Генотиптік өзгергіштік - организмнің белгілері мен қасиеттерінің өзгеруіне геннің немесе жасушадағы генетиаклық аппараттың басқада элементтерінің өзгеруіне байланысты болатын, яғни тұқым қуалайтын өзгергіштік. Генотиптік өзгергіштік кейде гендердің арасында болатын әртүрлі комбинацияларғада байланысты. Яғни гендер бір-бірімен орын алмастырғанда жаңа белгілер мен қасиеттер пайда болуы мүмкін. Мұндай өзгергіштікті комбинативтик өзгергіштік деп атайды. Мутациялық және комбинативтік өзгергіштік тек қана генотиптің өзгеруіне байланысты және ұрпаққа беріледі. Сондықтан оларды генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік деп атайды.
Өзгергіштіктің түрлері туралы мәселе XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді. «Мутация» деген терминді ең алғаш 1901 жылы Голландия ғалымы Де Фриз өзінің «Мутация-лық теория» деп аталатын еңбегінде қолданды. Де Фриздің теориясы бойынша мутацияның ерекшелігі:
1. Мутацияның кенеттен пайда болатындығы
2. Жаңадан пайда болған формалардың тұрақты келетіндігі
3. Мутациялардың сапалық өзгеріс болып саналатындығы
4.Мутация әртүрлі бағытта - пайдалы да, зиянды да болатындығы
5. Бір рет болған мутацияның қайтадан қайталана алатындығы.
Мутациялар спонтанды, яғни өздігінен туындауы мүмкін және инду-цияланған болады.
Спонтанды мутациялар – ДНК молекуласы репликациясы нәтиже-сінде болған қателіктер нәтижесінде туындайды.Спонтанды (кездейсоқ) мутациялар белгісіз себептердің әсерінен пайда болады. Микроорганизм-дердің спонтанды мутациясының ең көп тараған типтерінің бірі болып ауксотрофтық, яғни микробтардың синтездеу қабілетінен айырылуы саналады. Мысалы, лейцитинді синтездеу қабілетінен айырылған мутантты микробтар тек қоректік ортаға аталмыш амин қышқылы қосылған жағдайда ғана өсе алады. Мұндай микроб – мутант лейцитин бойынша ауксотрофты, яғни өзінің тіршілігіне лейцитинді қажет етуші деп аталады.Спонтанды мутациялар микроорганизмдерде болатын табиғи өзгергіштігінің негізгі көзі болып есептеледі.