Тұрақты температура болғанда қатты денедегі адсорбенттік бетте қозғалмалы тепе-теңдік орнайды және осы кездегі адсорбция жылдамдығы (υa) десорбция жылдамдығына (υg) теңеледі. Мұнда барлық гетерогенді процестердегідей, адсорбция жылдамдығы бос бетке соғылатын молекула санына, яғни газдың көлемдік концентрациясы (С) мен бос бет үлесіне (1-х) пропорционалды: υa=КaС(1-х)

Мұндағы Кa- адсорбция жылдамдығының константасы. Ал, десорбция процесінің жылдамдығы тек активті беттерде адсорбцияланған молекулалармен жабылған беттің дәрежесіне ғана тәуелді, газ концентрациясына g байланысты емес: υg=Кgх
Мұндағы Кg- десорбция жылдамдығының константасы. Бұл теңдеуді Ленгмюрдің адсорбция изотермалық теңдеуі дейді.
Ленгмюр теңдеуін Фрейндлих теңдеуімен салыстырғанда, ондағы теңдеу құрамына енетін тұрақты коэффициенттердің белгілі бір физикалық мәнді түсіндіріп, теориялық пікірге қайшы келмейтінібайқалады.
Ленгмюр теңдеуін Фрейндлих теңдеуімен салыстырғанда, ондағы теңдеу құрамына енетін тұрақты коэффициенттердің белгілі бір физикалық мәнді түсіндіріп, теориялық пікірге қайшы келмейтінібайқалады.
Ленгмюр теңдеуі адсорбциялық қабат мономолекулалық дене есептен шығады. Алайда бұл пікірімен барлық ғалымдар келісе береді. Мысалы: поляни және басқа да ғалымдардың ойынша, адсорбциялық қабат бір молекуладан тұрмайды, олар екі және оданда көп молекула қабатынан тұрады. Бұл пікірге арналған теория да бар және осы теория қайшы келместен, оны дәлелдейтін тәжірибелер де бар.
Ленгмюр теориясы бойынша, жекелеген активті нүктелерге тартылған адсорбтив молекулары өзара әрекеттеспейді. Бірақта адсорбциялық қабат та жинақталған, жоғарғы молекулалық массалары бар молекулалар арасында өзара ілінісу күші пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Ленгмюр теңдеуі дұрыс шешім бермейді. Кейбір жағдайларда, айталық көмір, силикагель және де басқа қуыс, кеуек адсорбенттері пайдаланғанда Ленгмюр теңдеуінен гөрі Фрейндлих теңдеуі дұрыс шешім береді.