АҢдатпа 8-бет 2-бет



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата13.02.2017
өлшемі4,48 Mb.
#3984
1   2   3   4   5   6   7

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ 

ҚАБЫЛДАНҒАН СОТ АКТІЛЕРІНІҢ 

САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

Б. МАҚҰЛБЕКОВ,

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының судьясы

Қ

азіргі уақытта республика соттарында шамамен 2 

600-дей судья қызмет атқарады. Осы судьялардың 

ішінен 85 пайызға жуығы азаматтық істерді мемлекеттік 

тілде қарауға қабілетті деп танылған. Сот ісін жүргізу 

тілін  меңгермеген  судьяның  сот  төрелігін  жүзеге 

асырудан жалтаруы оның өзіне Конституциялық заңмен 

берілген өкілеттігін орындаудан бас тартуы деп бағалау 

қажет.

С

от актілерін мемлекеттік тілде қабылдаған жағ-

дайда  өзге  тілдерде  жазылған  сөздер  мен 

термин дерді  орнымен  қолдану  қажет,  яғни,  тілдің 

«шұбар лануына»  жол  бермеу  керек.  Қазіргі  уақытта 

заңдық терминдердің ішінде «практика», «норма» деген 

сөздер  жиі  қолданылып,  ресми  заңдар  мәтіндерінде 

орын  алды.  Сонымен  қоса,  тәжірибе  көрсеткендей 

«факт», «критерий», «объект» т.б. сөздер ресми мәтін-

дерге кіргізіліп, пайдаланылуда. Егер осы үрдіс жалға-

са  беретін  болса,  онда  мемлекеттік  және  басқа  да 

тілдердің бағасын төмендетіп аламыз ба деп ойлаймыз.

сот актілері бірінші кезекте заңды­

лықты  сақтамаудың,  тілге  құрмет 

білдірмеудің үлгісі ретінде бағаланады. 

Республикамызда жыл дар бойы қалып­

тасқан  сот  актілерін  техникалық 

жағынан ресімдеудің бекітілген тәртібі 

бар екені белгілі. Осы ережелердің 

талаптарын сақтамай, әркім өз еркінше 

«тыңнан жол салатын» жағдайларға 

жол берілмеуі тиіс.

Келесі көңіл бөлетін мәселе – сот 

актілерін  толтырған  кезде  тарап­

тардың,  мемлекеттік  органдар  мен 

ұйымдардың  атауларын,  кодекстер 

мен қолданылатын заңдардың, басқа 

да  нормативтік  актілердің  аттарын 

қысқартып  жазу  мен  пайдалануда 

біркелкі  тәжірибенің  қалыптаспай 

отырғандығында болып отыр. Мысалы, 

«Қазақстан Республикасы» деген сөзді 

«ҚР» деп жазумен мүлдем келісуге 

болмайды. Әрине, қазіргі уақытта сот 

актілерінің процессуалдық үлгілерін 

ресми түрде бекіткен уәкілетті органдар 

қабылдаған «Ереже» жоқ екені белгілі. 

Азаматтық істер бойынша сот актілерін 

талаптарын басшылыққа алады.Ал, осы 

заң нормаларына сілтеме жасаған кезде 

сот актілерінде «бап, бөлік, тармақ, 

тармақша, бөлім, тарау» деген құқықтық 

атаулар әртүрлі дәрежеде қолданылып, 

өзі айқындайтын атаудың мағынасын 

дәл көрсете алмайтын жағдайлар да 

орын алып жатады, мысалы «тармақ» 

деген сөз «тармақшамен», «бөлік» деген 

сөз  «бөліммен»  астарласып  кетеді. 

Осындай  қателіктерге  жол  бермеу 

үшін, көрсетілген атауларды қолданған 

кезде  Қазақстан  Республикасының 

«Құқықтық  актілер  туралы»  2016 

жылғы 6 сәуірдегі №480­V Заңының 

23­бабының 1­тармағымен реттелген 

норма тивтiк құқықтық актiнің құрылы­

мы туралы қағидаларды басшылыққа 

алған жөн.

Сот актілерін мемлекеттік тілде 

қабылдаған жағдайда өзге тілдерде 

жазылған  сөздер  мен  терминдерді 

орнымен қолдану қажет, яғни тілдің 

«шұбарлануына» жол бермеу керек. 

Қазіргі уақытта заңдық терминдердің 

ішінде  «практика»,  «норма»  деген 

олқылықтардың  орнын  толтыруға 

болады.

Қазақстан Республикасы азамат­



тарының  жеке  куәлігінде  олардың 

тегі, аты, әкесінің аты орыс тілінде 

жазылған. Осы жағдай сот актілерін 

мемлекеттік  тілде  толтырған  кезде 

жазу ережелерін сақтау тұрғысынан 

қолайсыздық  туғызады.  Мысалы, 

«талап  қоюшы  Борибаев  Аргинбай 

Абдирович» деген сөз тіркесінің орнына 

«талап  қоюшы  Бөрібаев  Арғынбай 

Әбдірұлы» деп жазсақ, құжаттың мәні 

де, мазмұны да өзгеше болып шығар 

еді. Бүгінгі күнге дейін біз сот актілерін 

қабылдаған кезде азаматтардың аты­

жөнін  жеке  куәлігінде  көрсетілген 

деректер бойынша жазамыз ба неме­

се  мемлекеттік  тілдің  ережелерін 

сақтай отырып жазамыз ба деген бір 

қорытындыға келе алмай отырмыз. 

Бұл  тәжірибе  республикамыздың 

әр  аймақтарында  әртүрлі  дәрежеде 

қалып тасып отыр. Дегенмен, Жоғарғы 

Соттың жанындағы соттардың қызметін 

ұйымдастыратын Департамент басшы­

лары бастама көтеріп, осы мәселе оң 

шешімін табады деген ойдамыз.

Судья белгілі бір іс бойынша шешім 

қабылдаған  кезде  даулы  құқықтық 

қатынастарды реттейтін материалдық 

заңның, сол сияқты іс жүргізу тәртібін 

айқындайтын процессуалдық заңның 

Төртіншіден, мүмкін осы пікір ең 

маңыздысы болар, заңдық күші бар, 

яғни, нормативтiк құқықтық актілердің 

жобасын ең алдымен мемлекеттік тілде 

дайындау қажет.

Біз  заң  дайындап,  қабылдайтын 

мемлекеттік органдар қызметіне баға 

беруден аулақпыз, алдымызға ондай 

мақсат  қойып  отырған  да  жоқпыз. 

Дегенмен, сот жүйесі саласында отыз 

жылдан артық қызмет істеп жүрген 

маман  ретінде  келесі  жағдайларға 

көңіл  аударғымыз  келеді.  АПК­нің 

қолданысқа 2016 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап енгені белгілі. Аталған Заңның 

мемлекетіміздің  экономикасының, 

мәдениетінің қазіргі даму кезеңінде 

алатын орны маңызды екенін барлық 

қазақстандықтар жақсы түсінеді. Осы 

Заңның мемлекеттік және орыс тіліндегі 

мәтіндерінің кейбір тұстарында сәйкес 

келмейтін деректер байқалады. Бірін­

ші  кезекте  Заңның  атауын  алайық: 

«Қазақстан Республикасының Азамат­

тық процестік кодексі».

Азаматтық процесс – азаматтық 

істер бойынша сот ісін жүргізу дегенді 

білдіреді. Ал процестен тыс, процес­

суалдық  құжаттар  қабылдайтын, 

про цессуалдық әрекеттер жасайтын, 

хаттамалар толтыратын т.б. процес­

тен  тыс  жүргізілетін  әрекеттер  де 

осы Заңмен реттеледі емес пе? Сон­


6

№59 (2837) 

3 маусым 2016

zangazet@mail.ru

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ  АКТІЛЕР

(Соңы. Басы газеттің №52,53,54,55,56,57,58 сандарында)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

Астана қаласы                    2016 жылғы 20 қаңтар                      №21

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер 

органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін 

қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 

2015 жылғы 4 маусымдағы №348 бұйрығына 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2015 жылғы «___» _______ № ___ бұйрығына 9-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 

2015 жылғы «4» маусымдағы № 348 бұйрығына 43-қосымша



«Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

«Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемле-

кеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары 

көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 

Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген (нормативтік 

құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 11273 тіркелген) «Тауарларды кедендік тазар-

ту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Мини-

стрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары және 

кеден бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 

Тауарға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД), оның негізінде ТД-да мәліметтер 

мәлімделген құжаттармен қабылдауды және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін 

беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тауарларға арналған декларация ретінде 

пайдаланылатын тауарларға арналған декларацияға, коммерциялық, көліктік (тасымалда-

ушы) құжаттарға тиісті белгілерді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық 

жүйелеріне тиісті мәліметтерді енгізу (қою) жолымен Кеден одағының және Қазақстан Ре-

спубликасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен мәлімделген кедендік рәсімге 

сәйкес тауарларды шығару туралы шешім не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген 

жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту 

туралы дәлелді жауап беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің 

құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан тауарларға арналған 

декларацияны, тауарларға арналған декларацияның электрондық көшірмесін (бұдан 

әрі – ТД) және Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды алуы мемлекеттік қызмет 

көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер), 

оларды орындау ұзақтығы:

1) ТД мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының екі сағат-

тан аспайтын мерзімде ТД тіркеу журналында тіркеуі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ТД-ны тексеру және Стандарт-

тың 4-тармағында белгіленген мерзімде кедендік бақылау жүргізуі;

3) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының Стандарттың 4-тармағында 

белгіленген мерзімде тауарларды шығару туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас 

тарту шешім қабылдауы.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-әрекеттің) нәтижесі:

тіркелген ТД не ТД-ны тіркеуден бас тарту;

ТД-ны тексеру және кедендік бақылау нәтижелері;

тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылатын тауарларға арналған декла-

рацияға, коммерциялық, көліктік (тасымалдаушы) құжаттарға тиісті белгілерді, сондай-ақ 

көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелеріне тиісті мәліметтерді енгізу (қою) 

жолымен Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында бел-

гіленген тәртіппен мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығару туралы шешім 

не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша 

мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің 

құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мына 

құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасын-

дағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігін сипаттау:

Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы мемлекеттік қызметті көрсету кезін-

де мынадай іс-әрекеттерді орындайды:

ТД-ны тіркеу журналында тіркеу нөмірін беру жолымен ақпараттық технологияларды 

пайдаланып жазбаша және (немесе) электронды түрде ТД және құжаттарды тіркейді не 

екі сағаттан көп емес мерзімде ТД-ны тіркеуден бас тартады; 

Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы ми-

нистрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік кірістер 

органының лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасының                

3-бөлімінің 3-парагрфіне сәйкес ТД-ны тексеруді және кедендік бақылауды жүргізеді;

Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде тауарларға арналған декларация 

ретінде пайдаланылатын тауарларға арналған декларацияға, коммерциялық, көліктік 

(тасымалдаушы) құжаттарға тиісті белгілерді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің 

ақпараттық жүйелеріне тиісті мәліметтерді енгізу (қою) жолымен Кеден одағының және 

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен мәлімделген ке-

дендік рәсімге сәйкес тауарларды шығару туралы шешім не Стандарттың 10-тармағында 

көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден 

бас тарту туралы шешім қабылдайды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету 

орталығымен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара 

іс-әрекет тәртібі, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және 

(немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ ақпа-

раттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы регламентпен қарастырылмаған.

10. «Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің 

анықтамалықтары осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген.

 «Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне қосымша



«Тауарларды кедендік тазарту» Мемлекеттік қызмет көрсетудің

бизнес-процестерінің анықтамалығы

 

*ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылым-



дық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «элек-

трондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;

 

 - мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы; 



 - көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ

 атауы;


- таңдау нұсқасы;

- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2015 жылғы «___» _______ № ___ бұйрығына 10-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 

2015 жылғы «4» маусымдағы № 348 бұйрығына 49-қосымша



«Жекеменшік тауарларды сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Жекеменшік тауарларды сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік 

көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республи-

касының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандартта-

рын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі 

№ 284 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде                   

11273 тіркелген) «Жекеменшік тауарларды сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Минис-

трліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары және 

кеден бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін 

қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысының 

(оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделген жекеменшік тауарларды сақтау 

қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім не Стандарттың 10-тармағында 

көрсетілген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас 

тарту туралы дәлелді жауап беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны қағаз түрде.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемле-

кеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз нысанында ресімделеді және көрсетілетін қызметті 

алушыға жазбаша нысанда почта арқылы жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші 

құрылымдық бөлімшелердің (қызметшілердің) іс-әрекетінің тәртібі

4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан жекеменшік тауар-

ларды сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) 

және Стандарттың 9-тармағына сәйкес оған қоса берілетін құжаттарды алуы мемлекеттік 

қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер), 

оларды орындау ұзақтығы:

1) құжаттарды қабылдау – 10 (он) минут:

2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметшісі көрсетілетін қызметті алушының 

көзінше өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қабылдап алады және өтініштің 

көшірмесіне құжаттар топтамасын қабылдап алған күні мен уақытын көрсете отырып 

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қояды.

3) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті 

алушыдан келіп түскен сәттен бастап 4 (төрт) сағаттың ішінде тіркеуі;

4) өтінішті көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті тіркеген күннен бастап 

күнтізбелік 1 (бір) күннің ішінде қарауы;

5) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты 

құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлім-

шесі) басшысының өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) күннің ішінде қарауы;

6) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі кызметкеріның қарауы 

және күнтізбелік 8 (сегіз) күннің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі;

7) бұйрықтың жобасын көрсетілетін қызметті берушінің заң бөлімшесі басшысының оны 

алған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) күннің ішінде қарауы;

8) бұйрықтың жобасын көрсетілетін қызметті берушінің заң бөлімшесі кызметкеріның 

өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күннің ішінде қарауы;

9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне 

оны алған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) күннің ішінде қол қоюы;

10) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оған қол қойған сәттен бастап 4 (төрт) 

сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің мемлекеттік қызмет 

көрсету нәтижесін тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті алушыға беруі.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-әрекеттің) нәтижесі:

тіркелген және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына берілген өтініш;

қаралған және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына 

жолданған өтініш;

қаралған және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің кызметкеріне 

жолданған өтініш;

ресімделген және көрсетілетін қызметті берушінің заң бөлімшесіне келісуге жолданған 

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;

қаралған және көрсетілетін қызметті берушінің заң бөлімшесінің кызметкеріна жол-

данған бұйрықтың жобасы;

келісілген бұйрықтың жобасы;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған мемлекеттік қызметті көрсету 

нәтижесі;

тіркелген және көрсетілетін қызметті алушыға берілген мемлекеттік қызметті көрсету 

нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші 

құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мына 

құрылымдық бөлімшелері қатысады:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің кызметкері;

көрсетілетін қызметті берушінің заң бөлімшесінің басшысы;

көрсетілетін қызметті берушінің заң бөлімшесінің кызметкері.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасын-

дағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан 

өтініш келіп түскен сәттен бастап 4 (төрт) сағаттың ішінде оны тіркеуден өткізеді және көр-

сетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төмен-

гі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірін көрсете отырып тіркеу мөртаңбасы қойылады;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті тіркеген күннен бастап күнтізбелік 

1 (бір) күннің ішінде оны қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық 

бөлімшесінің басшысына нұсқаумен жібереді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы өтінішті алған 

күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) күннің ішінде оны қарастырады және көрсетілетін қыз-

метті берушінің құрылымдық бөлімшесінің кызметкеріне нұсқаумен жібереді;

4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің кызметкері өтінішті алған 

күннен бастап күнтізбелік 8 (сегіз) күннің ішінде оны қарауды жүзеге асырады және мы-

надай әрекеттерді орындайды:

көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті құрылымдық бөлімшесіне көрсетілетін қыз-

метті алушыда көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күні кедендік төлемдерді, 

салықтарды және өсімпұлдарды төлеу жөніндегі орындалмаған міндеттерінің бар болуы 

не болмауы туралы ақпаратқа сұрау салады;

құқықтық статистика органдарына көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күнге 

дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 



521, 528, 532 - 534, 538, 539, 540, 544, 552, 555, 558-баптарына сәйкес әкімшілік 

жауапкершілікке тартылу фактілерінің болуы не болмауы туралы ақпаратқа сұрау салады; 

Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік 

қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және оны қол қою үшін 

көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

Стандарттың 9-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынған және өтініш бе-

руші «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 

47-бабында белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда кедендік тасымалдаушылар 

тізіліміне енгізу туралы бұйрықтың жобасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті 

берушінің заң бөлімшесіне келісуге жолдайды;

5) көрсетілетін қызметті берушінің заң бөлімшесінің басшысы бұйрықтың жобасын алған 

күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) күннің ішінде оны қарастырады және заң бөлімшесінің 

сарапшысына нұсқаумен жолдайды;

6) көрсетілетін қызметті берушінің заң бөлімшесінің кызметкері бұйрықтың жобасын 

алған күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күннің ішінде оны қарайды және келіседі;

7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оны алған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) 

күннің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды;

8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің 

басшысы оған қол қойғаннан кейін 4 (төрт) сағаттың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету 

нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет