Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


Индуциялы мутациялар – сыртқы орта факторларының, мутаген-дердің әсерінен туындайды



бет62/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Индуциялы мутациялар – сыртқы орта факторларының, мутаген-дердің әсерінен туындайды. Индуциялы (бағытталған) мутациялар микро-организмдерді арнайы мутагендермен (химиялық заттармен; физикалық – температура, ультра күлгін және иондаушы сәулеленулермен; т.б.) өңдеу барысында пайда болады. Мутагендердің жасушаның генетикалық аппаратына тікелей немесе жанама әсер ету нәтижесінде келесі өзгерістерді байқауға болады: микроорганизмдердің морфологиялық қасиеттері өзгеріске ұшырайды; дәрілік препараттарға төзімділігі артады; аминқышқылдарын синтездеуін, көмірсулар мен басқа да қоректік заттарды пайдалану қабілетін жоғалтады; патогендік қасиеттері әлсірейді және т.б. Мысалы, бағытталған мутация әдісімен вируленттік қасиеттері әлсіретілген тірі вакциналар әзірленіп, олар инфекциялық аурулардың алдын алуда қолданыс тапқан. Пенициллинді өндіретін саңырауқұлаққа ультракүлгін сәулелерімен әсер еткен жағдайда оның аталмыш өнімді жүз есе көбірек түзейтін белсенді штамы алынған. Мутагенез нәтижесінде тек пайдалы қасиеттер ғана емес, сонымен қатар залалды белгілердің пайда болатындығын да естен шығармау қажет
Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды мутагендер деп атайды. Мутагендердің үш түрі кездеседі. Олар: физика-лық, химиялық және биологиялық мутагендер. Физикалық мутагендерге радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелері және т.б. жатады. Химиялық мутагендерге колхицин, этиленимин, никотин қышқылы және т.б. химиялық қосылыстар жатады. Олардың саны қазір 400-ден асады. Өте жоғары концентрациядағы кейбір гербицидтер мен пестицидтер де мутация тудыра алады. Сондықтан гербицидтер мен пестицидтерді шамадан тыс мөлшерде пайдаланбау қажет.
Жасушадағы зат алмасу процесі кезінде түзілетін кейбір ыдырау өнімдері мен организмге тағам арқылы келіп түсетін радиоактивті заттарда да (мысалы, сүйекте жинақталатын стронций, т.б.) мутагендік қасиет болады. Оларды биологиялық мутагендер дейді.
Мутациялық процесті табиғи жағдайда кенеттен пайда болатын секірмелі және мутагендік факторлармен арнайы әсер етуден пайда болған индукциялық деп екіге бөлуге болады. Мутацияның мұндай түрі организмде тұқым қуалайтын өзгергіштікті қолдан жасауға мүмкіндік туғызды.
Мутациялар организмнің қандай жасушаларында пайда болатындығына байланысты генеративтік (жыныс клеткаларындағы) және сомалық (дене клеткаларындағы) болып екіге бөлінеді. Жыныс клеткаларында болатын мутация келесі ұрпаққа тікелей беріледі. Ал сомалық мутация жынысты жолмен көбейетін организмдерде айтарлықтай рөл атқармайды. Себебі дене клеткаларында пайда болатын өзгеріс ұрпаққа берілмейді. Жыныссыз жолмен көбейетін организмде бұл жағдай керісінше болады. Сомалық мутацияны зерттеудің обыр ауруының себептерін білуде маңызы зор. Қазіргі кезде қалыпты клеткалардың обыр клеткаларына айналуы сомалық мутация арқылы жүретіндігі туралы көптеген ғылыми деректер бар.
Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар гендік, хромосомалық, геномдық және цитоплазмалық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет