А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева


  Қазақ  тілінің  батыс  диалектісі



Pdf көрінісі
бет152/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   200
3.  Қазақ  тілінің  батыс  диалектісі.  С.  Аманжоловтың  бҿлуі 
бойынша  қазақ  тілінің  батыс  диалектісіне  алшын  тайпалар 
одағының  тілі  жатады.  Бұл  тайпалар  ежелден  Арал,  Каспий 
алқабын,  Еділ,  Жайық,  Ор  ҿзендері  бойларын  мекен  еткен. 
Қазіргі  ҽкімшілік  бҿлу  бойынша  батыс  диалектісі  Орал,  Гурьев 
/Атырау/,  Маңғыстау,  Ақтҿбе  облыстарын  жҽне  Қостанай, 
Торғай,  Қызылорда  облыстарының  кейбір  аудандарын  қамтиды. 
Алшын  тайпалар  одағы  оңтүстігінде  қазақ  тілінің  оңтүсік 
диалектісімен, 
қарақалпақтармен; 
оңтүстік-батысында 
түрікмендермен;  солтүстік-батысында  татар,  ноғайлармен; 
солтүстік  –  шығысында  қазақ  тілінің  солтүстік  –шығыс 
диалектісімен  жҽне  башқұрттармен  шектескен.  Алшын  тайпалар 
одағы ҿз ішінен  біртұтас  емес: ҽлімұлы  (6  ата), байұлы  (12 ата), 
жетіру  (7  ата)  сияқты  үш  тайпалық  бірлестіктен  құралған, 
алшындар  ерте  замандардан  бастап  басқа  қазақ  тайпаларынан 
оқшауланып  келді.  17  ғасырдың  бас  кезіне  дейін  Ноғай 
ордасының  қарамағында  болып,  басқа  қазақ  жүздеріне  ең 
соңынан  қосылғаны  тарихтан  белгілі.  Жоғарыда  айтылған 
тайпалық бірлестіктер ҽр түрлі тарихи жағдайға байланысты ұзақ 
уақыт  бойы  оқшауланып  келгендіктен  жҽне  бір  аймақта  тұрып, 
қоғамдық,  шаруашылық,  мҽдени  ҿмірі  ыңғайлас  болғандықтан, 
олардың  тайпалық  тілдері  бір  жергілікті  диалект  болып 
қалыптасқан.  Бұл  қазақ  тілінің  батыс  диалектісі  деп  аталады. 
Батыс  диалектісінің  қалыптасуына  татар,  башқұрт  тілдерінің  де 
ҽсері  тиген.  Батыс  диалектісі  кең  кҿлемді  қамтып,  бұрынғы 
бірнеше  тайпалық  тілдердің  негізінде  қалыптасқандықтан,  онда 
кездесетін  диалектілік  ерекшеліктердің  таралу,  сақталу  сипаты 
бірдей  емес.  Кейбіреулері  жалпылама  жҽне  жиі  кездеседі: 
бұлардан  бүкіл  батыс  диалектісінің  басқа  диалектілерден 
айырмасын  кҿруге  болады.  Ал  кейбір  ҿзгешеліктер  неғұрлым 
шағын  кҿлемде  ғана  кездеседі:  олардан  батыс  диалектісінің  ҿз 
ішінен сҿйленістерге бҿлінетіні байқалады. 


154 
 
Батыс  диалектісінің  С.  Аманжолов  кҿрсеткен  негізгі 
диалектілік ерекшеліктері тҿмендегідей. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет