А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет10/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65
 


15 
Мәтін №9 
Жазық даланың ойпаттау бір жерде кесек қардан «аққала» көтеріле берген 
күнге шағылысып шұғыладай жарқырап көрінеді. «Аққаланың» қасында осы 
араға келіп қайтқан шананың ізі бар, ішінде бір сиыр дірдектеп жатыр. Әуелі 
оны қара ала сиыр ма деп қалып едік, қара ала емес, мойны мен қыр арқасының 
жүні түсіп, ақ құйқаланып қалған қара сиыр болып шықты. Безгегі ұстағандай 
қалшылдап тоңып жатыр. Қаншырдай қатқан арық. Дәл жаялығында «Алып» 
деген күйдіріп басқан таңбасы бар. Бір мүйізі сынық. Астына жаялықтай ғана 
қара құрым киіз төсепті де иесі тастап кетіпті. Тоңып қалшылдап жатқан 
бейшара сиыр тұра салып жүгіріп кететіндей ілгерілі-кейінді сырғып қояды. 
Бұл әрине шегіне жете жіңішкерген тіршілік. Сиыр байғұс соның өзінде қия 
алмай шолақ құйрығын қысып алыпты (Ғ.Мүсірепов). 
1.Мәтін мазмұнына лайықты сөйлем
A) Ақ құйқаланған ақ сиыр болып шықты.
B) Шананың ізі мүлдем жоқ.
C) Астына ештеңе де төселмепті.
D) Сиыр шолақ құйрығын қысып алыпты.
E) Жазық даланың тегістеу жерінде аққала тұр.
2. Сиырдың ақ құйқалануының себебі 
A) Дірдектеп, қалшылдап жатқандықтан
B) Иесі қарамай, тастап кеткендіктен 
C) Жүре алмай, шамасы кетіп жатқандықтан
D) Аққаланың қасында шұғылаға нұрланып жатқандықтан 
E) Мойны мен арқасынан барлық жүні түсіп қалғандықтан
 
 
 


16 
ТӨРТ СҰРАҚТЫ МӘТІНДЕР 
 
Мәтін №1 
Үкімен байланысты қандай салт-дәстүр, әдет-ғұрып бар? 
«Қазақ Энциклопедиясында» үкі тағу салты туралы айтылады. Бұл қызға 
құда түскенде оның айттырылған қалыңдық болғандығының белгісі ретінде 
берілетін кәделердің бірі. Қыз бен жiгiттiң көңiл-күйiн орнықтыратын бұл 
ғұрып халқымызда «қарғыбауын» деп те аталады. Жаушыдан жақсы хабар 
алған соң, жiгiттiң ата-анасы болашақ келінiнiң үкiсiн (қарғыбауын) арнаулы 
әзiрленген үкiлi тақия, бiлезiк-сырға, бiр киер бағалы киiм алып, құда-
құдағиларына асылдан киiт әзiрлеп, қарғыбауға байлайтын бiр атын жетелеп 
жаңа құданың үйiне барып «үкi тағу» салтын өткiзедi. Сонымен екi жақтың 
ресми құда болғандығын ел-жұртқа жария етеді. Қыз ауылы жылы шырай
ыстық ықыласпен қарсы алып күтеді. Құдалар аттанар кезде бұйымтай сұрап, 
шама-шарқынша шапан жауып аттандырады. Үкінің қауырсынын алу үшін оны 
өлтірмейді. Өлтірген адамды киесі ұрады деген түсінік бар. Үкіні аулап ұстап, 
балақ жүні мен бауыр төсінің жүнін алып, өзін жемге тойғызып қоя берген. 
Мұны «үкі жүндеу» деп атайды. Үкі жүндеген ауылдан «олжа алу» салты да 
болған. Ал, көз тиіп, сұқ қадалмасын деген ниетпен көпшілік алдына шығатын 
әншілер, бишілердің бөркіне, камзолына, бесікке, домбыраға т.б. үкі 
қауырсынын тағу – наным-сенім. 
1.Үкіні өлтірмеуінің себебі
A) Ұстай алмайтындықтан
B) Киесіз болғандықтан
C) Еті жарамсыз болғандықтан
D) Қасиетті болғандықтан
E) Аз болғандықтан
2. «Үкі жүндеу» деген атауға тән қатар 
A) Үкіге жем салу 
B) Үкінің жүнін алу 
C) Үкінің қауырсынын тағу 
D) Қызға үкі тағу 
E) Тақияға үкі тағу 
3. Мәтіндегі «Киіт» сөзінің мағынасы 
A) Құдаларға берілетін сый-сияпат 
B) Құдаларға тағылатын үкі жүні 
C) Құдағаларға берілетін сыбаға
D) Ресми құдалықтың жариясы
E) Құдағаларға көрсетілген қонақжайлылық
4. Мәтін мазмұнына алшақ ой 
A) Үкіні жемге тойғызып қоя беріп отырған.
B) Құдаларға шапан жауып аттандырған. 
C) Құдалаға асылдан киіт кигізген.


17 
D) Үкі жүндеген ауылдан олжа алған.
E) Сұқ қадалсын деген ниетпен үкі қауырсынын таққан.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет