АҢдатпа 8-бет 2-бет



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата31.03.2017
өлшемі4,23 Mb.
#10922
1   2   3   4   5   6

БЕЗБЕН

Сот сөйлесін

«КҮШІҢЕ СЕНБЕ, 

АДАЛ ІСІҢЕ СЕН»

Сот іс қарады 

Тағылым


–  Сот  жүйесіндегі  еңбек  жолыңызбен 

таныстыра отырсаңыз.

– Бұл саладағы еңбек жолым 1995 жылы 

Алматы  қалалық  сотында  сот  мәжілісінің 

хатшылығынан  басталды.  Судьялыққа  дейін 

8  жылдай  тәжірибе  жинап,  сала  жұмысының 

қыр-сырын  үйрендім.  Мықты,  тәжірибелі 

судьялардың  тәлім-тәрбиесін  алдым.  2003 

жылы  Президент  жарлығымен  судьялыққа 

тағайындалдым.  Алғашында  қазіргі  Алмалы 

аудандық  №1  сотында  жұмыс  істедім.  2009 

жылдан бері осы сотта қызмет істеймін.

–  Соттың  ашықтығын  арттыратын  оң 

шара ретінде нені айтар едіңіз?

–  Мемлекет  басшысы  жариялаған  Ұлт 

жос парында  көрсетілгендей,  бүгінде  сот 

процестерінде  дыбыс-бейнежазбалары 

кеңінен  қолданылады.  Соттың  ашықтығын 

көрсететін  оң  қадамның  бірі  осы  дер  едім. 

Процесс барысы, яғни, кім қалай сөйлеп, өзін 

қалай ұстады, т.б. бәрі таспаға жазылады. Сот 

процесіне қатысуды қалайтындарға есік ашық. 

Ештеңені жасырып-жаппаймыз. Істің барысын 

кез келген азамат бақылай алады. 

Ө

кінішке  қарай,  қоғамымыз-



да қателіктен сабақ алмай, 

бұза қылық әрекеттерін қай-

та лаудан танбай тындар да жетер лік. 

Сондай жандар дың бірі – жиыр мадан 

енді асқан Асан. 

Тепсе  темір  үзетін  жастағы  жігіт 

бұған  дейін  де  екі  рет  сотты  болып 

үлгерген.  Ол  мектеп  бітірісімен  кәме-

летке тол мағандар ісі бойынша маман-

дан дырылған  аудан аралық  сотының 

үкімімен  Қыл мыстық  кодекстің    257-

бабы  3-бөлігімен  бір  жылға  бас  бос-

тандығынан шектеу жазасына кесілген. 

Сау  санамен  сара ласақ,  осы  жазадан 

кейін Асан аяғын аңдап басуы керек еді.  

Өкініштісі, ол одан кейін де көп ұзамай 

тағы да қисық жүріп, сот үкімімен ҚК-нің 

200-бабы 1-бөлігімен 6 айға сотталады. 

Үшінші ретте де баяғы әдетіне қайта 

басады.  Сол  күні  еріккен  сері  жігіт 

Талғардағы колледж маңын торуылдап, 

ескі танысы Мұратты кездестіреді. Осы 

жерде  сот  мәжілісіндегі  жәбірленуші-

нің  жауабын  келтірсек,  Мұрат  үшінші 

сабақтан  соң  үзіліске  шығады.  Неғып 

жүргені белгісіз, сол сәтте оның қасына 

Асан  келеді.  Қолындағы  телефонын 

жұлып  алады.  Сөйтеді  де,  оны  «жүр 

далада  сөйлесеміз»  деп  колледждің 

артына  алып  шығады.  Мұрат  Асанның 

соңынан  еріп,  ұялы  телефонын  қай-

тарып  беруді  сұрайды.  Асан  одан 

ұялы  телефонды  құлыптан  шығаруды 

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА

Аты-жөні – Айнұр Адамқызы БЕЙСЕУОВА

Туған жылы – 1972

Бітірген  оқу  орны  –  Абай  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  

педагогикалық университеті



Хоббиі – сурет салу, кітап оқу

Қызметі – Алматы қаласы Алмалы аудандық №2 соты ның судьясы

талап  етеді.  Құлыптан  шығармайты-

нын  айтқан  Мұратты  күтпеген  жерден 

теуіп  құлатады.  Бұл  аздық  еткендей, 

оны  жерден  тұрғызып  алып  кастетпен 

бетінен  және  кеудесінен  соғады.  Сол 

кезде  Мұрат  жедел  орнынан  тұрып, 

колледжге қарай қашып кетеді.

Осы  іс  бойынша  іс  құжаттары  жан-

жақты  зерттеліп,  мән-жайлар,  фактілі 

деректер  тексерілді.  Нәтижесінде 

айып талушының  кінәсі  жәбірленушінің 

жауабы мен, айғақ заттарымен, сондай-

ақ, сот-медициналық сараптама қоры-

тын дыларымен,  басқа  да  қылмыс тық 

іс  құжаттарымен  толық  дәлел денді. 

Айыпталушы  бөтеннің  мүлкін  қарақ-

шылык  жолымен  иемдену  мақ сатында 

жәбірленушіні колледждің артқы жағына 

ертіп  барған.  Осы  жерде  қылмыстық 

іс-әрекетін жалғастырып, пайдақорлық 

ниетпен  қасақана  денсаулыққа  қауіп-

ті  күш  қолданған.  Суық  қару  болып 

табылатын  кастетті  қалтасынан  алып, 

жәбірленушінің  бетінен  және  көкірек 

тұсынан  соққы  беріп  шабуыл  жасаған. 

Сөйтіп, қарақшылық жолымен құны 60 

мың  теңге  тұратын  «LG»  фирмасының 

«GЗ»  модельді  ұялы  телефонын  ием-

деніп,  қылмыс  жасаған  жерден  бой 

тасалап кеткен.

Сот мәжілісінде сотталушы өз кінәсін 

толығымен мойындап, ұялы телефонды 

Алматы  қаласына  барып,  Көк  базарда 

белгісіз  тұлғаға  сатып  жібергенін  айт-

ты.  Сот-медициналық  сараптаманың 

қорытындысында жәбірленуші денесін-

дегі ернінің қанталауы, көкірегінің көгеру 

жарақаттары  анықталған.  Бұған  қоса, 

сотталушы сот мәжілісінде темір кастетті 

тауып алғаны жайлы түсінік берді. Сот-

криминалистикалық сараптаманың қоры-

тындысына сәйкес, сотталушыдан алын-

ған  зат  ұрып  сындыру  іс-әрекетімен 

сипатталатын,  қолдан  жасалған  суық 

қаруға  жатады.  Оның  іс-әрекеті  сотқа 

дейінгі тергеп-тексеру органдарымен ҚР 

ҚК 192-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен 

және 287-бабы 1-бөлігімен қарақшылық, 

яғни,  қаруды  қолданып  бөтеннің  мүл-

кін  жымқыру  мақсатындағы  шабуылға 

ұшыраған адамның денсаулығына қауіпті 

күш қолданумен ұласқан, қару ретінде 

пайдаланатын заттарды қол данып шабуыл 

жасаған және суық қаруды заңсыз алып 

жүрген деп дұрыс сараланған.

Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы 

Сотының 25 маусым 2015 жылғы «Сот-

тардың  қылмыстық  жаза  тағайын да-

ғандағы  заңдарды  ұстануы  туралы» 

нормативтік қаулысында көрсетілгендей, 

соттар  ҚР  ҚК-нің  52-бабының  жал пы 

негіздерін  қылмыстық  жаза  тағайын-

дауда  мүлтіксіз  сақтауы  керек,  яғни, 

қылмыстың сипаты мен қоғамдық дәре-

– Жаңа Азаматтық процестік кодекстің 

қолданысқа түскеніне де біраз уақыт болды. 

Іс қарауда қандай тиімділікті байқадыңыз? 

– Бұл кодекс ең алдымен азаматтық істерді 

қараудағы  тиімділікті  арттырды.  Медиация-

дан  бөлек,  кодексте  дауды  партисипативтік 

рәсіммен  реттеудің  тетігі  дәйектелді.  Заңда 

дауласушылардың  бітімге  келуіне  барлық 

жағдай  жасалуын  басты  жетістікке  санауға 

болады.  Яғни,  бітімгершілікпен  біткен  әрбір 

іс  біздің  жетістігіміз.  Бұдан  кейін  даулардың 

жекелеген санаттары бойынша прокурорлардың 

қатысуы  қысқартылды.  Өз  кезегінде  бұл 

заңдылық сот процедураларының жеңілдетіліп, 

процестің жеделдетілуіне әкелуде. 

– Төрелік етуде ұстанатын қағидаңыз?

– Тараптарды табыстырып, татуластыруға 

барынша көңіл бөлемін. Бұл тұрғыда бабалар 

жолы жаңғыртылып, «Медиация туралы» заң 

қабылданды.  Жоғарыда  айтқандай,  Азамат-

тық  процестік  кодексінде  де  бітімге  келтіру 

шара лары  жан-жақты  қарастырылған.  Дау-

дамайдың  заңға  сай,  келісімді  жолмен 

шешілуі біз үшін де, тараптар үшін де тиімді. 

Себебі,  істердің  кемуі  судьялар  жүктемесін 

азайтып,  күрделілерінің  сапалы  қаралуына 

ықпал етеді.



– Бұл саладағы тәжірибеңізге жиырма 

жылдан асыпты. Азаматтардың сот жүйе-

сіне деген сенімін қалай бағалар едіңіз?

– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына 

арнаған  биылғы  «Қазақстанның  үшінші 

жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік» 

атты  жолдауында  айтқандай,  бізде  жеке- 

меншікті  қорғауға,  құқық  үстемдігіне  және 

баршаның  заң  алдында  теңдігін  қамтамасыз 

етуге  бағытталған  реформалар  іске  асуда. 

Сонымен  қатар,  Елбасы  аталған  жолдауда 

судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген 

ықпалды жою маңызды екенін де атады. Мұның 

өзі  сала  жұмысына  деген  сенімнің  жылдан-

жылға  артып  жатқанын  көрсетеді.  Яғни,  біз 

Президенттің:  «Тәуелсіз  және  әділетті  сот  – 

кез келген мемлекет қызметінің негізі. Онсыз 

әлемнің  бірде-бір  елінде,  тіпті,  ең  дамыған 

мемлекеттерінде  қолайлы  инвестициялық 

ахуал  да,  азаматтар  әл-ауқатының  жоғары 

деңгейінде,  қоғамның  табысты  дамуы  да 

мүмкін емес», – деген сөзін темірқазық етіп, 

кез келген дауды әділ, сондай-ақ, медиация 

тәртібі  арқылы  шешу  жолында  еңбек  етіп, 

бар  күш-жігерімізді  жұмсап  жатырмыз.  Сот 

жүйесіне  азаматтар  сенімінің  нығаюына 

жүргізіліп жат қан реформалардың әсері көп. 

– Қалай ойлайсыз, бұрымдылар билікке, 

бизнеске ұмтылып, отбасы екінші орында 

қалып жатқан жоқ па? 

–  Жоқ,  олай  ойламаймын.  Себебі,  қазақ 

аналары  үшін  қашаннан  отбасының  орны 

бөлек.  Бұл  біздің  қанымызға  сіңген  қасиет. 

Қай  қаракөзден  сұрасаңыз  да,  ана  болып, 

ұрпақ  тәрбиелеуді  басты  арманы  ретінде 

атары айдан анық. Қыз-келіншектер, жалпы, 

адам  баласы  үшін  жұмыс  та,  отбасы  да 

маңызды.  Рөлі  бірдей  дер  едім.  Елге  де, 

отбасына да қызмет ету керек. Өйткені, дана 

халқымыз «Отан отбасынан басталады» дейді. 

Арамызда отбасылық құндылықтарды сақтап, 

жанұя мен жұмысын үйлестіріп, елге қызмет 

етіп жүрген апаларымыз бен сіңлілеріміз көп. 



– Сіздіңше, судьялар көпшіліктен қандай 

қасиетімен ерекшеленуі тиіс?

– Судья үшін ең қажет қасиет – шыншылдық 

пен  кішіпейілділік.  Шыншылдығы  мен  кіші-

пейілділігі  үйлескендердің  әділдігі  басым 

болмақ.  Елбасы  VI  съезде:  «Ешкімнің  де 

қателік  жібермейтініне  кепілдік  жоқ  екені 

сөзсіз.  Бірақ,  судьялар  жұмысындағы  қате-

ліктер  барша  қоғам  үшін  қымбатқа  түседі. 

Судьяларға  заң  атынан  әділеттілік  үшін 

әрекет  ету  сеніп  тапсырылған,  бұл  оларға 

екі есе жауапкершілік жүктейді», – деген еді. 

Жүктелетін  осы  екі  есе  жауапкершіліктің  өзі 

ерекшеленер  қасиеттерімізді,  әрине,  тек 

жақсы жағына көбейтері сөзсіз.



– Өмірлік ұстанымыңыз? 

–  Жазушы  Мұхтар  Әуезовтің  «Күшіңе 

сенбе, адал ісіңе сен» деген сөзі бар. Менің 

өмірлік ұстанымым – адалдық, сөзімді ісіммен 

дәлелдеу.

Түймегүл СМАҒҰЛҚЫЗЫ,

«Заң газеті»

ҰЯЛЫ  ТЕЛЕФОН  ҰЯТТЫ  ҰМЫТТЫРДЫ

жесін,  айыпкердің  жеке  басын,  соны-

мен  бірге  оның  қылмыс  жасағанға 

дейінгі  және  одан  кейінгі  мінез-құлқы, 

жауаптылық  пен  жазаны  жеңілдететін 

және ауырлататын мән-жайлар, сондай-

ақ,  тағайындалған  жазаны  сотталған 

адамның түзелуіне және оның отбасының 

немесе  асырауындағы  адамдардың 

тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі.  

Сот жаза тағайындағанда қылмыстың 

сипаты  мен  қоғамдық  қауіптілік  дәре-

жесін, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 

53,  54-баптарына  сәйкес,  қылмыстық 

жауаптылық пен жазаны жеңілдететін не 

ауырлататын мән-жайлардың жоқ екенін 

ескереді. Жәбірленуші кәмелеттік жасқа 

толмаған.  Істің  мән-жайын,  жасалған 

қылмыстың  және  қылмыстық  теріс 

қылықтың сипаты ескеріліп А.Хамитке ҚР 

ҚК 192-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен 

жеке  мүлкі  тәркіленумен  7  жылға  бас 

бостандығынан  айыру  жазасы  берілді. 

Және 287-баптың 1-бөлігімен 50 айлық 

есептік  көрсеткіш  көлемінде  айыппұл 

салынды.  Заң  бұзушы  жазасын  жалпы 

режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Талапкердің талап арызы толығымен 

қанағаттандырылып,  сотталушыдан 

80  000  теңге  материалдық  және 

300 000 теңге моральдық шығын өндіру 

міндеттеліп,  үкімнің  азаматтық  талап 

қою  бөлігін  ерікті  түрде  орындау  үшін 

бір ай мерзім белгіленді. Үкімге он бес 

тәулікте, ал, қамауда отырған адам оны 

өзіне  үкімнің  көшірмесі  табыс  етілген 

күннен  бастап  нақ  сондай  мерзімде 

апелляциялық шағым бере алады.

Біздің  бұл  істі  мысалға  алып  айт-

пағымыз,  еліміздің  ертеңгі  үміті  жас-

тарымыз  жаман  жолдан  аулақ  болып, 

қателігін  қайталамауға  тырысса  деген 

игі тілек. Ойланбаудың соңы өмірімізді 

ойран етерін ұмытпайық.

Еркебұлан КЕЛЕМСЕЙТОВ,

Талғар аудандық сотының 

судьясы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ



БАЛА ШОРМАННЫҢ 

ТАПҚЫРЛЫҒЫ

Б

ір күні Күшіктің үйіне сол өңірге танымал би 

барады. Шорман баланың әжесі мен шешесі 

ол қонаққа не берерін білмей сасып қалады. Сонда 

төрт жасар Шорман сол үйдің еркегіне ұқсап бидің 

алдына  дастарқан  жаяды  да,  алдына  бір  тостақ 

ыстық сүтті қоя салады:

–  Қаптың  түбі  қағылды,  бетке  күйе  жағылды, 

алдыңызда ыстық сүт, асықпай отырып жұт, – деп, 

аға бидің бетіне қарайды. Би жас баланың тақпақтай 

айтқан тапқыр сөзіне қайран қалады. Бала тағы да:

–  Би  ата,  биыл  қыс  қатты  болып,  мал  жұтап 

жатыр.  Ауылдың  да  сәні  кетті.  Астық  таусылды. 

Елдің жағдайы қиындап барады, – деп өз үйі емес, 

бүкіл ауыл, ел тағдырына қамқор бола сөз козғайды. 

Талайды  көрген  би  жас  баланың  бұл  сөзіне  тәнті 

болады да, әжесіне былай деп қолқа салады:

– Немереңіз болайын деп тұр екен. «Көре-көре 

көсем  болады,  сөйлей-сөйлей  шешен  болады» 

дегендей,  маған  беріңіз,  мен  ертіп  жүріп  ел 

аралатайын, тәрбиелеп көрейін. Түбі осы балаңыздан 

бірдеңе шығар, – дейді.

Баланың шешесі:

– Шорман әлі жас қой, бұғанасы қатсын, – дейді.

Әжесі:

– Мақұл ғой, би-еке, жасы жетіге толғасын сізді 

өзім іздеп тауып аламын, – дейді.

Осы уәде келісім бойынша Шорман жеті жасқа 

келгенде  әлгі  би  атасына  шәкірт  боп  соңынан 

ереді. Ел аралайды, жұрт таниды. Талай ел басы игі 

жақсылармен  кездесіп,  олардың  сөзін  тындайды. 

Ел билігіне араласып, өзі шағын дау-жанжалдардың 

түйінін  шешіп  «Бала  би»  аталады.  Шорман  он  бір 

жасында нағашысының ауылына барады. Нағашысы:

–  Осында  қал,  отау  тігіп,  алдыңа  мал  салып 

берейін. Бір үй болып отыр, – дейді.

Жиені:

– «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан 

бол»  деген.  Елімді  тапқаным  жөн  болар.  Шорман 

осыны айтады да, нағашысына:

–  Көршіңіздің  қызына  көзім  түсті.  Мен  де,  ол 

да бір-бірімізді ұнаттық. Осыған құда түсіп беріңіз, 

–  деп  сұранады.  Нағашысы  жиенінің  бұл  өтінішін 

орындайын деп көршісіне барса, ол: 

– Өзі жоқ-жұқаналы, жетім бала екен. Қызымды 

бере алмаймын, – депті.

Енді қыздың үйіне Шорман баланың өзі барады, 

ары-бері сөйлесіп көреді.

– «Жас өспей ме, жарлы байымай ма?» Отағасы, 

бізді де бір сынап көріңіз. Түбі ұятқа қалмассыз.

Тапқыр  баланың  сөзін  байқаған  қыздың  әкесі 

көнеді.

– Ауылыңа барып, бір айналып соғарсың. Оған 

дейін қыздың жасау-жабдығын дайындайық.

Шорман ауылына қайтқан соң қыздың шешесі:

– Отағасы, талай от ауызды, орақ тілді шешен-

дерге, талай бай, бектерге дес бермеуші едіңіз. Бір 

жетім балаға уәж айта алмай қалғаныңыз қалай?– 

депті таңданып. Бәйбішесінің бұл сөзіне бай:

– Бала – болатын бала тәрізді. Түбі осы баладан 

айтулы кісі шығады, көрерсіз бәйбіше, қызымыз оған 

барса қор болмайды. Аузынан түйдек-түйдек шыққан 

ақылды, шешен сөзін көрмейсіз бе? Көп сөзді қой, 

қызыңның жасауын әзірле!

Сонымен бай той жасап қызын ұзатады. Шорман-

ның  нағашысы  да  беташар  той  жасап,  жиеніне  ақ 

отау тігіп енші береді.

(Дереккөз: https://kk.wikipedia.org)

Өмірдің ұсынар сыйы да, сыны да көп. Одан сәтті өту әркімнің 

өзіне  байланысты.  Біреулер  барды  бағалап,  болашағының 

нұрлы  болуы  үшін  күрессе,  енді  біреулердің  балалықпен 

барынан айырылып, бармақ тістеп жүргенін көзіміз көріп отыр. 

Содан  болар,  ешкімді  жамандыққа  қиғымыз  келмейді.  Аяғын 

шалыс басып, қателік жасағандардың түзелуін қалап, қатарға 

қосылып кетуіне мүмкіндік туғызғымыз келіп тұрады. Алайда, 

мемлекет  пен  айналасындағылардың  сол  қамқор  көзқарасын 

түсінбейтіндерге не дерсіз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет