тісін басып шығара алады.
ол.
сете бастайды деп жоспарлануда.
екендігін айтты.
сары.
5
zangazet@maiI.ru
№59 (2837)
3 маусым 2016
ТҰҒЫР
(Соңы. Басы 1-бетте)
Біріншіден, сот ісін жүргізуде мем
лекеттік тілді және басқа тілдерді біл
мейтін немесе жеткілікті дәрежеде
біл мейтін азаматтардың құқығы мен
бостандығы шынайы түрде қорғалуы
тиіс. Бұл мәселе сот төрелігін жүзеге
асыруда негізгі қағидалардың бірі
ретінде бағалануы қажет.
АПКның 14бабының 2бөлігінде
сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою
арызы (арыз) берілген тілге байланыс
ты сот ұйғарымымен белгіленеді деп
көрсетілген. Талап арыздарды толтыру
үшін талапкерлер көбінесе адвокат
тардың немесе өкілдердің көмегіне
жүгінеді. Сот тәжірибесі көрсет кен
дей, басым жағдайларда талап арыз
дар орыс тілінде дайындалатыны
бел гілі. Біздің пікірімізше, АПКның
16тарауында белгіленген қағидаларды
орындау барысында судья міндетті
түрде тараптармен әңгіме өткізіп, сот
ісін жүргізудің тілі туралы мәселені
талқылауы тиіс және қажет болған
жағдайда оларға құқықтық көмек
көрсету шараларын ұйымдастырғаны
жөн. Алайда, талап арыздарды қабыл
дау, істі сот талқылауына дайын дау
сатыларында, тараптарға сот ісін
жүргізу тілін таңдау туралы құқық
тары түсіндірілмегендіктен, азамат
тардың заңмен қорғалатын мүд делеріне
үлкен нұқсан келтіру деректері сот
тәжірибесінде кездесіп жатады. Мысалы,
Алматы қаласы Бостандық аудандық
сотына берілген «Қаржы орталығы»
АҚның жауапкер Ж.Сапархановадан
қарызды өндіру туралы талап арызы
бойынша судья ның 2015 жылғы 12
қаңтардағы ұйғарымымен сот ісін
жүргізу тілі орыс тілі деп белгіленген.
Жауапкер Ж.Сапарханова сотқа 2015
жылдың 6, 9, 23 ақпан күндері сот
ісін жүргізу тілін орыс тілінен қазақ
тіліне өзгерту туралы, мүмкін болмаған
жағдайда іске аудармашыны қатыстыру
туралы өтінішін білдіріп, қазақ тілінде
толтырылған қарсы талап арызын берген.
Жауапкердің қазақ тілінде берілген қарсы
талап арызы сот ісін жүргізу тілінде
берілмеген деген негізбен, судьяның
2015 жылғы 6 наурыздағы ұйғарымымен
арыз қозғалыссыз қалдырылып, осы
жылғы 17 наурыздағы ұйғарымымен
жауапкерге кері қайта рылған. Судьяның
осы әрекетін заңды деп бағалауға бола
ма?
Талапкер З.Мадияров Орал қалалық
№2 сотына талап арызын мемле
кеттік тілде берген және судьяның
ұйғарымымен сот ісін жүргізу тілі
мем лекеттік тіл деп белгіленген. Осы
азаматтық іс бойынша апелляция
лық арызды қараған кезде облыстық
соттың судьясы сот ісін жүргізу тілін
орыс тіліне ауыстырған. Апелляциялық
алқаның отырысында З.Мадияров орыс
тілін білмейтінін, өтінішті судьяның
қолқалауы бойынша жазғанын мәлім
деген. Аталған жағдай талапкер құқы
ғы ның бұзылуына ықпал еткен.
Қазіргі уақытта республика сот
тарында шамамен 2 600дей судья
қызмет атқарады. Осы судьялардың
ішінен 85 пайызға жуығы азаматтық
істерді мемлекеттік тілде қарауға
қабілетті деп танылған. Сот ісін жүр
гізу тілін меңгермеген судьяның сот
төрелігін жүзеге асырудан жалтаруы
оның Конституциялық заңмен берілген
өкілеттігін орындаудан бас тартуы деп
бағалау қажет.
Сот тәжірибелерінің қорытын
дысы аудармашыларды сот отыры
сына қатыстыру мәселесі тиісті дәре
жеде шешілмей отырғанын анық
тап отыр. Айта кететін жағдай, «сот
отырысына қатысушы тараптардың
құқығы мен бостандығын қамтамасыз
ету» 003 бюджеттік бағдарламасы»
бойынша республикалық бюджеттен
осы шараны жүзеге асыру үшін 2015
жылы 34 796 000 теңге бөлінген екен.
Осы қыруар қаржы өз мәні бойынша
пайдаланылмай қалатын сияқты.
Мемлекет қамқорлығын іске асы
ру да сот жүйесі қызметкерлерінің ен
жарлық танытуы құптарлық жағдай
емес. Сот отырысына қатысатын
тарап тардың аудармашы қызметін
пай далануы немесе оларды қажетті
іс материалдарының аудармасымен
қамта масыз ету мәселесі істі сот отыры
сына дайындық сатысында шешілуге
жатады және бұл мәселелер про цес
суалдық құжаттардың көлеміне, қаржы
ның, мамандардың жетіспеуіне тәуелді
болмауы тиіс.
ҚПКтің талаптарына сәйкес қыл
мыстық процесті жүргізетін органдар,
оның ішінде, сотқа дейінгі тергеп
тексеруді жүзеге асыратын органдар
күдіктілер мен айыпкерлердің іс
жүргізілетін тіл туралы пікірі мен
тала бын шынайы түрде анықтап,
олар дың заңмен қорғалатын құқығын
пайдалануға жағдай жасауға міндетті.
Іс жүргізілетін тілді білмейтін
немесе жеткілікті түрде білмейтін
қылмыстық процеске қатысушыларды
қорғаушымен қамтамасыз ету де
процесті жүргізетін органдардың
міндеті болып табылады.
Келесі көңіл аударатын мәселе –
азаматтық, қылмыстық, әкімшіліқ
құқық бұзушылық туралы істер бой
ынша қабылданған сот актілерінің
грамматикалық, орфографиялық, сти
лис тикалық ережелерді қатаң сақтау
тұрғы сынан дұрыс, қатесіз дайын
далуында болып отыр. Сот актілерін
сауатты жазу мен ресімдеу әрбір судья
ның кәсіби біліктілігі мен құқықтық
мәдениетінің дең гейіне тікелей бай
ланысты. Жасыратыны жоқ, мемле
кеттік тілде қабылданған сот актілері
жазылу үлгісі мен мазмұны жағынан
көп жағдайда сын көтермейді. Судья
лар тарапынан «Сот шешiмi тура
лы» Жоғарғы Соттың 2003 жылғы
11 шілдедегі №5 және «Сот үкiмi
туралы» Жоғарғы Соттың 2002 жылғы
15 тамыздағы №19 нормативтік қаулы
ларының талаптары орындалмай,
қабылданған процессуалдық құжат
тардың құқықтық бағасына, дәрежесіне
жеткілікті көңіл бөлінбейтін деректер
де кездеседі.
Атырау облысының мамандан ды
рылған экономикалық сотының талап
қоюшы «Нұржау қазақ орта мектебі»
ММнің жауапкер «Перзент» ЖШСне
мемлекеттік сатып алуға жосықсыз
қатысушы деп тану, келісімшартты
мәжбүрлеп орындауға міндеттеу туралы
азаматтық ісі бойынша қабылданған сот
шешімінің 23 беттеріндегі мәтіні орыс
тілінде толтырылған, ал, іс негізінен
мемлекеттік тілде қаралған. Осы тұста
сот тәжірибесінде сотқа ұсынылған
дәлелдемелер мен құжаттардың аудар
масымен кім шұғылдану керек, яғни,
осы құжаттарды ұсынған тараптар ма,
жоқ әлде сот органдары ма деген сұрақ
туындап отыр.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының жанындағы Сот төрелігі
академиясына тағылымдамадан өтуге
келген судьялар да осы мәселені
бір неше рет көтерді. Бұл сұрақтың
жауабы АПКнің 14бабында берілген,
яғни, аудармашының көмегін тегін
пайдалануға мемлекет кепілдік беретін
тараптардың құқығы бұзылуға тиісті
емес, сондықтан аталған мәселе лерді
сот және уәкілетті орган қызмет
кер лері шешуі тиіс. Ал, сот отыры
сына дайындық аяқталғаннан кейін,
тарап тар мен басқа да сот отыры
сына қатысушылардың сотқа ұсына
тын дәлелдемелері, құжаттары аудар
масымен қоса берілуі қажет. Мемле
кеттік тілде қабылданған сот актілерінің
құрылымы анық, мазмұны түсінікті
болуы шарт. Сауатсыз толтырылған
мемлекеттік тілде қабылдағанда жиі
кездесетін, «аудандық (қалалық) сот
тың төрағасы», «төрағалық етуші»,
«төрайымы» немесе «анықтады»,
«анықтағаны», «ұйғару», «ұйғарым
етті» деген сөз тіркестерін белгілі бір
жүйеге келтіретін уақыт жеткен сияқты.
Осы мәселені талқылағанда кейбір
әріптестеріміз «заң әдебиеттерінің
жетіспеушілігі», «мемлекеттік тілде
заң терминдері сөздігінің жоқ екендігі»
туралы т.с.с. себептерді алға тартады.
Бұл себептерді ақталуға негіз деп
айта алмаймыз. Егер судья азаматтық,
қылмыстық немесе әкімшілік құқық
бұзушылық туралы істер бойынша өз
міндетін жоғары дәрежеде атқаруға,
ізденуге, тілге құрмет көрсетуге
ниет білдірген жағдайда, көрсетілген
сөздер жиі қолданылып, ресми заңдар
мәтіндерінде орын алды. Сонымен
қоса, тәжірибе көрсеткендей «факт»,
«критерий», «объект» т.б. сөздер ресми
мәтіндерге кіргізіліп, пайдаланылуда.
Егер осы үрдіс жалғаса беретін болса,
онда мемлекеттік және басқа да тіл
дердің бағасын төмендетіп аламыз ба
деп ойлаймыз.
Тіл мәселесі туралы әңгіме қоз
ғағанда айтылған кемшіліктерді түзету
дің жолы ретінде бірнеше ойымыз ды
ортаға салғымыз келеді.
Біріншіден, бүкіл республика айма
ғында бірдей қолданылатын, орталық
өкілетті мекемелердің шеші мімен
қабылданған, нормативтік құқықтық
актінің күші бар, құқық қорғау
органдары, оның ішінде, сот жүйесі
саласында пайдалануға жататын заң
терминдерінің сөздіктерін қабылдау
қажет деп есептейміз.
Екіншіден, заңгерлер дайындайтын
жоғары оқу орындарында дәрістерді,
оқыпүйрену процестерін жүргізген
кезд е мемлекеттік тілді қолдану аясын
кеңейту қажет.
Үшіншіден, судьялық қызметке канди
даттарды дайындау, таңдау, тағайын дау
кезеңдерінде олардың мем ле кеттік тілді
және басқа да тілдерді мең геру, қолдану
қабілетін бағалаған жөн.
дық тан, «процессуальный» деген
сөздің «процестік» деп аударылуы
аталған Заңның қолданылу шеңберін,
Заң реттейтін мәселелерді толық
қамтымайтын сияқты. Негізінде Заңды
«Азаматтық процессуалдық кодекс»
немесе бұрынғыдай «Азаматтық iс
жүргiзу кодексi» деп атаған дұрыс
болар еді.
Тағы бірнеше пікір, ұсыныстар:
...«Айғақ» деген сөздің орысша
аудар масы – «доказательство», «сви
детельство», «улика». АПКнің
17бабында «Айғақтар беру міндетінен
босату» деген норма бар. Заңның орысша
мәтінінде бұл норма «освобождение от
обязанности давать показания» деп
айтылады. Сонда «показания» деген
сөз «айғақ» деп аударылғандықтан
аталған сөздің мағыналары, олар
айқындайтын атаулардың мазмұны
әртүрлі болып тұр.
Азаматтық iс жүргiзу процесінде
ежелден қалыптасқан негізгі екі құқық
тық ұғым бар, олар: талапкер мен
жауапкер. Ал жаңа кодексте «талапкер»
«талап қоюшы» деп аталған. Бұрынғы
кодексте және жаңа кодексте талап
қоюшы тұлғаның құқықтық табиғаты,
құқықтары мен міндеттері бірдей
берілген, яғни өзгермеген. Бәрі бұрынғы
қалпында. Сонда соңғы енгізілген
жаңалық нені білдіреді, алға басушылық
па, жоқ әлде уақыт талабы ма, немесе
құқықтық атауды өз еркінше өзгерту
мамандарға берілген өкілеттілік пе.
Заңның орысша мәтінінің 47бабы
ның 1бөлігінде «ответчиками явля
ют ся граждане и юридические лица,
к которым предъявлено исковое
требо вание» деген норма бар. Бәрі
түсінікті. Енді осы жолдың қазақша
мәтініне көңіл аударайықшы: «өздеріне
талап қою берілген азаматтар мен
заңды тұлғалар жауапкерлер болып
табылады». Азаматтар мен заңды
тұлғалар өздеріне – өздері қалай талап
қояды. Талапты талапкерлер қояды
емес пе. Түсініксіз.
Іс жүргізуде ежелден қолданылып
келе жатқан «куә» деген сөздің
«куәгер», «өтініш» деген сөздің
«өтінішхат», т.с.с. деп қабылдануы
да қисынға келе қоймайтын теңеулер
сияқты. Заңның орысша мәтініндегі
«процесс» және «производство»
деген құқықтық ұғымдар жеке дара
процессуалдық қатынастарды біл
діреді және әрқайсысы өздерінің
тиісті орындарында қолданылады.
Ал Заңның мемлекеттік тілдегі мәті
нінде «процесс», «производство»
деген сөздер бірдей «іс жүргізу»
деп аударылып, екі ұғым реттейтін
қоғамдық қатынастардың мазмұны
біріктіріліп жіберілген. Айтылған
пікірлерді жалғастыра беруге болады.
Біз аталған Заңға танымдылық
сараптама жүргізейік деп отырған
жоқпыз. Біздің ондай құқығымыз
да, арнайы біліміміз де жоқ. Бірақ,
Республика азаматы, заң қолданушы
маман ретінде өзіміздің пікіріміз бен
ұсынысымызды жасырып қалу мүмкін
емес деген шешімге келдік. Біздің
ұсынысымыз «Тіл мәселесі туралы» деп
аталатын үлкен қоғамдық мәселеден
туындап отыр.
Айта кететін жағдай, қоғамда тіл
туралы басымдылық тек мемлекеттік
тілге берілсін деген ойдан аулақпыз,
тиісінше сот ісін жүргізудің тілі туралы
заңдылықтың толығымен сақталуын,
нақты жүзеге асуын қалаймыз. Қазіргі
уақытта Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Мәмидің
бастамасымен «Сот ісін жүргізудің тілі
туралы» нормативтiк қаулының жобасы
дайындалуда. Осы шараға байланысты
заңгерлер мен ғалымдар, құқық қорғау
органдарының қызметкерлері, барлық
әріптестеріміз, мүдделі ұйымдар мен
мекемелер аталған жоба жөнінде құнды
пікірлер мен тың ойлар, маңызды
ұсыныс білдірсе, өз ойын ортаға салса
құбақұп болар еді. Себебі, әңгімеге
арқау болып отырған мәселе тек қана
сот жүйесіне қатысты емес, жалпы
қоғамның назарында жүрген мәселе
екенін ескеруіміз қажет.
Бүгінгі даму тарихымыз болашақтың
еншісі. Ал болашақта біздің іргелі
істерімізді табысты жалғастыратын
өскелең ұрпақ, жалынды жастарымыз.
Атадан балаға мұра болып келе
жатқан байлықтарымыздың бірі –
тіліміз. Жаңа дәуірде, жаңа заманда
тіліміздің «өркені өсіп, өрісі кеңейсе»
жастардың жан азығы, бағдаршамы
болар еді.
Елбасы Н.Назарбаевтың «үш
тілді меңгеру туралы» ұраны замана
ағымынан, қоғамдық сұраныстардан
туындаған толғаныс. Ертеңгі бақытты
дәуірдің іргетасы бүгінгі күні қаланады.
«Бүгін – өткеннің нәтижесі әрі бола
шақтың бастамасы», – деп жазған екен
В.Белинский. Өткенге өкініш жоқ,
дегенмен, болашақты да ұмытпайық.
Достарыңызбен бөлісу: