«Бір кісідей атсалысамыз»
– Серікбай Өрікбайұлы қазіргі таңда кеселге қарсы азаматтық көзқарасы қалыптасқан
жандардың өте көп екенін айтты. Олардың барлығы осы жоспардың аясында жұмыс
істеуге сақадай-сай тұр. Бұл іске облысымызда жауапкершілігі бар азаматтар жиналып
бір кісідей атсалысады. Керуен тартқан атанға да «әйт, шу» деген қолдау керек. Жұмыс
жоспары айқын. БАҚ өкілдері тарапынан да бір кісідей жұмыламыз. Жаңа ұсыныс, жаңа
ізденіс серпіліс береді деген ойдамыз. Толықтай қолдап, құптаймыз.
Ләззат ШЫҢҒЫСБАЕВА, Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры:
«Біз көмекке дайынбыз»
– Мониторинг, рейтинг, климат жайы ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесінде
нақты қалыптасып құрылған. Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт
бойынша бізде бәрі жақсы. Өңірде кәсіпкерлердің құқығын қорғау мекемесі бар. Ғани
Қасымов басқарып отырған Ұлттық палата, Қайырбек Шошанұлы басқарып отырған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес те бар. Бұл бағытта біз қарқынды түрде жұмыс
жасаудамыз. Біз қоғамдық қабылдауға өзіміздің кеңсемізді ұсына аламыз. Себебі, бізде
келушілер көп, олардың ішінде үлкен, орта, кіші бизнес қызметкерлері бар. Егер мұны
аймақтық түрде жүзеге асыру керек болса, онда бізде 18 филиал бар, ендеше, біздің
көмектің пайдасы тиері анық. Біріге жұмыс жасайық.
Бейсен ҚҰРАНБЕК, «Жетісу» телеарнасының директоры:
«Мәдениетті диалог арқылы
қалыптастырайық»
– Бұл жақсы бастама. Сондықтан, журналистер өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз.
Шынымен де, біз диалогқа қарай бет бұруымыз керек. Өйтпейінше, қоғамда қордаланып
Айтақын БҰЛҒАҚОВ,
«Заң газеті»
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
қалған мәселелер шешімін таппайды, әрі қарай тереңдей береді. Ертең мұның бәрі
мемлекеттің дамуына кедергісін келтіреді. Сондықтан, өркениетті түрде, өркениетті елдер
өткен жолмен пікірімізді ашық айта отырып ортақ мақсатқа жетуіміз керек. Телеарнаның
студиясы бар, жағдайы жасалған. Ең бастысы, мемлекеттік қызметкерлерді халыққа
жақындату. Олардың қатып қалған адам емес, елді, жерді, болашақты ойлайтын, елдің
дамуына жанталаса кірісетін, өз ісіне берілген жандар екендігін бұқараға жеткізейік.
Сыбайлас жемқорлықтың қай орындарда басым болып тұрғанын да білеміз. Біз соларды
көрсете отырып сіздер арқылы мәдениетті қалыптастыруды түсіндірсек, көп жұмыс жасауға
болады. Біз осы жердің азаматтарымыз, ел-жұрт өзіміздікі, ертең ешқайда көшіп кетпейміз.
Елге, жұртқа еңбек етуіміз керек.
Ертеңгі күні жақсы сөз де, жаман сөз де бізге келеді. Әсіресе, сыбайлас жемқорлықта
мәдениетті қалыптастыру, мұнда біреуді ұстап, біреуді көрсетудің қажеті жоқ. Бірақ, бір
күнді жол сақшыларына арнайық. Камераға түсірейік, сөйлесейік. Осылай мәдениетті
диалог арқылы қалыптастырайық.
Мансұр КАНТУРЕЕВ: І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің ғылыми жұмыстар,
инновациялық технология және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры:
«Игі істен шет қалуға хақымыз жоқ»
– Студенттер – жастардың алдыңғы қатары. Сондықтан, бұл жаңа форматты студент
жастар ұғымына терең жеткізіп, тәрбиелей білсек, көп нәрседен ұтамыз. Бұл бастаманы
біз жан-жақтан қолдаймыз. І.Жансүгіров атындағы ЖМУ тарапынан білім беру және
ғылыми қызметкерлер және қоғамдық бірлестік өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениет қалыптастыруға бір кісідей атсалысамыз. Ынтымақтастықтың мақсаты білім
беру, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру
мен тәрбиелеу қызметін жандандыру болғандықтан, бұдан шет қалуға біздің хақымыз
жоқ.
Мейрам ЖАНӘДІЛОВ, облыстық «Өлке тынысы» ЖШС директоры:
«Барлығы ашық болуы керек»
– Егер де Бейсен Құранбек айтқан парақорлық мәселесі ашық түрде экраннан
көрсетілсе, адамдар мұндай қадамға бармайтын еді. Сондықтан, тереңірек жұмыс
жасауымыз керек. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды. БАҚ өкілдеріне, теледидар,
газетке дәл бүгін біздің мемлекетте цензура жоқ, дегенмен, қысым көп. Қоғамды жақсарту,
мемлекетті алға тарту үшін департамент ұсынып отырған бастаманың маңызы зор. Біз
меморандумға қол қойылғаннан кейін жұмыс атқаруымыз керек. «Сын түзелмей, мін
түзелмейді». Жасыратыны жоқ, кейде біз де жол сақшыларына куәлігімізді көрсетеміз.
Олар бұрышта тығылып тұрады, қатты келе жатқан машинаның алдынан жүгіріп шығады,
рульде, мүмкін, жас қыз немесе жаңа үйреніп жүргендер отырған шығар, сондайда
олардың қорқып жол апатын тудыруы мүмкін. Мұнда адамның тағдыры жатыр, сол себепті
айтайын дегенім, бұл істі бастап қана қоймай, тереңіне бойлаған жөн. Барлығы ашық болуы
керек, бір-бірімізге қолдау көрсетейік.
Жанар БОЛАТҚЫЗЫ, Алматы облыстық азаматтық альянс заңды тұлғалар
бірлестігінің атқарушы директоры:
«Жұмысымыз табысты
боларына сенемін»
– Қоғамның барлық салаларында мұндай ынтымақтастықтың орнауы мемлекеттің
өзара іс-қимылы бойынша демократиялық, құқықтық саласын көрсете отырып көптеген
жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі біздің таңдап отырған бағытымыз, яғни,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белгілі мөлшерде маңызды және елеулі нәтижелерге
әкеледі деп ойлаймын. Сонымен қатар, Алматы облысының үкіметтік емес ұйымының
атынан ішкі саясат басқармасымен, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп көптеген іс-шаралар
өткіздік. Енді жаңа форматта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жұртшылықты
хабардар ету жолында өнімді жұмыс жасағалы отырмыз. Бұл қоғамға үлкен пайда әкеледі.
Игі бастамамыз жемісті әрі табысты болады деген сенімдемін.
тоғыстырамыз», – деді.
Аталған жобаны жүзеге асыру үшін
республика бойынша 46 млн 200 мың
теңге қаржы бөлінсе, Алматы облысына
2 млн 700 мың теңге берілген. Қоғамдық
қабылдауды кеңседе өткізбей, неғұрлым
халыққа етене жақын болуды көздеген
Серікбай Өрікбайұлы ел арасына
шықпақшы. Мұндағы басты мақсат
– азаматтық көзқарасын білдіргісі
келген азаматтар арасында бастықтар
көріп қалады деген күдіктің тууына
жол бермеу. Сондай-ақ, «кеңседе
мемлекеттік органның төменгі азамат-
тары отырады, олар керек адам дарды
кіргізеді, керек емесін кіргізбейді»
дейтұғын пікірлерге тосқауыл қою үшін
жалға кеңсе алып отырғандарын ашық
айтты. Бұл да департамент тарапынан
қолға алынған жаңа дүниенің бірі.
Мысалы, ресми кеңселерге қарағанда
осындай қоғамдық қабылдауларда
мүлде бөлек, емен-жарқын әңгіме
өрбиді.
Шара аясында тұрғындар ара-
сында білім беру, денсаулық сақтау,
коммуналдық тұтынушылардың
құқығын қорғау, шағын және орта
бизнес, субсидия т.б. мәселелер
бойынша әлеуметтік сауалнамалар
жүргізіліп, құқық қорғау органдарына
сенім тақырыбындағы бағдарламалар
жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ,
сауалнамалар негізінде әлеуметтік
желілер тұтынушы ларының белсен-
ділігі де пайдаланылады. Серікбай
Өрікбайұлы тағы да сыбайлас жем-
қорлықпен күрес заңнама сын жалпыға
түсіндіріп, жегіқұрттай тамырланып
кеткен дертке мүлде төзбеушілікті
қалыптастыру бағы тындағы жұмыс-
тарға тоқталды. Бұл тұрғыда 3 айдың
ішінде 60 жиын өткізіліп, соның
бәріне бұқаралық ақпарат құралдары
шақырылған. Бұған қоса, халыққа
қызмет көрсету орталықтары, қоғамдық
және діни, этномәдени ұйымдар,
облыстық ақпарат құралдарының
өкілдері, іскер әйелдер қауымдастығы,
облыс тық, аудан-қалалардың барлық
тұр ғындары қамтылған.
Әдеп кодексінің жаңалық тарын
жүзеге асыру бойынша да департа-
мент консультативті кеңес құруды
көздейді. Бұл мақсатта І.Жансүгіров
атындағы ЖГУ-мен бірлесе жұмыс
істемекші. Әріптестікті одан әрі
дамыту мақсатында құрылым ережесі
жасалыпты. Оған университет қыз-
меткерлері, яғни, ондағы дайын-
далып жатқан жас мамандар, заңгер-
лер, мұғалімдер, аспиранттар тартыл-
мақшы. Консуль ативті кеңе сте,
бірінші, құқық қорғау органдары,
сот, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік
комитеті түгел қамтылады. Солардан
алынған мәліметтер талқыланып,
содан кейін барып ұсыныст ар
жасалады. Екінші мәселе, әкімдікке,
аудан әкімдеріне, облыстық ішкі саясат
басқармасы, «Жетісу» теле арнасы,
«Өлке тынысы» газетінің тарапынан
сыбайлас жемқорлық қа қарсы сананы
қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл қабылдап жатқан
шаралар мен азаматтарды уақтылы
ақпа рат тандыру қолға алынады. Үш-
ін ші, сыбайлас жемқорлыққа қар сы
мәдениетті қалыптастыруға бағыт-
талған ақпараттық қызметтің тиімді
әдіс-тәсілдерін әзірлеуге күш терді
біріктіру көзделуде.
Серікбай Өрікбайұлы консуль-
тативтік кеңеске қатысты ойын:
«Жалпы, республика деңгейінде мемле-
кеттегі заң органдарының бәрі бар.
Бірақ, біздің өзіміздің Алматы облысы
Жетісу өңірінің спецификасы болуы
керек. Таулы аймақтардан бастап,
етектегі ауыл, қалаларда, Алматының
төңірегінде туған адамдар, олардың
психикасы, білім деңгейлері, пұл
табу, бизнес түрлері бір бөлек. Ел
санасы біреу, сондықтан да, біз екі
жаққа бірдей жұмыс істейміз. Біз бір
шешіммен, бір ұсыныспен екі жақты
бірдей бағындырайын деп тұрмыз», –
деп нақтылады.
Бұған қоса, «Мемлекеттік қызмет –
абыройлы» бағдарламасы жүзеге асады.
Және оның қорытындысы аптасына бір
рет халыққа таныс тырылады. Облыстық
жастар сая саты басқармасы тарапы-
нан жас тар мен жастар ұйымдарын-
да сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыру жұмыстары
жүргізі леді. Оның мақсаты жастар
арасында сыбайлас жемқорлықтың кез
келген көрінісіне төзбеушілік жағдай
жасап және қазақстандық патриотизм
сезімін нығайту болмақ.
Студенттік ортада және жоғары оқу
орындарында жемқорлық көріністерін
ескерту бойынша бірлескен шаралар,
флешмобтар, дөңгелек үстелдер, кез-
десу лер, пікірсайыстар, семинарлар,
диалогтар өткізуді жоспарлаған депар-
тамент басшысы «Нұр Отан» партия-
сының облыстық филиалын, Алматы
облыс тық азаматтық альянсын, заңды
тұлғаларды біріге жұмылдыруға
баса мән берген. Сол арқылы еңбек
ұжымдарында, мысалы, әскерилер,
құқық қорғау және басқа органдар
арасында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениетті қалыптастыру
көзделуде. Алматы облысы кәсіп-
керлер палатасы сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы мәдениетті қалыптас-
тыруға кәсіпкерлік субъек тілерді
және олардың одақтастарын да
тартпақ. Нақтырақ айтсақ, сыбайлас
жемқорлыққа жағдай туғызатын
себептерді бірлесіп анықтап, жоймақ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді
бақылау мен сапасын арттыруды
айтқан Серікбай Өрікбайұлы дөңгелек
үстелге жиналған әріптес терінің
пікірін тыңдап, өзара ынтымақтастық
туралы келісімге қол қойды.
ТЕМІРҚАЗЫҚ