АҢдатпа 8-бет 2-бет



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата13.02.2017
өлшемі4,48 Mb.
#3984
1   2   3   4   5   6   7

ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТІ 

ХАЛЫҚ  СҰРАНЫСЫНА 

САЙ ЕМЕС

(Соңы. Басы 1-бетте)

(Соңы. Басы 1-бетте)

Дерек пен дәйек

Жалпы, бас банкир өз баяндама-

сында  жаңа  құжаттың  Елбасының 

жолдауында жүктелген міндеттер мен 

бірқатар тапсырманы жүзеге асыру 

мақсатында әзірленгенін атап өте келіп, 

заң жобасының жасалу себебін бүгінгі 

таңда Қазақстанның төлем нарығында 

күрделі құрылымдық өзгерістердің 

орын алуымен байланыстырған еді. 

Ақышев  мырза  бұл  ретте  нарыққа 

жаңа банктік емес ойыншылар келіп, 

заманауи төлем қызметтерінің пайда 

болып жатқанына, халықаралық стан-

дарттардың енуі нәтижесінде төлем 

жүйесінің тәсілдері де өзгеріске ұшы-

рағанына назар аудартты. Бұл өз кезе-

гінде төлем нарығында тиісті құқықтық 

негізді құруды және қарым-қатынастар 

кешенін реттеуді, сондай-ақ, төлем-

дер мен ақша аударымдар рәсімдері 

бо йынша нормаларды жетілдіруді қа-

жет етіп отыр. Осыған орай, аталмыш 

құжат жобасында мынандай негізгі 

бағыттар қамтылды. Біріншіден, төлем 

жүйелерінің жұмысын регламенттеу, 

төлем жүйесі, операторы, төлем жүйе-

леріне қатысушылар, төлем жүйелерін 

ұйым дастыру және олардың жұмыс 

істеу тәртібі дәйектелді. Сондай-ақ, 

халықаралық  стандарттарға  сәйкес 

олардың жіктелуі енгізілді. Екіншіден, 

төлем қыз меті нарығының субъектілер 

құрамын айқындап, төлем қызметтерін 

жеткізуші ұғымын, санаттары, олардың 

қызметтерін реттеу режимі, көрсететін 

төлем қызметтер түрлері белгіленді. 

Ұлттық банкте жеке төлем ұйымдарын 

есептік тіркеу енгізіледі. 

Сонымен  қат ар,  заң  жобасы 

банктердің  төлем  агенттері  желісі 

арқылы төлем қызметтерінің белгілі 

бір қызметтерін көрсету мүмкіндігін 

де көздейді. Бұл халық үшін базалық 

банктік қызметтердің қолжетімділігін 

арттыруға мүмкіндік береді. Үшінші-

ден, төлемдер мен ақша аударымдарын 

жүзеге асыру тәртібі белгіленеді. Бұл 

ретте төлем құралдары, төлемдер мен 

ақша  аударымдарын  жүзеге  асыру 

тәсілдері мен негізгі рәсімдері айқын-

далып отыр. Осыған байланысты заң 

жобасында банк процестерін жақсар-

татын және төлемдерді жасау тәсіл-

дерін кеңейтетін құқықтық нормалар 

қамтылған.

Ерекше атап өтерлігі, заң жобасында 

төлем  қызметтеріне  тұтынушылар-

дың мүдделерін қорғауға бағытталған 

өлшемдер айқындалып отыр. Заң жо-

балары қабылданатын болса, банктер-

де төлемдерді орындау мерзімі төрт 

күннен екі күнге қысқартылып, ал, 

2017 жылдың 1 маусымынан бастап 

төлемдер күнбе-күн атқарылатын бола-

ды. Тұлғалардың талаптары бойынша 

банк шоттарынан жәрдемақылар мен 

әлеуметтік төлемдерді алу барысында 

тұрғын үй төлемдерін өндіріп алуға 

шектеу енгізіледі. Банк тарифтерінің 

айқындылығы қамтамасыз етіледі. Бұл 

ретте олардың клиентті төлем опе-

рациясын жасағанға дейін комиссия-

ның мөлшерімен таныстыру міндеті 

енгізіліп, сондай-ақ, біржақты тарап-

пен шарттың талаптарын, тарифтерді 

ұлғайтуға тыйым салынып отыр.

Ақышев мырза бұл шаралардың, 

біріншіден, төлем қызметтерін дамы-

туға мүмкіндік беретінін атап көрсетті. 

Зерделенген шетелдік тәжірибе заң 

жобасын қабылдау төлем нарығының 

айқындылығын едәуір арттыруға, жаңа 

ойыншылардың қызметін реттеуге, 

төлем жасау барысын оңтайланды-

руға, соңғы тұтынушылардың құқығын 

қорғауды қамтамасыз етуге жол ашаты-

нын көрсетіп отыр.

Депутаттар еліміздегі төлем жүйе-

сінің Еуразиялық экономикалық одақ 

елдерінің төлем қызметін көрсету на-

рығымен интеграциялану барысына, 

ауылдағы оның аяқ алысына алаңда-

ушылық білдірді. Бұл ретте алыс елді 

мекендерге екінші деңгейлі банктердің 

бармайтындығына, қаржы қызметін 

әлі де болса ондағыларға пош таның 

көрсетіп отырғанына базына айтыл-

ды. Сонымен қатар, банкоматтардағы 

транзакция  құнының  қымбаттығы, 

сауда  орындары,  елді  мекендердің 

төлем  қондырғыларымен  қамтама-

сыз етілмегендігіне назар аударылды. 

Қазіргі төлем қызметі нарығы кеңейіп 

отырған уақытта азаматтар құқының 

қорғалуы, олардың алаяқтар тұзағына 

түсіп қалу мүмкіндігі сөз болып, осын-

дай келеңсіздіктің алдын алу қажет-

тігі бас банкирдің қаперіне салынды. 

Мәселен, депутат Қуаныш Сұлтанов 

бұл ретте Ұлттық банктің екінші дәре-

жедегі  банктермен  бірге  халықтың 

қаржылық сауаттылығын арттырып, 

қоғамды жаңа технологияларға бейім-

деуге өздері мүдделі болуы тиістігін 

еске салды. 

Данияр Талғатұлы бұл мәселелердің 

Ұлттық банк назарында тұрғандығын, 

оларды тиімді шешу үшін де аталмыш 

құжаттардың дайындалғанын дәлел-

деуге тырысты. Айтуынша, қаралып 

отырған заң жобасы қабылданса, төлем 

қызметіне мониторинг жасап, бақылау-

ға кеңінен мүмкіндік туады. Бұл өз ке-

зегінде, біріншіден, олардың алаяқтық 

жасауының алдын алып, жұмысының 

сапасын көтереді. Екіншіден, салықтық 

әкімшілендіруді арттырып, бюджетке 

түсетін  кірісті  көбейтеді.  Транзак-

ция құнына қатысты оның банктердің 

банкомат қызметін қамтамасыз ету 

шығындарына байланысты қалыпта-

сатынын, әр банк бұл ақыны өздерінің 

қаржылық, материалдық мүмкіндігіне 

сай белгілейтінін жеткізді.

Жаңа құжаттар бірінші оқылымда 

қабылданып, екінші оқылымда пы-

сықталуға жіберілді.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,

«Заң газеті»

Мұны байқаған тұрғындардың бірі 

төтеншеліктерге хабар берсе керек. 

Сөйтіп, балалар күнін мерекелеп қан-

нен-қаперсіз жатқан тұрғындарды бір 

түнде сыртқа шығаруға тура келген. 

Бұл жайлы Ішкі істер министрлігіне 

қарасты Төтенше жағдайлар жөнін-

дегі комитеттің арнайы өкілі Руслан 

Иманқұлов  ақпарат  құралдарына 

мәлімдеп те үлгерді. «Топырақтың 

шөгуіне байланысты үй бір жағына 

қисайған. Тұрғындардың бірінен ха-

барлама түскен сәттен бастап жедел 

қызметтің барлығы сол жерде жүр. 

Қоғамдық тәртіп полиция қызмет-

керлерінің бақылауында. Түні бойы 

кезекшілік еткен барлық жедел қыз-

меттің өзара іс-әрекеттері қамтамасыз 

етілді. Сондай-ақ, кезекшілік арнайы 

нұсқау түскенге дейін жалғасады», – 

деді төтеншеліктердің арнайы өкілі. 

Құлау қаупі туған тұрғын үйдің 

тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріл-

ген. Руслан Иманқұлов нақты 208 адам 

үйден шығарылғанын мәлімдеді және 

олардың 90-ы қонақүйге орналасты-

рылған. Қалғаны өз тілегі бойынша 

жақын туыстарын паналауға кеткен. 

Бір түнде тұрғындар мен жедел қыз-

метті аяғынан тік тұрғызған 9 қабатты 

тұрғын үй газ көзінен ажыратылған. 

Ал, бейсенбі күні құрылыс мәселе-

сі бойынша мамандардан құралған 

арнайы комиссия аталмыш орында 

жұмысын бастағанын айта кету керек. 

Енді өткенге сәл шегініс жаса-

сақ, бұл еліміздегі бірінші жағдай 

еместігіне көз жеткіземіз. Сөзіміздің 

дәлелі  –  Қарағандының  «Бесоба» 

ша ғынауданында құлаған үй. Үлес-

керлердің қаржысына үш жыл бұрын 

салынған тұрғын үйлердің бірі 2012 

жылы 6 сәуірде тұтастай опырылып 

түскен болатын. Тіпті, айналасын 

шаңға көміп жермен-жексен болған 

үйдің бейнежазбасы ғаламторға да 

салынғаны есте. Абырой болғанда, 

онда да 138 адам алдын ала көшіріліп, 

ешкім зардап шеккен жоқ. Құлаған 

үйдің тұрғындарына 545,3 млн теңге 

шығын келгені сонда айтылды. Одан 

кейінгі жағдай белгілі, оқыс жағдайға 

байланысты тергеп, тексеру басталды. 

Үйді салушылар, жобалаушылар, мем-

лекеттік комиссияның төрағасы мен 

мүшелеріне, сондай-ақ, мемлекеттік 

сәулет-құрылыс бақылауын жүргізген 

лауазымды тұлғаларға қатысты төрт 

қылмыстық іс қозғалды. 

Қарағандыдағы оқыс жағдайдан 

кейін Қазақстанның құрылыс сала-

сына қатысты «Бесоба синдромы» 

деген сөз пайда болды. Әрине, жақсы 

сөз емес. «Бесоба» тұрғын үй ке-

шеніндегі құлаған үйге байланысты 

дау-дамаймен ұзаққа созылып барып 

аяқталған сот ісі, кінәлілердің жаза-

сын алуы жаңағы «синдромға» тоқтау 

бола алмағанын уақыт көрсетіп отыр. 

Одан кейін жаңадан салынған тұрғын 

үй, әлеуметтік нысандар, балабақша 

ғимараттарының көпшілік қызығын 

көруді  бастап  үлгермей  жатып-ақ 

іргетасы шөгуі, қабырғасы сөгілуі, 

жарамсыз болып қалуы секілді фак-

тілер еліміздің әр аймағында орын 

«БЕСОБА СИНДРОМЫ» 

АЛМАТЫДА БЕЛГІ БЕРДІ

алды. Енді, міне, «Бесоба синдромы-

ның» соңғы жарқын мысалы – бүгінгі 

тақырып арқауына айналған Алматы-

ның «Алғабас» ықшамауданындағы 

жағдай.

Ал, бар жағынан өзге өңірлерге үлгі 



болуы тиіс мегаполистегі 9 қабатты 

тұрғын үйдің жантаюына не себеп 

дегенге келсек, толассыз жауған жаң-

бырдан жертөлесі суға толған екен. 

Куәгерлер солай дейді. Алатаудан асып 

өткен бұлт Алматының аспанынан 

нөсерлетпей өтпейтіні алматылықтар-

дың еті үйренген қашанғы дүние және 

табиғаттың ісіне адам шара қыла ал-

мас. Сондықтан, бұл арада кінәні жа-

уын-шашыннан көру қисынсыз. Жаң-

быр жауғаннан тұрғын үйлер жантая 

беретін болса, кешегі кеңес заманында 

салынған көпқабатты үйлер қаншама 

жылдардан бері мызғымай қалай тұр?! 

Неге 2014 жылдың желтоқсанында 

пайдалануға беріліп, қоныстойын той-

лаған «Алғабастағы» 9 қабатты тұрғын 

үй бір көктемнің жауын-шашынына тө-

теп бере алмай қалды?! Ендеше, мәселе 

сол баяғы жауыр болған сапаға келіп 

тіреледі. Сапасыздық Қазақстанның 

құрылыс саласына дендеп енген ауруға 

айналды. Қателеспесек, бұл мемлекет-

тік бағдарламалардың бірі бойынша 

берілген тұрғын үй. Олай болса, мұның 

ар жағында мемлекеттің беделіне нұқ-

сан келіп отыр. Бұдан кейін бас аман-

дығы үшін жұртшылық мемлекеттік 

бағдарлама аясында салынған үйлер-

ден бас тартпайтындығына кім кепіл.?!

Төтенше жағдай комитетінің ар-

найы өкілі Руслан Иманқұлов «үйдің 

жантаюы не азайған жоқ, не ұлғайған 

жоқ» деп кешеге дейінгі ахуал туралы 

ақпар беріпті. Алайда, көпқабатты үй 

желдің екпініне ырғалып барып қайта 

қалпына келетін тал емес қой. Әрине, 

ұлғаймағанына тілекшіміз. Тек «Бес-

оба синдромының» (көзбояушылық, 

жауапсыздық, алаяқтық, сапасыздық) 

тамырын кеспей, қисайған, жантай-

ған, қабырғасы сөгілген, құлаған үй-

лер мен ғимараттың азаймайтыны аян. 

Қазақтың дауылпаз ақыны Қасым 

Аманжоловтың «Бермесең, бермей-ақ 

қой баспанаңды. Бәрібір тастамай-

мын астанамды» деп келетін әйгілі 

өлең жолы бар еді. Бірақ, өмір адамға 

астанасын тастамаса да, баспанасын 

тастауға тура келетін кездер болаты-

нын аңғартты. 



Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті» 

Тәуелсіз Қазақ елі үшін 4 маусым – тарихи күн. 

Еліміз осыдан тура 24 жыл бұрын егемендіктің бас­

ты символдары – Туы мен Елтаңбасын, сонымен 

қатар, Әнұранын бекітті. Егемен ел шежіресінде 

алтын әріптермен басылған рәміздердің бүгінгі таңда 

мәртебесі асқақ, орны биік. Жас мемлекеттің бола­

шаққа нық қадам жасауы да дәл осы кезеңнен бастау 

алғаны анық.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Ту, 

Елтаңба, Әнұранның пайдалану тәртібі мен ресми түрде 

орналасу орындары «Қазақстан Республикасының мемле-

кеттік рәміздері туралы» конституциялық заңында айқын 

көрсетілген. Аталған заң ел рәміздерінің 2007 жылдың  

4 маусымында күшіне енгені белгілі. 

Тарихы талай сын мен күреске толы Қазақ елі үшін 

аталған жетістіктің мәні мен маңызы аса зор. Бұл, бір 

жағынан, елдің тәуелсіздігін айқындаған басты белгілердің 

бірі болса, екіншіден, елдің мызғымас тұтастығын білдірсе 

керек. 


Көне дәуірдің көзі болған бір елдің Туы – бейбіт за-

манда құрметпен сақталса, жаугершілік кезде аса жауап-

кершілікпен қас батыр, ел қорғаны батырлардың қолына 

ұстатылған. Яғни, тудан айырылу – елдіктен айырылумен 

тең болғанын тарихтың өзі дәлелдеп тұр. Ал, әр тайпа мен 

рудың, хандықтардың өз таңбаларының болуы Елтаңбаның 

да тарихының сонау ғасырлардан бастау алғанын көрсетеді. 

Бүгінгі таңда көгімізде желбіреген көгілдір жалауымыздың, 

айшықты бейнесімен көз тартатын Елтаңбамыздың, жан 

жүрегімізбен тебірене шырқаған Әнұранымыздың мәрте-

бесі әр ел азаматы үшін ерекше екені сөзсіз. 

Анатолий ДЕРМАНОВСКИЙ, 

Ақмола облыстық әділет департаментінің басшысы

Қазақстан заңгерлер одағының 

Ақмола облыстық филиалының төрағасы

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ

(Соңы. Басы 1-бетте)


4

№59 (2837) 

3 маусым 2016

zangazet@mail.ru

ТАРАЗЫ

Мінбер


«СОТ КАБИНЕТІ» 

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАЙДЫ

Көзқарас

Соңғы жылдары еліміздің сот 

жүйесінде  жаңа  технологиялар 

барынша кең қолданылуда. Соған 

орай,  ақпараттық  сервистерді 

пайдалану  механизмдері  жетіл-

діріліп, іске қосылып отыр. 

Мемлекет  басшысының  тапсырмасымен 

қолжетім ділік пен жеделділікті, сонымен қатар, 

азаматтардың электронды сот өндірісіне алыстан 

қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Жоғарғы 

Сот электрондық сот кабинетін ұсынған болатын. 

Осы жүйе бүгінде қарқынды жұмыс істеуде. Ха-

лықтың игілігі үшін жасалып жатқан игі шара-

ларды, соның ішінде электронды сот кабинетінің 

тиімділігін қазіргі таңда ел көріп отыр. Мысалы, 

Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық со-

тына 30 мамырға дейін «Сот кабинеті» арқылы 

882 талап арыз түсті. Бұған өзге де  жолданымдар 

мен өтініштерді қосатын болсақ, барлығы 928-ді 

құрайды. Яғни, азаматтар талап арыздан бөлек, 

сот өндірісіне қатысты өтініштерін де электронды 

түрде жолдап, өз уақыттарын үнемдеуде.

«Сот кабинетінің» басты ерекшелігі – азамат-

тардың уақытын ұтымды пайдалануға мүмкіндік 

берді. Олар сот төрелігіне жүгінетіндей болған 

жағдайда бұрынғыдай сот ғимаратына келіп жүр-

мейді. Үйінде немесе жұмысында отырып талап 

арыздарын сотқа жолдай алады. Ал, әлеуметтік 

желіге қолжетімділігі жоқтар бұл тұрғыда халыққа 

қызмет көрсету орталықтарының қызметін пайда-

лануына болады. Ол үшін азамат алдымен халыққа 

қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы 

қолтаңба алуы қажет. Және олар «Сот кабинетін-

де» орналастырылған электрондық нысандарды 

толтыра отырып тіркеледі. 

Талапкер мемлекеттік баж салығын төлегенін 

растайтын түбіртектің көшірмесін де электронды 

түрде жібере алады т.б. құжаттармен танысып, 

сот процесінің белгіленген күні мен уақытын дәл 

біледі. Өзінің процесті басқа күнге ауыстыруға, 

т.б. қатысты өтініштерін де электронды түрде 

жолдай алады. Электрондық сервиске ауысу, бірін-

шіден, сот өндірісіне қатысушыларға сот органда-

рына жүгіну процедурасын жеңілдетуге мүмкіндік 

берсе, екіншіден, материалдық шығынды азайтуға 

ықпал етті. Яғни, азаматтар сот ғимаратына құ-

Қазақстан Республикасы 

судьяларының VI съезінде Ел-

басымыз дауларды шешудің 

баламалы тәсілдерін дамыту, 

оның  ішінде  бітімгершілік 

процедурасы  азаматтардың 

бұзылған құқығын қалпына 

келтірудегі мемлекеттің негізгі 

бағыттарының бірі екендігін 

атап өткен болатын. Қазіргі 

кезде АҚШ-та, Англияда және 

Европаның басқа да мемле-

кеттерінде  сот  медиациясы 

кеңінен қолданылып келеді. 

Біздің елімізде сот медиация-

сының дамуына көп мүмкіндік 

берілген, оның жақсы жақта-

ры: рәсім тегін және жасырын 

түрде өткізіледі, сондай-ақ, 

тараптардың татуласуына қо-

лайлы жағдай туғызады.

Медиацияның артықшы лы-

ғына келетін болсақ: медиация 

тәртібімен  аяқталған  іс  бо-

йынша талап қоюшыға талап 

арызды сотқа өткізгенде төлен-

ген мемлекеттік баж салығы 

толығымен қайтарылады. Кей-

бір мүліктік даулар бойынша 

мемлекеттік баж салығы елеулі 

мөлшерде төленетінін ескер-

сек, бұл талап қоюшы үшін өте 

тиімді болмақ. Алайда, азамат-

тық іс жүргізуде татуластыру 

рәсімдерін қолданудағы сот 

тәжірибесіне жасалған талдау 

көрсеткендей, көп жағдайда 

тараптар  істі  сот  қарауына 

дайындау кезінде және істі ті-

келей қарау барысында қысқа 

мерзімде бейбіт жолмен дауды 

шешуге әркез дайын бола бер-

мейді.


Сот тәжірибесі көрсеткен-

дей, азаматтық процеске түс-

кен тараптардың эмоциялық 

шие ленісі жоғары деңгейде 

болады, әр тарап өзінің әре-

кетін «менікі дұрыс» деп са-

нап, туындаған дауға әділ баға 

бермей, оны бітімгершілікпен 

шешуді қаламайды. Біздің ойы-

мызша,  мұндай  жағдайдың 

пайда  болуы  азаматтардың 

құ қықтық сауаттылығына, мә-

дениеттілігіне және адами қа-

сиетіне байланысты. Ал, бі-

тімгершілік ке лісімдер көбеюі 

үшін біз тараптарға медиация-

ның  тиімділігін  жан-жақты 

түсіндіруіміз  керек.  Тарап-

тардың сотқа жүгіне отырып 

даудың нәтижесіне көзі жет-

кен соң ғана татуласу рәсімін 

жасауға келісім беруі осыны 

көрсетеді.

Қазақстанда медиация рәсі-

мін қолдану жұмысын жан-

дандырудың бір тәсілі ретінде 

кейбір санатты істер бойынша 

тараптарға дауды сотқа дейін 

медиация  тәртібімен  шешу 

сатысынан  өтуді  міндеттеу 

керек. Мысалы, бұл тәсілді 

отбасылық даулар, балалардың 

тұратын мекенжайын анықтау, 

Бұған қарап медиаторлар түк іс бітірмей 

отыр деп те айта алмаймыз. Бүгінгі күнге дейін  

медиаторлардың жұмысын бірлесе жүргізу мақ-

сатында көптеген іс-шаралар жүзеге асты. Сот 

ғимаратынан арнайы бөлмелер беріліп, ақпа-

раттық хабарламалар дәліздерде ілініп тұрды. 

Жиі-жиі осы тақырыптарда соттар мен медиатор 

өкілдерімен бірлескен дөңгелек үстел жиында-

ры өткізіліп жүрді. Десек те, осы күнге дейін 

өз дауын тек сотқа ғана сеніп тапсыруға құлық 

танытып үйренген жұрттың көңілін медиа-

торлардың бұрып әкетуіне оңай соқпайтынын 

аңғардық. Әйтпесе сот залында отырып даула-

сушы екі тарапқа медиаторлардың қызметіне 

жүгіне алатындарын айтып, таңдау жасауына 

мүмкіндік бергенде де олардың медиаторларды 

таңдауы өте сирек кездесетін. Ал, судьялардың 

азаматтарды қинап көндіруге ешқандай да 

құқығы жоқ және бір айтылған ұсынысты қай-

та-қайта алдарына тарту да лайықсыз. Себебі, 

судья бұл істі қараудан қашқақтап тұрғандай 

әсер тудыруы мүмкін.

Өкінішке қарай, бүгінгі күннің өзекті мәселе-

лерінің біріне айналған ажырасу жағдайында да 

екі жақ «судья өз сөзін айтсыншы» деп сотқа ке-

леді. Яғни, медиаторлар жұмысының жанданбай 

отырғаны жаңа маман иелерінің қоғамдық қа-

тынастарға енді ғана араласып жатқандығынан, 

оған әлі де болса қарапайым жұрттың үйрене 

қоймағандығынан болса керек. 

Мәселеге осы жағынан келгенде қолданыс-

тағы Азаматтық процестік кодекске «Бітімгер-

шілік келісім» деп аталатын жаңа тараудың 

енгізілуі заңдылық. Бұл, бір жағынан, құқықтық 

саясат тұжырымдамасында көрсетілген отандық 

құқық жүйесін жаңа заман талаптарына сәй-

кес құру жөніндегі шешімдерді жүзеге асыру 

мақсатында қолға алынса, екінші жағынан, 

қара халықтың құлағы естіп, көзі көріп үй-

ренген судьялардың бітімгершілік рөлін өз 

міндеттерінің біріне айналдыруына негіз болар 

еді. Бітімгершілік келісім жөніндегі мәселе 

бойынша заң жобасында сот іске қатысатын 

жақтардың бітімгершілікке келуіне бағытталған 

шараларды қолданатынын және дауды реттеуге 

ықпал жасай алатынын алға тартады. Сондай-ақ, 

аталған тарауда бітімгершілік келісімге келудің 

құқықтық негіздері, келісімнің түрі мен мазмұ-

нына қойылатын талаптар, келісімді бекіту және 

орындау тәртіптері туралы қағидалар да көздел-

ген. Соттарда қаралатын азаматтық дауларды 

бітімгершілік келісімге келу жолымен аяқтау тек 

іске қатысушы жақтар үшін ғана емес, сол секіл-

ді қоғам, мемлекет үшін де тиімді құқықтық 

институтқа айналатынына сенім мол. 

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, мәселеге 

бұл тұрғыдан келу, яғни, судьяның медиация 

тәсілдерін қолдануына мүмкіндік беру бекерден 

бекер орын алып отырған жоқ. Қарапайым ха-

лықтың өз дауына қатысты түйінді сот өкілінің 

аузынан естуге құмартуы осындай қадам жасау-

ға түрткі болды. Осыған орай, алдымен арнайы 

жоба жүзеге асырылды. Яғни, 2014 жылдың 

мамыр мен желтоқсан айлары аралығында аза-

маттық сот өндірісіне сот медиациясын, яғни, 

бітімгершілік рәсімдерді енгізу жөніндегі пи-

лоттық жоба республика соттарының аясында 

жүзеге асырылып сыннан өтті. Пилоттық жоба 

шеңберінде барлығы 3939 іс медиация тәсілі 

негізінде шешімін тапты. Берешекті өндіру, со-

ның ішіндегі коммуналдық төлемдер, кәмелет-

тік жасқа толмаған балаларға алимент өндіру, 

некені бұзу жөніндегі істерде сот медиациясы 

қолданылды. Осылайша пилоттық жоба негізін-

де судьяның қатысуымен сотта татуластыру 

рәсімдерін жүргізудің маңыздылығы артып, бұл 

нәтиже заңнамалық түзетулер енгізуге септігін 

тигізгені рас. 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ  

көлік  дәлізінен  6  шақырым 

ғана қашықтықта орналасқан. 

Теміржолмен қатынаймын деу-

шілерге «Қамбаш» бекеті екі-

бастан дәл түбінде, тиіп тұр.

Аңыздарға сенсек, заманын-

да Қамбар батыр ғашығы На-

зымға Қамбаш көлін кесіп өтіп 

барған екен. Яғни, көлдің белгілі 

бір тұсы ат батпайтындай таяз 

болған. Көнекөздердің айтуын-

ша, күн бата жағылған шыраққа 

бағдарлап көл кешетін Қамбар 

батыр қастық ойлағандардың 

кесірінен тереңге батқан делінеді. 

Қазіргі дерекке сүйенсек, көлдің 

ең терең тұсы – 9,5 метр. Ал, 

ұзындығы 26,8 шақырым болса, 

ең үлкен ені – 8,52 шақырым. 

Қамбаштың айналасына Лай-

көл, Жыңғылдыкөл, Шөмішкөл, 

Қаяздыкөл, Жалаңашкөл, Қу-

лыкөл, Көбіктікөл, Райымкөл, 

Талдыарал сынды көлдер топта-

сқан. Ал, көл суының мөлдірлігін 

адам айтып жеткізе алмайды. Су 

астына сүңгіген адам 10 метр 

жердегіні айна-қатесіз көре ала-




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет