А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева


-ай  қосымшасы  кейде  барыс  септігіндегі  -  қа



Pdf көрінісі
бет155/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   200
-ай  қосымшасы  кейде  барыс  септігіндегі  -  қа  орнына 
айтылады: (он бір) жасай келгенде - жасқа келгенде. 
Лексикалық ерекшеліктер.  
С. 
Аманжолов 
батыс 
диалектісінің 
лексикалық 
ерекшеліктерін  19  салаға  бҿліп  береді.  Берілген  материалдар 
батыс  диалектісі  мен  ҽдеби  тіл  лексикасының  арасында  едҽуір 
айырма бар екенін кҿрсетті. Мҽселен, мал шаруашылығын бүкіл 
қазақ  халқы  кҽсіп  еткеніне  қарамастан,  оған  қатысты  (ҽсіресе 
түйе жайында) батыста ғана кездесетін сҿздер аз емес. Сондай  – 
ақ  кҿне  заманнан  сақталып  қалған  сҿздер  де  кездеседі.  Жалпы 
алғанда,  лексикалық  ерекшеліктер  жергілікті  халық  ҿмірінің 
барлық  жағын  да  қамтыған.  Ол  материалдардың  бҽрін    беру 
мүмкін 
болмағандықтан, 
батысқа 
тҽн 
лексикалық 
ерекшеліктердің  жалпы  сипатын  білдіру  мақсатымен,  тҿменде 
кейбір мысалдар ғана келтіріліп отыр: аданас – туысқан, айлақ  - 
кеме тоқтайтын жер, алқа - құлып, ату - мҽсі, ауыт - түйе қамыты, 
ҽйдік  -  үлкен,  бел  -  темір  күрек,  бойлай  -  ылғи,  үнемі,  бостан  - 
бостандық, бҿтеке - бҿтеге, бұйдай - бидай, бүйде - бұйда, далбай - 
күн ҿтпеу, маса шақпау үшін киетін  бас киім, даң - даңқ, дере – 
науа кҿтеріңкі болу үшін қойылатын шым, тас, долы – құдықтан 
лай шығаруға арналған ыдыс, дулыға – нар ҿркешінің биік қыры, 
дүзін беру – ҿлген адамды жүз күн ҿткен соң еске түсіру, дырау – 
үлкен, ергежейлі – ергежелі, жалт – найзағай, жандық –ұсақ мал, 
жанығу – жан таласу, жар – қабырға, жары – жартысы, жарын – 
келер  жыл,  жедел  –  ерегес,  жолай  –  жолшыбай,  кҿзгелдек  – 
тостақан,  кҿпшік  –  жастық,  кҿрт  –  лҿк  пен  кердеріден  шыққан  
түйе тұқымы, кҿрім – жаман, күбірткейлі – күбіртке, күмпі – күпі, 
кібіт  –  дүкен, қарғын  –  тасып аққан су, қатеп  –  ауыттың ағашы, 


156 
 
қаязу  –  кеберсу,  қызалақ  –  11  –  12  жасар  қыз  бала,  қылуа  – 
қылық, мауыздай – еңгезердей, ірі, мҽш – мҽсі, мойсапат – дҿрекі, 
нобайы  –  түгел,  бҽрі,  ойнарқы  –  ойнақы,  ҿтпек  –  піскен  нан, 
рабайда  –  анда  –  санда,  рҽ  –  ҿте,  тіпті,  сірҽ,  сой  –  тұқым,  тек, 
сүйүсмал – күйісті мал, татасыз – уайым – қайғысыз, тұянадай – 
тап – тұйнақтай, түс – лҿк пен інгеннен туған түйе, ұтыр – жҿн,  
қисын,  үрлік  –  мҽтке,  арқалық,  шақат  –  ҽл,  мұрша,  шалт  – 
жылдам,  шандоз  –  ҽсем,  кербез,  шарқат  –  жібек  шалы,  ыза  – 
дымқыл,  сыз  жер,  ілкі  –  ҽуелгі  алғашқы,  іңкҽл  –  етке  салатын 
жұқа нан т. б. 
Батыс 
диалектісінде 
бұдан 
басқа 
қолданылуында, 
қалыптасуында  ерекшелік  бар  сҿз  тіркестері  де,  кездеседі. 
Бұлардың ішінде идиомалық тіркестер де, фразалық тіркестер де 
бар: адал зат жоқ  –  мал жоқ,  ақ  кҿз  –  даңғой, ақтан ішкен  –  туа 
болған,  ақтарылып  тұру  –  аң  –  таң  болу,  албарлы  болу  –  ҽбігер 
болу,  аман  ҿрдіңіз  бе?  –  аман  –  сау  тұрдыңыз  ба,  аулына  ат 
жайлайтын  кісі  –  аулына  қонақ  түсетін  кісі,  ауыз  жармаған  – 
үйретілмеген, аяқтай бару – ҿз аяғымен бару, аяқ үстінде жүру – 
кепілде  жүру,  баз  кешу  –  күдер  үзу,  бараны  қашу  –  үрейі  қашу, 
беделіне  сыймау  –  беделіне  сатылмау,  беті  ақ  айран  тарту  –  ҿңі 
қуқыл  тарту,  дауасын  түсіру  –  дауасын  табу,  жаду  беру  – 
жадылау, жан созу – жанталасу, жар газет – қабырға газет, жаяуға 
салу  –  жаяу  тастау,  жүзін  қамау  –  бетін  бүркеу,  жылау  айту  – 
дауыс  айту,  жырымда  жоқ  –  жадымда  жоқ,  кҿзінен  жас  тимеу  – 
кҿзінен  жас  домалау,  кҿңілі  біту  –  кҿңілі  толу,  күн  баю  –  күн 
бату, қадам ұру  –  қадам басу, құдаған ҿскен  –  құдағидай сыйлы 
ҿскен,  құлағым  жоқ  –  малым  жоқ,  лҽпей  таптырмау  –  қоныс 
таптырмау, мұрады мұң  болу  –  мұратына жету, нос беру  –  сҿгіс 
беру,  пышайман  болу  –  уайым  жеу,  салқа  жорту  –  бір  сыдырғы 
жүріс, сыбай келу – салт келу, сып – сипан ету – түк қалдырмау, 
сырт кҿзінен таныту – сыртынан таныту, т. б.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет