Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет59/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80
Жалтырауық бактериялар. Энергияны жарық түрінде бөліп шығаруға қабілетті бактерияларды – жарқырауық деп атайды. Олар Photobacterium, кейбіреулері Vibrio туысына жатады. Бұл бактериялар факультативті анаэробтар болғанмен оларға люминисценция үшін оттегі қажет. Жарық шығару оларды оттегінің зиянды әсерінен қорғайды.

Дәріс №21-22
Тақырыбы: Микроорганизмдердің генетикасы
Жоспары:
1.Микроорганизмдер өзгергіштігі.
2.Мутацияның типтері. Мутагендер, олардың табиғаты, әсерінін молекулалық механизмі. Мутацияның маңызы.
3.Генетикалық рекомбинация: трансформация, коньюгация, трансдукция
4.Плазмидалар мен ауысушы элементтердің биологиялык рөлі.

Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіш-тікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше «genetіkos» — шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды, ал В.Иогансен 1909 жылы тұқым қуалайтын белгісін қалыптастыратын материалдық бірлікті ген деп атады.


Қандай организмді алсақ та ол өзінің ата-тегіне бір ұқсастығы болады. Арнаулы структуралық және атқаратын қызметі жағынан белгілі бір қасиеттің біршама тұрақты күйде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруын тұқым қуалаушылық деп атаймыз. Бірақ әрбір жеке организмнің осымен бірге ата-анасынан өзіндік ерекшеліктері де болады. Бұл құбылысты өзгергіштік деп атайды
Л. Пастер тіршілік ортасын өзгерте отырып, организмдегі пайдалы қасиеттерді ұзақ уақытқа жоғалтпай, сақтап қалуға болады деп көрсеткен.
Табиғатта өзгергіштік пен тұқым қуалаушылық процестері үнемі жүріп жатады. Осындай жағдайда көптеген микроорганизмдер табылып, зерттелінді. Практикада олардан ферменттерді, антибиотиктерді және басқа да түрлі заттарды алу жүзеге асырылды. Қазіргі кезде микроорганизмдер клеткасының құрылысы біршама жақсы зерттелді. Оның тұқым қуалаушылық қасиеті клеткадағы дезоксирибонуклеин қышқылына (ДНҚ) байланысты екені анықталды. ДНҚ-ны тұқым қуалаушылықтың материал-дық негізі деп атайды. Ол тұқым қуалаушылықты бағыттайтын және бақылайтын фактор.
Бактериялар ядросында ДНҚ мөлшері мыңға жуық және олардың әрқайсысының ұзындығы түрліше болуы мүмкін. Клеткадағы гендер тобын өзара байланыстырып ұстап тұруы үшін ДНК өзара бір сызық бойымен байланыса, яғни тізбектеле орналасуы тиіс. Мәселен, бактериялар ДНК-сы молекулаларының ұзындығы 56-58 микрон. ДНҚ молекулаларының құры-лысы бұралта жасалған басқыш тәрізді, өзара байланысқан екі тізбектен құралады. Осы тізбектің ішкі жағында - пурин және пиримидиннен құралған азотты негіздер болады. Ал шеттері фосфорлы - көміртекті қосылыстармен көмкерілген.
ДНҚ молекуласының құрылысын 1950-жылдарда американдық ғалымдар Уотсон мен Крик ашқан болатын. Осы жаңалықтары үшін оларға Нобель сыйлығыберілді.
Ал ДНҚ молекулалары белгілі бір жағдайлар әсерінен өзгеріске ұшырауы мүмкін. Сонда микроорганизмнің тұқым қуалаушылық қасиеті де өзгереді. Мұны генетикада мутация деп атайды. Мутация латынша тиtаtіо - өзгеріс деген сөз. Мутацияға хромосомалар структурасында және олардың химиялық құрамыңда болатын молекула дәрежесіндегі өзгерістерді жатқызады. Ол морфологиялық және биохимиялық қасиеттердің өзгеруінен зат алмасудың тиісті бөлімінің қайтадан құралуына әкеліп соқтырады. Бұл қасиеттердің өзгерісі рентген, ультракүлгін сәулелердің, түрлі химиялық заттар әсерінен және басқа да мутагендердің әсерінен болуы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет