Қадырова Нұрсая дсмиИ-20-1 3 тақырып: Зияты зақымданған балалар


Олигофрения мен деменцияның салыстырмалы сипаттамасын көрсететін сызба немесе кесте



бет2/3
Дата25.11.2022
өлшемі30,08 Kb.
#52677
1   2   3
Байланысты:
?àäûðîâà Í?ðñàÿ äñìèÈ-20-1 3 òà?ûðûï Çèÿòû çà?ûìäàí?àí áàëàëàð

Олигофрения мен деменцияның салыстырмалы сипаттамасын көрсететін сызба немесе кесте құрастыру.




Сипаттамасы

Себептері

Олигофрения

ақыл-ойдың кемдігі; іштен туа біткен не алғашқы 3 жыл өмірінде дамымай қалған психиканың әр түрлі формалары.

тұқым қуалайтын аурулар салдарынан организмдегі генетикалық ауытқулар; кейбір заттардың, мыс, амин қышқылдарының (фенилкетонурия), көмірсулардың (галактоземия) т.б. алмасу процесінің бұзылуынан болатын аурулар; жатырдағы ұрыққа не іштегі нәрестеге зақым келуі (ана бойындағывирусты инфекция, токсоплазмоз, мерез) не сәбидің 3 жасқа дейінгі алған жарақаттары (мысалы, бас сүйек-ми зақымы, т.б.) әсер етеді.

Деменция

егер ақыл – ойдың кемістігі 2-3 жасқа дейінгі кезеңде, әртүрлі органикалық зақымданулардың әсерінен пайда болса, одан кейін пайда болған ой — өріс кемістігі ұғымына деменция кіреді.

жарақаттар мен ми аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит).



  1. Ақыл-ойы кем және ПДТ балалармен түзету-дамыту жұмысында қажетті негізгі шарттарды көрсететін кесте құру.

Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының түрлері көп. Түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
— баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
— шаршап кетпеуін анықтау;
— оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;
— сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
— ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;
— арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
— жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Тапсырма 3

  1. Зият кемістігі бар балалардың психологиялық мінездемесі.

Зияты бұзылған балалардың көпшілігін ата-аналары жоқ, толық емес және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шыққан балаларды құрайды. Мұндай балалар өз отбасымен толық қарым-қатынастан айрылған. Бұл олардың жеке тұлғасының қалыптасуына жағымсыз әсер етеді. Зияткерліктің жетіспеушілік кері әсерінен зияты бұзылған балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы дамудың әр түрлі сатыларында қиын жағдайларда өтеді. Жеке тұлға бойындағы қасиеттердің қалыптасуында адам белсенділігінің кез-келген көрінісіне әсер ететін эмоциясы ерекше орын алады. Зияты бұзылған балалар эмоциясының көрінуі кемістік құрылымының сапалық ерекшелігі мен тереңдігіне, оның жасына және оны қоршаған әлеуметтік ортаға тәуелді.
Зияты бұзылған балалар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді. Дегенмен олар ұнамсыз және еркелету эмоцияларын ажыратады. Бірақ, өз эмоцияларын вербалды түрде көрсете алмайды. Өзінің адамдарға деген қатынасын жымиюмен, бетіне қараумен білдіреді. Мектепке дейінгі жастағы зияты бұзылған балалар селсоқ, сенімсіз әрекет етеді. Олардың эмоциялары әлсіз, алайда күйзелістері тұрақты, терең болып келеді. Олар айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындын түсінбейді. Ал кейбіреулері сөйлемейді, жан-жағына үреймен қарайды, ата-аналарының, тәрбиешілерінің артына тығылады, қарым-қатынастан бас тартады.
Зияты бұзылған балалардың эмоциялық көңіл-күйі көбінесе ойын және еңбек іс-әрекетінде көрініс береді. Қалыпты дамыған мектепке дейінгі балалардың жетекші іс-әрекетінің түрі – ойын болып табылады, ал зияты бұзылған мектепке дейінгі балалардың дамуында ойын қажетті орын иеленбейді. Мұндай балалар сюжеттік-рөлдік ойындарды өз беттерінше меңгеріп кете алмайды. Ересектердің көмегімен ғана ойын барысында сатушыны, сатып алушыны және т.б. рөлдерін ойнайды, алайда өз бастамасымен ойын ұйымдастыра алмайды. Жекелеген ойын іс-әрекеттерін байқатуы мүмкін, бірақ мазмұны жағынан толық емес болып келеді. Зияты бұзылған балаларға арналған оңалту орталықтарында танымдық іс-әрекетпен қатар негізгі іс-әрекеттің бірі – еңбек іс-әрекеті болып табылады.
Зияты бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ерекшелігі сол - олар тапсырманың мақсатын түсінбейді. Бұл іс-әрекет үрдісінде баланың әрекет ету тәсілдері, тіпті олар анық қате болғанда да, талап ететін нәтижені алып келмейтін болғанда да өзгермейді. Зияты бұзылған балалардың көпшілігіне өздерінің мүмкіншіліктерін бағалай алмауы тән. Олар кез-келген тапсырманы орындауға заттарды дайындау тәсілдерінің ретін түсінбей жатып орындауға дайын тұрады. Қажетті талаптарды орындамайды. Өздерінің нәтижелеріне сыни көзқарастары жоқ, оның үстіне ересектердің бақылауын және көмегін қажет етеді.
Мұндай балаларға іс-әрекеттің «қысқа» уәжі (мотивациясы), сондай-ақ қарым-қатынастың қарапайым, әлсіз уәждемесі тән. Қарапайым іс-әрекетті орындау барысында ынталарының тез әлсіреуі байқалады. Зияты зақымданған балалар мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормасын, қарым-қатынас дағдысын меңгеруде үлкен қиындыққа кездеседі. Яғни ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері нормаға қарағанда анағұрлым кеш байқалады, ал кейбіреулерінде мүлдем қалыптаспайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет