сенімдемін.
№9 (2934)
3 ақпан 2017
3
zangazet@mail.ru
қоғам
Жаңа жолдауда әлемдегі төртінші өнеркәсіптік ре-
волюция басталғанына айрықша маңыз беріліп отыр.
Елбасының айтуынша, экономиканы жаппай цифрлан-
дыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа сала-
ның пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда
болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер,
әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. Бұл Қазақстанды Үшінші
жаңғырту, яғни, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін
құру міндетін алға қояды.
«Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен
күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050»
стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір
болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасын-
да өткізіледі. Мен оның бес негізгі басымдығын көріп
отырмын. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта
деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30
озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге
лайықталған» деген Нұрсұлтан Әбішұлы оларды жіктеп
берді.
Жеделдетілген технологиялық
жаңғыру керек
Елбасының айтуынша, бұл тұрғыдағы басты міндет
– цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын
жаңа индустрияларды өркендету болмақ. Маңызды
кешенді міндетті жүзеге асыру үшін елде 3D-принтинг,
онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет
көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде
қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды
дамыту керек. Бүгінгі таңда дамыған елдер экономи-
каларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға
жаңа сапа дарытқан бұл индустрияларды Қазақстанда
өркендету үшін Мемлекет басшысы Үкіметке «Цифр-
лық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және
қабылдауды тапсырды. Үкімет бұл ретте ІТ саласын
дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Жаңа
индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инно-
вацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу
болып саналады.
Дәстүрлі базалық салаларға
серпін
Елбасы өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік
пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар-
дан тұратын экономиканың дәстүрлі салаларын дамыту
үшін алдымен еңбек өнімділігін елеулі арттыру қажет-
тігін атап көрсетті. Мемлекет басшысының айтуынша,
бұл жердегі негізгі фактор төртінші өнеркәсіптік ре-
волюция элементтерін, яғни, автоматтандыру, робот-
тандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер»
алмасу сынды тағы басқа міндеттер орындалу керек.
Осы ретте Мемлекет басшысы Үкіметке бизнес өкіл-
дерімен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды
технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың
кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды. Екіншіден,
басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экс-
порттық өндірісті дамытуды көздейтін индустриялан-
дыруды жалғастыру керек. Үшіншіден, экономикалық
өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы
мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын
сақтауға тиіс. Елбасы осы ретте жыл соңына дейін
Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық
заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырды.
Төртіншіден, Аграрлық сектор экономиканың жаңа
драйверіне айналуы керек. Бұл, әсіресе, экологиялық
таза тағамдарға қатысты. Осы мақсаттарға қол жеткі-
зу үшін Елбасы Үкімет пен әкімдерге субсидияларды
бөлу қағидаларын қайта қарастырып, біртіндеп өнімді
сақтандыруға көшуді, бес жыл ішінде 500 мыңнан
астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фер-
мерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін
жағдай жасауды, өнімнің өңделу сапасын жақсартып,
тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің
тиімді жүйесін құру сынды тағы басқа шараларды жү-
зеге асыруды тапсырды. Бұл міндеттер агроөнеркәсіп
кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы
аясында іске асырылуы қажет.
Елбасы бұл ретте жаңа еуразиялық логистикалық
инфрақұрылымды дамыту да маңызды басымдықтар-
дың бірі деп атап көрсетті. Мемлекет басшысының
айтуынша, еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық
ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет.
Алтыншыдан, құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға
тартып отырған урбанизация үдерісіне сай бұл сала
экономиканың толыққанды драйверіне айналуға тиіс.
Еңбек нарығын жаңғырту
өзекті мәселе
Елбасы бұл ретте жаңа технологиялардың енгізілуіне
байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары бо-
сап қалатынына назар аударта отырып, жаңа индустрия
құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың
нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуы
тиістігін атап көрсетті. Осыған орай, Үкімет пен әкімдер-
ге еңбеккерлердің басқа салаларға басқару аясында
ауысуы үшін жағдай жасауды міндеттеді.
Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақ-
сарту және кеңейту. «Біздің стратегиялық мақсаты-
мыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және
орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50
пайыз болуын қамтамасыз ету. Жаңадан ашылған жұ-
мыс орындарының саны бұрынғыша, Үкімет пен әкімдер
қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийінің
бірі болмақ» деді Президент. Соған орай Үкімет пен
әкімдерге биылғы 1 шілдеге дейін бизнесті қайта реттеу
жөніндегі дамыған елдердің тәжірибесіне негізделген
жүйелі шаралар әзірлеу міндеті жүктелді.
Елбасы назар аудартып, тапсырған мәселелердің
тағы бірі мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту-
ға бағытталды. Бұл ретте Президент Үкіметке тізімге
алынған кәсіпорындарды жекешелендіруді тездетіп, оны
2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Жеке-
шелендірудің жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз
етудің, сондай-ақ, мемлекеттік холдингтер рөлін қайта
қарастыру керектігін атап көрсетті. Сол секілді, кәсіп-
керлікті дамытуға мемлекет-жекеменшік серіктестігі
аясын кеңейту зор мүмкіндік беретінін айта келіп, бірқа-
тар мемлекеттік қызметтер көрсету міндетін бизнеске
беру қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар, Мемлекет
басшысы баға мен тариф бойынша ымыраласуға жол
бермеу қажеттігін ескерте келіп, Үкіметке «Атамекен»
ҰКП-мен бірлесіп, бәсекелестікке кедергі келтіретін
нормаларды анықтауға қатысты барлық заңнамаға «ре-
визия» жасауды тапсырды.
Макроэкономикалық
тұрақтылық басты назарда
Елбасының айтуынша, мұндағы басты міндет – ақ-
ша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа
келтіруге және экономиканы қаржыландыруға жеке-
меншік капитал тартуға бағытталған. Бұл үшін бүгінде
Ұлттық банк алдында инфляциялық таргеттеу режимін
дамыту жөніндегі маңызды міндет тұр. Орта мерзім
ішінде инфляция деңгейін кезең-кезеңімен 3-4 пайызға
дейін төмендетуге қол жеткізу міндеттелді. Екіншіден,
еліміздің қаржы секторын «қайта жаңғырту» қажет.
Осыған орай, Ұлттық банкке банк секторын қалыпқа
келтіру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.
Мұндағы шешуші міндеттің бірі – салық-бюджет сая-
сатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу. Елбасы
осыған орай бюджет шығыстарының тиімділігін түбегей-
лі арттыру қажеттігіне назар аудартты. Оның айтуынша,
министрліктер мен ведомстволардың қаражатты игеру
деңгейін тексеріп, тиімсіз бағдарламалардың қаража-
тын Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамта-
масыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу қажет.
Ұлттық қор қаражатын пайдалануға ұтымдылық
тұрғысынан қараудың маңыздылығы жоғары тұрғанына
да назар аудартты Елбасы. Ол бұл ретте Ұлттық қор-
дан алынған кепілдендірілген трансферт көлемі 2020
жылға қарай кезең-кезең бойынша 2 триллион теңгеге
қысқартылу қажеттігін айтты. Салық саясатын бизне-
стің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттық емес
сектордағы салықтық базаны кеңейтуге бағыттау керек.
Адами капитал сапасы
артуы керек
Елбасы бұл ретте ең алдымен, білім беру жүйесінің
рөлін өзгерту қажеттігін атап көрсетті. Оның айтуынша,
білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орта-
лық буынына айналдыру шарт. Оқыту бағдарламаларын
сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыла-
рын дамытуға бағыттау қажет.
Елбасы, сонымен қатар, өз бастамасымен іске аса
бастаған «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық
білім беру» жобасы бойынша да нақты міндет белгіледі.
Нұрсұлтан Әбішұлының айтуынша, тегін оқытумен
ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен
қамтыған жастар, сондай-ақ, кәсіптік білімі жоқ ересек
адамдар қамтылуы тиіс. Сонымен қатар, жоғары білім
беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылуы керек.
Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, матери-
алдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру
бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшей-
тілгені жөн. Ал, әлеуметтік қамтамасыз ету саласына
қатысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы 1 шілдеден
бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016
жылғы деңгейден 20 пайызға дейін арттырылатынын
атап көрсетті. Бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағай-
ындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме
бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар, 2017
жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір
реттік жәрдемақы көлемі 20 пайызға өсіріледі. Елбасы
осы ретте ең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарасты-
рып, оны қазақстандықтардың нақты тұтынушылық
шығыстарына сәйкес келтіру қажеттігін тапсырды.
Сыбайлас жемқорлықпен
күрес күшейеді
Елбасы Үкіметке үшінші жаңғырту аясында ЭЫ-
ДҰ-ның озық тәжірибелері мен ұсынымдарын импле-
ментациялау жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, жеке меншікті қорғауға, құқық үстемді-
гіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз
етуге бағытталған реформаларды жалғастыру керектігін
айтып, Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен және азамат-
тық қоғамдастықпен бірлесіп, жеке меншік құқығын
қорғауды күшейтуге қатысты бүкіл заңнама ревизия-
сын жүргізуді міндеттеді. Бұдан бөлек, әкімшілік және
қылмыстық заңнаманы ізгілендірген жөн. Әкімшілік
айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес
болуға тиіс. Қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономи-
калық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту
керек. Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жет-
кізу маңызды. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез
келген ықпалды жою да кезек күттірмейді. Ал, елдегі
сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытына
тоқталған Елбасы жегіқұрттың себептері мен алғы-
шарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту
қажеттігін атап көрсетті.
А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА,
«Заң газеті»
Бүгінгінің бас тақырыбы
«ҚАзАҚСТАННЫң ҮшІНшІ
ЖАңғЫруЫ: ЖАһАНДЫҚ
БӘСЕКЕгЕ ҚАБІлЕТТІлІК»
(Соңы. Басы 1-бетте)
өз кезегінде басқарудың заманауи қағидаларын қолданып, билік жүйесінде
тұрақтылықты қамтамасыз ететін болады.
Президенттің Қазақстан халқына биылғы жолдауы – нақты тәжірибелік
істердің бағдарламасы, ол барлық қазақстандықтарға, соның ішінде, бізге
– судьяларға да қатысты. Құжатта Елбасы сот жүйесіне деген сенімді жоға-
рылату және судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою
қажеттігін айрықша атап өтті. Бұл Қазақстан республикасы судьяларының VII
съезінде Мемлекет басшысы қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.
Терроризмге қарсы іс-қимыл еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге бағытталған басымдықтардың бірі болып табылады және осыны еске-
ре отырып, Президент өз жолдауында терроризмнің белең алуымен күресу
жөнінде, соның ішінде, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіре-
се интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмыстарын жүргізу
тапсыр маларын қойды.
Президент жолдауы Қазақстанның болашақтағы дамуы үшін маңызды.
Барлық шоғырланған негізгі мәселелер бойынша Ұлт басшысы белгілеген
мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары егемен және өркендеген
Қазақстанды қалыптастырудағы жаңа саты болатынына еш күмән жоқ.
Мейрамбек ТАЙМЕРДЕНОВ,
Алматы облыстық сотының төрағасы
Ел ТҰТАСТЫғЫН
САҚТАу КЕПІлІ
Пікір
Е
л Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі
қазіргі таңда еліміз үшін аса маңызды және көп болып талқылануға
тиіс құжат болып табылады. Үндеуде Мемлекет басшысы билік тар
мақтары арасындағы өкілеттілікті қайта бөлуді ұсынды. Бұл қоғамды
демократияландыру қағидасына негізделген басқарудың жаңа жүйесін
енгізуге бағытталған конституциялық реформа екені даусыз.
ІСТІ ІлгЕрІлЕТЕТІН
ҚАДАМ
Осы уақытқа дейін ел дамуына
қатыс ты жасалған бағдарламалар өз
жемісін берді. Қоғамды одан әрі демо-
кратияландыруды көздеген Үндеуінде
Мемлекет басшысы мемлекеттік басқа-
рудағы Парламент пен Үкіметтің рөлін
нығайтуды мақсат етіп отыр. Мұндай
өзгеріс биліктің әр тармағының өз са-
лаларына анық жауап беріп, сол немесе
басқа да мәселелерді нақты шешуіне
мүмкіндік беруді көздейді. Жаңа қағи-
даларды жүзеге асыру демократияны
ілгерілетеді, азаматтардың бостан-
дығын қорғайды және біздің елімізді
жаңа сапалы деңгейге көтереді. Бұл
Елбасы Қазақстан халқына жолдаған
үндеуі мен жолдауында қазіргі кезде
икемді және үйлестіргіш басқару жүйесі
қажет екендігін атап айтты. Мемлекет
басшысының конституциялық рефор-
малар турасындағы үндеуі еліміздің мо-
дернизация жолындағы маңызды және
лайықты қадам болып табылады. Елбасы
реформалар елімізді әлеуметтік-эконо-
микалық, сонымен қатар, саяси тұрғыда
модернизациялаудың логикалық жалғасы
болып табылатынына тағы да айрықша
назар аударған.
Тәуелсіздік жылдары президенттік
басқару формасы өзін өзі ақтады, ол
Қазақстанның стратегиялық мәселелерін
шешуде мемлекеттік биліктің тұтастығын
сақтауға ықпал етті. Алайда, елдің эконо-
микалық ахуалын реттеп, мемлекеттік шығындардың бірқалыпты өсуін қамта-
масыз ету үшін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру қажет.
Президент өз Үндеуі арқылы тапсырмаларын ашып айтты. Ендігі жерде
елдің Парламенті министрлер кабинетін қалыптастыру және жергілікті атқа-
рушы биліктерге бақылау жасау бойынша өз мәртебесін кеңейтеді. Үкімет
Парламентке есеп береді. Сондай-ақ, Конституциялық Кеңес пен сот жүйесін
және прокуратура органдарының қызметін бірізділікпен жетілдіруге жаңа
бағыт алынды.
Ерғали УБигАлиЕВ,
Атырау облысы бойынша Судьялар одағы филиалының төрағасы
ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫС
Тәуелсіздік алған сәттен бастап біз әлем танитын, көпшілік мойындайтын
ел болуды мақсат еттік. Алдымызға биік меже қойған соң әрбір жасаған
қадамымызға ертеңгі күні ұялмауды ойладық. Бүгінгі бастаған ісіміз ертең
жарамсыз болып қалмауы үшін қателікке орын бермеуге күш салдық. ше-
карамызды бекіттік, іргемізді кеңейттік. Қысқа пішпей, кең ойлаудың арқа-
сында қолға алынған жоспарлардың бәрі өміршеңдігін көрсетті. Қазір сол
істеріміздің нәтижесін көріп отырмыз. Елбасының жақында жасаған Үндеуі,
күні кеше жариялаған Жолдауы осы игі істерді жалғастырудың, жеңісті жоба-
ларды үзбеудің көрінісі іспеттес.
Үндеуге сәйкес, алдағы уақытта Президенттің әлеуметтік-экономикалық
процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктері Үкімет пен басқа да атқарушы
органдарға берілмек. Бұл өз кезегінде аталмыш құзырлы орындардың өз
қызметіне деген жауаптылығын арттырып, халық алдында есеп беруін мін-
деттемек.
Сондай-ақ, Елбасы аталмыш реформа аясында Үкіметті жасақтаудағы
Парламенттің рөлі күшейтуді ұсынып отыр. Парламенттің ықпалы артуы үшін
елдегі саяси партиялардың белсенділігі жоғарылауы керек. Парламентте бір-
неше партия өкілінің отыруы бәсекелестікті, пікір қайшылығын тудыратыны
ақиқат. Сайлауда жеңген партияның Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі
ықпал ететіні де оң бастама. Өйткені, халық сайлаған қалаулылардың беделін
көтеру, олардың Үкіметке деген ықпалын арттыру билік пен халықты жақын-
датуға жасалған бірден бір қадам.
Президенттің мұндай реформаны дәл қазір ұсынуының да мәні бар. Се-
бебі, қазір қарапайым халықтың құқықтық сауаты өсті. Олар Парламенттің
дұрыс жасақталуына ынталы. Әрі әркім өз дауысының шешуші рөл атқараты-
нын біледі. Сонымен бірге қазір азаматтар өз талабын нақты, қисынды етіп
қоюға дағдыланды.
Әрине, Президент айтқан ұсыныстарды қолданысқа енгізу еліміздің бас
құжаты – Конституциядан бастап, көптеген заңнамаларға өзгеріс енгізуді
талап етеді. Қазір Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер талқыланып жатыр.
Ендігі сөз халықта. Елдік мәселелер қозғалатын мұндай шаралардан ешқай-
сымыз шет қалмауымыз керек.
Е.БАЙМУлДиНОВ,
Еңбекшіқазақ аудандық сотының судьясы
АлМАТЫ ОБлЫСЫ
4
№9 (2934)
3 ақпан 2017
zangazet@mail.ru
таразы
Сұхбат
Талғат ОРЫНҒАЛИ, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының судьясы:
«АқиқАт дәлелдер жиынтығы
негізінде ғАнА АнықтАлАды»
Сөйтіп үй салып, баспана тұрғы-
зудың заңдарымызда көзделген өз
тәртібі бар екендігін естен шығарып
алады. Көршінің жеріне тым таяу ор-
наласқан үйдің шатырынан аққан су
мен лас су жиналатын шұңқырлардан
шығатын иіс-қоңыстан санитариялық
нормалар сақталмай, айналаға залал
келуі мүмкін. заң талабы бойынша,
салынатын үй мен көршінің дуалы
арасындағы қашықтық 3 метр болуы
шарт. Ал күнделікті тәжірибеде аза-
маттарымыз бұл тәртіпті сақтамай,
арақашықтықты 60 сантиметрге дейін
қысқартып, екі-үш қабатты үй тұрғыза
салады. Соның салдарынан көршінің
үйіне түсетін күннің жарығы көлегей-
леніп, зәулім үйдің шатырынан аққан
лас су мен сырғыған қар көршінің жер
теліміне түседі. екі көршінің арасын-
дағы жанжал осылайша өршіп, шағым
ақыры сот төрелігіне келіп тіреледі.
Мұндай мәселелерді сотта қа-
раған кезде баспананың қаншалықты
заң талабына сәйкес салынғандығын
бекітетін сала мамандарының ұсы-
ныс-пікірлерін тыңдап, қорыта келе
көбінесе үйді бұзуға шешім қабыл-
даймыз. қолданыстағы заңның тала-
бы бойынша, күннің сәулесі тұрғын
үйге кем дегенде екі жарым сағатқа
дейін түсуі керек. Ал, үй мен үйдің
арасындағы қашықтық шекарасын
белгіленген үш метрден бір метрге
дейін шегеру тәртіпке қайшы.
– Сонда қандай жер теліміне екі
үй салуға болады.
– Ол үшін жер көлемі он соттықтан
кем болмауы керек. жоғарыда ісі
сотта қаралған жауапкердің үйі алты
соттық жер теліміне салынып, көр-
шінің құқығын бұзғандықтан жатақ-
хана үлгісімен салынған баспананы
сүріп тастауға шешім шығардық.
Кейін бұл іс қалалық соттың апелля-
циялық сатысында қаралып, аудандық
соттың шешімі күшінде қалды. Сот
өндірісінде осындай сипаттағы істер
көп. Алайда, дауды қарау барысында
тараптарды мүмкіндігінше татуласты-
руға тырысамыз. дауласқандарды
ортақ келісімге келтіру айтар ауызға
оңай болғанымен, шын мәнінде, аса
күрделі шаруа. Ол үшін тараптарды екі
жаққа да ыңғайлы бәтуаға шақырудың
жолдарын іздестіреміз.
– Соңғы кезде банктен алған қа-
рызын дер кезінде қайтармағандар
Достарыңызбен бөлісу: