Абсорбция дегеніміз сорбент массасына диффузия арқылы газ енгендегі сорбция құбылысы. Ол берілген заттың (сорбтивтің) екінші бір затта (сорбентте) еру құбылысына пара-пар. Фаза аралығындағы заттың таралуы Генри заңына бағынады. Абсорбция құбылыстары өнеркәсіпте кең қолданылуда. Мысалы: өнеркәсіптегі тұз қышқылын өндіру толығымен хлорлы сутек газын судың абсорбциялау құбылысына негізделген.

Хемосорбция дегеніміз сіңетін және сіңіретін заттар арсындағы әрекеттесу терең жүру нәтижесінде жаңа химиялық зат пайда болатын процесс. Мысалы: натронды ізбестің көміртек (IV) оксиді мен күкірт (IV) оксидін өзіне сіңіріп, карбонат пен сульфат тұздарын түзетінін келтіруге болады. Хемосорбцияны физикалық сорбция мен абсорбциядан осы құбылыстар кезінде бөлінетін жылу шамасын өлшеп, ажыратуға болады.

Адсорбент бетінің 1см2-на сіңген заттың мөлшерін меншікті адсорбция (Г) деп атайды. Іс жүзінде кез келген адсорбент бетін өлшеу мүмкіндігі бола бермейтіндіктен, 1кг адсорбентке адсорбцияланған адсорбцияны мольмен өлшеп, (А) әріпімен белгілейді: А = х / м

Адсорбция (А) мен меншікті адсорбция арасындағы байланыс былайша өрнектеледі: А = Г * S0
Берілген адсорбентпен адсорбтив үшін меншікті адсорбцияның шамасы адсорбтив газ күйінде болса температура (Т) мен қысым (р), ал ерітінді болса температура (Т) мен концентрацияға (С) тәуелді. Адсорбция шамасы (2) теңдеу арқылы өрнектелетін болса, онда меншікті адсорбция температура мен концентрациядан (қысымнан) басқа адсорбенттің беткі қабатының ауданына да тәуелді болады.