АҢдатпа 8-бет 2-бет


мәселесімен  айналысатын  кол-



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата31.03.2017
өлшемі4,23 Mb.
#10922
1   2   3   4   5   6

мәселесімен  айналысатын  кол-

лекторлық  агенттіктердің  заңсыз 

әрекетіне деген жұрт наразылығы 

күшейіп  кетті.  Заң  талабына  жү-

гінсек,  коллекторлық  компания 

қызметкерлері  кепілге  қойылған 

мүлікті  алып  қоймас  бұрын,  бо-

рышкермен әңгіме өткізіп, банктер-

мен арада жасалған шарт тәртібін 

түсіндіруге  тиіс.  Өкінішке  қарай, 

көптеген  коллекторлық  компа-

ниялар  заң  талабына  бағынбай, 

азаматтардың  конституциялық 

құқығын  бұзып  жатады.  Ал,  сот 

органдары  болса,  коллекторлық 

компания  өкілдерінің  борышкерге 

қатысты  түсірген  шағымын  несие 

иесінің қатысуынсыз қарап, әрдай-

ым талапкердің пайдасына шешім 

шығарады. Азаматтық заңнамалар 

тәртібіне жүгінсек, мұндай дау-да-

майлар  екі  тараптың  қатысуымен 

қаралып, соның нәтижесінде белгілі 

бір шешім қабылдануы керек емес 

пе? 

–  Бұл  мәселе  жөнінде  дұрыс  не 

бұрыс  деп  түбегейлі  пікір  айту  өте 

қиын.  Білетініміз,  сырттай  іс  жүргізу 

мен сырттай шешім шығарудың жалпы 

тәртібі қазіргі Азаматтық процестік ко-

декстің 256-бабы талаптарында нақты 

көрсетілген. заңның өзі тараптардың 

бірі  сот  мәжілісіне  екі  рет  келмеген 

жағдайда сырттай шешім қабылдауға 

сотқа  құқық  берген.  Өз  басым  бұл 

жерде  тараптардың  құқығы  бұзыла-

тындай қиғаштықты көріп отырғаным 

жоқ. Ол бар болғаны сырттай шешім 

ғана.  Кез  келген  адамның  ай  ішінде 

сол сотқа қабылдаған шешімге нараз-

ылық білдіріп, шағымдануына құқығы 

бар.


Ал,  енді  соттың  сырттай  шешім 

қабылдауына  қандай  жағдай  түрткі 

болады  деген  сауалға  жауап  іздеп 

көрелік.  Көптеген  азаматтар  бұдан 

бірнеше жыл бұрын банктермен ара-

да  жасалған  келісімшарттарда  көр-

сетілген мекенжайын өзгертіп кетеді. 

қазіргі  коллекторлық  компаниялар-

дың  шағымданатындығы  да  сол  бұ-

дан  бірнеше  жыл  бұрын  банктерден 

алынғанымен,  қайтарылмай  қалған 

несиелерге  байланысты  даулар.  не-

гізінен  сот  жауапкердің  нақты  ме-

кенжайын  іздеумен  айналыспайды, 

ол  сот  орындаушыларының  міндеті, 

сондықтан  да,  біз  сол  ресми  құжат-

тардағы жауапкерлердің мекенжайы-

на сот мәжілісінің өтетін уақыты мен 

орны туралы хабарлаумен шектелеміз.

заң  бойынша,  сотқа  түсетін  кез 

келген  талап  арыз  тіркеліп,  оның 

кө шірмесі  жауапкерге  жіберіледі. 

Алайда, сол құжаттар олардың мекен-

жайын  өзгертуіне  байланысты  иесін 

таппай қалады. Солай бола тұрса да 

өз тәжірибемнен байқағаным, сырттай 

қабылданған шешімдердің 98 пайызы 

күшінде  қалады.  Соттың  сүйенетіні 

ақиқаттың қай жақта екендігін дәлел-

дейтін деректер ғана. Сот саласында 

қызмет атқарған 12 жыл ішінде кейбір 

жауапкерлердің несие алмағандығын, 

олардың  жоғалтып  алған  куәліктерін 

өзге  біреулердің  пайдаланып  кеткен 

жағдайларын  да  анықтап,  шешім 

шығарған кездерім де болды. 



– Әдетте судья белгілі бір істер 

мен дау-дамайлар бойынша тағай-

ындалатын  сот  сараптамасының 

қорытындысын негізге алады. Десе 

де, сол құзырлы мекеменің уәжімен 

келіспейтін кездеріңіз бола ма?

– қазы ақиқатқа көз жеткізу үшін 

жалғыз құжатқа емес, іс бойынша жи-

нақталған бүкіл дәлелдердің жиынты-

ғына  сүйенуі  тиіс.  Мәселен,  жоға-

рыдағы  іс  бойынша  несие  алмаған 

адамның  қолында  сол  2007  жылы 

жеке куәлігін жоғалтқанын растайтын 

ішкі істер органының берген анықта-

масы бар. Өмірде мынадай жағдайлар 

да  жиі  кездеседі.  Көптеген  адамдар 

өзгелерден қарыз ақша алады. Одан 

кейін қолында қарыз алушының қол-

хаты  бар  талап  қоюшы  «ақшамды 

толық көлемінде қайтармады» деп сот 

төрелігіне  жүгінеді.  Анығында  сотқа 

ұсынған  тілдей  қағазда  жауапкердің 

алған ақшасын белгілі бір мерзім ішін-

де қайтаруға уәде бергені көрсетілген. 

қарыз алушы ақшаны алғанын жоққа 

шығармағанымен, оны толықтай қай-

тарғанын  айтады.  Сондай  кезде  сот 

тарапынан қарыз алушыға «қаражатты 

толық қайтарғаныңызды немен дәлел-

дейсіз?» деген сұрақ қойылады. дәл 

осы арада ескерте кететін бір мәселе, 

мұндай кезде куәлердің сөздері есеп-

ке  алынбайды.  Азаматтық  процестік 

кодекстің  бұл  жөніндегі  талаптары 

да  алыс-беріс  кезіндегі  мәміленің 

куәлер сөзімен емес, жазбаша рәсім-

делген  құжатпен  немесе  қолхатпен 

ғана  расталатындығын  құптайды. 

Азаматтарымыздың  қателесетіні  де 

осы тұс, немқұрайдылыққа салынып, 

қарыз ақша алушыдан қолхат беруді 

талап  етпейді.  Осыған  байланысты 

істі қарау шы судья екі тараптың ертіп 

әкелген куәлерінің жауаптарын емес, 

жазбаша рәсімделген құжаттағы де-

ректерді ғана негізге алады. 

жалпы,  дауласқан  тараптардың 

арасындағы айтыс-тартыстың ақиқаты 

істегі  жинақталған  басқа  да  құжат-

тардағы  дәлелдердің  негізінде  ғана 

анықталады.  Кейбір  істер  бойынша 

куәлердің де сөздерін тыңдайтын сәт-

теріміз болады. жақында бір іс қара-

дық. Азаматша өмірден өтер алдында 

жиған-терген  дүние-мүлкін  өсиет 

жазып баласына мұраға  қалдырады. 

Ұлы анасының жазып қалдырған өсие-

тінің негізінде бүкіл мүлікті өз атына 

аударып  алады.  Ал,  мұрадан  шет 

қалған  қызы  анасының  жасы  ұлғай-

ған кісі екендігін, сондықтан да, оның 

не жазып қалдырғанын білмегендігін 

айтып,  өсиетті  жарамсыз  деп  тану 

жөнінде сотқа шағымданды. Сонымен 

талапкердің шағымы бойынша өсиет-

тегі  қолдың  кімдікі  екендігіне  және 

құжатты  рәсімдеу  кезіндегі  денсау-

лығының қандай күйде болғандығына 

қатысты сараптамалар тағайындадық. 

Өсиет  қалдырушының  денсаулығына 

қатысты  емханалар  мен  аурухана-

лардағы медициналық құжаттардағы 

деректермен танысып, әкімдіктегі құ-

зырлы бөлімдермен зейнатақы жөнін-

дегі  бөлімдердің  қызметкерлері  мен 

учаскелік  дәрігерден  жауап  алдық. 

тәжірибеде осындай мәселеден туын-

дайтын кейбір сауалдарға сот сарап-

тамаларының да өздері де тиянақты 

жауап бере алмай қалады. Сонымен 

іс  бойынша  жинақталған  дәлелдерді 

талдай келе қарт кісінің өсиет жазып 

қалдырар кезде өз әрекетіне есеп бе-

ретіндей халде болғандығын анықтап, 

талапкердің арызын қанағаттандыру-

сыз  қалдырдық.  Осындай  сипаттағы 

істер  былтыр  мен  бұрнағы  жылдары 

көп болды.

–  Тіршілікте  мынадай  жағдай-

лар  да  жиі  кездеседі.  Отағасы 

қайтыс болады, соңында қалған екі 

ұлы  әкесінен  қалған  дүние-мүлікті 

шешесінің  атына  рәсімдеп  жазып 

алуына қарсы еместігін құптайды. 

Дәл  осы  мәселеде  олардың  әй-

елдерінің дау қуып, сот төрелігіне 

жүгінуі мүмкін бе?

–  заң  бойынша  күйеуінен  қалған 

мүлікке қожалық жасауға ол кісінің әй-

елі мен кіндігінен өрген балаларының 

ғана құқығы бар. Былайша айтқанда 

келіндерінің  меншік  құқығына  тала-

суға құқығы жоқ. егер дүние-мүлікті 

атына рәсімдеп жазған анасы кездей-

соқ дүниеден өтсе, мұрагерлікке екі 

баласы иелік жасай алады. Сіз айтып 

отырған мәселеде баспана мен дүние-

ге анасы мен оның туған балаларының 

ғана  құқығы  бар.  Азаматтық  сипат-

тағы  даулар  көбінесе  азаматтардың 

заңды білмегендігінен туындап жата-

ды. Көпшілігі өсиет жазып қалдырған 

адамның құжатты дүниеден өткенше 

өзгертуге  құқығы  бар  екендігін  біле 

бермейді.  Ал,  кейбір  марқұм  болған 

кісінің  ұрпақтары  әке-шешелерінің 

өздеріне  жазып  қалдырған  өсиетіне 

малданып, алты ай ішінде нотариус-

қа  арыздану  қажеттігін  қаперден 

шығарып алады. заңдастырудың бел-

гіленген мерзімін өткізіп алғандар оны 

ұзарту туралы сот органдарына арыз 

түсіріп,  әбігерге  түсіп  жатады. тіпті, 

өзінен  басқа  дауласатын  мұрагері 

жоқ, жалғыз баланың өзі заң талабына 

селқос қарағандықтан тіркеу мерзімін 

өткізіп алып, сот табалдырығын жаға-

лап жүреді. заңда көзделген алты ай 

мерзім өтіп кеткеннен кейін нотариус-

тың  өзі  марқұмның  соңында  қалған 

дүние-мүлікті  мұрагерлер  атына  рә-

сімдеп,  жаза  алмайды.  Мерзімі  өтіп 

кеткен  мұрагерлікті  қалпына  келтіру 

тек сот тәртібімен ғана шешіледі. Бы-

лайша айтқанда, азаматтар құқықтық 

сауатының  төмендігінен  алашапқын 

жүгірісті өздері тілеп алады. Сот мұн-

дай  санаттағы  істерді  қараған  кезде 

талапкердің мұрагерлік мерзімін қан-

дай  дәлелді  себептерге  байланысты 

өткізіп алғандығына ғана назар ауда-

рады. Кейбіреулер мұрагерлікті алты 

ай ішінде тіркету деген тәртіпті алты 

айдан кейін деп жаңсақ түсініп қалған-

дарын айтып, ақталады. қарап отыр-

саңыз, бұл жерде басы артық іс жоқ, 

мұрагерлікке  құқығы  бар  адамдар 

алты  ай  ішінде  арызын  нотариусқа 

апарып, тіркетсе жетіп жатыр. әрі қа-

рай белгіленген мерзім өткеннен кейін 

дүние-мүлікті  өз  атына  рәсімдейді. 

Алайда, өмірде әке-шешеден қалған 

мүлікке қырық пышақ болып таласып 

жататын ағайындылар да аз емес. 



–  Қазақ  «Өмір  бар  жерде  өлім 

бар» дейді. Біреулер кісі қолынан, 

енді біреулер өз ажалынан қайтыс 

болады. Сондай кезде басқа ұлтты 

қайдам,  дүние  салған  адамының 

жерлеу  рәсіміне  кеткен  шығынын 

есептеп, түбіртек жинап жүру қазақ 

үшін жат нәрсе. Кейін мәселе сотқа 

жетіп,  істі  қараушы  судья  шығын-

ның көлемін бекітетін анықтаманы 

талап еткен кезде ғана олар мұны 

ескермегенін  байқайды.  Сондай 

жағдайларда  шығынның  орташа 

көлемін  өлшем  етіп  алса,  қалай 

болар еді?

– қиын сұрақ. расында да өзгенің 

қолынан  қаза  тапқан  марқұмның 

жақын-жуықтары оның жетісі мен қыр-

қына,  жылына  жұмсалатын  қажетті 

азық-түлікті дүкеннен емес, көбінесе 

бағасы арзандау базарлардан алады. 

Соған қарамастан «шығынның көлемін 

бекітетін  қағаздарыңыз  жоқ  екен» 

деп  жазылған  шағым  қабылданбай 

қалмайды.  десе  де,  сот  отырысы 

барысында ондай тарапқа «соншама 

шығынның  көлемін  қалай  дәлелдей-

сіздер?» деген сұрақтың қойылатын-

дығы заңдылық. Ондай жағдайларда 

кейбір  тараптар  базарлардан  алып 

келген тауар чектерін тапсырады, оны 

да қабылдаймыз.



– Оның жалған болып шығуы да 

мүмкін ғой?

–  Бәрі  де  ықтимал.  Сот  ондай 

істерді  қарау  кезінде  талап  етіліп 

отырған қаржының көлеміне де қатты 

көңіл бөледі. Моральдық залалды сот 

тәртібімен  өндіру  пәлендей  қиын-

шылық  тудырмағанымен,  материал-

дық  залалды  анықтау  үшін  дәлел 

керек.  Өзіңіз  ойлаңызшы,  жалғыз 

баласынан  айырылған  адамның  жан 

күйзелісіне  ұшырайтындығы  онсыз 

да  дәлелдеуді  қажет  етпейтін  мәсе-

ле  емес  пе?  Өз  басым  қайғыдан 

қан  жұтқан  адамдардың  пайдасына 

моральдық  залал  өндіру  барысында 

дәлелді қажет етпеймін.



– Әңгімеңізге рақмет!

 Пікірлескен 

Елеусіз МҰРАТ,

 «Заң газеті»

Ұлт  жоспарында  белгілен-

ген  100  нақты  қадамды  сәтті 

іске  асырудың  нәтижесінде 

қаншама заңнамалар жаңғыр-

тылып,  қаншама  игі  бастама-

лар  халық  арасында  қолдау 

тап ты.  Осының  өзі  қазақстан 

хал қының ойға алғанын орын-

дай алатынын, ортақ мақсатқа 

ұйыса  алатынын  дәлелдеп 

отыр.  әрбір  саланың  дамуы-

на  соны  серпін  берген  «100 

нақты қадамның» бірінші бағы-

ты «Кәсіби мемлекеттік аппарат 

құру ды» көздеген болатын. Ал, 

ол үшін кәсіби мемлекеттік ап-

параттың беделін көтеріп, жұ-

мысын жүйелі атқаратын білікті 

мамандарды бір ортаға жинай 

білу керек. 

елбасы  тапсырмасынан 

кейін  өзіміз  үлгі  ететін  озық 

елдердің тәжірибесі жан-жақты 

зерттелгені  белгілі.    қазір-

гі  таңда  әлемде  мемлекеттік 

қызметті жаңғыртудың екі мо-

делі  қалыптасқан.  Біріншісі, 

германия мен жапония секілді 

қуатты  мемлекеттерде  өзін-

өзі  ақтаған  жобалар.  Бұл  ел-

дерде қызмет баспалдағымен 

өсу моделі тиімді қолданылып 

келеді.  және  елдегі  мемле-

кеттік  қызметшілердің  жұмыс 

нәтижесі  аталмыш  модельдің 

ыңғайлылығын, ынталандыруға 

ықпалды  екендігін  көрсетеді. 

Бұл елдерде мемлекеттік қыз-

метке  алғаш  келгендер  тек 

төменгі  лауазымдарға  ғана 

жұмысқа  алынады.  Өзін  көр-

сеткен,  біліктілігін  дәлелде-

ген  қызметкерлерді  біртін-

деп лауазымы бойынша өсіру, 

басқа лауазымға ауыстыру тек 

саты бойынша кезең-кезеңімен 

жоғары қарай жүргізіледі. қа-

таң  талап  сақталатындықтан 

бұл  елдің  азаматтары  жоғары 

лауазымға  бірден  тағайын-

далмайтынын біледі. Ал, АқШ, 

Ұлыбритания, жаңа зеландия 

және  Канада  секілді  дамыған 

елдерде  екінші  –  позициялық 

қадам  қолданыста.  Мұнда 

мем лекеттік қызметтің барлық 

пози циясы (төменгі, орта және 

жо ғарғы) ашық жүргізіледі. Кез 

келген үміткер өзі қалаған ла-

уазымға тек ашық конкурстық 

таңдау  арқылы  қол  жеткізеді. 

Өзін-өзі  ақтаған  бұл  бағыт  та 

қазақстандық мемлекеттік ап-

паратты  сәтті  қалыптастыруға 

септігін  тигізеді  деген  сенім 

бар. 

әлемнің бәсекеге қабілетті 



отыз  озық  елінің  қатарынан 

көріну үшін қазақстанға мықты 

мемлекеттік аппарат қалыптас-

тыру  мейлінше  өзекті.  «100 

нақты  қадамның»  алғашқы  15 

тапсырмасының  мемлекеттік 

қызмет  жүйесіне  арналуы  да 

сондықтан.  қазіргі кезде мем-

лекеттік қызметтен үміткерлер-

ге  талап  жоғарылап,  жұмыста 

жақсы  нәтиже көрсеткендерді 

сатылап өсірудің негізі қалан-

ды.  жалақының  қызмет  сапа-

сына,  жұмыс  қорытындысына 

қарап  тағайындалуы  да  мем-

лекеттік  қызметтегі  бұрынғы 

қағидаларды келмеске кетірді. 

елбасы  тапсырмасын  лай-

ықты  орындау  үшін  қолға 

алын ған  шараның  тағы  бірі  – 

мем лекеттік қызметшілерді ат-

тес тациялаумен  байланысты. 

Ат тестация  –  қызметкерлер-

дің  кәсіби  даярлық  деңгей-

ін, құқықтық мәдениетін және 

азаматтармен жұмыс істеу қа-

білетін  айқындауға  мүмкіндік 

туғызады. Сонымен қатар, бұл 

сынақ  мемлекеттiк  қызмет-

шiлердiң  атқаратын  лауазы-

мына  сәйкестiгi  мен  қызмет-

тегi  перспективасын  анықтау, 

олардың кәсiптiк даярлығының, 

құқықтық мәдениетiнiң деңгей-

iн,  азаматтармен  жұмыс  iстеу 

қабiлетiн  бағалау  мақсатында 

жүргiзiледi.  Президент  жар-

(Соңы. Басы 1-бетте)

Мінбер


АттеСтАция МеМлеКеттіК 

қызМетКерлердің БіліКтілігін 

БАйқАуғА КӨМеКтеСеді

лығына сәйкес жасалған ереже-

де мемлекеттiк қызметшiлердің 

кемiнде үш жылда бiр рет ат-

тестациялаудан  өтетіні  дәй-

ектелген.  Осы  жылдың  ақпан 

айынан бастап әкімшілік мем-

лекеттік қызметкерлер кешенді 

аттестациялаудан өтпек. талап 

бойынша  аттестациялаудан 

өтетін қызметкерлер тестілеу, 

кеңесу, әңгімелесу сияқты бір-

неше  деңгейден  тұратын  ке-

шенді  сынақ  тапсырады.  Ке-

шенді  аттестацияны  әкімшілік 

мемлекеттік  қызметкерлердің 

барлығы бірдей  тапсырмайды. 

Айталық,  жүктi  әйелдер,  жас 

мамандар мен атқарып отырған 

қызметiнде бiр жылдан аз уақыт 

жұмыс iстеген адамдар кезектi 

аттестациялаудан босатылған. 

ережеге  сай,  баланы  күтуге 

байланысты демалыста жүрген 

әйелдер, сондай-ақ, белгiлi се-

бептерге байланысты орнында 

болмаған  адамдар  жұмысқа 

шыққаннан кейiн аттестацияла-

удан өтедi. 

қазіргі кезде аттестацияны 

өткізу  мен  оның  ережелерін 

түсіндіру  жұмыстары  тұрақты 

жүргізілуде.  

Рустам НАБИЕв,

Шығыс Қазақстан 

облыстық сотының кеңсе 

меңгерушісі


5

zangazet@maiI.ru



№9 (2934) 

3 ақпан 2017

(Соңы. Басы 1-бетте)

ТЕМІРҚАЗЫҚ

Талқы


ОРТАҚ ІСТЕН 

ШЕТ ҚАЛМАҒАН ЖӨН

Үндеуге үн қосамыз

САУАТСЫЗ СУДЬЯЛАРДЫ 

ҚЫЗМЕТТЕН БОСАТҚАННАН СОТ 

САЛАСЫ ЗАРДАП ШЕКПЕЙДІ 

Тек  қайта  бағалаудың  жағымсыз 

қорытындысы  бойынша  ғана  судья 

атқарып жүрген қызметіне лайықсыз 

деп танылады. 

Яғни,  судья  қызметіне  лайықсыз 

екендігін  дәлелдейтін  алғашқы 

жағым сыз  баға  оны  лауазымынан 

боса туға  негіз  болмайды.  Осыған 

бай ланысты сот корпусы құрамының 

сапа сын  көтеру,  кәсіби  біліктілікті 

баға лау  және  оны  көтеруге  ынтаны 

арт тыру  үшін  конституциялық  заң 

жоба сы бойынша судьяны қызметінен 

кезеңдік  бағалаудан  жағымсыз  баға 

алған жағдайда оны қайта бағалаудан  

өткізбей,  босату  ұсынылып  отыр. 

Сонымен  қатар,  жаңа  құжатта  Сот 

алқасы шешімі негізінде басқа сотқа 

немесе  мамандануға    конкурссыз  

ауыстыру тәртіптері белгіленді.

Заң жобасы бойынша «Қазақ стан 

Республикасындағы  сайлау  туралы» 

заңға да жалпыға ортақ декларацияны 

2017  жылдың  1  қаң тарынан  2020 

жыл дың 1 қаңтарына ауыстыруға бай­

ланысты  өзгеріс  енгізілмек.  Атал ған 

түзетулермен қатар, құжат жобасын 

қарау  бары сында  депутаттар  оған 

және «Халық аралық «Астана» қаржы 

орталығы  туралы» заңдарға бірқатар 

түзе тулер жасалды. Мәселен, халық 

қалаулылары «Сот жүйесі және судья­

лар  мәртебесі  туралы»  заңға    доға­

рыстағы судьяларға ай сайынғы өмір­

лік  қамтамасыз  ету  төлемін  тоқ тат­

пай,  оқытушы,  ғылыми  және  бас қа 

да  шығармашылық  қызмет термен 

айналысуға құқық беретін тетік ұсын­

ды.  Бұл  өзгеріс  аталмыш  судья лар­

дың тәжірибесін оларды мемлекеттік 

жоғары оқу орындарына, оның ішінде 

Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі 

академиясына оқыту шылық қызметке 

тартуға  мүмкіндік  береді.  Тағы  бір 

түзету  –  Сот  қызметін  қамтамасыз 

ету  департаментінің  Жоғарғы  Сот 

жанындағы Халықаралық кеңес жұмы­

сын жүргізуге бюджет қаражатын пай­

далану тәртібін бекітуді көздейді. 

Қасымов  мырзаның  айтуынша, 

заң жобасын қабылдау Ұлт жоспары 

шеңберінде  жүргізілетін  рефор­

маларды  іске  асыруға,  судьялардың 

сот  төрелігін  жүзеге  асыру  кезінде 

заңдылықты  нығайтуына  жауап­

кершілігін  арттыруға,  судьялардың 

кадрлық  іріктелу  саласын  реттейтін 

заңнаманы жетілдіруге ықпал етеді. 

Әйтсе  де  Жоғарғы  Сот  судьясы­

ның  бұл  тұжырымы  депутаттарды 

сендіре  қоймаған  сыңайлы.  Оларға, 

әсіресе,  судья  біліктілігіне  қатысты 

қабылданатын шешім күмәнді көрінді. 

Мәселен,  депутат  С.Қаныбеков 

судья лардың  кәсіби  қызметіне  теріс 

баға лау  жасалғанда  нақты  судьяға 

қатысты  біржақты  субъективті  фак­

торлардың  орын  алу  мүмкіндігін 

айта келіп, осы келеңсіздіктің алдын 

алу,  яғни,  судьялардың  кәсіби 

қызметін  бағалаудың  объективтілігін  

қамтама сыз  ету  мүмкіндігін  сұра­

ған  болатын.  Қасымов  мырза  мұны­

мен  келіспеді.  Оның  айтуынша, 

судьялар  қызметін  кезеңдік  бағалау 

барысында оның объективтілігі толық 

сақталады.  Өйткені,  Сот  алқасының 

құрамы  16  мүшеден  тұрады,  оның 

ішінде  Жоғарғы  Соттың,  облыстық, 

аудандық  соттың  және  доғарыстағы 

судьялардың өкілдері бар. Бұл мәселе 

қаралған кезде судьяның тәжірибесі, 

қаралған  істердің  саны,  сапасы, 

тәртібі  зерттеледі.  Судьялардың 

Әдеп  кодексі  нормаларының  сақ­

талуы  есепке  алынады.  Оның  үстіне 

шығарылған шешім бойынша Судья­

лардың Жоғарғы Кеңесіне шағымдану 

мүмкіндігі  бар.  Онда  барлығы  жан­

жақты қаралатын болады.

Әйтсе  де  бұл  жауап  депутат­

тар ды  қанағаттандыра  қоймады. 

Олар дың  ойынша,  судьялар  жұмы­

с ы н   б а ғ а л а у д ы ң   б і р   к і л т и п а н ы 

бар.  Мәсе лен,  депутат  Қ.Мусиннің 

пайым дауынша,  заң  жобасы  бойын­

ша  енгізіліп  отырған  өзгеріс тер ге 

сәйкес,  жұмыстан  босаған  судья 

арыздана  алмайды.  Оның  жұмы­

сы  жағымсыз  бағаланған  жағ дайда 

қайта  аттестациялау  қарас тырыл­

маған,  мұндағы  басты  шешім  – 

жұмыстан  босату.  Сот  алқасының 

шешіміне  тек  Жоғары  Сот  Кеңесіне 

шағымдануға  болады.  Сот  сатысы 

санатына  жатпайтын  бұл  ұйымның 

шешімі  ақырғы  болып  саналады. 

Заң  жобасы  қабылданған  жағдайда 

заңсыз  орын  ауыстыру  немесе  қыз­

метінен  босатудан  қалай  қорғауға 

болады? Яғни, әділетсіз шешімдердің 

қабылдануының алды қалай алына ды?

Қасымов  мырза  бұл  базынаға 

қатысты мәселенің аяқастынан қарал­

майтынын, алдымен материал дар дың 

Сот  алқасына  түсіп,  олар  облыс­

тарда  талқылаудан  өтетінін  жет­

кізді.  Оның  сөзіне  сенсек,  судьяны 

жұмыстан  босату  мәселесін  күн 

тәртібіне қоюға негіз беретін құжат­

тардың толық құрамы ұсыныл ғаннан 

2016 жылды Қазақстанның сот жүйесінің 

дамуына  жақсы  өзгерістер  енгізген  жыл 

деп  санаймыз.  Ел  судьяларының  VII 

съезінде жасалған қорытынды жүргізілген 

реформалардың  жемісті  болғанын  дәлел­

дейді.  Заң  үстемдігін  орнату  жолындағы 

сот  жүйесінің  атқарған  қызметі  қомақты. 

Жылды қорытындылаған жиында Жоғарғы 

Сот төрағасы Қайрат Мәми сот жүйесіндегі 

жаңа реформаларға сай өтіп жатқан еңселі 

үрдістерді айтып өтті.

«Үш сатылы сот төрелігі жүйесі сәтті іске 

қосылды,  Жоғарғы  Сотта  инвестициялық 

дауларды  қарайтын  мамандандырылған 

алқа, Сот төрелігі академиясы мен Халық­

аралық кеңес құрылды. Тергеу судья лары­

ның,  алқабилер  сотының  құзыреті  бір­

талай  кеңейтілді.  Судьяларды  іріктеу  мен 

ілгерілету жүйесі барынша қатаңдатылды. 

Сот  жюриінің  жұмысы  реформаланды. 

Судьялардың  жұмыста  және  қызметтен 

тыс уақыттағы жүріп­тұруын нақты регла­

менттейтін жаңа Әдеп кодексі қолданысқа 

Елбасының  халыққа  арнаған  үндеуі, 

кезекті  жолдауы  сот  саласында  жаңғыр­

тулардың болатынын көрсетіп отыр. Бұған 

дейін  қолға  алынған  реформалардың 

аяқсыз қалғаны жоқ. Бұл жолғы үндеу де 

мем ле кеттік  биліктегі  теңгерімді  сақтап, 

заң на маларды сапаландыруға ықпал етеді 

деген ойдамын. 

«100 нақты қадам» – бұл біздің жаһандық 

және  ішкі  сын­қатерлерге,  сонымен 

бір  мезгілде  жаңа  тарихи  жағдайларда 

30  дамыған  мемлекеттің  қатарына  ену 

жөніндегі  жоспарымыз.  Реформаларды 

жүзеге  асыру  –  алда  тұрған  10­15  жылға 

арналған  бірінші  кезекті  жалпыұлттық 

міндет.  Мен  реформалар  жоспарын  Ұлт 

жоспары  деп  атадым,  өйткені,  реформа­

лар  Қазақстанның  әрбір  азаматының 

тікелей  қатысуын  талап  етеді»,  –  деген 

еді  Н.Назарбаев  Ұлт  жоспарын  қабылдау 

кезін де.  Яғни,  Мемлекет  басшысы  бұл 

рефор маға барша азаматтардың қатысуын 

шақыра отырып, оны жүзеге асыруды қада­

ға лауды өзіне қалдырды. 

енгізілді.  Сот  залдарын  үн­бейнетіркеу  жүйелерімен,  яғни,  жаңа  ақпараттық 

технологиялармен толықтай қамтамасыз ету жұмысының пәрменділігі артты»,– 

дей  отырып,  сот  жүйесіне  болашақта  сот  төрелігін  жүзеге  асыру  бойынша 

бірқатар міндеттер жүктеді.

Сот практикасы көрсетіп отырғандай, өткен 2016 жылы жаңа реформаларды 

іске  асыру  жолында  елімізде  сотқа  дейінгі  жеделдетілген  тергеу  тәртібімен 

қаралған қылмыстық істердің саны 14 пайызға, келісімдік іс жүргізу тәртібімен 

аяқталған істер 10 пайызға, қысқартылған тәртіппен қаралған істер екі еседен көп 

мөлшерге артқан. Ақтау үкімдерінің саны 19,2 пайызға, алқабилердің қатысуымен 

қаралған қылмыстық істер 11,9 пайызға көбейген. Осы көрсеткіштер сот жүйесінің 

жұмысына жобаланған реформалар талапқа сай жүзеге асқанын көрсетті. Жаңа 

белестер судьялардың кәсібилігіне талапты қатайтты. Былтыр 1220 судья кәсіби 

шеберлік сынынан өтіп, олардың басым бөлігі өз біліктілігін көрсетті.

Жақында мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта 

бөлу туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 

үндеуі жарияланған болатын. Осы уақытта бүкілхалықтық талқылауға шақырған 

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар 

енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына қатысты ұсыныстар 

жинау  науқаны  өтуде.  Аталған  мәселеге  байланысты  сот  жүйесіне  қандай 

өзгерістер енгізілуі мүмкін деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Конституцияның 79­бабының 3­тармағында республика соттарының судьяларына 

қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады деп белгілеу ұсынылады. 

Судьяларға қойылған талаптардың Конституция мәтінінде егжей­тегжейлі жазылуы 

заман шындығына және практика қажеттілігіне сәйкес келмейді. 

Ата  Заңның  81­бабының  жаңа  редакциясында  Жоғарғы  Соттың  мынадай 

функциясын нақтылау көзделеді – жергілікті және өзге де соттардың қызметін 

қадағалауды  жүзеге  асырады  деген  ереженің  орнына,  Жоғарғы  Сот  заңда 

көзделген жағдайларды өзінің соттылығына жатқызылған сот істерін қарайды 

деп айқындаған дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет