет мекемелерінен тіркеуден 

өткен қазақ мәдени орта лықтары жетерлік. Солармен 

бірігіп,  шетелдерде  кіші  Құрылтайлар  өткіземіз.  

«Өзбекстандағы  қазақтар»,  «Қытай дағы  қазақтар», 

«Ресейдегі қазақтар» деген монографиялық жинақтар 

жарық  көрді.  Шетел  қазақтарымен  байланыс  жасау 

жөнінде түрлі ғылыми-практикалық конференциялар, 

дөңгелек үстел мәжілістері ұйымдастырылуда.



–  Тәуелсіздікті  одан  әрі  нығайтып,  бекітуде 

жастар не істеуі керек?

– «Тәуелсіздікті күн сайын қорғау керек, нығайту 

керек,  өркендету  керек»,  деген  сөзді  Елбасы, 

қауымдастық төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

жиі  айтады.  Тәуелсіздікті  біздің  жастарымыз  күн 

сайынғы еңбектерімен, шығармашылығымен, өнерімен 

қорғап, нығайта, өркендете алады. Сондықтан, әр жас 

алдына  биік  мақсаттар  қойып,  соған  жету  жолында 

талмай  еңбектенуі  керек.  Жастарға  қазір  құлашын 

кеңге жаза, шабыттана түсетін уақыт келді. Елбасының 

«Ұлы  дала  ұлағаттары»  атты  мақаласында  атап 

көрсеткеніндей, «Жаңа заман біздің өрісімізді кеңейтіп, 

жолымызды ұзартты. Тілімізге теңдік, ойымызға кеңдік 

берді».  Енді,  тек,  сол  теңдік  пен  кеңдікті  қадірлей, 

бағалай білу әрқайсымызға парыз.

–  Үлкен  өнер  додасына  үміткерлер  қалай 

таңдалып алынды? 

–  Фестивальге  дайындық  жұмыстары  биылғы 

жылдың жаз, күз айлары бойы жүргізілді. Дүниежүзі 

қазақтары  Қауымдастығының  «Қазақ  әлемі»  сай-

тында,  «Туған  тіл»,  «Алтын  бесік»  журналдарында 

фестиваль  аясындағы  ақындар  мүшәйрасы  мен 

термешілер  сайысының,  қолөнершілер  көрмесінің 

Ережесі  алдын  ала  жарияланып,  жас  ақындардың 

өлеңдері, термешілер орындайтын терме-жырлардың 

аудиожазбасы,  қолөнершілер  туындыларының 

фотокөшірмелері  алдын  ала  сарапқа  салынды. 

Барлығы 180-ге жуық шығармашылық жастар арасынан 

15  ақын,  10  термеші,  15  суретші  мен  қолөнерші 

іріктелді. Олардың өнерін қазақстандық белгілі өнер 

адамдарынан,  ақын-жазушылардан,  суретші,  қол-

өнершілерден,  әнші-термешілерден  құрылған  3  топ 

Әділқазылар алқасы бағалайды. Фестиваль 7 қазан 

күні Алматыдағы М.О.Әуезов атындағы Қазақ драма 

театрында өткізіледі.

– Мұндай шаралар жастарға, жалпы, елге не 

береді?

–  Өнер  фестивалі  үш  түрлі  бөлімнен  тұрады. 

Мұның өзі суретшілер көрмесі, ақындар мүшәйрасы 

мен  әнші-термешілер  байқауы  шетелдегі  және 

оралман қазақ жастарының шығармашылық қарымын 

толықтай сарапқа салуға мүмкіндік береді. Жастардың 

өнері  бізге  шетелдегі  қандастарымыздың  арман-

мұраттарын  тереңірек  білуге,  оларды  жақынырақ 

тануға,  атажұртқа  деген  махаббатын  сезінуге 

көмектеседі.  Ұл-қыздарымыздың  шабытын  шыңдап, 

қанатын қатайтатын фестиваль тақырыбына сәйкес, 

жолданған  шынайы  өнер  туындысының  берері  мол, 

мүмкіндігі  ұшан  теңіз.  Ақындар  мүшәйрасының, 

суретшілер  көрмесінің  тақырыптары  кездейсоқ 

алынған жоқ. «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» 

атты жалпы тақырыпқа біріктірілген өнер бәйгесінде 

ел егемендігін жырлау мен биыл 150 жылдығы қазақ 

елі мен қазақ диаспорасы арасында кеңінен аталып 

өткен атақты Зуқа батыр бейнесін жырға қосу басты 

міндет  болып  отыр.  Бір  кездері  қиыр  жайлап,  шет 

қонған  қандастарымыздың  теңдігі  мен  еркіндігі 

үшін жан қиған Зуқа батыр есімін атажұртқа таныту 

үшін  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы  біршама 

істер  атқарды.  Қауымдастықтың  «Атажұрт»  баспа 

орталығынан Батырхан Құсбегиннің «Зуқа батыр» және 

Қажығұмар  Шабданұлының  «Пана»  романы  жарық 

көріп,  ел  кітапханаларына  таратылды.  Жас  ақындар 

жыры батыр есімінің елімізде ардақталуына үлкен үлес 

қосары даусыз. Ақындарға берілген үш тақырыптың 

қай-қайсысы  да  олардың  шығармашылық  қарымын 

шыңдайды.  Ал,  әнші-термешілердің  орындаушылық 

шеберлігіне баға беру, сарапқа салу арқылы фестиваль 

өнердегі жаңа есімдердің ашылуына жол салады ғой 

деп  үміттенеміз.  Өзіндік  ерекшелігі  мол  суретшілік 

пен  кескіндеме  өнерінің  де  болашақ  саңлақтары, 

нағыз  қылқалам  шеберлері  осы  өнер  байқауынан 

үлкен өнерге жолдама алып жатса, мәдени өмірімізге 

жаңалық  сыйлайтын  шынайы  шеберлерге  айналса,  

біздің мақсатымыздың орындалғаны болар еді.

– Фестиваль қатысушыларына тілегіңіз.

– Қазақ елі жастарының өнері өрге жүзсін, қазақ 

мәдениетінің  келешегі  кемел  болсын!  Қазақстан 

Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  арналған  «Алматы  – 

Тәуелсіздіктің алтын бесігі!» фестивалі әрбір жастың 

бағын ашуына тілектеспін. 



Бетті дайындаған Түймегүл ИБАШЕВА,

«Заң газеті»

ТҰҢҒЫШ 


ҚҰРЫЛТАЙҒА 33 

ЕЛДІҢ ҚАЗАҒЫ 

ҚАТЫСТЫ

Талғат МАМАШЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы:

«АЛМАТЫ – 

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 

АЛТЫН БЕСІГІ»



Е

Л І М І З   Т Ә У Е Л С І З Д І К К Е   Қ О Л 

Ж Е Т К І З Г Е Н   К Ү Н Н Е Н   Б А С Т А П , 

Т А Ғ Д Ы Р  ТӘЛЕЙІМЕН  ӘЛЕМ НІҢ 

ӘР  ТҮКПІРІНДЕ  ӨМІР  СҮРІП  ЖҮРГЕН 

ҚАЗАҚТАРДЫ  АТАЖҰРТПЕН  ҚАУЫШ­

ТЫРУҒА БАСА МӘН БЕРІЛДІ. КӨП ҰЗАМАЙ, 

ОЛ  АРМАН  ДА  ОРЫНДАЛЫП,  ҚАЗАҚ 

ҮШІН  АҚ  ТҮЙЕНІҢ  ҚАРНЫ  ЖАРЫЛҒАН 

КҮН  ТУДЫ.  1992  ЖЫЛЫ  ӘСЕМ  ҚАЛА 

АЛМАТЫДА  ЖЕР  ШАРЫНЫҢ  ТҮКПІР­

ТҮКПІРІНЕН  ЖИНАЛҒАН  ҚАНДАСТАР 

ТАБЫСЫП,  МЕМЛЕКЕТ  БАСШЫСЫНЫҢ 

Жедел сұхбат



ТІКЕЛЕЙ  ҚОЛДАУЫМЕН  БІРІНШІ  ҚҰРЫЛТАЙ    ӨТТІ.  ОНДА 

ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫН  ҚҰРУ, ОНЫҢ 

ЖАРҒЫСЫН  ҚАБЫЛДАУ,  БАСШЫ  ОРГАНДАРЫН  САЙЛАУ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ. 

6

№110/1 (2888/1) 

6 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



ТАЛҚЫ

ЖОҒАЛҒАН БАЛАЛАР ҚАЙДА КЕТЕДІ?

Деректерге сүйенсек, балалардың 

жоғалуы  бүгінде  әлемдік  мәселеге 

айналған. Халықаралық құқық қорғау 

ұйымдарының  мәліметіне  сенсек, 

жыл  сайын  Еуропа  елдерінде  — 

70  мың  бала,  АҚШ-та  –  1,5  млн 

бала,  Ресейде  15  мыңға  жуық  бала 

жоғалады екен. Еліміз халқының саны 

жөнінен  бұл  елдерден  әлдеқайда 

төмен сатыда тұрса да, балалар мен 

жасөспірімдердің  жоғалу  деңгейінен 

кем  түспей  тұрғаны  байқалады. 

Жоғалған  балалардың  жартысы 

сәті түсіп табылып жатса, кейбірінің 

жендеттердің қолынан қаза табатыны 

мамандарды алаңдатып отыр. Бүгінде 

ата-аналар балаларын бір сәтке болса 

да, көзден таса қалдырудан қорқатын 

б о л д ы .   М а м а н д а р   е ң   а л д ы м е н 

ата-аналарға  балаларына  өздері 

қорған  болу  керектігін,  көзден  таса 

етпеуін ескертуде. Жақында ресейлік 

журналистер  жүргізген  зерттеу 

нәтижесі  көрсеткендей,  кез  келген 

бейтаныс  адамның  аулада  ойнап 

жүрген баланы ертіп кетуі үшін 20-30 

секунд  жеткілікті  екен.  Балалардың 

басым бөлігі тәжірибе кезінде санаулы 

секундтардың ішінде бейтаныс адамға 

Соңғы  кездері  елімізде  алаяқтыққа  қатысты 

деректер өсе түскен. Мамандар «алаяқтық статистика 

бойынша ұрлықтан кейінгі екінші орын алатын кеңінен 

тараған  қылмыс  түрі.  Қазіргі  таңда  алаяқтықтың 

жаңа  түрлері  пайда  болуда,  оған  туристік,  банк  және 

өзге  де  салалардың  адамдары  тартылуда»  дейді. 

Деректер  «Біреудің  ала  жібін  аттама»  дейтін  қазақы 

тәрбиеміздің аяқасты болғанын аңғартып отыр. Әлемдік 

дағдарыс басталғалы бері алаяқтардың саны тіпті арта 

түскен.  Адамдарды алдап, ақшаларын алу үшін немесе 

банктердің, мемлекеттік қазынаның қаржысын иемдену 

үшін олар небір айла-тәсілдерді ойлап табады. Алаяқтық 

әрекеттерге қатысты ашылған қылмыстарға сараптама 

жасаған  Бас  прокуратура  республикада  тіркелген 

алаяқтық қылмыстардың 68,4 пайызы алдап ақша алуға 

байланысты, 6,1 пайызы ұялы телефон арқылы жасалған, 

ал  қалғаны  көлік  құралдары,  жылжымайтын  мүлік, 

зергерлік  бұйымдарға  бағытталған,  деген  тұжырым 

жасады.


Нарық  кезеңінің  заңдылығына  қалыптаса  алмай, 

елдің  еншісіне  көз  алартуға  дайын  тұратын  масылдық 

психология  елдегі  осындай  қылмыстардың  өршуіне 

себепкер  болып  отыр.  Республикадағы  жұмыссыздар 

санының  артуы  мен  ізгілендіру  негізінде  түрмелерден 

босатылып жатқан азаматтардың қайта қылмысқа барып, 

жеңіл табысқа оңай кенелудің жолдарын іздеуі  алаяқтық 

фактілерінің  көбеюіне  негіз  болып  отыр.  Біреудің 

несібесіне  ортақтасып,  жолдан  табыс  табуды  мақсат 

тұтатын  алаяқтармен  күрес  қарқынды  жүріп  жатыр. 

Алайда, құқық қорғау жүйесіндегі бұл күрестің нәтижесі 

көңіл  көншітпей  тұр.  Ендеше,  алаяқтықпен  күресудің 

өзге жолдары қайсы?

Бас  прокурордың  орынбасары  Ерлік  Кененбаев 

алаяқтық әрекеттер туралы арыздар мен хабарламаларды 

тіркеу, тергеу мен жіктеу барысында кездесетін түйткілді 

мәселелер  көп  екенін  айтады.  Мәселен    алаяқтық 

бойынша  тіркелген  әрбір  екінші  арыз  іс  жүзінде  олай 

болмай  шығатындықтан  шарттық  міндеттемелерді 

орындамау фактілері сотта қаралуы тиіс деп санайды. 

Алаяқтық мәселесі бойынша деректер азайсын десек, 

осындай  түйткілді  мәселелерді  шешіп  алу  қажеттігі 

сезіледі. 

Прокурорлардың  айтуынша,  алаяқтар,  көбінесе, 

ақшаға көз тігеді екен. Ал, олардың арбауына әйелдер жиі 

түсетін көрінеді. «Құрыққа түскен азаматтардың ортақ 

ерекшелігі  –  заңды  білмеуі.  Жалпы,  мәселені  талдау 

барысында алаяқтық қылмыстардың көп жағдайда, тиісті 

алдын  алу  шараларын  дер  кезінде  қолға  алмауынан 

болатынын  көрсетті.  Құқық  қорғау  және  мемлекеттік 

органдар арасында нақты байланыс жоқ», – дейді құзырлы 

мекеме өкілдері. Азаматтар аңғалдықтарының кесірінен 

ақша  айырбастау,  ұялы  телефоннан  хабарласу  секілді 

өтініштерге  сеніп,  алаяқтарға  алданып  қалып  жататын 

көрінеді.  Сондай-ақ,  соңғы  кездері  телефон  арқылы 

хабарласып, «жақыныңыз келеңсіз жағдайға тап болды» 

деп үптеп кететіндер де жиі кездескен. Алаяқтықтан жиі 

зардап шегетін тағы бір топ – жасөспірімдер. Тәжірибеде 

мұндай фактілердің жасөспірімнен қоңырау шалу үшін 

телефонын немесе айдап көру үшін велосипедін бере 

тұруын өтіну секілді түрлері кең тараған. Себебі балалар 

ештеңеден сезіктенбестен өз дүниелерін өзгеге ұстата 

салуы мүмкін. Ал арам пиғылын жүзеге асырған қаскүнем 

оқиға орнынан лезде тайып тұруға әрекет жасайды. 

Телефон алаяқтары уақыт өткен сайын абоненттерді 

алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып отыратындықтан, 

мұндай  қылмыстың  нақты  түрлерін  айқындау  мүмкін 

бола бермейді.  Дегенмен, телефон  алаяқтығының кең 

тараған бірнеше түрі бар. Біріншісі, алаяқ телефон соғып, 

өз құрбанының жақын туысы қиын жағдайға (есірткімен 

қолға  түсті  не  ЖКО-ға  себепші  болды)  тап  болғаны 

жөнінде ескертіп, өзі көрсеткен адамға ақша аударуды 

сұрайды.  Екіншісі  –  жалған  компаниялардың  әртүрлі 

акциялар  өткізетіні  туралы  хабарлама  жолдау  арқылы 

жасалатын СМС-алаяқтық. Алаяқтық әрекеттері қатарына 

бірнеше  жылдар  бұрын  пайда  болып,  көпшілікке  қыр-

сыры мәлім болған үлгі ретінде «қаржы пирамидалары» 

да жатады. 

Жылжымайтын мүлік бағытындағы алаяқтық үлгілері 

де  әр  алуан.  Оларға  банктен  тиімді  баға  бойынша 

кепілдегі мүлікті сатып алу, сатып алу-сату туралы жалған 

келісімшарттарға отыру, бірлескен бизнес ашуды желеу 

етіп, кредит алу үшін «құрбанның» пәтерін не үйін банкке 

кепілге қою секілді әрекеттер жатқызылады. 

Ғаламтор өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналғалы 

бері интернет-алаяқтық ұғымының өзіндік сипаты көріне 

бастады.  Олар:  интернет-поштаға  көп  көлемде  ақша 

ұтқандығы не мұрагерлік және тағы да басқа ақпарат 

жолдау,  арзан  бағаға  автокөлік  және  оның  қосалқы 

бөлшектерін сату секілді ақпараттармен бөлісетіндер. 

Мамандардың сөзіне қарағанда алаяқтардың негізгі 

мақсаты өзгенің мүлкін иеленуге бағытталған. Сондықтан, 

азаматтардың алаяқтардың арбауына түспей, қырағылық 

таныта білу маңызды. 

Бұл ретте құқық қорғау органдары мынадай ақыл-

кеңестер береді: Егер сізге туысыңыздың қиын жағдайға 

(мысалы, оны полициядан немесе басқа да құқық қорғау 

органдарынан  босатуға  қатысты)  тап  болғанын,  одан 

шығу үшін белгіленген сомадағы қаражат қажеттігін айтып 

қоңырау  шалынса,  әуелі  туыстарыңызға  хабарласып, 

мән-жайды анықтап алуға тырысқаныңыз жөн. Белгілі бір 

ақшалай соманы ұтып алғаныңыз, акцияның жеңімпазы 

атанғаныңыз  туралы  келіп  түскен  СМС-хабарламаға 

жауап  бермегеніңіз  дұрыс.  Жылжымайтын  мүлікті 

сату  және  сатып  алу  кезінде  барлық  операцияларды, 

сондай-ақ,  ақшалай  қаражаттарды  қарызға  алуды 

тек  нотариус  арқылы  рәсімдеңіз.  Келісімшарттың 

барлық тармақтарын мұқият оқыңыз. Келісімнің барлық 

ережелерімен  келіскенше  және  түсінікті  болғанша 

ешқайда қол қоймаңыз. Сізге түсініксіз болса түсіндіруді 

өтініңіз. Егер де келісімшарттың қандай да бір тармағы 

жазбаша  көрсетілмесе,  тек  ауызша  болса,  онда  сізді 

алдау әрекеттері жүзеге асып жатқанын түсінуіңіз керек. 

Есіңізде болсын, адамдарды алдап-арбап өмір сүретін 

қулар  коммуникативтік  қасиеттерді  жақсы  меңгерген. 

Олар адамдардың іші-бауырына кіріп кетіп, төзіне баурап 

алады,  тығыз  байланысқа  түсе  біледі,  сенімділік  пен 

аяушылық тудыра алады. Олар қажет болған жағдайда 

көздеген  адамының  жанынан  табылады,  өз  жоспарын 

жүзеге  асыру  үшін  қолайлы  сәтті  бірден  біледі.  Бұл 

жағынан  оларды  адамның  ойындағысын  дөп  басатын 

«психолог» деуге де болады.

Өзгенің  жылжымайтын  мүлкін,  көлігін  алаяқтықпен 

иеленіп  кететіндердің  де  көбеюі  өзекті  мәселе  болып 

отыр.  Жұмысқа  орналастыруға  уәде  бергіштер  мен 

мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау жұмыстарына 

көмектесуге уәде ететін алаяқтар да көбейген. Демек, 

жалпы  халыққа  осындай  жағдайларда  абай  болу 

керектігін алдын ала әлі де болса ескерту қажет. Құзырлы 

орын  өкілдері  қазақстандықтардың  алаяқтықпен  жиі 

айналыса бастауының сырын осыдан іздеп отыр. Тағы 

бір айта кетер жайт, қаржылық дағдарыс күшейген сайын 

қоғамымызда алаяқтардың да қатары арта түседі екен. 

Сондықтан халық ең алдымен өздері үшін абай болғаны 

жөн. Ал, мамандар не дейді?

АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚ!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет