Адсорбция



бет6/10
Дата18.12.2023
өлшемі6,65 Mb.
#140662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Адсорбция құбылысын түсіндіруге арналған бірнеше теория бар. Олардың бірі- физикалық теория. Бұл теорияға орай, адсорбциялық күш табиғаты молекула аралық күштердің пайда болуына сәйкес келеді. Физикалық адсорбция теориясының бірнеше түрлері белгілі. Олардың арасында 1915 жылы Ленгмюр ұсынған мономолекулалық адсорбция теориясы едәуір назар аударарлықтай. Бұл теорияны тұжырымдарда, оның авторы брнеше қағидаға сүйенеді:

  • Адсорбция құбылысын түсіндіруге арналған бірнеше теория бар. Олардың бірі- физикалық теория. Бұл теорияға орай, адсорбциялық күш табиғаты молекула аралық күштердің пайда болуына сәйкес келеді. Физикалық адсорбция теориясының бірнеше түрлері белгілі. Олардың арасында 1915 жылы Ленгмюр ұсынған мономолекулалық адсорбция теориясы едәуір назар аударарлықтай. Бұл теорияны тұжырымдарда, оның авторы брнеше қағидаға сүйенеді:

1. Адсорбция валентті күштер не артылып қалған (қосымша) химиялық валенттілік күштері арқылы жүзеге асады.

  • 1. Адсорбция валентті күштер не артылып қалған (қосымша) химиялық валенттілік күштері арқылы жүзеге асады.
  • 2. Адсорбция берілген адсорбент бетінің бәріне бірдей жүре бермей, тек ондағы активті орталықтарда ғана жүреді. Осы активті орталықтардың әсері онда пайда болатын қанықпаған күш өрісінің күші болу салдарынан және сонң нәтидесінде осы орталықтарда газ молекулалары ұсталынып тұрады. Әрине, мұндағы адсорбент атомы не молекуласы аз қаныққан сайын, активті орталықтардың активтілігі артық болады.
  • 3. Адсорбциялық күштердің әсері етуші радиусы кіші және осының салдарынан әрбір активті орталық адсорбтив молекуласының біреуін ғана адсорбциялайды, сөйтіп адсорбент бетінде адсорбтив молекуласының бір молекулалық (мономолекулалық) қабаты пайда болады.
  • 4. Адсорбент бетінде адсорбцияланған газ молекулалары онда берік ұсталмайды: олар ылғи тоқтаусыз газды орта мен сол шеңберде алмасуда болады және бұл құбылыс динамикалық адсорбция тепе-теңдігі орнағанша жүреді. Осы құбылыстар кезіндегі әрбір молекула өзі адсорбцияланған бетте, дәлірек айтқанда активті орталықта аса ұзақ ұсталып тұра бермейді, энергияның басқа молекулаларға ауысуына орай, әуелгі молекулалар жаңадан келгендерге орнын береді.
  • Химиялық адсорбцияны немесе хемосорбцияны физикалық адсорбциямен салыстырғанда ол химиялық күш арқылы не соның көмегімен жүзиеге асады.
  • Физикалық адсорбция – қайтымды құбылыс.
  • Жылуы небәрі 8,4-33,5кДж/моль шамасында.
  • Температура жоғарлаған сайын төмендейді.
  • хемосорбция - қайтымсыз құбылыс. Жылуы бірнеше жүздеген кДж/мольге тең.
  • Температура жоғарлаған сайын хемосорбция жоғарлайды. Химиялық адсорбция жүру үшін, оған біршама активтендіру энергиясы (40-120кДж/моль) қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет