А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева



Pdf көрінісі
бет151/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   200
Лексикалық  ерекшеліктер.  С.  Аманжолов  оңтүстік 
диалектісінің  лексикалық  ерекшеліктерін  20  салаға  бҿледі. 
Берілген  материалдар  оңтүстік  диалектісі  мен  ҽдеби  тіл 


152 
 
лексикасы  арасындағы  айырманы  айқын  кҿрсетеді.  Оңтүстік 
диалектісінің  лексикалық  ерекшелігі  халық  ҿмірінің  барлық 
жағын  да  қамтыған.  Егіншілік  пен  бау  -  бақшаға  байланысты 
сҿздер  ҿте  ерте  замандардан  сақталып  қалған,  басқа  жерде 
кездеспейтін сҿздер де аз емес. Қазақ тілі лексикасының тарихын 
тексеруде бұлардың зор мҽні бар. 
Оңтүстік  диалектісіндегі  лексикалық  ерекшеліктердің  бҽрін 
бірдей  беру  мүмкін  болмағандықтан,  тҿменде  кейбір  мысалдар 
ғана  келтіріліп  отыр:  айуан,  дҽліз,  далаң  -  ауыз  үй,  алдыңғы  үй, 
аташ - пойыз, ауқат - тамақ, жұмыс, ашық - машық, топша, тұрым - 
топса,  ҽтешкер,  ҽтешкі  -  қысқаш,  ҽтубер  -  абырой,  байқуат  - 
қуатты, бҽдірең - қияр, бігіз - біз, білік//пілік - білте, бітпе - жазба, 
дава - таба, табадан, дақыл - нҽрсе, зат, дарбаза - қақпа, дарын - 
жаршы,  датқой  -  ҿсекші,  дҽке  -  марлі,  дҽс  орамал  -  қол  орамал, 
дуал - қабырға, дүр - шебер, маман, діт - ой, арман, еге - ие, егер - 
ер,  екше  -  кимешек,  елкезер  -  елеуіш,  ергенек  -  киіз  үйдің  ағаш 
есігі,  етмал  -  ықтимал,  жаған//жағлан  -  қайыс  сандық,  жам, 
кірлен, лҽгҿн - леген, шылапшын, жемелек - шашбау, жоғырмақта - 
жуықта, жозы - аласа үстел, жуалдыз  -  тебен ине, зҽмбіл//зембіл - 
нҽселке,  зҽңгі//зеңгі  -  басқыш,  саты,  зерен  -  тостаған,  зілмендей  - 
зілдей,  кҽттҽ  -  зор,  үлкен,  кепсер  -  сүзгі  темір,  кеуірт  -  күкірт, 
кеуіш  -  кебіс,  қам  -  шикі,  леген  -  табақ,  мекпі,  топы  -  тақия, 
тҿбетей, мұқым - тіпті, мүлде, мұттайым - қу, ҿтірікші, мыттық - 
арамза,  нам  -  дымқыл,  ылғал,  нанбай  -  үлкен,  зор,  ҿтен  -  тұрақ, 
мекен,  пая  -  сабақ,  парбоз//паруаз  -  үй  тҿбесіне  салатын  ағаш, 
пахнатты  -  күйлі,  пешене  -  маңдай,  бақыт,  пісентті  -  жинақты, 
ұқыпты,  сыйлықтау  -  сыйлау,  таға  -  нағашы,  тиқары  -  негізінде, 
асылында,  уақтылы  -  уақытында,  үстін  -  діңгек,  тіреу,  шайдоз  - 
қара құман, шақа - жүйе, рет, шыптахана - билет сататын орын т. б. 
Оңтүстік  диалектісінде  ҽдеби  тілмен  салыстырғанда 
қалыптасуында,  мағынасында,  қолданылуында  ерекшелік  бар 
идиомалық,  фразалық  сҿз  тіркестері  едҽуір  мҿлшерде  кездеседі. 
Мысалы: алағаудан болу - алаң болу, амалкесін іздеу - амал іздеу, 
аяқ  қылып  тастау  -  аяқсыз  қалдыру,  ҽбден  тысқары  -  шамадан 
тыс,  бҽз  уақытта  -  кей  уақытта,  белі  ауыру  -  жаны  ашу,  біршек 
болу - бҿліну, дҽтмал айту - ақыл айту, дуана айту - жар салу, жер 
тҿңкеріс қылу - жер аудару, жүзі қайту  - беті қайту, зыбан ұру - 
ҽлек  салу,  кеуім  тарту  -  қараңғы  тарту,  күгім  бату  -  қас  қараю, 
күмҽнға шығу - күмҽн болу, қаза біту - қаза болу, қазан боп біту - 


153 
 
суалу, біту, қайт болмау - беті қайтпау, құлып ұру  - құлып салу, 
қырман  қосу  -  астық  бастыру,  мият  болу  -  біреуді  жақтау, 
мойынтаулық қылу - кҿнбеу, бағынбау, орам болу - бағыну, парт 
бор кету - ісіп - кеуіп кету, пұшайман жеу - уайым жеу, сауатын 
шығару - сауатын ашу, табым жоқ - кҿңілім соқпайды, тҽн алмау - 
мойнына алмау, тҽнті болу  - риза болу, шеге  - шегесімен - жік - 
жігімен, шоқ атым жер - оқ атым жер, т. б.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет